Пәні: математика, 5 сынып. Күні: Тақырыбы



Дата30.11.2022
өлшемі15,57 Kb.
#160447
Байланысты:
1қмж


Пәні: математика, 5 сынып. Күні:

Тақырыбы:

Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейтуге есептер шығару.

Мақсаты

1.Білімділік: Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту ұғымымен таныстыру, есептер шығаруды үйрету.
2.Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту
3.Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже

Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейтуді біледі.

Ресурстар

Кеспе қағаздар, стикерлер, маркерлер

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Ыстық» орындық, «Кім жылдам?»

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату үшін, оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеуін сұрайды. Өрмекші торын пайдаланады.

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І.Қызығушылықты ояту. 14 минут

  1. Жай бөлшектерді қалай салыстырамыз?

  2. Жай бөлшектерді қалай қосамыз?

  3. Аралас сандарды қалай қосамыз?

  4. Жай бөлшектерді қалай азайтамыз?

  5. Аралас сандарды қалай азайтамыз?

  6. Мысалдар келтір.

«Ыстық» орындық стратегиясы бойынша сұрақтарға жауап береді.

ІІ. Мағынаны тану. 23 минут

Оқушының өздігінен білім алуға мүмкіндік туғызу.

  1. Жай бөлшектердің көбейтіндісі – алымы берілген бөлшектердің алымдарының көбейтіндісіне, ал бөлімі бөлімдерінің көбейтіндісіне тең бөлшек.

  2. Натурал санды бөлшекке көбейткенде натурал сан бөлшектің алымына көбейтіліп, көбейтінді бөлшектің алымы болады да, бөлімі өзгеріссіз қалдырады.

№746 - 749

Мысалдарды талдай отырып, ережелерді меңгереді

ІІІ: Ой толғаныс. 5 минут



1) «ИНСЕРТ» тәсілінің көмегімен оқушылар жаңа тақырыпты қалай меңгергендігін анықтайды және кестені ұсынады

Мен үшін түсінікті ( V)

Менің білетініме сай келмейді (-)

Маған жаңа ақпарат (+)

Маған түсініксіз
( ?)
















Кестені толтырады

Үйге тапсырма: 1 минут

750, 751.






Бағалау: 2 минут

Әр оқушы тапсырмаларды жеке орындайды және орындаған деңгейіне сәйкес бағаланады.

Формативті бағалау

Рефлексия



Не білдім?



Нені білгім келеді?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет