Өткен материалмен жұмыс. Оқушылар №5-8 тапсырмаларды орындайды.
5-тапсырманы өрнек арқылы жазып шығаруға болады.
а) (21 · 12) : 14 = 18 (автобус.)
Жауабы: 18 автобус керек.
ә)
1) 65·4 = 260 (км)
2) 464 – 260 = 204 (км)
3) 204 : 68 = 3 (сағ)
Жауабы: 3 сағат
6-тапсырманы орындамас бұрын мұғалім оқушылардың банк карточкасымен төлем жасау кезінде «екі бағыттағы билетке» төлейтінін нақтылайды.
2 билет 16 800 теңгеден = 33 600 теңге.
180 000 – 33 600 = 146 400 (теңге)
146 400 – 50 000 = 96 400 (теңге) – тамақтану құны.
96 400 : 5 = 19 280 теңге
«Люкс» бөлме – 90 000 (теңге), 6 400 (теңге) – қалдық.
«Жайлы» бөлме– 72 500 теңге, 23 900 теңге – қалдық .
«Стандарт» бөлме – 46 000 теңге, 50 400 теңге – қалдық .
№ 7 шығармашылық жұмыс. Оқушылар диаграммада берілген мәліметтермен есепті толықтырады. Диаграммадан 1 көйлекті тігу үшін 5 м мата, ал 1 белдемшеге 3 м мата қажет екені көрсетілген.
12 ⋅ 5 = 60 (м) – көйлекке.
12: 2 = 6 белдемше.
6 ⋅ 3 = 18 (м) – белдемшеге.
60 + 18 = 78 (м) – барлық көйлек пен белдемшеге жұмсалған мата.
№8 тапсырма зерттеуді талап етеді.
Әрбір қорапта тек 1 қызыл шардан бар, ал қалғандары – көк шарлар. Бірінші қорапта 15 шар, екінші қорапта 120 шар, үшінші қорапта 200 шар бар. Қорапқа қарамай 1 қызыл шарды алу мүмкіндігі артық болу үшін, шарды қай қораптан алу керек?
Шешуі: ықтималдыққа берілген тапсырма. Олар былай болжайды: 15, 120, 200 шар бар қораптардан бір қызыл шарды алу мүмкіндігі егер шарлардың саны аз болса жоғары болады. Сондықтан 15 шар бар бірінші қораптан бір қызыл шарды алу мүмкіндігі жоғары деген қорытынды жасайды.