Пәні: Информатика Сыныбы: 5 «А» Өткізген



бет1/4
Дата11.07.2017
өлшемі2,09 Mb.
#21090
түріСабақ
  1   2   3   4
189 орта мектеп


Тақырыбы: Ақпаратты іздеу, жазу және оқу

Пәні: Информатика

Сыныбы: 5 «А»

Өткізген: Информатика пәнінің мұғлімі Қарақұлова С.Е.

2015-2016 оқу жылы.

Күні: 05.12.2015ж

Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты іздеу, жазу және оқу

Сабақтың мақсаты: Windows қосымшасында ақпаратты сақтау, оқу нысандарды іздеу ережелерімен таныстыру.

Білімділік: Ақпаратты сақтау ережесін, «Сохранить», және «Сохранить как» командасынан өзге, жұмысты іздестіру алгоритм командасынан «Пуск - Поиск» орындалуымен таныстыру;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын, компьютерлік сауаттылығын дамыту

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, жылдамдыққа үйрету.

Сабақтың түрі: дәстүрлі ашық сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі сұрақ жауап

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, электронды оқулық.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа назарын аудару. Оқушыларды топқа бөлу. Түстер әлемі «Қызықты Психология» сенің ұнататын түсің қандай? Оқушыларға топқа бөлу мақсатында қызыл, жасыл, көк стикерлер таратамын.

ІІ. Үй тапсырмасы тексеру: Оқушыларға 10 тапсырма беріледі. Әр оқушы тапсырманы орындайды.

  1. Компьютерде жұмыс істеу барысында нысандарға көбіне қандай амалдар қолданылады? (Көшіру, орын алмастыру, жою, атын ауыстыру)

  2. Қатар орналасқан сандар деп нені атаймыз? (Шектес нысандар)

  3. Алмасу буферінің көмегімен көшіру үшін қандай бұйрықтар жатады? (Көшіру, кірістіру)

  4. Нысандарды жойғанан кейін дискіде орын босайтын тәсіл (Ерекшеленген нысанға Shift + Del пернелерін басқанда)

  5. Нысандарды көшірудің қандай тәсілі алмасу буферін қолданбайды? (Ctrl пернесін басып тұрып, тышқанның сол жақ батырмасмен жылжытқанда)

  6. Байттардың аты бар қандай да бір тізбек қалай аталады (Файл)

  7. Қандай терезелердің мәзір жолдары, жиыру және жою батырмалары жоқ? (Сұхбат терезелерінде)

  8. Буманы ашу үшін не істейміз? (Осы буманы тышқанның оң жақ батырмасымен екі рет шерту керек)

  9. Windows нысандарына қандай амалдар қолданылады? (Көшіру, жылжыту, жою)

  10. Ерекшеленген нысандар тобына қолдануға болмайтын әрекет? (Атын өзгерту)

Ой қозғау: Қызығушылықты ояту. Жаңа сабаққа ену үшін оқушыларға суреттер көрсетіледі, сұрақтар қойылады.

  1. Экраннан қандай суреттер көріп тұрсыздар?




Нысандарды кеңейтілген түрде іздеу






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет