Белгішелер
Бас мәзірі
«Бастау» мәзірі
Есептер тақтасы
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ізделетін нысан орналасқан буманы ашып, нысанның атауындағы бірінші әріп бар пернені басу керек. Атауы осы символмен басталатын ең жақын нысан ерекешеленеді. Сол пернені қайта басқанда келесі ұқсас нысан ерекшеленеді Сонымен, буманың атаулары осы символдан басталатын барлық нысандар тексеріледі.
Сіздер жылдам іздеуді тек ізделетін нысанның қандай бумада орналасқанын білетін жағдайда ғана пайдалана аласыңдар. Ал егер олай болмаса, онда кеңейтілген іздеуді қолдану керек.
Файлдың немесе буманың атауын Бас мәзірдің іздеу терезесіне енгізу керек. Программа сіздер көрсеткен атауы бар барлық нысандарды табады.
Сіздердің сұраныстарың бойынша табылған файлдар терезенің жоғарғы бөлігінде көрсетіледі. Таңдалған файлды тышқанмен шертсеңдер іске қосылады.
Нысандарды кеңейтілген түрде іздеу
Windows-тің барлық қосымшаларында ақпаратты сақтау мен оқудың қабылданған жалпы ережелері бар.
Құрылған суретті немесе құжатты файлға бірінші рет сақтау үшін мына әрекеттерді орындауларың керек:
Сақтау немесе Қалай сақтау бұйрығын таңдау (69-сурет);
Терезеде сендердің файлдарың сақталатын бума көрсетіледі. Қажет болған жағдайда басқа сақтайтын орынды таңдауға болады (70-сурет);
Файлдың атын теру;
Сақтау батырмасын басу;
Программамен жұмыс істегенде файлдарды жиі-жиі сақтап отыруларың керек. Егер файл бұған дейін сақталған болса және атау берілген болса, онда сақтау жұмысы жеңілдейді. Бұл жағдайда программа сақтау терезесін шығармайды және сендерден файлдың атын сұрамайды. Сендер Сақтау бұйрығын (немесе CTRL+S пернелерін) таңдайсыңдар, экранда ештеңе болмайды, бірақ файлдағы өзгертулер сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |