Байқоңыр ғарыш айлағы.- адамзаттың 1-ғарыш айлағы. Оны әпқашан адамзаттың ғарышқа сапарының «бесігі» дейді.Оның негізі 1955 жылы Арал теңізінен шығысқа «Төретам» теміржолының бекетінде қаланды. Қазіргі уақытта «Байқоңыр» ғарышқа кемелер ұшыру бойынша сан жағынан басты орында. Одан «Восток», «Восход», «Союз», «Солют», «Мир», бірнеше дүркін пайдаланылатын «Энергия-Боран» жүйесі мен планетааралық космостық аппараттар және Жердің жасанды серіктері ұшырылды. Соңғы жылдары Байқоңырдан Европалық VENUS Express ғарыш агенттігінің зонды бар «Союз-ФГ» зымыраны, сондай-ақ алғашқы европалық Galileo навигациялық аппараттары сияқты европалық ғарыштық аппараттардың бірқатары ұшырылды. VENUS Expressтің мақсаты Шолпандағы вулкандардың бар-жоғын анықтап, ауа-райын зерттеп, планета картасын жасау.