ОБЛЫС Ақтөбе
АУДАН/ҚАЛА Ақтөбе
АУЫЛ Қурайлы
МЕКТЕП Елек орта мектебі
ПӘНІҢІЗ бастауыш класс
ФИО Лаукенова Лаура Жумагалиевна
«Жас полиглот» зияткерлік ойыны
4-класс
Мақсаты:
Оқушылардың қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен алған білімдеріне жалпылай шолу жасау, қайталау жұмыстарын жүргізу.
Оқушылардың танымдық қабілетін, ой-өрісін дамыту, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту.
Оқушыларды ұлтаралық ынтымақтастыққа, өз елін және өз тілін қадірлеуге, өз отанын сүюге тәрбиелеу. Ағылшын, орыс тіл,қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.
Мұғалім:
Армысыздар, құрметті оқушылар , ұстаздар !
Елбасымыз Н. Әбішұлы Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі —жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі”, — деген болатын. Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақтың, жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Ендеше, тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық.
Ендеше бүгінгі міне «Жас полиглот» интелектуалды ойын-сауық кешімізге қош келдіңіздер! Бұл ойынға 4 «А», және 4 «Ә» сынып оқушылары қатысады. Сайысқа қатысқалы отырған оқушыларды қошемет пен қарсы алыңыздар!
І-топ:Бірлік
ІІ-топ:Полиглот
Мұғалім: Енді осы ойынымызға төрелік ететін әділ қазылар алқасымен танысайық: (әділ қазылар алқасын таныстыру)
І кезең. Амандасу. Таныстыру.
( Әр топ үш тілде амандасады, топтарын,ұрандырын үш тілде таныстырады
ІІ кезең. Тілім менің –айбарым, мақтанышым!
(Бұл кезеңде Тәуелсіздігіміздің 25 жыл толуына орай құттықтау сөзін үш тілде айтып береді)
ІІІ кезең. «Дода»
Бұл кезеңде әр топқа 4 сұрақ қойылады. Берілген сұрақтарға дұрыс,нақты, үш тілде жауап беру керек.
І топқа: Бәйге
1. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42,сорок два, forty two)
2. Қыста не жауады? (қар,снег, snow)
3. Күздің бірінші айы? (қыркүйек, сентябрь,September)
4. Бір тәулікте неше сағат бар? (24 сағат,дватцать четыре часа, twenty four)
ІІ топқа:Полиглот
1. Қазақ тілінде неше дыбыс бар? (2,два, two)
2. Қыстың алғашқы айы? (желтоқсан, декабрь,December)
3.Жыл басы болған жануар? (тышқан, мышь,mouse)
4. Тамақты бұзбайтын салқын жәшік?(тоңазытқыш ,холодильник,refrigerator)
ІҮ кезең « Қызықты ұйқастар».
Әр топ ақ парақта орыс тілінен құрылған бес сөйлемдер беріледі көп нүктенің орнына қазақша ұйқас сөздер тауып айтады.
Ітоп:
1.Жизнь-өмір, уголь-….(көмір).
2.Число-сан, кровь- ...(қан).
3.Молоко-сүт, жди-… (күт).
4.Человек –адам, шаг- ...(қадам).
5.Таможня- кеден, пол-...(еден).
ІІ топ:
1.Возьми- ал, мед-…(бал).
2.Рыба- балық, народ-…(халық).
3.Дверь- есік, колыбель-…(бесік).
4.Город- қала, ребенок- …(бала).
5.Игра-ойын, шея-…(мойын).
Ү кезең «Мықты болсаң тауып көр»
Бұл бөлімде жұмбақ жасырылады ,жауабы үш тілде айтылады.
Жүргізуші: Қорытындылау.
Жеңімпаз болу шарты сол:
Еңбектену,жалықпау!
Жарыс заңы ежелден:
Жеңімпазды анықтау! (Әділқазылар сөз алады.)
Осымен біздің бүгінгі ойынымыз аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін алғыс айтамыз. Сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |