Кіріспе
|
Сыныпта жағымды, жайлы атмосфера қалыптастыру.
|
«Жұбыма тілек» тренингі арқылы көңіл-күйлерін көтеруге амал жасайды.
Түрлі-түсті тастарды алу арқылы 3 топқа бөледі.
Топтың алтын ережесін құру
|
Оқушылар өз топтастарына жақсы тілек тілейді.
Түрлі-түсті тастарды алу арқылы топтарға бөлінеді.
Топ алтын ережесін жалпы сынып болып құрады.
|
Бәрекелді!
Өте жақсы.
Жарайсыңдар!
|
Түрлі – түсті тастар
|
Тұсаукесер
|
Үй тапсырмасын тексеру және жаңа тақырыпқа оралу.
|
«Қара жәшік» ішіндегі сұрақ – жауап арқылы оқушылардың өткен тарауда алған білімдерін тексеріп, еске түсіреді.
Сұрақтар:
Дүние жүзіндегі аса ұзын әрі енді тау жүйесі. Оның ұзындығы мен ең енді бөлігі.
Дүние жүзіндегі ең үлкен арал. Ол қай материктің құрамына кіреді? Ауданы қанша?
Панама каналы не мақсатпен салынған?
«Торнада», «Ураган» қандай құбылыстар?
Солтүстік Американың қай бөлігінің табиғаты біздің жерімізге ұқсас болып келеді? Мысал келтіріңдер.
Солтүстік Америка жерінде шөлдер неге аз?
Солтүстік Америкада қандай халықтар тұрады?
Материкте қандай табиғат зоналары бар, олар қалай орналасқан?
|
Оқушылар өзіне бағытталған допты қағып алып, қойылған сұраққа жауап береді.
Оқушылар немесе топ басшылары өздерінің топтарына «қара жәшік» ішіндегі сұрақтарды алып, қойылған сұраққа жауап береді.
|
Жарайсыңдар! Ашық сұрақтармен жұмыc, «критерийлік бағалау» бойынша бағалау парағын толтыру
|
Оқулық,
Қара жәшік ішіндегі сұрақ
Бағалау парағы
|
Негізгі бөлім
|
Өткен тарауды толық меңгерту және бекіту
|
Бүгінгі сабағымыз Солтүстік Американың ең биік жері Кордильер тауының Мак-Кинли (6193 м) шыңына саяхат жасаймыз. Оған шығуда жолымыздағы кедергілер бар екен, одан өту үшін Солтүстік Америка материгіне байланысты тапсырмаларды орындауымыз керек. Саяхатқа дайынбыз ба?
Солтүстік Америка материгінің қандай ерекшеліктерін білеміз?
Географиялық орны.
Кескін картаға Солтүстік Американың шеткі нүктелерін белгілеу.
1-топ. Зерттелу тарихы.
Солтүстік Америка материгінің зерттелу тарихы бойынша кестені толтыру. (2, 3-ші бағандарда зерттеушінің суреті тұрады атын және ашқан жерлерін табуып, жазуы тиіс)
Жылдар және ғасырлар
|
Зерттеушілердің
аты-жөні мен суреттері
|
Ашқан және зерттеген жерлері
|
1492 жылы
|
Хростофор Колумб
|
Материктің оңтүстік жағалауын ашты
|
ХV ғасырда
|
Джон Кабот
|
Ньюфауленд аралы мен Лабрадор түбегі жағалауын ашты
|
ХVІІ ғасырда
|
Генри Гудзон
Александр Макензи
|
Материктің солтүстік және шығыс жағалауында жаңа жерлерді ашты
|
1741 жылы
|
Витус Беринг
|
Аляска жағалауын зерттеді
|
2 топ. Жер бедері мен пайдалы қазбалары.
Кескін картаға белгіленген пайдалы қазбаларын шартты белгілер арқылы түсіру.
мұнай
тас көмір
темір
табиғи газ
3-топ. Ішкі сулары.
Солтүстік Америка өзендерінің және осы ерекшеліктерін туғызып отырған себептерді белгілеу.
Өзендерінің ерекшеліктері
|
Себептері
|
Жауаптары
|
Миссисипидің күрделі режимін
|
а) сең жүру көктемнің аяғында жоғары ағыстан басталады
|
1-ә
|
Жаз айынның басында Макензи өзенінің төменгі ағысында мұз кептеулері жиі пайда болып тұрады
|
ә) бірнеше климаттық белдеулер арқылы ағып өтеді
|
2-а
|
Колораданың саласы жоққа тән
|
б) жауын-шашын көп болады
|
3-в
|
Колумбияның жыл бойына суы мол
|
в) жауын-шашын аз түседі
|
4-б
|
Климаттық белдеулері.
Климаттық белдеулерге байланысты сұрақтарға жауап беру.
№1- Солтүстік Америка материгінің ең ыстық жері? (Өлім аңғары +570 С)
№2- Солтүстік Америка материгінде жауын-шашын ең көп түсетін жері? (Кордильераның солтүстік-батыс жағалауы 6000 мм)
№3- Солтүстік Америка материгінде жауын-шашын ең аз түсетін жері? (Калифорния шығанағының солтүстігі мен Үлкен Алап 100 мм)
Сандық диктант:
Төменде берілген зоналарға сәйкес келетін белгілерді санмен көрсету.
№1 топ. Арктикалық шөл – 6, 2
№2 топ. Тундра және тайга – 1,5
№3 топ. Аралас жалпақ жапырақты орман және шөлейт – 3, 4
Бұл зонада карибу бұғысы тіршілік етеді.
Өсімдігі мүк пен қына.
Мұнда тікенекті бұталар, жусан өседі.
Климаты ылғалды, жұмсақ болып келеді.
Дүниежүзілік Қызыл Кітапқа еңген қойөгіз тіршілік етеді.
Жануарлардан қара аю, гризли аюы, сілеусін т.б. бар.
|
Иә, дайынбыз! Кордильер тауының Мак-Кинли шыңына бірге саяхатқа шығайық.
Солтүстік Америка постерге жазып, қорғайды.
Әр топтан бір оқушы шығып, тақтадағы кескін картаға шеткі нүктелерін белгілейді.
Алдымен оқушылар аталған тапсырманы топпен жеке өздері танысып, кейін жұбымен, тобымен талқылайды, сосын барлығы топта талдау жасайды. Талдау барысында топтың спикерін ортаға шығарып, өз өнімдерін ұсынып, түсініктерін сыныппен бөліседі.
|
Бағалау парағын толтыру,
Ынтaлaндыру мaқcaтындa қoлдaу көрceту (Жарайсыңдар! Жақсы жұмыс жасап отырсыңдар!, Мен сендерге ризамын!)
|
Оқулық
Физикалық карта
Кескін карта
Таратпа материалдары
Интерактивті тақта
Плакат
Маркер
стикер
|
Қорытын
Ды
|
«Менің көңіл-күйім», үйге тапсырма, бағалау
|
Бүгінгі саяхат-сабағымызда біз Солтүстік Американың ең биік Мак-Кинли шыңына жеттік. Шыңға шыққанда нені көрдік? (биік таудың суретінде Қазақстанның туы тұрады ). Әр топ тапсырмаларды жақсы орындады. Өмір де, білімде де осындай биік шыңдарға жете біліңіздер.
|
Керібайланыс орнайды. Бір-біріне «менің көңіл-күйім» арқылы көңіл-күйлерін көрсетеді.
|
Сабақты бағалау критерилері бойынша бағалау
|
Стикерлер
|