Агрегат кездейсоқ үрдіс ретінде А-жүйенің құрамы құрама агрегаттар құрамымен ғана емес, сонымен қатар оның құрылымымен де анықталады. Құрылымды агрегаттар арасындағы өзара әрекеттестік анықтамасымен бастайық.
В және С екі агрегаттар өзара байланысқан деп аталады, егер олардың арасында тікелей ақпарат алмасу жүзеге асатын болса, яғни А агрегатының шығыс ақпараты С агрегаты үшін немесе керісінше кіріс немесе басқарушы болып табылады. Бір-бірімен тікелей байланысқан агрегаттардан басқа қарапайым байланысқан агрегаттарды қарастырамыз. Егер В және С агрегаттары байланыспаған болса, онда оларды байланыспаған деп атаймыз.
Егер А агрегатының шығыс ақпаратының қандайда бір бөлігі С агрегатының кіріс ақпаратының бөлігі болып табылса, В агрегатының соңынан С агрегаты жүретіндігі туралы айтамыз.
А-жүйенің кез келген подсистемасы сондай-ақ А-жүйені көрсетеді. А-жүйе кешен деп аталады, егер оның кез келген агрегаты А-жүйенің бір элементімен байланысқан болса.
Жүйелерді агрегаттарға бөлу жалғыз болып табылмайды. Жүйені агрегативті көрсетудің бірнеше нұсқалары болуы мүмкін. Бірнеше агрегаттарды біріктіру кезінде агрегаттар арасындағы байланыс үлкен роль ойнайтынын есте сақтау керек. Бұл байланыстардың сипаты агрегаттың типі мен құрамына әсер етеді. Мұндай біріктіруге формальды түрде келуге болады. Ол үшін өзіне көптеген агрегаттарды көрсететін агрегаттарға операция құрылу керек.
Дәріс №5. Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тесттер
Кіріс пен шығыс операторларының түсінігі
Агрегат кездейсоқ үрдіс ретінде
Дәріс №6. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ БӨЛІГІ РЕТІНДЕ. АЖ АНАЛИЗІ МЕН СИНТЕЗІ