Пәнінен оқу-әдістемелік кешен


Математикалық және программалық қамтамасыз ету



бет24/47
Дата23.01.2022
өлшемі1,14 Mb.
#113533
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47
Байланысты:
АЖН

Математикалық және программалық қамтамасыз ету – ақпараттық жүйелердің есептері, сонымен қатар техникалық құралдардың кешенін бірқалыпты функционалдауға арналған математикалық әдістер, модельдер, алгоритмдер мен программалар жиынтығы.

Математикалық қамтамасыз ету әдістеріне мыналар жатады:

  • басқару процестерін модельдеу әдістері;

  • басқарудың типтік есептері;

  • математикалық программалау, математикалық статистика, жаппай қызмет ету теориялары және т.б. әдістер.


Ақпараттық жүйелер құрылымын синтездеу әдістері

Программалық қамтамасыз ету құрамына жүйелік және арнайы программалық өнімдер, сонымен қатар техникалық құжатнама кіреді.

Жүйелік программалық қамтамасыз ету тұтынушыларға негізделген және ақпаратты өңдеудің типтік есептерін шешуге арналған программалар комплексі қарайды. Арнайы программалық өнімдерді қамтамасыз ету нақты ақпараттық жүйе құру кезінде жасалған программалар жиынтығын көрсетеді. Оның құрамына әр түрлі деңгейдегі модельдерді құруды жетілдіретін қолданбалы программалар пакеті (ҚПП) кіреді.

Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету – жұмысшылардың техникалық құралдармен іс-әрекеті және өзара ақпараттық жүйені құру мен эксплуатациялау процесіндегі әдістер мен тәсілдер жиынтығы.

Құқықтық қамтамасыз ету – ақпаратты алу, жаңарту және пайдалану ретінде ақпараттық жүйелерді құруды, функционалдау мен заңгерлік мәртебені анықтайтын құқықтық ережелер жиынтығы.

Құқықтық қамтамасыз етудің басты мақсаты заңдылықты нығайту болып табылады.

Құқықтық қамтамасыз ету құрамына заңдар, нұсқаулар, мемлекеттік билік органдарының қаулылары, бұйрықтар, инструкциялар мен министрліктің басқа нормативті құжаттары, ведомосттар, өндірістер, жергілікті билік органдары кіреді.

Құқықтық қамтамасыз етудің ақпараттық жүйені қалыптастырудың сатыларына мыналар жатады:



  • ақпараттық жүйе статусы;

  • персонал құқығы, міндеті мен жауапкершілігі;

  • басқару процестерінің жеке түрлерінің құқықтық жағы;

  • ақпаратты құру мен пайдалану реті және т.с.с.

Синтез түсінігі синтез есептері деп аталатын есептерді шешу процестеріне сәйкес келеді. Бұл есеп анализ есептеріне қарағанда қарама-қарсы жүйе құру кезінде өте маңызды: жүйе функциясы берілген, жүйе құрылымын табу болып табылады.

Ақпараттық жүйелерде жасанды интеллектті пайдалану актуалды және перспективті болып табылады.

Дәріс №7. Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тесттер


  1. Құрылымды оптимизациялау

  2. АЖ интеллектуалдау





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет