1.3 Пәнді оқытудың мақсаты:
Жан-жақты дамытылған тұлғаны тәрбиелеуге назар аудара отырып, музыка педагогика факультеттеріндегі кәсиби орындау шеберлігі қалыптасқан, вокал өнерінің барлық саласынан білімдер және оларды өз шәкірттеріне толыққанды жеткізе алатын, өз беттінше жұмыс істеуге қаблетті музыка мұғалімдерін даярлау.
1.4 Пәнді оқытудың міндеттері:
- Әншілік тыныс алудың негізгі ережелерін пайдалана отырып, дауыста вокалды-техникалық жағынан жетілдіру, резонаторлар және артикуляциялық аппарат жұмыстарын саналы түрде қолдана алу;
- Студенттердің вокалды-педагогикалық білімін нығайта отырып, академиялық ән салу мәнерінің әдістемесін үйрету:
- вокалдық музыка арқылы оқу процесіндегі іс-шараларды өткізе алуға дайындау:
- вокалды-техникалық дағдыларды жетілдіру: орындауға арналған ән репертуарын меңгеру.
Достарыңызбен бөлісу: |