Компьютерлік жүйелердің пайда болуы мен даму тарихы Компьютерлік желілердің дамуы ЭЕМ-нің дамуымен және телекоммуникация жүйелерінің дамуымен байланысты.
Компьютерлік желілер құру бойынша жұмыстар ХХ ғасырдың 60-шы жылдары басталды. Компьютерлік желі түрінде үлкен (кейін миниЭЕМ) ЭЕМ-дер негізінде құрылған мәліметтерді телеөңдеу жүйесі (МТЖ) болып табылды.
Мәліметтерді беру құралы ретінде телефондық желі пайдаланылды. МТЖ негізгі элементі модем, абоненттік пунктер және коммуникация құрылғылары болып табылады. МТЖ тек аналогтық сигналдар арқылы берілді.
МТЖ негізгі кемшілігіне төмен жылдамдығы (9600 бит/с, нақты 2400 бит/с) болып табылады. Сондықтан МТЖ жетілдіру бағытының бірі цифрлік телефондық коммутаторлар құру болып табылады.
МТЖ екінші кемшілігі тек бір жылдамдықпен сол уақыт моментінде байланыс арнасы бойынша мәліметтерді беру мүмкіндігі болып табылады. Бұл кемшілік АҚШ-та 70-ші жылдары кабельдік телевидение коммуникациясын бірінші рет пайдалану арқылы өтті.
Желіге көшудің үшінші бағыты бірнеше үлкен ЭЕМ-дің бір-бірімен байланысын қамтамасыз ету үшін жоғары жылдамдықты шиналар құрылды.
Желі дамуының төртінші бағыты мәліметтерді өңдеуді жетілдіру болды. 80-ші жылдардың ортасына қарай ДЭЕМ пайда болуымен желінің барлық қарастырылған даму тенденциялары бір-біріне жақындай түсті, бұл қазіргі компьютерлік желілерді құруға әкелді.