(қолы)
1.Пәннің паспорты
Пәннің атауы «Профессиональный казахский язык»
Кредиттер саны және оқу мерзімі
Барлығы – 2 кредит
2 курс
3 семестр
Барлық аудиториялық сабақтар – 30 сағат
Тәжірибе сабақтар – 30 сағат
СӨЖ – 60 сағат
Оның санында СОӨЖ СӨЖМ – 15 сағат
Жалпы еңбексыйымдылық – 90 сағат
Тексеру түрі
Қортынды тексеру түрі Емтихан – 3 семестр
Пререквизиттер: Пәнді оқып білу үшін қазақ тілі пәнінен жалпы орта мектебінде және университетте алған білім, болуы керек.
Постреквизиттер: Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: Машина жасау негіздері, Машина жасау өндірісінің технологиялық процестері, Металл кескіш құрал-саймандар, Машина жасау технологиясы т.б.
2 Оқытушылар туралы және олармен түйісу мәліметтері
Сабақты жүргізетін оқытушы – Итыбаева Галия Тулеубаевна – доцент, техника ғылымдарының кандидаты
Қажетті мәліметтер 67-36-33. ішкі 1201
Б1 корпусындағы 214 кафедрада болу уақыты кестеге байланысты
3 Пән, мақсаттарымен міндеттері
Пәннің мақсаттары – Студенттерді кәсіби лексика мен мамандыққа байланысты терминдер мен таныстырып, іс жүзінде пайдалану дағдысын қалыптастыру.
Пәннің міндеттері:
Студенттердің кәсіби салада қазақ тілінде сөйлеп жазу деңгейін көтеру.
4 Білімге, іскерлікке, дағдыға және компетенцияға талаптар
Білуі қажет:
− машина жасау; стандарттау, сертификаттау және метрология мамандықтары бойынша қолданылатын терминдерді;
− қолданылатын кәсіби сөздердің ситуациялық жағдаятардағы қолданысын;
Меңгеруі қажет:
− машина жасау мамандық бойынша арнайы дайындалған мәтіндерді, нұсқауларды оқып талдауды;
− кәсіби қазақ тілін оқыту кезінде лексикалық минимумымен жұмыс істей білу;
− қысқаша нұсқау, қызметтік хат, т.б. техникалық арнайы жазбаларды дайындауды
5 Пәнді оқу тақырыптық жоспары
Академиялық сағаттарды сабақтар түрлеріне үлестіру
№
|
Тақырыптар атаулары
|
Аудиториялық сабақ түрлерінің сағаттар мөлшері
|
СӨЖ
|
Тәжірибе
|
Барлығы
|
Оның ішінде СӨЖМ
|
1
|
Кіріспе. Пәнді оқыту мақсаты, міндеті, ерекшеліктері
|
1
|
2
|
0,5
|
2
|
Қазақ тілінде мамандық тілін игерудің тиімді жолдары
|
2
|
8
|
2
|
3
|
Машина жасау мамандық бойынша терминдермен танысып үйрену
|
10
|
18
|
4,5
|
4
|
Машина жасау мамандық бойынша терминдер құрастырып қалыптастыру ерекшеліктері
|
5
|
8
|
2
|
5
|
Кәсіби тілде жиі қолданылатын құжаттар. Оларды жасау, талдау."
|
4
|
8
|
2
|
6
|
Ауызша және жазбаша кәсіби тілде сөйлеу тәртібімен мәдениетін қалыптастыру.
|
4
|
8
|
2
|
7
|
Практикалық бағытта жазу мәдениетін қалыптастыру (реферат, жарнама және т.б.)
|
4
|
8
|
2
|
БАРЛЫҒЫ
|
30
|
60
|
15
|
6 Тәжірибе сабақтардын мазмұны, олардың сағаттық көлемдері
Пәннің қысқаша мәліметі
«Профессиональный казахский язык» пәні машина жасау; стандарттау, сертификаттау және метрология мамандықтары бойынша қолданылатын терминдерді үйрету, кәсіби салада қазақ тілінде сөйлеп жазу деңгейін көтеруды қамтамасыз етеді.
1 тақырып. Кіріспе. Пәнді оқыту мақсаты, міндеті, ерекшеліктері - 1 сағат
Жоспар:
1 Пәнді оқытудағы негізгі мақсаттар мен оның нәтижелері. Машина жасау мамандық тілі туралы түсінік.
2 Кәсіби қазақ тілінің қазақ тілінде жүргізілетін пәндерден ерекшеліктері. Кәсіби қазақ тілін дамыту туралы мағлұмат.
1 жаттығу.
Кәсіби мәтін №1
Мамандық туралы
Қазіргі кезде дүние жүзінде мамандықтар өте көп. Олардың өзіне тән ерекшеліктері бар. Кейбіреулері адамнан ақыл-ой қабілетін, теориялық білімді қажет етсе, екіншілері білік-дағдыларды, осы замандағы техниканы меңгеруді талап етеді. Қандай мамандықтағы адамға болсын, адамдармен тіл табысу, яғни коммуникативтік құзырет те, тілдік құзырет те өте қажет. Себебі әр маман ең бірінші адамдармен сөйлеседі және тіл арқылы қарымқатынас жасайды.
Қоғамымыздың қай саласында жұмыс істесек те, ең басты мақсат – халыққа, елге қызмет ету, оның шаруашылығын өркендету, республикамызды әлемге таныту. Ол үшін алған білімізді үнемі дамытуға, шетел тілдерін еркін игеруге, қазіргі түрлі технологияны меңгеруге ұмтыламыз.
Тапсырмалар: 1. №1 кәсіби мәтінді тиянақты оқып, түсініксіз сөздерді теріп жазыңыз, аударыңыз.
2. Машина жасау мамандығы бойынша мәтін жазыңыз.
Бақылау- ауызша, конспект
Әдебиет [1, 9-11]
2 тақырып. Қазақ тілінде машина жасау мамандық тілін игерудің тиімді жолдары. – 2 сағат
Жоспар:
1 Кәсіби қазақ тілінің мамандық дамытудағы ролі.
2 Терминдік сөздіктер (бұйым, тетік, құрылым тұзілімі, құрамды тұзілім т.б), сөз байлығы және баламалық ұғымдарды қолдану. Диалог, әңгіме құру арқылы студенттердің тілді меңгеруін дамыту.
Әдебиет [1, 9-11]
3 тақырып. Машина жасау мамандық бойынша терминдермен танысып үйрену. – 10 сағат
Жоспар:
1 Терминдік сөздер туралы ұғым. Термин сөздер категориясы. Әр мамандық пен ғылым саласындағы терминдердің жасалу жүйесі. Терминдердің баламалық ұғымдары және аудармасы, қолданылу аясы.
Әдебиет [1, 3, 9-11]
4 тақырып. Машина жасау мамандық бойынша терминдер құрастырып қалыптастыру ерекшеліктері. – 5 сағат
Жоспар:
1 Кәсіби қазақ тіліндегі стильдік ерекшелік. Кәсіби терминдерді қолдану барысында қарай дұрыс айту нормалары. Машинажасау мамандық бойынша терминдер құрастыру ерекшеліктері.
Әдебиет [1-4, 9-11]
5 тақырып. Кәсіби тілде жиі қолданылатын құжаттар. Оларды жасау, талдау. – 4 сағат
Жоспар:
1 Кәсіби тілдегі техникалық құжаттамалар түрі. Қазақ тіліндегі кәсіби жиі қолданылатын құжаттар. Құжат түріне қарай оларды құрастыру шарттары мен ерекшеліктері. Кәсіби құжаттарға қойылатын талаптар.
Әдебиет [1-4, 9-11]
6 тақырып. Ауызша және жазбаша кәсіби тілде сөйлеу тәртібімен мәдениетін қалыптастыру. – 4 сағат
Жоспар:
1 Машина жасау мамандық тілін сауатты жазу мен мәдениетті сөйлетудегі амал-әдістер және білімді бақылау формалары (алғашқы, межелік, қорытынды). Кәсіби сөйлеу ортасы және кәсіби іскерлік.
Әдебиет [2-4, 9-11]
7 тақырып. Практикалық бағытта жазу мәдениетін қалыптастыру (реферат, жарнама және т.б.). – 4 сағат
Жоспар:
1 Кәсіби мәтіннің мазмұнын түсіндіру әдістемесі. Кәсіби тілдегі мәтін және оның ерекшеліктері. Кәсіби мәтіндегі сөздік жұмысы. Кәсіби мәтіндегі аударма практикумы.
Әдебиет [3-4, 9-11]
7 Өзінің жұмыстарының тапсырмалары
ӨЖ мақсаты: Курс бойынша әр тақырыпты терең оқу, тәжірибе жұмыстарға, рейтинг бақылауға, емтиханға дайындалу. Курс тақырыптарынын бөлімі бойынша ауызша тексеру жүргізіледі.
ӨЖ міндеті: Пәнді үйрену үшін студенттерді әдебиет, әдістемелік нұсқауларды қолданып шолу жасауға үйрету.
Оқылымға қойылатын талаптар:
- қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс оқу;
- оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну (негізгі ұғымды ұғынып оқу, мәтін мазмұнын толық игеру).
Жазылымға қойылатын талаптар:
- кәсіби сөздер мен сөз тіркестерін және кәсіби терминдерді дұрыс жазу.
Тыңдалымға қойылатын талаптар:
- бағдарлама тақырыптарына сәйкес берілген оқу материалдарын, кәсіби мағлұматтарды тыңдап, түйінді ойды тез түсіну.
Сөйлесімге қойылатын талаптар:
- сойлесу машығын дамыту;
- монолог және диалог арқылы өз ой-толғанысын, тұтас бір ойын ұғындыра білу;
- сойлесу дағдысы арқылы тіл байлығын, сөздік қорды байытып, сөздерді дұрыс айтуға жаттығу;
- өз ойын қазақ тілінде жеткізу;
- өз пікірін қазақ тілінде жеткізу;
- сұрақтар қоя білу;
- жауап қайтара білу;
- тілдесімге қатысу.
Аударма:
- сөздіктердің түрлерін білу;
- сөздіктерді дұрыс қолдана білу;
- түрлі сөздіктер арқылы аудару машығын дамыту;
- кәсіби тақырыптарға байланысты тілдік материалдарды аудару.
Өздік жұмыстарын жүргізуге арналған тапсырмалар
1 тақырып. №1 кәсіби мәтін бойынша мына тапсырмаларды орындаңыз.
Мәтінді мәнерлеп оқыңыз
Мәтін мазмұнын өз сөзіңізбен айтып беріңіз
Мәтін бойынша 7-8 сұрақ құрастырыңыз, өз сұрақ-жауап жобасын жазып беріңіз.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 9-11]
2 тақырып Қазақ тілінде машина жасау мамандық тілін игерудің тиімді жолдары.
Теориялық практикум №2.
Кәсіби қазақ тілінің негізгі теориялық ұстанымдары.
Кәсіби мемлекеттік қазақ тілінің негізін құрайтын тіл салалары: фонетика, лексиология, семасиология, морфология, синтаксис.
Фонетика –гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фоненің мағынасы – дыбыс, үн, дауыс. Фонетика – тіл ғылымының, тілдерің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы.
|
Лексиология – бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы – лексика туралы ғылым.
|
Семасиология – сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын, ондағы мағыналардың өзгеру жолдарын зерттейтін ғылым саласы.
|
Морфология – сөзді, сөздің тиісті морфемаларын, олардың мағыналары мен қызметін талдайды. Морфема – сөздің өзіне тән мағынасы бар ең кішкене бөлшегі. Сөздің өзіне тән мағынасы (грамматикалық мағына және лексикалық мағына) және өзін тән сыртқы дыбыстық формасы.
|
Синтаксис – тілдің өзекті бір саласы, сөйлеу жүйесін танытатын қазақ тіл ғылымының басты саласы. Сөз тіркестері мен сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөздердің байланысу тәсілдері.
|
Кәсіби мәтін №2
Қазақстанның экономикасы даму үшін және Қазахстан өркениетті, дамыған ел болу үшін өңдеу өндірісін дамыту қажет. Оның ішінде машина жасау саласын.
Машина жасау саласының негізгі мақсаты жоғары сапалы, бүкіл дүниежүзілік стандарттарға сәйкес машиналар, автокөліктер, тракторлар, тоңазғыштар, ұшақтар, кемелер, тепловоздар, өндіріс жабдықтар және басқа түрлі техниканы шығару. Машина жасау саласының, басқа өндіріс саласымен салыстырса, ерекше орны бар, яғни осында халық шаруашылығына қажет өндіріс жабдықтары, халық пайдаланатын түрлі машиналар жасалып шығарылады.
Дамыған елдерде Америка Қурама Штаттарында, Франция, Германия, Италия. Жапония. Швеция және басқа мемлекеттерде машина жасау саласы биік жоғары деңгейде дамыған. Сондықтан машина жасау саласын дамыту өте қажет. Машина жасау саласын дамытуға жаңа түрлі машина жасау зауыттар салып іске қосу, жаңа жабдықтар өндіріске келтіру мен бірге еңбекті ұйымдастыру, техниканың қолдануын жақсартып, жабдықтардың құрылғысын жақсарту, прогрессивті технологиялар мен технологияны жабдықтайтын құралдар қажет.
Технология процесстерінің деңгейін көтеруге технологиялық құрал- саймандардың орны ерекше. Қазіргі машина жасау өндірісінде әр бір технологиялық процесстер технологиялық құрал-саймандарсыз өтпейді. Мысалы, ірі - сериялы және жаппай өндірістерде бір технологиялық процеске орташа 10-15 технологиялық құрал-саймандар қажет, шағын- сериялы және жеке өндірістерде әр бір технологиялық процесіне 5 – 10 технологиялық құрал - саймандар керек. Технологиялық құрал – саймандарды жобалау, оларды жасап шығару жұмыстары, өндірісті технологиялық дайындау кезіндегі 80% еңбек сыйымдылығын құрайды және 90% -ға дейін уақыт алады. Қазіргі уақытта технологиялық құрал – саймандарды жобалау және оларды пайдалану жумыстарынан көп тәжірибе бар.
Технологиялық құрал - саймандарды жобалау және оларды есептеу ғылыми негіздерін қалаушылары Балакшин Б.С., Ансеров Т.А., Корсаков В.С, Колесов И.М. және басқа совет ғалымдары аумақты үлес қосты.
«Технологиялық құрал – саймандарды жобалау» пәннің машина жасау бакалаврын маман ретінде оқытып шығаруда өте маңызды орны бар. Осы пәнді оқығанда студенттер механикалық өңдеу жұмыстарына, құрастыру және сапаны бақылау жұмыстарына қажет технологиялық құрал- саймандарды жобалау және оларды есептеу әдістерін игеріп менгерулері тиісті. Тәлімгерлер тәжірибе түрінде жабдықтарды дәлдікке, қатаңдыққа, беріктікке, қысып бекіту күштерді есептеу, стандартты және нормаға келтірілген тораптар мен бөлшектерді, тетіктерді таңдау, обаланған жабдықты білдекпен сәйкестіріп келтіруін біліулері абзал. Осы пәнді оқытудың түпкі мақсаты студенттерді машинажасау эауытарда құрал-саймандардың инженер-құрылымдаушы міндетін атқаруға дайындау. Бүл пән «Машинажасау технологиясы», «Материалдар кедергісі», «Өзара ауыстырымдылық», «Метрология, стандарттау және сертификациялау», «Кесу теориясы», «Конструкциялық материалдар және термоөңдеу» және басқа пәндермен тығыз байланысты.
Өздік жұмыстарын жүргізуге арналған тапсырмалар
1 кәсіби қазақ тілінің салалары жайында өз сөзіңізбен айтып беріңіз.
2 теориялық тақырып бойынша 5-6 сұрақ құрастырыңыз.
3 №2 кәсіби мәтін бойынша сөздік құрастырыңыз, орыс тіліне аударыңыз.
4 №2 кәсіби мәтінді өз сөзіңізбен айтып беріңіз.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 9-11]
3 тақырып. Машина жасау мамандық бойынша терминдермен танысып үйрену.
Теориялық практикум №3.
Терминдік сөздер туралы түсінік
Термин сөздерге үш түрлі шарт қойылады:
Термин болу үшін сөздің мағынасы біреу-ақ болу қажет;
Термин сөздердің қосымша, ауыс мағыналары болмау керек;
Термин сөздер нақты заттардың атауы емес, ғылымның тар аясындағы дерексіз ұғымдардың атауы болуы шарт.
Терминдер әрбір ғылым саласында барынша көп кездеседі. Кез келген ғылымның өзіндік қалыптасқан терминдері бар. Мысалы: машина жасау терминдері: әдіп, тетік, жону, дәлдік, т.б
Өздік жұмыстарын жүргізуге арналған тапсырмалар
Берілген кәсіби мәтін бойынша мына тапсырмаларды орындаңыз:
1 кәсіби мәтінді оқыңыз, жаттаңыз.
2 мәтін мазмұнын өз сөзіңізбен айтып беріңіз
2 мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз.
3 берілген мәтінге аннотация жазыңыз.
4 өзіңізге қажетті сөздерді сөздік дәптеріңізге жазып алып, орыс тіліне аударыңыз.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 9-11]
4тақырып. Машина жасау мамандық бойынша терминдер құрастырып қалыптастыру ерекшеліктері
Ұсынылатын әдебиет: [1, 9-11]
5 тақырып Кәсіби тілде жиі қолданылатын құжаттар. Оларды жасау, талдау."
Берілген кәсіби мәтін бойынша тапсырмалар:
1 берілген кәсіби мәтінді оқыныз, мәтін мазмұнындағы кәсіби лексикадан сөздік минимум шығарыңыз, сөздерді теріп жазыңыз, аударыңыз.
2 берілген кәсіби мәтін бойынша «Сұрақ-жауап» жобасын әзірлеңіз
3 сөздерді жаттаңыз
6 тақырып. Ауызша және жазбаша кәсіби тілде сөйлеу тәртібімен мәдениетін қалыптастыру.
Берілген кәсіби мәтін бойынша тапсырмалар:
1 берілген кәсіби мәтінді оқыныз, мәтін мазмұнындағы кәсіби лексикадан сөздік минимум шығарыңыз, сөздерді теріп жазыңыз, аударыңыз.
2 берілген кәсіби мәтін бойынша «Сұрақ-жауап» жобасын әзірлеңіз
3 сөздерді жаттаңыз
7 тақырып. Практикалық бағытта жазу мәдениетін қалыптастыру (реферат, жарнама және т.б.)
Ұсынылатын әдебиет: [1, 9-11]
8 СӨЖМ кеңестерінің кестесі (СӨЖМ СӨЖдің 25%құрайды)
№
|
Сабақ түрлері
|
дүйсенбі
|
сейсенбі
|
сәрсенбі
|
бейсенбі
|
жұма
|
сенбі
|
1
|
Лекциялар сұрақтары бойынша кеңес
|
|
|
|
|
|
|
2
|
Семинар сұрақтары бойынша кеңес
|
|
|
|
|
|
|
3
|
СӨЖ туралы кеңес
|
|
|
|
|
|
|
4
|
Тестлеу тапсырмалар жөнінде кеңес
|
|
|
|
|
|
|
9 Тәлімгерлердің білімін тексеру кестесі
Тәжірибе сабақтар 0-100 баллдармен бағаланады.
Пәннің тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
№
|
Жұмыстар түрлері
|
Тапсырманың тақырыбы, мақсаты және мазмұны
|
Ұсынылатын әдебиет
|
Орындау уақыты
|
Тексеру түрі
|
Тапсыру мерзімі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Ағынды тексеру
|
1 тақырып
|
|
2 апта
|
ауызша
|
3 апта
|
2
|
Ағынды тексеру
|
2 тақырып
|
|
2 апта
|
ауызша
|
5 апта
|
3
|
Ағынды тексеру
|
3 тақырып
|
|
2 апта
|
ауызша
|
7 апта
|
|
Рубеж тексеріс
|
Модуль 1,2
|
|
|
тестлеу
|
8 апта
|
4
|
Ағынды тексеру
|
4 тақырып
|
|
2 апта
|
ауызша
|
9 апта
|
5
|
Ағынды тексеру
|
5 тақырып
|
|
2 апта
|
ауызша
|
11 апта
|
6
|
Ағынды тексеру
|
6 тақырып
|
|
2 апта
|
ауызша
|
13 апта
|
7
|
Ағынды тексеру
|
7 тақырып
|
|
1 апта
|
ауызша
|
14 апта
|
8
|
Рубеж тексеріс
|
Модуль 3,4
|
|
|
тестлеу
|
15 апта
|
10 Тәлімгерлердің білімін бағалайтын критерийлер
Пәнде оқу тестлеу арқылы өтетін экзаменмен аяқталады, ондағы тестлер өткен материалды түгелей қамтыйды. Емтиханға қатысу үшін міндетті шарт ол тәлімгер бағдарламада көрсетілген барлық тапсырмаларды орындау қажет.
Әр бір тапсырма 0-100 баллмен бағаланады.
Жіберу рейтинг ағынды сабақтарда орындалған тапсырмалардың орта арифметикалық есебі болып танылады (лекцияларға қатысу, үй тапсырмаларың, СӨЖ тапсырмалары, тәжірибе тапсырмалар және баскалар, рубеждік тексеріс).
Пәннің қортынды тексеріске (ҚТ) жұмыс оқу бағдарламаның барлық шарттарын орындалған (немесе лабораториялық жұмыстарды толық орындап оларды тапсырған, СӨЖ жұмыстармен тапсырмаларды тапсырған), курстық жұмыс немесе жобаны оң бағамен қорғағандар және жіберу рейтингтен 50 баллдан кем алмаған студенттер қатысалады.
Әр бір пәнге қатысты студенттердің оқу жетістіктерінің дәрежесі, сонымен қатар мұнда жатады пәндер қортынды тексерістері мен, қортынды бағамен анықталады (Қ). Осы қортынды баға ЖР бағасымен қортынды тексерістің (ҚТ) (емтихан, дифференциалды сынақ немесе курстық жұмыс не жоба) бағасымен қосылады. Мұнда олардың салмастық үлестері еске алынады.
Қ=ЖР 0,5+ ҚТ 0,5
Салмақтық үлестер әр оқу жылға университеттің ғылым кеңесі тағайындайды, тек ЖД үлесі 0,6 көп болмайды және ҚТ 0,3 кем болмайды. Курстық жұмыс не жоба комиссия алдында қорғалады. Мұнда тәлімгер көрсеткен біліміне байланысты және жетекшісінің пікіріне байланысты бағаланады.
Пәннен қортынды баға есептеледі егер тәлімгер жіберілім рейтингпен қортынды тексерістен оң баға алалса. Егер тәлімгер қортынды тексеріске келмей және қанағаттанатын себебі болмаса онда ол «қанағаттанарлықсыз» бағаланады. Емтихан және аралық аттестация нәтижелерімен студент сол күні немесе келесі күні, егер жазба емтихан күннің екінші жартысында өтсе, таныстырылады.
Пәндерден студеннердің оқу жетістіктері, яғни білім, істей білу, дағды алу және құзреттілік, көпбаллды әріптік жүйемен оған сәйкес цифрлық эквиваленттермен және дәстүрлі бағалар межемен бағаланады.
Әріпті жүйемен бағалау
|
Баллдардың цифрлік эквиваленттері
|
Пайыздық мазмұны
|
Дәстүрлі жүйеде бағалау
|
A
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
қанағаттанарлық
|
C
|
2,0
|
65-69
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
қанағаттанарлықсыз
|
11 Оқытышының шарттары, саясат және процедуралар
Студент міндетті барлық сабақтарға қалыссыз қатысуы. Егер қатыспаған сабақтар болса онда оларды студент деканат тағайындаған ретпен қайталап орындауы қажет. Лекцияларда, тәжірибе сабақтарда осы курстың студенттерінен бөтен адамдарға болуларына тыйым салынады.
Жұмыстарды белгілеген мерзімдерде тапсыру қажет. Тапсырмаларды сонғы тапсыру мерзімі – емтихандар сессиясының басталуына үш күнге дейін.
Барлық сабақ түрлеріне байланысты тәлімгерлердің білімін тексерулер бірінші және екінші рейтингте бірдей.
Әр бір оқу сабаққа қатысты тапсырмаларды және өткен материалдарды қайталау міндет. Өку материалдарды менгеру дәрежесі тесттармен не жазба жұмыстармен тексеріледі. Тестлеуді студенттерді ескертусіз өткізуге болады.
Студенттердің мұғаліммен өткен өздік жұмыстарын (СӨЖМ) орындағанда төрт негізгі функция еске алынуы қажет.
Бірінші – оқитын пәннен оқытушының нұсқаушы лекцияларда берген мәліметтерді студент түсініп игеруі керек.
Екінші функция мұнда студент өзі, оқытушының берген нұсқауларын негіздеп, оқу әдістеме құралдары, әдебиеттерді оқып үй тапсырмаларын, тексеру және курс жұмыстарды орындайды. Осында студенттерден керегі жұмысты атқару әдістемесін білу, өзінің кездескен қиындықтарын белгілеу, өзін ұйымдастыру, өзін тәртіпке салу.
Үшінші функция мұнда студент кездескен қиын ситуацияларды талдап бір жүйеге келтіреді, материалды түсінуге және игеруге қиындықтарды туғызатын себептерді аңықтау. Студент өзі шешеалмайтын қиындықтарды оқытушыға қойылатын сүрақтар жүйесін қалыптастырады (оларды рангтарға бөледі, ретке келтіреді, формаға келтіреді), өзінің жауаптарының нұсқауларын жасайды.
Төртінші функция студент оқытушыға сүрақтарымен жүгінеді, кеңес, түсініктемелер алады.
12 Әдебиеттер тізімі
Негізгі
1 Ғазалиев, А. М., Егоров, В. В., Исин, Д. Қ. Машина жасау өндiрiсiнiң технологиялық және химиялық процестерi. Алматы, 2010-740 б.
2 Зейнулина А.Ф. Кәсіби қазақ тілі. 2012.
3 Жұмабаева З.Е. Мемлекеттік кәсіби қазақ тілі дидактикасы. Павлодар, 2010
4 Зейнулина А.Ф., Жұмабаева З.Е., Шаһарман Ә.П., Пазыл Ә.Қ. Іскери-кәсіби қазақ тілі: практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау. 2009
Қосымша
5 Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Казахский язык для всех. Алматы: Атамұра, 2004.
6 Оралбай Н., Құрманалиев К. Қазақ тілі. Алматы: Арыс, 2007.
7 Тургамбаева Б., Линко Т. Вы говорите по казахский? /Самоучитель казахского языка/ Алматы: Балауса, 1992.
8 Қазақ мақал-мәтелдері. Құрастырған Ж. Малайсарин. Алматы: «Ана тілі», 2003.
Сөздіктер
9 Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Машина жасау/Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 422 б.
10 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 10 томдық, Алматы, 1986
11 Қазақша-орысша сөздік (50 мыңға жуық сөздер) Алматы «Дайк Пресс», 2002, 2007
Достарыңызбен бөлісу: |