Компьютерлік желілер классификациясы Желі классификациясында екі негізгі термин бар: LAN және WAN.
LAN (Local Area Network) – тұйық инфрақұрылымы бар жергілікті желі. "LAN" термині кішкентай офистік желіні, бірнеше жүз гектар алатын үлкен зауыт деңгейіндегі желіні сипаттауы мүмкін.
WAN (wide Area Network) – жергілікті желіні, сонымен қатар телекоммуникациялық желі мен құрылғыларды қосатын, үлкен географиялық аймақтарды біріктіретін ауқымды желі. Мысалы WAN – коммутация пакеттері (Frame relay) бар желілер, олар арқылы әртүрлі компьютер желілері өзара «сөйлесе» алады.
Сондай-ақ "корпоративті желі" термині әдебиетте бірнеше желілерді біріктіруді белгілеу үшін пайдаланылады, олардың әрқайсысы әртүрлі техникалық, программалық және ақпараттық принциптерде құрылуы мүмкін.
Жергілікті желілер жабық типті желі болып табылады, оларға кіру тек қана пайдаланушылардың шектеулі ортасына ғана рұқсат. Ауқымды желілер ашық болып табылады және кез келген пайдаланушыға қызмет көрсетеді.
Жіберу жылдамдығы бойынша Ақпаратты жіберу жылдамдығы бойынша компьютерлік желілер төмен-, орташа- және жоғарыжылдамдықты болып бөлінеді.
төменжылдамдықты (10 Мбит/с дейін),
орташажылдамдықты (100 Мбит/с дейін),
жоғарыжылдамдықты (100 Мбит/с жоғары);
мәліметтерді жіберу жылдамдығын анықтау үшін желіде бод пайдаланылады.
Baud (бод) Дискретті көшу немесе бір секундта болатын жағдайлар санымен өлшенетін сигналдарды жіберу жылдамдығының бірлігі. Егер әрбір жағдай бір битті көрсетсе, бод бит/сек эквивалентті.