Уақыт бойынша дискреттеу
Тәжірибеде сигналдың энергетикалық сипаттамасы ретінде Рс сигналының орташа күштілігін Рп бөгетінің орташа күштілігіне қатынасын алып, оны динамикалық диапазон деп атайды:
Dc = log(Pc/Pп)
Vc сигналының көлемі – сигналдардың сапалы түрде берілу үшін байланыс арналарын қамтамасыз ететін шарттың формасын көрсететін жинақы сипаттама:
Vc = Tc*Fc*Dc
Осыған ұқсас сипаттама байланыс арнасы үшін де бар, ол байланыс арнасының мөлшері (емкость) деп аталады.:
Vk = Tk*Fk*Dk,
мұндағы Tk – арнаны пайдалану уақыты; Fk - арнамен өткізілетін жиілік жолының ені; Dk – сигналдың әртүрлі деңгейлерін тасымалдау мүмкіндігін сипаттайтын арнаның динамикалық диапазоны.
Сигналдың ақпаратты тасымалдау арнасымен жалпы шарты келесі қатынаспен анықталады
Vc <= Vk.
Бірақ бұл қатынас қажеттілікті, бірақ арнамен сигналдың жеткілікті шартына сәйкессіздігін білдіреді. Жеткілікті шарт барлық параметрлер бойынша келісім жасасу болып табылады:
Tc <= Tk, Fc <= Fk, Dc <= Dk.
Хабартар құрылымы бойынша сигналдар үзіліссіз және дискретті болып бөлінеді. Егер сигнал (хабар) амплитуданың соңғы интервалында мәндердің дербес санын қабылдаса, онда ол үзіліссіз деп аталады. Мысалы, аналогты құрылғылардағы сигналдар. Егер сигнал (хабар) амплитуданың соңғы интервалында мәндердің шектеулі санын қабылдаса, онда ол дискретті деп аталады.
Дискретті сигналдар ақпаратты тасымалдау әдісі ретінде үзіліссіз сигналға қарағанда кең қолданылады. Бұл дискретті сигналдардың байланыс арналарындағы бөгеттің әсер етуіне байланысты екендігінімен түсіндіріледі, дискретті сигналдың тежелуін үзіліссіз сигналға қарағанда оңай табуға болады, және де дискретті сигналдар ЭЕМ-де (цифрлік) тез өңделеді.
Дискретті сигналдар көмегімен үзіліссіз хабартарды тасымалдау мүмкіндігін 1933 жылы академик Котельников дәлелдеді.
Достарыңызбен бөлісу: |