8-дәріс
Орман зиянкестері
Сақиналы жібек көбелегінің морфологиялық ерекшеліктері, күресу шаралары
Жұпсыз жібек көбелегінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, күресу шаралары
Сақиналы жібек көбелегі.Molocosoma Neustria. Піллә тоқушылар тұқымдасына жатады. Жеміс ағаштары мен жапырақтары орман ағашының зиянкесі
Жылына бір ұрпақ беріп өсіп-өнеді. Көбелектің қалыптасқан жас гусеницалары жұмыртқа қабығының ішінде қыстап шығады да көктемде қоректенуге кіріседі.Ағаштың жапырақтарын, гүлдерін түгелдей жеп қояды.Гусеницалар бұтақтардың айырына өрмек жіптерінен тоқылған тығыз ұялар жасап, топтанып жүреді.Тек ең соңғы жастағыгусеницалары ғана жеке жүріп тіршілік етеді.Дамуы аяқталған соң олар өрмек жіптерімен шырмалған жапырақтардың арасында сары түсті пілләға оранып қуыршаққа айналады.Көбелектер жаз ортасында жыныс бездері пісіп жетілген күйінде шығады, олар қореқтенбейді. Ұрғашылар барлық жұмыртқа қорын бірден салады. Жұмыртқаларын ағаштың майда, жіңішке бұтақтарына сақина тәрізді айналдыра орналастырады.
Күресу шаралары. Жапырақтары шықпай тұрғанда ағаштарға минералдық майлардың эмульсиясын бүрку. Гусеницалардың жаппай шыққан кезінде 80 проценттік хлорофос ерітіндісін бүрку.
Жұпсыз жібек көбелегі.Ocneria dispar L.Қабыршақ қанатты насекомдар отрядының тұқымдасына жатады.Қазақстанда тегіс таралған. Жеміс ағаштары мен жапырақты орман ағаштарының зиянкесі.
Көбелектің жас гусеницалары жұмыртқа қабығының ішінде қыстайды. Көктемде ағаштың бүршіктері жарылған кезде шығады. Олар ағаштардың жапырағын алғашында ойып-ойып, ал соңынан түгелдей дерлік жеп қояды.Сонымен қатар олар гүл шанақтары мен гүлдері де зақымдайды. Денесінде ұзын қылшықтары бар жас гусеницалар желмен аспанға көтеріліп, едәуір қашықтыққа бара алады. Сөйтіп олар бір ағаштан екінші ағашқа және көршілес бақтарға тарлады. Жаздың бас кезінде гусеницалар өрмек жіптермен шырмалған жапырақтардың арасында немесе қабықта борпылдақ пілләға оранып қуыршаққа айналады.Көбелектер жаз ортасында жыныс бездері пісіп жетілген күйде шығады, қоректенбейді. Жұмыртқаларын топтап ағаштың сүңгегіне жабыстыра салады, үстін өздерінің бауыр түктерімен жауып тастайды.
9-дәріс
У кекіре арамшөбі, күресу шаралары
1.Жатаған у кекіренің морфологиялық ерекшеліктері
2. У кекіремен күресу негіздері
3.Жаңа технология бойынша күресу жолдары
Жатаған у кекіре( Acroptilon repens L)-көпжылдық, атпатамырлы, шөп күрделі гүлдер туысына жатады. Қуатты тамыр жүйесі, топырақта 10 м тереңдікке жетеді, жатаған у кекіренің ерекшеліктері; ол қордағы ќоректік зат – инулинді тамырдың топырақтағы төменгі қабатына, жинақтауы және ќоректік заттарын (инулинді) топырақ баптаушы техникамен егіндікті өңдегенде, жатаған тамырының кесілген жеріне жылдам жеткізуі арқылы өсіп жер бетіне шығуы фотосинтез құбылысы арқылы тамырлануы сондықтан көптеген агротехникалық әдістерге төзімді болады, қайтадан өсіп жетіледі. Көбейуі негізінен жеке тамыр бөлшектері және тұқым арқылы. Тұқым арқылы у кекіре жаңа аудандарға тарайды. Ауыл шаруашылық министірлігінің өсімдік қорғау және өсімдік карантині департаментінің мәліметі бойынша жатаған у кекіре республикада 3 млн гектар жерге тараған. Жатаған у кекіре басқан егіндіктерде өңім 30-50 пайызға төмендейді, ал құрғақшылық жылдары өнім 60-70 пайызға төмендейді . Жатаған у кекіренін тұқымдары басқа аудандарға суармалы жерлерде су аркылы, жануарлар, құстар, азық түлік және техника т.б. арқылы таралады.
Тұқымның іс жүзінде табиғи жағдайда таралуын тоқтату мүмкін емес. Сондықтан жатаған у кекіре бар ошақты уақытында тұқымы басқа жерлерге тарамай тұрғанда құрту керек.
Бір өсімдікте жатаған у кекіренің тұқым беру түсімділігі 3 мың дәнге дейін . жетеді, оның ішінде 50 пайызы өңгіштік қасиетін сақтайды. Толық піскен тұқым топырақта өңгіштік қасиетін 5 жылға дейін сақтайды және 25градус жылылықта, ылғалдылық 20 пайыз болғанда топырақтың механикалақ құрамына байланысты 2-5 см терендіктен өсіп шығады. Тұқымнан өсіп шыққан көгі 1,5-2 айдан ішінде 5-7 жапырақтан тұратын өсімдік құрайды. Одан әрі тік және көптеген көлденен тамырлар пайда болып топырақ қабатына сіңіп тарайды. Бірінші жылы у кекіре тұқым бермейді, тек екінші жылы тұқым береді. Өсімдіктің өсіп өңу кезенінде сабақ жуандайды, тамыр сабаққа айналады, бұл тамыр сабақтарда 35-60 см терендікте қысқы кезенге кету алдында көптеген қызғылт түсті бүршіктер салынады. Бір өсімдік бірінші жылы диаметрі 3-3,5 метр квадрат жерде шоғыр құрайды, ал тік тамырлары 1,5-2,0 м терендікке жетеді. Кекіре негізінен вегетативтік жолмен өздігінен көбейеді. Тамыр жүйесі тік және көлденен тамырлардан тұрады.
Ал негізгі аналық тік тамырлардан әртүрлі терендікте көлденен тамырлар қалыптасады, бұл тамырларда өсіп-өңу бүршіктері пайда болады. Бұл бүршіктерден тамыр өркен /побег/ сабақтары өседі. Осылайша жатаған у кекіренің ошақтары пайда болады, ощақтар бір мың квадрат метрге дейін тіпті егістікті жаппай басуға дейін жетеді. Кекіренің қаптау себептері – карантин ережесінің сақталмауы, ең негізгісі – кекіремен күресу жүйесі агротехникамен гербицидтерді арамшөптің биологиялық ерекшеліктерімен байланысты Қазақстанның әртүрлі климат аймақтарында дұрыс біріктіре қолдану қажет.
Агротехникалық әдістердің мақсаты тамырды ұсақ бөлшектерге бөліп, тамырдағы қөректік органикалық зат-инулиннін көбейуін азайту арқылы тамырдан қайтадан өсуіне жол бермеу.
Кекіремен күресудін негізі - топырақ өндеу жүйесі болып табылады. Егістікті орып алғаннан кейін қыршуыш арқылы қопсыту (2 немесе 3 рет 10-12 см тереңдікте) кекіре тамырың кесу арқылы ұсақ тамырлардың өсіп жер бетіне шығуына дейін қоректік заттарды пайдаланып үлгереді де, тамыр жер бетіне шықпай құрыйды. Қазақстанның Оңтүстік және Онтүстік Шыгыс жағдайында кекірені жою үшін институт ғалымдары үш ярусты культиватор жасады, культиватор бір уақытта кекірені үш түрлі тереңдікте (10-12 см; 14-16 см және 18-20 см) қыяды.
Қазақстан жағдайында егінді жинап алғаннан кейін кекіре қаптаған жерлерді КПГ-250 культиватор 10-12 см тереңдікте кекіренің тамырын қыяды. Кидришевтін Т және Баядиловтын О мәліметтері бойынша ұзындығы 8-10 см вегетативтік бүршіктері бар тамырлар күз-қыс кездерінде, тамырдағы қоректік заттардың азаюынан, неболмауынан жер бетіне шығаалмай құриды.
Егер кейбір тамыр бөлшектері жер бетіне шыққан жағдайда, үш түрлі тереңдікте культиватор КПГ-250 немесе КПЭ-3,8 А техникасымен 10-12, 14-16 және 18-20 см тереңдікте тамырды кесу керек. Пайда болған 4-5 см ұзындығы бар тамыр кесінділері жер бетіне шығып үлгірмейді, жойылады.
Кекіреде жазғы тыныштық кезендері болады, құрғақ, ыстық кезендерде, жер бетіне шыққан өскіндерде өсу және зат алмасу процесі төмендейді. Бұл кездерде гербицидтердің әсері болмайды, кекіренін жер бетіне шыққан бөлігі ғана құрайды, ал сабақ арқылы гербицидтердің тамырға жылжуы, яғни зат алмасу процесі жүрмейді. Сондықтан гербицидтерді күзге таман, кекіре қоректік заттарды тамырға жинай бастағанда беру керек.
Кекіре жарықты қалайды, көленкеде өскенде тұқым бермейді, өсу нашарлайды, бірақ тамырдағы қоректік заттар, таралу бүршіктері арқылы, жарық болған жағдайда тіпті бірнеше жылдан кейінде жанадан өскіндер өсіп шығып таралып көбейе береді.
Кекіре бар жерде ауыл шаруашылық дақылдарының өнімінін төмендеу себептері-бәсекелестік ылғал мен қоректік заттарды кекіренін көп мөлшерде пайдалануы. Кекіре күздік бидаймен салыстырғанда топырақтан қоректік заттарды 2-5 есе көп алады.
Сонымен қатар кекіренін зияндылығы олардын дақылға аллепатиялық әсері, тамыр жүйесі мен кекіренің тұқымы бөліп шығарған зиянды заттары-бидай, арпа, бұршақ тұқымдарынын өсу энергиясын төмендетіп, дақылдың өсіп жетілуін бәсендетеді.
Кекіре көптеген жануарларға зиянды, әсіресе жылқы малына, ал қой мен ешкіге зиянсыз, көпшілік жағдайда шөппен араласқан кекіре малдардың улануына әсер етеді, кекіренін бидай мен араласқан тұқымдарынан алынған ұнда ащы дәм болады, нан пісіруге қолдануға болмайды.
Топырақтың төменгі қабатында таралған тамыр жүйелері, жер өңдеуді қиындатып, шығынды көбейтеді, ал жер бетінде кекіре қалын болған жағдайда, егін шықпайды, тазалауды қиындатады.
Қазақтың өсімдік қорғау ғылыми зерттеу институты ғалымдары жатаған у кекірені құрту үшін үш ярусты қыршуыш культиваторын пайдаланып, топырақты бір уақытта үш түрлі тереңдікте жырту арқылы жоюға болатыны дәлелденді.
Бұл жағдайда жатаған у кекіренің тамырлары өте ұсақ болшекткрге (2-5 см) кесіледі де, одан кекіре жер бетіне өсіп шыға алмайды. Топырақ қабатынан аздап өсіп шыққан кекірені гербицидтер қоспасын пайдаланып бүріккен кезде топырақ қабаты кекіре тамырынан тазарады.
Жинақталған ғылыми өндірістік тәжірибе, у кекірені жою шараларын парға арналған алқаптарда жүргізу үлкен нәтиже беретінін дәлелдеді. Барлығына белгілі парды КПШ-9 және КПГ-250 құралдары арқылы 4 рет тереңдете культивациялау экономикалық көзқарас бойынша тиімсіз және топырақты көп рет өңдеу оны кептіреді, ылғалды азайтады, сондықтан құрғақшылығы көп солтүстік аудандарды әсіресе астық дақылдарының экспортқа шығарылатын болғандықтан тиімсіз болып табыладыЖатаған кекіре биологиялық ерекшеліктерін зерттеу және гербицидтердің тиімділігін анықтау, үш ярусты культиватор қыршуышты пар алқаптарында, күздік бидай егістігінде сынау нәтижесі бойынша өндіріске мына практикалық ұсыныстарды ұсынамыз:
Қазақстаннын Оңтүстік Шығысында суарылмайтын егіншілік жағдайларында жатаған у кекірені жою үшін 3 және 4 танапты ауыспалы егістіктерде топырақты үш ярусты қыршуыш кулльтиватормен айдау мамырдың 3-ші он күндігінде немесе маусым айының 1-ші он күндігінде жүргізу керек
- жатаған у кекірені жою үшін парға арналған алқаптарды жатаған у кеккіренің сабақтану және бүршіктену кездерінде мына гербицидтер қоспасын беру керек: ураган 48% с.е. + лонтрим, с.е. (1,5 л/га); ураган 48% с.е. (3,0 л/га) + бюктрил Д, 45% к.э. (1,5 л/га); раундап, 36% с.е. (4,0 л/га) + лонтрим, с.е. (1,5 л/га); раундап, 36% с.е. (4,0 л/га) + бюктрил Д, 45% к.э. (1,5 л/га) қоспаларын 100-150 литр суға ерітіп бүрку керек.
- күздік бидайды орып алғаннан кейін алқапты КПГ-250 құралымен терең қопсыту керек немесе ПН-8-35 соқасымен 23-25 см тереңдікте маусым айының 3-ші он күндігінде зябьқа жырту керек. Гербицидтер қоспасын жатаған у кекіренің сабақтану кезінде беру керек.
Жатаған у кекірені жаңа технология бойынша құртудың экономикалық бағасы республикамыздың Оңтүстік-Шығысында (ЖШС «Жолбарыс Агро», Кербұлақ ауданы, Алматы облысы) 4 танапты дәнді-пар ауыспалы егістігінде жүргізу мынаны көрсетті, пардан кейін егілген күздік бидай өнімі берілген гербицидтер қоспасы түрлеріне
. байланысты 3,3-3,7 ц/га қосымша өнім алынды, күздік бидайдан 2 алқапта егілген жаздық арпадан 4,3-4,7 ц/га; III-ші дақыл – жаздық арпа бұрынғы берілген гербицидтер әсері және арпаның түптену кезінде бюктрил Д гербицидін беру арқылы жалпы қосымша алынған дән 5,1-5,9 ц/га болды.Таза табыс ауыспалы егістік бойынша 3081-3970 тенге/га, шығынның қайтарылуы әр бір шығындалған тенге үшін 1,55-1,98 қосымша тенге алынды.
Қазіргі кезде кекірені жою және оны карантиннен шығару үшін мына шараларды іске асыру керек.
Карантин ережесін сақтау керек.
Кекіремен күресу үшін аймаќтық интеграциялық жүйе жасау және ұсыныстар беру керек Қостанайдың механизация және электрификация институтын топыраќты үш түрлі терендікте өндейтін ќұралдарды жасауға қатыстыру керек.
Ауыл шаруашылыќ министірлігінде кекіре мәселесіне байланысты ғылыми – техникалыќ кеңес ќұру керек. Кеңестін міндеті кекіреге қарсы кең көлемде жоспар, зерттеу методикасы және күрес жүйесін ғылым мен өндіріс тәжірибесіне сүйеніп қайта қарау керек.
Өсімдік қорғау және карантин департаментінде механикаландырылған отряд құрып, оларды оқыған, білімді мамандармен қамтамасыз етіп, ғылымнын жетістіктерін кең түрде өндіріске енгізу керек.
10-дәріс
Арамсояу,ойран шөп, тікенек алқамен күресу шаралары
1.Арамсояудың таралуы және биологиялық ерекшеліктері
2.Ермен жапырақты ойран шөптің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері
3. Тікенек алқаның морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері
Арамсояу Cuscuta S.P. – бір жылдық паразит шөп, Қазақстанның барлық жерінде таралған. Дүниежүзілік флорада арамсояудың 274 түрі кездеседі. Қазақстанда тіркелген арамсояудың 19 түрі бар. Қазақстанның барлық облыстарында көп тараған түрі – далалық арамсояу. Бұл шөп 200-ден астам ауылшаруашылық дақылдарына зиянын тигізеді. Мысалы, далалық арамсояу басқан қант қызылшасы өнімінің 80%-ы, пияз-сәбіздің – 85%, жоңышқа өнімдерінің 95%-ы жойылады. Арамсояудың тұқымын жоңышқа тұқымынан ажырату қиын, осы себепті тауар өндірушілердің көп өнімдері сатуға жарамсыз болып жатады.
Арамсояу мәдени дақылдардағы зат алмасуды бұзады. Арамсояу түтікше тамырлары арқылы мәдени дақылға жабысып, ондағы органикалық, органикалық емес заттарды сорып алып, дақылды әлсіретеді, дақыл біртіндеп өсуін тоқтатып, қурайды. Арамсояу тұқымнан өседі, тарайды. Бір тұқымнан өскенде тұқымдағы қоректік заттарды пайдаланып 10-13 см. биіктікке көтерілгеннен кейін, тұқымдағы қоректік зат бітеді. Арамсояу топырақпен байланысын жояды, осы кезде оның сабақтары шыркөбелек айналып, қасында басқа шөптер болса, соған жабысып бүршік тамыршықтары арқылы қоректі заттарды сорып алып, өсіп-дами береді. Арамсояудың улылығы гүлдеген, тұқым пайда болған кезде күшейеді. Осы кезде арамсояуда алколоид-кускутин және глюкозид, конвольвулин көптеп жинақталады. Арамсояу араласқан мал азығы шіри бастайды, өзінің бағалы нәрлілігін жоғалтады. Сонымен қатар, жануарларды ауруға шалдықтырады.
Егістікті арамсояудан арылту үшін агротехникалық шаралардың жиынтығын қолдану керек, яғни ауыспалы егісті дұрыс қолдану (дақыл алмасу), жерді уақытында, сапалы өңдеу, тұқым себу мерзімі, дақылды күтіп-баптау, тиімді гербицид беру қажет. Зерттеу көрсеткендей, арамшөптің көбі зябьке жыртылған жерлерде жазғытұрым жерді тырмалағаннан кейін өседі.
Қаскелең тәжірибе шаруашылығындағы қызылша егістігінде арамсояу және басқа арашөптермен күресу үшін гербицидтер қолданылады. Арамсояу жаңа өсе бастаған кезеңдерінде жас сабақтар гербицидтер әсерімен тезірек жойылады, кейін арамсояу гүлдері сарғая бастағанда, гербицидтер әсері аз болады.
Ермен жапырақты ойран шөп – бір үйлі, бір жылдық шөп, күрделі гүлдер тобына жатады. Өсімдіктің сабағы тік, көп тармақты, жапырағы тарамдалған, жапырағының үстіңгі жағы қою жасыл, астыңғы жағы сұрлау. Өсімдіктің биіктігі 2 метр, тамыры 4 метр тереңдікке дейін жетеді. Құрғақшылық жылдары зияндылығы өте зор. Өсімдік тұқым арқылы таралады, жылу сүйгіш, 8-10 градус жылылықта 5 см. тереңдіктен сәуірдің аяғы, мамырдың басында жер бетіне шыға бастайды. Шөп шілде-тамыз айларында гүлдейді, дәні қыркүйек-қазан айларында толық піседі. Өсімдікті орып алғаннан кейін де шөп өсе береді де ауылшаруашылық дақылдарының өнімін 40-60%-ға дейін төмендетеді. Отаны Солтүстік Америка. Осы жерден Азияға, Еуропаға таралған. Қазақстанда Алматы облысында, Алматы қаласында және басқа аудандарда 6100 гектар жерде өседі.
Өсімдік гүлдеген кезде олардың миллиардтаған тозаң тәрізді ұсақ тұқымдары, ауа, жел арқылы көпшілік жерге тарайды, адамдардың денсаулығына зор зиян келтіретін, аллергия ауруы – полинозға ұшыратады. Ауру түрлері: ринит, конъюктивит, бронхы астмасы, бас ауруы.
Сондықтан егістікті ермен жапырақты ойран шөптен тазарту үшін бірлескен агротехникалық шаралар мен гербицидтер пайдалану керек.
Тікенек алқа-Solanum cornutum Lam. Біржылдық шөп. Тамыры, сабағы тік, жапырағы кезекпен орналасқан, тарамдалған, тікенекті. Жер бетіне сәуір-мамыр айында шығады, тұқымды тамыз-қазан айларында береді. Әр өсімдік 3-3,5 мың дән береді. Тұқымның өңгіштігі 1%, топырақта 10 жыл сақталады. Мәдени дақылдарды және басқа шаруашылықта пайдаланбайтын жерлерді ластайды. Химиялық әдістерден бидай егістігінде диален супер, жүгеріде харнес және диален, бюктрил препараттары, картоп, сәбіз егістігінде стомп, рейсер, соя және көкөніс дақылдарында трефлан, стомп препараттарын қолдану керек.
Карантинді шөптердің тұқымы басқа жерлерге тарамау үшін барлық жер иелері төмендегідей карантин тәртібін сақтау керек. Карантинді шөптер, олардың тұқымы бар жерлерге тұқым шаруашылығын орналастыруға болмайды. Себілуге арналған тұқымды мемлекеттің тұқым инспекциясының куәлігінсіз себуге болмайды. Карантинді шөптердің тұқымы араласқан материалдарды жеке бөлмелерде сақтау керек және бұл тұқымдарды басқа шаруашылықтарға беруге болмайды. Жануарларға тұқым қалдықтарын ұсақтап қайнатыңқырап беру керек. Жемге жарамайтын қалдықтарды отқа жағып, не жерге 1 метр тереңдікте көміп актілеу керек. Бұл қалдықтарды далаға, суға тастауға болмайды. Жол жағаларында, бос жатқан жерлерде, арық жағаларында өсіп тұрған арамшөптерді гүлдену кезінде, тұқым беруге жеткізбей құрту керек. Карантинді шөптер басқан жерлерден орып алған егінді таза жерлерден алынған өніммен араластырмай, бөлек жерде сақтау керек. Егін жинауға қатысқан техникалардың барлығын, қоймаларды уақытында тазалап отыру керек.
11- дәріс
Азиатский усач –Anaplohora glabripennis Motschylsky – Азиялық сүген және қара сүгеннің түрлері.
Өсімдіктің зақымдануы
Зияндылығы:
Қара сүгеннің әртүрлілігі
Биологиясы
Күресу шаралары
Өсімдіктің зақымдануы: Азиялық сүгеннің қоңыздары және балаңқұрттары көптеген жапырақты ағаш түрлерінде: үйеңкі, терек, қайың, тал, қарағаш, тұт ағаш, шаған, алма ағаштары, шетен, шырғанақ ақ қараған, балқарағай, басқада декоративті және жеміс ағаштарында дамиды. Қара қарағай және қылқан жапырақты сүгендер қарағай, шырша, самырсын, және басқа да қылқан жапырақтың ағаштың түрлерін зақымдайды. Үлкен қара шырша сүгені көбінесе самырсын мен шыршаны, азырақ қарағай, балқарағай, қылқанжапырақты ағаштарды зақымдайды. Қылқан жапырақты түрлерінен басқа кейде қайың ағашымен қоректенеді. Кіші қара шырша сүгені сібірлік шыршамен қоректенеді.
Зияндылығы: Азиялық сүген ағаштың жапырағымен және қабығымен қоректенеді. Жапырақ түсін жоғалтады және тез түседі, ағаш әлсізденеді, оның өсуі тежеледі, олар біртіндеп өле бастайды, ағаш құндылығын жоғалтады. Қоңыздар қосымша қоректену кезінде жас ағаштың бүршігіне және жіңішке бұтақтарындағы жапырақтарға, қабығына орасан зор зияндылығын тигізеді. Негізінен балаңқұрттары зиянын тигізеді, олар жуан бұтақтарын және ағаш діңінің ішін кеміріп жол салады, салдарынан ағаш қурайды. Сүгеннің балаңқұртарының ағаш діңінде қоныстану тығыздығы жоғары болса, онда барлық ағаштар тез солады. Қоңыздар бір маусымда 1500м радиустағы ағаштарды зақымдай алады.
Қара сүгеннің әртүрлілігі: Қосымша қорек кезінде қоңыздар қылқанды, бұтақ қабығын тегістеп, оның тығыздығын шеңберлейді, сол себепті қылқанның сарғаюына және түсуіне әкеп соғады. Сүгеннің балаңқұрттары қабықтың астынан қатпарлы шел қабығынан жоғары алаң жолақты түрінде кеміріп жол салады, салдарынан сүректің сапасы, құндылығы төмендейді.
Биологиясы: Азиялық сүген жұмыртқа, балаңқұрт және қуыршақ сатысында қыстайды. Ерте көктемде балаңқұрттар қуыршақ камерасында қуыршақтанады. Мамырдың соңында жас қоңыздар ағаш діңін кеміріп жоғарыға шығарады. Қоңыздың ұшу орнын ағаш діңінен, негізгі бұтақтан, ағаш тамырының жоғарғы бөлігінен табуға болады. Ұшу тесігі кең, домалақ, диаметрі -9-11 мм, кесек ағаш үгінділері жерде кездеседі. Қосымша қоректену кезеңінен кейін (2-3 күн) қоңыздар шағылысу кезеңіне кіріседі. Қоңыздардың шағылысуы күндізгі уақытта (8-ден 14- сағат) белсенді болады. Ұрғашы көбірек шағылысады және тіршілік кезеңінің соңына дейін жұмыртқа салады. Ұрғашылар шағылысқаннан кейін 1 жетіден кейін жұмыртқа салады. Маусым-шілде айларында жұмырқаның бір-бірден кемірген ағаш қабығының астына салады (1 жылдың ұрпағы), және қыркүйек-қазан айларында (2 жылдық ұрпағы) балаңқұрттар 11 күннен кейін шығады және қабықтың астыңғы қабатымен қоректенуі басталды. Балаңқұрттар 1-ші және 3-ші жастарында шел қабығымен қоректенеді, қоректену аймағында қабықтар майысып қалуына әкеп соғады. Ересек жаста сүрекпен қоректенуге көшеді, артынан кең және адастыру ізін салады, ұзақтығы 10нан 30 см –ге дейін.
Қара қарағай сүгені: Өмірлік айналымы қарағайда өтеді, ұрпағы 1 жылдық. Балаңқұттар қыстауы қуыршақ тербелуінде өтеді. Мамыр айында қуыршақтану кезеңі болады. Балаңқұрттың біраз бөлігі 2 жылдық ұрпақта дамиды. Қоңыздар маусым айында ұшады, ұшу тесігі домалақ, диаметрі 5-7мм. Толық жетілу үшін жас қоңыздар қарағай бұтақтарымен немесе қылқан жапырақтармен қоректенеді. Маусым айынан бастап қазан айына дейін ұшуы басталады, жалпы ұшуы маусым-шілде айларында. Шағылысқаннан кейін, шілде айының ортасында ұрғашылары қабық діңін кішкене шұңқыр жасап кеміреді, сол жерге 1-2 жұмыртқа салады. Сол жерден 10-15 күннен кейін, ақ, аяқтары жоқ балаңқұрттары шығады. Балаңқұрттар қабық астынан көлемі дұрыс емес алаңды кеміреді, және 1 айдан кейін сопақ тесік жасап, сүрекке қарай кіреді. Қара қылқанды сүген негізінен самырсын ағашында дамиды, ұрпағы 1-2 жылдық.
Үлкен қара шырша сүгені – ұрпағы екі жылдық. Балаңқұрттары қыстайды. Мамырдың соңында –маусымның басында қуыршақтану кезеңі өтеді. Қуыршақ кезеңі 20-35 күнге созылады. Қоңыздар маусым- шілденің басында бірінші онкүндігінде ұшуы басталады, ұшуы жаз бойы жалғасады. Жас қоңыздың қосымша қорегі сау ағаштарда өтеді. Жұмыртқа салудан кейін қоңыздар қайтадан қоректенеді. Ұрғашылары қабық астына 1-2 жұмыртқадан салады. 15-20 күннен кейін балаңқұрттар өсіп-өнеді, ұзындығы 3-5 мм. Балаңқұрттар қабық астын кеміріп доға тәрізді жол салады, жолдың жалпы ұзындығы 40-50 см .
Кіші қара шырша сүгені - ұрпағы біржылдық. Балаңқұрттары сүректің тереңінде қыстайды. Көктемде олар қайтадан қабық аймағына жылжиды, және қоректенуін жалғастырады. Қоңыздар жаппай маусымда ұшады. Сұлбасында 10-15 күн өмір сүреді, содан кейін жаңадан кесілген немесе құлаған ағаштарды іздейді. Ұрғашы 50-ге дейін жұмыртқа салады. Әр жұмыртқаға ол қабықтан тереңдігі 5мм –ге дейін үңгір жасайды. Балаңқұрттар қабық ішінен кесек үгінділерді тесік арқылы сыртқа шығарады. Шел қабығымен 1-2 ай қоректенуін жалғастырады. Жаздың соңында балаңқұрттың ұзындығы 20 мм жетеді.
Морфологиясы Азиялық сүген қоңыздары жылтыр қара, еркегінің денесінің ұзындығы 25 мм, ұрғашысы -35 мм, ені 6-12 мм, қанатының үсті жылтыр қара, ақ әртүрлі пішіндегі дақтар-20 данаға дейін нүктелері болады. Мұртшалары 11 сегменттен тұрады, әр сегмент қара, ақ-тереңірек сақина негізінде болады. Ұрғашылары мен еркегінің ұзындығы 2,5 мм және денесінің ұзындығы-1,3 мм құрайды. Сирақтары қара, ақ-көк түстес. Балаңқұрттары ұзыншақтау, ашық сары түстес, ең ұзыны 50мм. Қоңыздың балаңқұрттары Morchamus тегіне өте ұқсас болады. Жұмыртқасы -5-7 мм, ұзыншақтау, оның соңы аздап майысқан, шығар алдында балаңқұрт сарғыш –қоңыр түске енеді.
Қара қарағай сүгені – қоңыздар қара-сұр түсті, ұзындығы 16-28 мм. Еркегінің мұртшасы қара, денесінің ұзындығынан 2,5 есе, ал ұрғашысынікі азырақ қысқарақ. Қалқаншасы ашық сұр түспен немеесе сарғыш түспен қалың жабылған. Еркегінікі қанатының үстінің соңы қысқара бастайды, ұршашысынікі қанатының бойымен тік кетеді. Кеуде қалқаншасы кең, ұзындығынан ені үлкенірек ұсақ қатпарлы бүйірі тіс тәрізді қалқаншасының түкті жабындысы жартысына дейін бөлінген. Балаңқұртарының арқасының алдыңғы жағы қоңырлау қалқаншалы болады.
Қара қылқанды сүген – Имаго. Қоңыздың қанатының үсті негізінен сарғыш түстес қатпарлы, ал қалған оның бөліктері сирек ұсақ нүктелермен белгіленген, денесі қара қысқа жұмсақ түктермен қалың жабылған немесе азырақ ашық дақтармен, қанатының үстінің ортасына дейін жабылған. Еркегі мен ұрғашысының қанатарының үсті ашық суретпен, ашық дақтармен кезектесіп құралады. Сүгенің денесінің ұзындығы 12-20 мм.
Үлкен қара шырша сүгені – қоңыздың ұзындығы 15-37мм. Еркегінің мұртшасы денесінің ұзындығынан екі есе ұзын, жалпақ шекесі төмен бағытталған. Қоңыздың денесі қара, жылтыр. Алдыңғы арқасы көлденең қалқаншалы сары шашақ түстермен тегіс жабылған. Еркегінің түктерінің дақтары біркелкі емес болады.
Кіші қара шырша сүгені. – Қоңыз.Қоңыздың денесі ұзындау, сопақша, ұзындығы 15-24мм . Еркегінің мұртшасы қара өте ұзын, ал ұрғашысының мұртшасы ақ шеңбер тәрізді. Қанатының үсті біркелкі цилиндр тәрізді, үш көлденең жолақты. Сирақтары жылтыр-қара, қанаттарының үстінде ақ ұсақ дақтар болады. Қалқанша ашық түктермен ұзындау жолақтармен толық бөлінген. Балаңқұрттар үлкен ақ түсті, мықты жақтары болады. Басының артқы жағы қатты қысылған және жартылай кеудеге қарай батырылған. Ересек балаңқұрттарының ұзындығы 35-40 мм.
Анықтау әдістері және ұқсастандыру. Азиялық сүген қоңызының шығу мерзімін және оның санын анықтау үшін фермондық ұстағышты ағаштың ашық жерлеріне, биіктігі 1,5 м жерге орналатылады. Азиялық сүгеннің қоныстанғанын және қара сүгеннің әртүрлісін көз мөлшермен зақымданған қабық, жапырақ, ұшып шығатын ағаш діңінің тесіктерінен, ағаштан бөлінетін шырынан, нәжіс және ұнталған үгіндісінен көруге болады. Анықтау бағыттық әдіспен жүргізіледі, әрбір бағыттық жүрісте зиянкестің санын есепке алу үшін керекті орны таңдалады – 50 га жерге бір сынаба әр 10 ағаштан алынып, биологиялық зиянкес анықталады. Анықтау қорытындысы актіде көрсетіледі.
Ошақты бірінші тауып алғанда таралған шекарасы анықталады. Зиянкестің ошақтарын бірінші рет анықтап тапқан кезде олардың таралу шекараларындағы барлық ағаштарды және бұтақты өсімдіктерді 30-40 км шеңберінде және де осы залалданған ошақтардан өтетін көлік, темір жол бойларын 100-150 км ара қашықтықта өте мұқият тексереді. Зиянкестердің таралуын аудан аралық шекараларда тексеруді күшейтіп жүргізу керек. Егер елді мекенде болмаса елді мекенге жақын жерде кіші қара сүген зиянкестің қоныстанғаны анықталса, сол елді мекенің аумағында ошақ бар деп түсіну керек. Ошағы деп осы жерден 3 км шеңберіндегі және 5 км-ге дейінгі ара қашықтықтағы жолды айтамыз. Егер олардың ара қашықтығы 30 км болса ошақтары оқшауланған болып есептеледі. Қоңыздардың сыртқы түріне қарап балаңқұрттарын ажырату қиын, сүген қоңыздарының түрлері көп. Ұқсастықтарын тексеру үшін сүгендердің әр түрлілігіне қарайды, қоңыздардың тұқымдастары көп. Қоңыздардың балаңқұрты немесе қуыршағы немесе жұмыртқасы табылса құмыраға салып 70% спиртпен болмаса формалинмен жауып, табылған биологиялық заттың этикеткасын жазып (қосымша 1) және Республикалық карантиндік зертханаға анықтауға жіберу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |