Күрделі етістіктер
Қазақ тілінде сөз табының грамматикалық сипаты жағынан үлкен бір ерекшелігі – оның күрделі етістік деп аталатын грамматикалық (лексикалық, немесе лексика-семантикалық емес) түрінің болуында. Күрделі етістік деген ұғым күрделі зат есім, күрделі сын есім, күрделі сан есім, күрделі үстеу т.б. сияқты ұғымдардан грамматикалық сипаты жағынан мүлде бөлек, я кез келген екі я одан да көп түбірден (сөзден) құрылған етістіктің бәрі бірдей күрделі етістік бола бермейді, тек негізгі етістік пен көмекші етістіктің белгілі тәсіл арқылы тіркесіп барып, бір сөздің (етістіктің) мәнінде жұмсалып, етістіктің белгілі грамматикалық категориясын жасайтын түрі ғана күрделі етістік бола алады. Атап айтқанда, негізгі етістік көсемше (-а, -е, -й, -ып, -іп, -п, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі,) есімше (-ған, -ген, -қан, -кен, -атын, -етін, -йтын, -йтін, -ар, -ер, -р, -с, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек), шартты рай (-са, -се) тұлғаларына көмекші етістіктер және негізгі етістік түбірге -ғы, -гі, -қы, -кі қосымшаларының тәуелденген тұлғасына кел көмекші етістіктің тіркелісінен жасалып, бір ғана етістіктің орнына жұмсалатын (көмекші етістік грамматикалық қана мән үстеп, белгілі бір категорияның көрсеткіші болу яғни грамматикалық тұлға – қосымша мәнінде қолданылатын) етістіктің түрі күрделі етістік болып табылады. Яғни екі я одан да көп сөзден (түбірден) құралған етістіктердің бәрі бірдей күрделі етістік бола бермейді. Мысалы, таң қалды, қаулы қылды, әңгіме етті, зар қақты, сай келді, ән салды, жәрдем етті, қабыл алды, айғай салды, бет қойды, жақсы көрді, еңбек сіңірді тәрізді есім сөз бен көмекші етістік немесе тарс етті, зыр қақты, мыңқ етпеу, тақ-тұқ етті, шақ етті
тәрізді еліктеуіш сөз бен көмекші етістік тіркесінен жасалған да күрделі (тіркесті) түбір етістіктер бар. Бұл топтағы етістіктің ерекшеліктері сол – бұндағы көмекші етістіктер, ең алдымен, етістікпен емес есім (еліктеуіш) сөзбен тіркеседі, екіншіден, оған тек грамматикалық мән-мағына үстеп қоймайды, сөзжасам қызметін атқарады, есім (еліктеуіш) сөздерді етістікке айналдырады, сөйтіп, сөзжасам қосымшаларының міндетін атқарады, грамматикалық мән шеңберінен шығып қалады: таң қалды -таң-дан-ды, әңгіме етті -әңгіме-ле-ді, зар қақты -зар-ла-ды, ән салды -ән-дет-ті, жәрдем етті -жәрдем-дес-ті, қабыл алды -қабыл-да-ды, айғай салды -айғай-ла-ды, бет қойды -бет-те-ді, еңбек сіңірді (етті) - еңбек-тен-ді, тарс етті, -тарсыл-да-ды, мыңқ етпеді, мыңқыл-да-мады т.б. белгілі дәрежедегі параллельдерді салыстыруға болады.
Бірақ ғалымдардың күрделі етістіктерді түсінуі біркелкі емес. И.Мамаиовтыңанықтауынша, жоғарыда көрсетілген есім (еліктеуіш) мен көмекші етістіктің тіркесінен құралғандар күрделі етістік емес, тіркесті түбір етістіккежатады, ал еді көмекші етістігі тіркескен, күрделі формалар" да күрделі етістікке жатпайды. „еді көмекші етістігі есім сөздермен де етістік формаларымен де тіркесіп, күрделі өткен шақ формасын жасайды, яғни тіркескен сөздеріне өткен шақтық мағына үстейді, ... етістіктің басқа формаларымен өзгермейді. Ал күрделі етістік етістіктің барлық формаларымен түрленеді және оның құрамындағы көмекші етістіктер әр түрлі грамматикалық мағына білдіреді. Күрделі етістік көсемше формаларымен көмекші етістіктердің тіркесуі арқылы жасалады. Күрделі етістіктің құрамындағы алдынғы көсемше түріндегі сыңары лексикалық мағынаға ие болады да, соңғы сыңары көмекші етістік оған грамматикалық мағына үстейді және етістіктің басқа формаларымен түрленетін конструктивтік қызмет атқарады" (М.И. -ҚҚТ,55).
Бірақ ғалымның бағдарлауынша, қалау райдың көрсеткіші болып саналатын негізгі етістік – -ғы, -гі, -қы,-кі тұлғасына тәуелдік жалғауы қосылып, оған кел көмекші етістігі тіркескен түрі де, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі көсемше тұлғалы негізгі етістік пен көмекші етістіктен жасалған түрі де күрделі етістікке (қалау мәнді күрделі етістік және бейімдік күрделі етістік) жатқан (М.И. -ҚҚТ, 70-72).АлА. Ысқақовбылай анықтайды: „егер тіркестегі компоненттер мағына жағынан бір-бірімен парапар бола тұра (тең түскенімен), бір-бірінен жекеленбей, біртұтас лексикалық мағына (тұлға) құраса, ондай тіркес жай күрделі тіркесдеп саналады (алып бар, алып қайт, кіріп шық, оқып бер, алып кет т.б.); егер тіркестегі компоненттердің біреуі ғана негізгі мағынасын сақтап, өзгелері өз лексикалық мағыналарын я солғындатып, я жоғалтып, тек көмекші болып, грамматикалық қызмет атқарса, ол сараламалы (аналитикалық) етістікдеп немесе күрделі етістіктің сараламалы түрідеп танылады (айтып жібер, келе қой); егер етістікті тіркестің бірінші жетекші компоненті есім, есімше, көсемше, рай формалы сөздердің бірі болып, оған көмекші етістік (еді, екен, формалары-) дәнекер болса, ондай тіркестер суреттемелі етістік я күрделі етістіктің суреттемелі түрісаналады (бала едім, жас екен, берсе игі еді); егер етістікті тіркестің алғашқы компоненті есімдер, соңғы компоненті етістіктер болғанымен, аралас қолданыла жүріп, сол компоненттері орын жағынан әбден тұрақталып, не лексикалық, не идиомалық тұлғаға айналса, ондай тіркес тұрақты етістік саналады (бас-көз бол, жүрек жалға). Сөйтіп, етістіктің әуелгі еркін синтаксистік тіркесін(кітапты менен алып, оған бер) жай күрделі етістік (маған кітап алып бер), жай күрделі етістіктен -сараламалыетістік (айта сал, жүре бер) дамыған; есім мен етістіктің бастапқы еркін (синтаксистік) тіркесін құранды етістік(жәрдем ет, көмек қыл), тұрақты лексикаланған етістік(ән сал, ақыл бер), тұрақты идиомаланған етістік(көз сүз, ат салыс) қалыптасқан (И.М. -ҚҚТ, 253 - 254).Сөйтіп, автор күрделі етістік деген ұғымды кең мәнде түсініп, осы көрсетілгеннің бәрін де күрделі етістікке жатқызады. Ал бұлардың қатарына есімше тұлғалы негізгі етістік пен жоқ сөзінің тіркесін (барған жоқ), -ып -іп, -п тұлғалы көсемше немесе тұйық етістік тұлғалы негізгі етістік барыс септікте болмайды, жарамайды деген модаль мәнді етістікпен тіркесі (баруға болмайды, айтып болмайды, айтуға жарамайды), есімше тұлғалы етістікке көрінеді деген модаль мәнді етістікпен тіркесі (келген көрінеді, беретін көрінеді, бермек көрінеді), сондай-ақ тұйық етістікке (тәуелдік, барыс септік тұлғаларында) тиіс, тиісті, мүмкін, керек сияқты модаль тіркесінен құралған күрделі тілдік құбылыстар бұлардың қатарына ілінбей қалған.
Н.Оралбаевааналитикалық етістікті немесе етістіктің аналитикалық форманттарын зерттей келе, апалитика-
лық етістікке көсемше, есімше, шартты райлы негізгі етістік пен тек грамматикалық мән білдіретін көмекші етістіктен құралған единицаларды жатқызыды да, күрделі етістік деп күрделі сөздің баламасы ретінде түсініп, екі етістіктің де өзінің лексикалық мағынасын сақтап, сырттай етістіктің аналитикалық формантына (көсемше, есімше тұлғалы негізгі етістік пен көмекші етістіктен тұратын) ұқсас болғанмен бірінші сыңары көсемше формалы негізгі етістікпен екінші сыңары көмекші етістік болмайтын лексикалық мағынасын сақтайтын сөзден тұратын күрделі тілдік единицаны күрделі етістік деп таниды: „Күрделі етістіктің жасалуына оның жеке сыңарлары бірдей қатысады. Бұлардың да қүрамындағы сыңарлары-толық мағыналы етістіктер. Күрделі етістіктер оның құрамындағы жеке сыңарларының мағынасының жиынтығынан жасалған бір күрделі қимылды білдіреді. Күрделі етістіктің құрамындағы жеке сыңарлары күрделі қимылдың белгілі бөлімін білдіреді деуге болады. Әдетте күрделі етістіктің бірінші сыңары күрделі қимылдың алғашқы бөлімін, екінші сыңары оның соңғы бөлімін білдіреді. Мысалы, барып кел күрделі бір қимылды білдірсе, ол қимыл екі бөлімнен тұрады, яғни алдымен бару қимылы жасалады, іле-шала келу қимылы жасалады, бұл – бір кеңістікте екі бағытта жасалатын бір қимылдың кесінділері" (О. -ҚҚАФ, 56-57).
Сонымен бірге автордың етістіктің аналитикалық форманттарының қатарына негізгі етістік жоқ құрамды (дұрысында есімшенің -ған, -ген -қаи, -кен және жоқ құрамды болу керек (-И.С.) тіркесте енгізіледі. Осы топтағы жоқ сөзі есім негізді. Бірақ қазір жоқ формантында есім мағынасы жоқ. Жоқ форманты қимылдың жасалмағанын білдіреді. Бұл мағына етістіктің негізгі мағыналарына жатады. Одан жоқ формантында жоқ сөзінің мағынасы өзгергені (?) көрінеді, ол мағынасының өзгеруі ғана оған етістік көрсеткішін қосып тұр", деген пікірмен (О.ҚТАФ, 23) келісу қиын-ақ. Себебі, біріншіден, жоқ сөзі модаль сөз (шартты түрде есім негізді деген етістік емес деген мәнде болар) заттың, қимыл, іс-әрекеттің т.б. жоқ екенін білдіреді. Бұл – оның (жоқ сөзінің) кейінгі ауыс мағынасы емес, негізгі білдіретін мәні. Екіншіден, бұл жерде, яғни жоқ тіркесінде, жоқ сөзінің мағынасы өзгерген дегенді дәлелдеу қажет. Тіпті есім (еліктеуіш) сөз бен көмекші етістіктің тіркесі арқылы жасалған туындылар бұл топқа енбей отыр ғой. Сонда етістіктің аналитикалық форман-
тына көсемше (-ғалы, -гелі, -қалы, -келі тұлғасынан басқа) есімше, шартты рай, -ға тұлғасы қалау рай формалы негізгі етістіктерге және қалып етістіктеріне белгілі көмекші етістіктер тіркесі жатады және етістіктің әр түрлі грамматикалық категориясының көрсеткіштері болып саналады да, оның жетпістен аса үлгісі мен түрі беріледі (О. -ҚҚАФ, 30).
Біздің байқауымызша, И.Мамановтың пікірі күрделі етістіктің табиғатын дұрысырақ ашатын сияқты. Кейде әңгіме атауында болғанымен, тілдік құбылыстың атауы мәніне сай келгені абзал. Күрделі етістік деген ұғым бірден күрделі сөз немесе күрделі зат есім, күрделі сын есім, күрделі сан есім, күрделі үстеу т.б. деген сияқты бірнеше сөзден (көп компонентті) туатын сөз табы тәрізді ұғым білдірсе де, етістіктің ерекше сөз табы екенін ескеріп, ерекше мәндегі термин, грамматикалық қана мәндегі термин ретінде қолдануға болады. Өйткені етістіктің аналитикалық форманты деген термин жалпы кең мағынада емес, етістіктің ерекше бір түрі, категориялық сипаты бар түрі, деген ұғымды бере алмайтын сияқты. Ол жоғарыда көрсетілген етістіктің ерекше грамматикалық формалары (тұйық етістік, есімше, көсемше) сияқты шеңберде қалып қояды, ал бұлардың (етістіктің аналитикалық форманттары деп аталатын түрінің) категориялық сипаты, жүйелік қасиеті, өз ішінен бірнеше және әр түрлі грамматикалық категорияларға бөліну мүмкіндігі аты аталған зерттеушілердің еңбектерінде анық көрсетіліп отырған. Сөз жоқ, есім (модаль) сөз бен көмекші етістік, тұрақты, идиомдық тіркестен жасалған етістіктердің табиғаты өзгеше, құранды етістік десе де, тіркесті түбір етістік десе де келе береді. Ал модаль мәнді тіркескен түбір етістіктердің (әр түрлі тұлғада негізгі етістікпен болар, болмайды, көрінеді, жарайды, ұқсайды, білем, шығар, тиіс, мүмкін, керек, қажет, жоқ, сияқты, тәрізді, секілді т.б. модаль сөздерден құралған) жөні бұлардан да бөлек.
Сондықтан да етістік құрамындағы бұндай тілдік единицаны күрделі етістік деген атаумен қалдыруды жөн көрдік. Н.Оралбаева етістіктің аналитикалық форманттары, яғни бізше күрделі етістіктер қимылдың өту сипаты категориясының, модаль мағыналы етістіктердің, рай категориясының ашық райдың, бұйрық райдың, қалау райдың, шартты райдың, болымсыздық категориясының грамматикалық көрсеткіштері болатынын талдап көрсетеді (О. -ҚҚАФ 71-136). „Сөздің аналитикалық формасын жасаушы аналитикалық форманттар – етістіктің грамматикалық көрсеткіші. Олар арқылы жасалған аналитикалық формалы етістіктер де сол категорияның парадигмасына енеді" (О. -ҚҚАФ 16).Ал И.Маманов күрделі етістіктерді құрамындағы негізгі етістіктердің мағынасына қарай І) кесімді күрделі етістік, 2) босаң күрделі етістік, 3) бейімдік күрделі етістік, 4) қалау мәнді күрделі етістік деп төртке бөледі де, күрделі етістіктің өз ішінен сипат категориясын оның сипат грамматикалық категориясының созылыңқы және аяқталған сипат түрлерін бөліп береді. Және күрделі етістік деген ұғымның ішіне Н.Оралбаеваның етістіктің аналитикалық форманттары түгел енбей, негізгі етістіктің көсемшелі тұлғасы мен көмекші етістік тіркесінен құралған етістіктер мен көмекші етістік қызметіндегі етістіктің лексикалық мағынасынан айрылып қалмаған, яғни -ып, -іп, -п, -а, -е, -й көсемше тұлғасы етістік пен лексикалық мағынасын сақтап қалған етістік тіркесінен құралған етістіктер, Н.Оралбаеваның көрсетуінше, күрделі етістіктерге (қуып кетті, алып шықты, сұрап алды, барып кел, сөйлей отыр, біле жүр т.б.) жатады да есімше тұлғасы етістікке кейбір көмекші етістік пен модаль сөздер, әсіресе жоқ, тіркескен лексемалар күрделі етістікке жатпайды деп көрсетеді (М.И. -ҚҚТ, 61-62, 63-78; ҚҚТ, 155-162).
Сөйтіп, күрделі етістік деген ұғымға негізгі етістік пен көмекші (лексикалық мағынасынан айрылған) етістіктің тіркесі және етістіктің белгілі грамматикалық категориясының көрсеткіші бола алатын түрі ғана жатады деп білеміз. Негізгі етістік көбіне көсемше, есімше және рай (шартты, қалау) тұлғаларында болып, көмекші етістік етістіктің таза грамматикалық категориясының бірінде (рай, шақ) тұрып қолданылады да, негізгі етістікке әр түрлі грамматикалық мағына үстейді.
Күрделі етістіктерді құрауда көмекші етістіктердің маңызы ерекше. Көмекші етістік деп лексикалық мағынасынан айрылып (кейде бүтіндей, кейде жартылай), негізгі етістікке әр түрлі грамматикалық мағына үстеп, негізгі етістікпен қосылып оның грамматикалық сипатын (мәнін, қызметін, түрленуін) білдіретін етістікті айтамыз. Демек, ең алдымен, көмекші етістік лексикалық мағынасынан айрылған, екіншіден, негізгі етістікпен тіркесіп (қосылып) бір мәнде, сөз ретінде қолданылатын, үшіншіден, негізгі етістікке қосымша мән үстеп, оның грамматикалық сипатын айқындайтын етістік екен.
Қазақ тілінде етістіктің көпшілігі, бір жағынан, нақтылы бір қимыл, іс-әрекетті білдіріп, яғни лексикалық мағынасы болып, негізгі етістік мәнінде, екінші жағынан, басқа бір негізгі етістіктің жетегінде келіп, лексикалық мағынасынан айрылып, көмекші етістік мәнінде қолданыла береді. Мысалы, отырып қалды, бастап қойды, жатып алды, сайрай жөнелді, бере қойды, және қалыл қойды, қайтып ала бастады, келіп жатты, айтып берді, жөнеліп жатты т.б. отырып (қалды.) бастап (қойды), жатып (алды), сайрай (жөнелді) дегендер негізгі етістіктер, негізгі қимылды осы тіркестердің семантикасы білдіріп тұр да, жақша ішінде берілген қолды, алды, жөнелді дегендер – лексикалық мағынасынан айырылған көмекші етістіктер, негізгі етістіктің грамматикалық сипатын білдіріп тұр; екінші бөлегіндегі қалып (қойды), айтып (қойды), ала (бастады), келіп (жатты), айтып (берді); жөнеліп (жатты) дегендер негізгі етістіктер де жақша ішіндегілер (қойды, қалды, бастады, жатты, берді, жатты) – көмекші етістіктер. Осыдан анық көрінетіндей (отыру, қалу, бастау, қою, жату, алу, жөнелу, беру, қайту т.б.) бірде негізгі етістік, бірде көмекші етістік мәнінде қолданылған.
Тілімізде төрт етістік е, ет, де, жазда тек қана көмекшілік мәнде, лексикалық мағынасы болмай қолданылады, сондықтан мәнсіз көмекші етістік деп бөлінеді де, қалғандары әрі негізгі етістік мағынасы сақталып) әрі көмекші етістік (лексикалық мағынасынан айрылған) мәнінде қолданылғандықтан, олар мәнді көмекші етістік деп бөлінеді (ҚҚТ, 155-156, М.И. - ҚҚІ 56-58) Ал А.Ысқақовтың жіктеуі бөлектеу. Әрі негізгі етістік (лексикалық мағынасын сақтап), әрі көмекші етістік (лексикалық мағынасынан айрылған) мәнінде қолданыла алатын көмекші етістіктерді толымды көмекші етістік деп, лексикалық мағынасынан бүтіндей айрылған, түбір күйінде еш мән бермейтін, тек еді, екен, емес тұлғаларында қолданылатын көмекші етістігін толымсыз көмекші етістік деп атайды. Ал ет көмекші етістігін бол, қыл,көмекші етістіктерімен бір қарайды. Бұл үш етістік әрі жетекші (?), әрі көмекші болып қызмет атқарады" ,,... бол, ет, қыл (істе) етістіктерінің көмекшілік қызметі өзге көмекші етістіктерден басқаша, демек, бұлардың ең негізгі және басты қызметі – есімдерден құрамды етістіктер тудыру. Олардың бұл "мамандығын" өзге көмекшілер атқара алмайды. „Бол", „ет", „қыл" етістіктерінің жәрдемімен жасалған құранды етістіктердің соңғы компоненті түрленіп, саралама, суреттеме етістіктер жасалумен қатар (қызмет ете көріңіз, қызмет көрсетсе екен т.б.) лексикаланған идиомаланған тұрақты етістіктер боп қалыптасқан. „Сондай-ақ жазда көмекші етістігінің айрықша ерекшелігі бар екенін көрсетеді "Жаздаетістігі – қазіргі кезде лексикалық мағынасы толық емес, шалағай сөз. Жазда етістігі мағына жағынан толымсыз е (еді, екен)көмекші етістігіне ұқсас, бірақ түрленуі, функциясы жақтарынан оған ұқсамайды. Өйткені бұл көмекші өзге етістіктерге жалғанатын парадигмалық формалардың бәрін де қабылдай береді және көсемшенің -й (-а, -е,) формасымен тіркесіп, аналитикалық формант -й жазда құрайды. Бұл сипаттары жағынан жаздатолымды көмекші етістіктерге ұқсас және қызметі жөнінен де олардың бірде-біреуінен кем түспейді". Сондай-ақ деетістігінің де өзіндік ерекшеліктері көрсетіледі |ЫА -ҚҚТ, 262-264, 277-284).Ал бұлардың үстіне модаль мәнді болып келетін тіркесті түбір етістіктер, әсіресе негізгі етістіктер мен көмекшілік мәндегі модаль сөздер (болмайды, болар, білем, шығар, көрінеді, жарайды, ұқсайды, тиіс, тиісті, мүмкін,. керек, қажет, жоқ, сияқты, тәрізді т.б.) тіркесінен құралған тілдік единицалардың табиғаты, лексика-грамматикалық сипаты ашылды деуге болмайды: айтуға болмайды, айтып болмайды, айтушы болма, айтқан болды, айтатын шығар, айтқан шығар, айтпақ шығар, айтқан білем, айтпақ білем, айтқан көрінеді, айтатын көрінеді, айтуға жарамайды, айтуға тиіс, айтуы тиіс (керек, мүмкін, қажет), айтуға тиістімін, келген (келетін) сияқты (тәрізді), айтуға (айтатынға) ұқсайды т.б.
Демек, күрделі етістік, етістіктердің аналитикалық форманттары арнайы зерттелгенмен, бұл салада даулы мәселе жоқ емес екенін көреміз.
Пысықтау үшін сұрақтар
1.Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты қандай?
2.Етістік түбірдің қандай түрлері бар?
3.Етістік түбіріне тән белгілер қандай?
4.Көмекші етістіктер, олардың түрлері.
5.Күрделі етістіктер мен аналитикалық етістіктердің айырмашылығы неде?
6.Қалып етістіктерінің ерекшелігі неде?
Әдебиеттер:
1. Қазақ тілінің грамматикасы. І.Морфология. А.,1967. 124-164- беттер.
2. А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А.,1974. 233-252-беттер.
3. Исследования по сравнительной грамматике тюркских
языков, морфология. М.,1956.
4. Ы. Маманов. Қазіргі қазақ тілі. А.,1966. 3-79-б.
5. С. Исаев. Қазақ тіліндегі етістік түбірдің ерекшеліктері. //Қазақстан мектебі. 1987, 10
6. Н. Оралбаева. Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формалары. А.,1975. 136-б.
7. А. Хасенова. Қазақ тіліндегі етістіктің лексика-грамматикалық атауы. А.,1971. 11-76-б.
8. М. Оразов. Қазақ тіліндегі қалып етістіктері. А.,1980. 176-б.
9. Н. Оралбаева. Етістіктердің жіктелуі. Қазақстан мектебі. 1963. №2.
23-25 дәріс тақырыбы: Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары
1. Етістік категорияларының ерекшеліктері.
2. Салт етістік пен сабақты етістік. Салт етістіктің сабақтыға, сабақты етістіктің салтқа айналуы.
3. Етіс категориясы, мағыналық және тұлғалық сипаты.
а)негізгі етіс проблемасы.
ә)етіс түрлерінің мағыналық ерекшеліктері
мен жасалуы: өздік етіс, өзгелік етіс, ырықсыз
етіс, ортақ етіс.
4. Болымсыз етістік.
Сабақтың мақсаты
Етістік категорияларының (тек білдіретін мағыналарына қарай ғана емес, тұлғалық, түрлену ерекшеліктеріне де қарай) ерекшеліктерін меңгере отырып, онын лексика-грамматикалық категориялары мен түрлерін (салт-сабақты, етіс, болымсыз етістік), әрқайсысының өзіне тән грамматикалық сипатын талдап, ажырата білу.
Етістік, жоғарыда көрсетілгендей, семантикалық мәні айқын болса да, грамматикалық сипаты сан салалы, түрлену тұлғалары әр алуан сөз табы. Басқа сөз таптарындағыдай морфологиялық құрамына қарай түбір (мейлі негізгі, мейлі туынды я күрделі түбір түрлерінде) және әр түрлі грамматикалық түр-тұлғаларға бөліну етістікке де тән. Бірақ етістік түбір тұлғада сөздің лексикалық мағынасын және лексикалық мағынаның жалпыланып, абстракциялануы нәтижесінде қалыптасып, туады, жалпы грамматикалық мағынаны білдіргенмен, сол күйінде сөйлеу процесінде басқа сөздермен тікелей синтаксистік қарым-қатынасқа түсе алмайды, сондықтан да етістік сөйлемде түбір күйінде қолданылмайды (М. -ҚҚТ, 8, 65).
Сөйлеушінің қимыл, іс-әрекетке көзқарасын, қимылдың, іс-әрекеттің шындыққа, болмысқа қатысын, модалъдық мәнін білдіріп, белгілі парадигмалық тұлғалар жүйесінен тұратын етістіктің грамматикалық категориясы рай категориясы болып табылады.
Етістік модальдылық мәнге өте бай сөз табы. Белгілі қимыл, іс-әрекеттің белгілі субъекті тарапынан іске асу-аспауы, қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмауына сөйлеу-
шінің көзқарасы, пікірі, бағасы (анықтығы, ақиқаттығы, күдіктілігі, күмәнділігі, болжамдылығы, жорамалдылығы, орындалу ниеттілігі, шарттылығы т.б. тілек, қалау, бұйрық мәндері т.б.) қатар көрініп отырады. Рай категориясы етістіктің модальдылық мәнінің бірден-бір грамматикалық (категориялық) көрсеткіші бола тұрса да, етістіктің барша модальдылық мәнін толық қамтый алмайды. Оның үстіне сөйлем модальдығы тағы бар. Ол да рай категориясымен байланысты болғанымен, етістіктің рай категориясының шеңберіне сия бермейді. Мысалы, адам-су, білгіш-сіну, жетім-сіреу, білген-су, жүр-іңкіреу, кел-гіштеу сияқты сөздер қимыл, іс-әрекетті білдіретін етістік қана емес, сонымен бірге -сы, (-сі), -сін (-сын), -сір, (-сыра), -іңкір (-ыңқыра), -гіште (-ғышта) т.б. қосымшалар қимылға бәлдену, тыраштану „әлденемедегі бола қалып, болып көріну", бәлсіну, менсінбеу, бұлдану, зартұту, зәрулік, тапшылық көру, тең еместікті сезіну, қимылдың қайталануы және оның мардымсыздық, жағымсыздық сипаты, қимылдың күшейтпелі, үдей түсу мәні т.б. сияқты модальдық реңктер үстейді. Сондай-ақ негізгі етістік пен модаль сөздерінің тіркесінен құралған тіркесті түбір етістіктер де әр түрлі модаль мәндерін білдіреді: барған (-атын), сияқты (тәрізді), айтуға тиіспін (тиістімін), айтуың керек (қажет, мүмкін, тиіс) т.б. Бұл сияқты етістік қосымшалары мен тіркесті түбір етістіктердің модальдылық мәні күмән тудырмайды, бірақ рай категориясының ауқымына енбей жүр, себебі, біріншіден, модаль мән, реңк тудыратын қосымшаларда категориялық сипат жоқ, барлық етістікке я етістіктің белгілі бір грамматикалық тобына әрдайым жүйелі түрде жалғана алмайды, екіншіден, олардың көпшілігінің І (-сы, -сі, -сын -сін, -сындық, -ғыш-та, -ғыш-те т.б.) сөзжасамдық қасиеті бар немесе жоғарыда көрсетілгендей, лексика-грамматикалық сипаты бар, етістік түбірінің грамматикалық сипатына (2-жақ жекеше бұйрық рай тұлғасымен сәйкес келуі, тікелей жіктелмеуі, сол тұлғасында қолданыла алмауы) сай келеді, үшіншіден, негізгі етістік пен модаль сөздің көмекші мәнде тіркесуі етістік табиғатында таза грамматикалық категория емес, лексика-грамматикалық құбылыс ретінде жеке қаралуы тиіс. Өйткені соңғы үлгінің таза морфологиялық сипатынан гөрі семантиклық (мағыналық), синтаксистік (қатынастық, қызметтік) мәні басым сияқты көрінеді және ол модаль сөздердің көпшілігі осы мәнде – қызметте есім сөздермен тіркесіп келіп те сөйлемді 7—1086аяқтап (предикатты қызметін атқарып) ойдың, модальдығын да білдіріп тұрады. „Модаль сөздер мен модаль шылаулардың ашық рай формаларымен жиі қолданылуы нәтижесінде көптеген аналитикалық модаль тіркестер туған (ЫА -ҚҚТ, 325). Немесе кейде модальдылықты екі түрге бөліп, рай арқылы модальдылықтың берілуі объективті модальдылық деп, арнаулы жеке сөздер арқылы берілуі субъективті модальдылық деп те көрсетіледі. (ҚҚТ, 241)
Негізінен алғанда, рай категориясының ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай сияқты төрт түрі бөлініп көрсетіліп жүр. А.Ысқақов жалпы бұл сияқты рай түрлерін жоққа шығарғанымен, рай категориясын (етістіктің модальдығын) қимылдың, іс-әрекеттің ақиқатқа қатысын білдіруіне қарай „екі топқа реальды немесе ашық (негізгі) және неғайбыл (жәрдемші) немесе ирреалды рай деп бөледі. Бұлай бөлуге негіз болып отырған бұл рай түрлерінің семантикалық сипаты ғана емес (реальды мән және ирреальды мән) сонымен бірге неғайбыл (ирреальды рай түрлері бұйрық рай, шартты рай, қалау рай) белгілі морфологиялық тұлғалар жүйесі арқылы берілсе, ашық (негізгі) райда арнаулы грамматикалық көрсеткіштер болмайды", сөйтіп, олар арнаулы көрсеткіштерінің болу-болмауына қарай „бір-біріне қарама қарсы қойылып қаралады" (ЫА -ҚҚТ, 322-333). И.Маманов дәстүрлі төрт райдың үстіне „шарттылық рай мен өкініш рай" деп тағы екі түрін қосқан" (М.И. -ҚҚТ, 119-154). Айта кету керек, ғалымның шарттылық рай деп отырғаны ашық райдың бір түрі де, өкініш рай дегені ниет, тілек мәніндегі қалау райдың бір түрі сияқты.
Достарыңызбен бөлісу: |