№189 орта мектеп
Тақырыбы: Ақпаратты іздеу, жазу және оқу
Пәні: Информатика
Сыныбы: 5 «А»
Өткізген: Информатика пәнінің мұғлімі Қарақұлова С.Е.
2015-2016 оқу жылы.
Күні: 05.12.2015ж
Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты іздеу, жазу және оқу
Сабақтың мақсаты: Windows қосымшасында ақпаратты сақтау, оқу нысандарды іздеу ережелерімен таныстыру.
Білімділік: Ақпаратты сақтау ережесін, «Сохранить», және «Сохранить как» командасынан өзге, жұмысты іздестіру алгоритм командасынан «Пуск - Поиск» орындалуымен таныстыру;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын, компьютерлік сауаттылығын дамыту
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, жылдамдыққа үйрету.
Сабақтың түрі: дәстүрлі ашық сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі сұрақ жауап
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, электронды оқулық.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа назарын аудару. Оқушыларды топқа бөлу. Түстер әлемі «Қызықты Психология» сенің ұнататын түсің қандай? Оқушыларға топқа бөлу мақсатында қызыл, жасыл, көк стикерлер таратамын.
ІІ. Үй тапсырмасы тексеру: Оқушыларға 10 тапсырма беріледі. Әр оқушы тапсырманы орындайды.
-
Компьютерде жұмыс істеу барысында нысандарға көбіне қандай амалдар қолданылады? (Көшіру, орын алмастыру, жою, атын ауыстыру)
-
Қатар орналасқан сандар деп нені атаймыз? (Шектес нысандар)
-
Алмасу буферінің көмегімен көшіру үшін қандай бұйрықтар жатады? (Көшіру, кірістіру)
-
Нысандарды жойғанан кейін дискіде орын босайтын тәсіл (Ерекшеленген нысанға Shift + Del пернелерін басқанда)
-
Нысандарды көшірудің қандай тәсілі алмасу буферін қолданбайды? (Ctrl пернесін басып тұрып, тышқанның сол жақ батырмасмен жылжытқанда)
-
Байттардың аты бар қандай да бір тізбек қалай аталады (Файл)
-
Қандай терезелердің мәзір жолдары, жиыру және жою батырмалары жоқ? (Сұхбат терезелерінде)
-
Буманы ашу үшін не істейміз? (Осы буманы тышқанның оң жақ батырмасымен екі рет шерту керек)
-
Windows нысандарына қандай амалдар қолданылады? (Көшіру, жылжыту, жою)
-
Ерекшеленген нысандар тобына қолдануға болмайтын әрекет? (Атын өзгерту)
Ой қозғау: Қызығушылықты ояту. Жаңа сабаққа ену үшін оқушыларға суреттер көрсетіледі, сұрақтар қойылады.
-
Экраннан қандай суреттер көріп тұрсыздар?
Нысандарды кеңейтілген түрде іздеу
Достарыңызбен бөлісу: |