Поэманың мазмұны: Абылай бастаған батырлар қазақ-қалмақ шай-қасынан олжалы оралады. Баян батыр елге жал-ғыз қайтпай, қалмақтың он төрт жасар Толқын-шаш деген аруын ала келеді. Баян қызды жар ет-кісі келеді, бірақ қыз көнбеген соң, амалы құры-ған Баян қызға аға боп қалуға мәжбүр болады. Толқыншаш Баянның он бес ждасар інісі Ноянға қызығады, Ноян да қызға ғашық болады. Екеуі қосылмақ болады, осы сәтті пайдаланып, қыз жігітті өзімен бірге қалмақ еліне баруға үгіттейді. Махаббатқа берілген жас Ноян келісіп, қызға еріп, өз елінен қашады. Ноян мен Толқыншаш-тың қашып кеткенін естіген Баян батыр оларды «Жолды өзек» деген жерде қуып ждетіп, екеуін де садақпен жайратып салады. Содан соң өзегін өкініш пен күйініш өртеген Батыр Баян Көкшетаудағы Ақ ордасында өзін күтіп отырған Абылайға оралады. Батыр қалмақтармен соғыста ерлік көрсетіп, жауды жуадай жапырады. Өзі де жау найзасынан қаза табады.
Тақырыбы: XVIII ғасырдағы жаугершілік замандағы тәуел-сіздік үшін күрес кезіндегі қазақи рух пен жігер.
Идеясы: Тарихи оқиғаны суреттеу арқылы қазақ халқының , ерлік пен бірліктің туын ұстаған тұлғаларының ерлігі мен еркіндікті аңсаған арман-мұратын таныту.
Достарыңызбен бөлісу: |