Есептік санның жасалуы
Есептік сандар нақтылы сандық ұғымды білдіреді, нақтылы сандық ұғымдарды атайды. Сан есім сөз табының негізін есептік сандар құрастырады. Олар сан есімнің басқа мағыналық топтарының жасалуына да негіз болады. Сондықтан сан есім кұрамында есептік сандар ерекше орын алады, олардың атқаратын қызметі зор. Есептік сандар ішкі құрылысы жағынан сан алуан. Есептік сандарда көзге түсетін ерекшелік олардағы сандық қатарлар. Сандық қатарлар сандардың белгілі дәрежесіне байланысты. Мысалға бірлік,
ондық, жүздік, мыңдық, миллион, миллиард, триллион сияқты сандық қатарлар бар. Әр саңдық қатардағы атаулар көне замандарда- ақ жасалып, қазір олар дайын сан атауы ретінде қолданылады. Тек миллион, миллиард, триллион сияқты сандық қатарлардағы сандық атаулар кейінірек қосылған деуге болады. Бірақ олар-күнделік өмірде сирек кездесетін атаулар.
Есептік сан атауына жататын 23 атаудан (9 бірлік, 9 ондық, жүз, мың, миллион, миллиард, триллион) басқа сандық атаулардың бәрі күрделі сандар. Сондықтан есептік сан атаулары негізінен : күрделі сандардан тұрады. Ал күрделі сан атаулары бір сан атауымен екінші сан атауының тіркесуі арқылы жасалады. Тіркесетін сан атаулары - жоғарыда аталған дара сан атаулары. Ең кіші күрделі есептік сандар - екі сөзден тұратын ондық пен бірліктің қосылуы арқылы жасалатын сан атаулары. Ондай күрделі есептік сандардың жасалуында ондық атаулары тірек сыңар болады да, бірлік ауыспалы сыңар болады. Бірлік пен ондықтың қосындысынан күрделі сан атаулары жасалған. Мысалы, он+бір=он бір, он+екі=он екі т.б. Бұл үлгімен тоғыз күрделі сан жасалады. Әр ондық пен бірліктердің қосылуынан тоғыздан күрделі сан жасалады. 9 ондық пен 9 бірліктің қосылуынан тілде 81 күрделі сан атауы жасалады. 81 күрделі сан атауы — тек сандық бірлік аралас екі сыңардан құралған күрделі есептік сандар. Мұндай күрделі сандар : он+бірлік үлгісі арқылы жасалады. Мысалы, он төрт, жиырма бес, отыз алты, қырық жеті, елу сегіз, алпыс тоғыз, жетпіс үш, сексен екі, тоқсан бір т.б. Келесі топқа жүздік атауларының жасалуы жатады. Жүздік , атаулары бірлік пен жуздіктің көбейтілуі арқылы жасалады. Үлгі: [ бірлік х жүздік. Бұл үлгі бойынша екі сыңардан құралатын 9 күрделі сан яғни 9 жүздіктің аты жасалады: бір жүз, екі жүз, үш жүз, төрт .Жүз, бес жүз, алты жүз, жеті жүз, сегіз жүз, тоғыз жүз. Үшінші топқа мындық атауларының жасалуы жатады. Үлгі үш түрлі: бірлік х мың, ондық х мың, жүздік х мың. Мысалы, екі мың, отыз мың, жүз мың. Бұл — негізгі үлгілер. Ал оңдықтар мен бірліктер араласқан 81 күрделі санның әрқайсысы мындықтың алдынан келіп, мың сөзіне көбейтіліп, мындықтың атын жасайды. Мысалы, он бес мың, отыз төрт мың, елу екі мың, жетпіс алты мың, тоқсан тоғыз мың т.б. Сол сияқты жүздік атаулары да мың сөзімен тіркесіп, мыңдықтар атауларын жасайды. Мысалы, екі жүз мың, бес жүз мың, сегіз жүз мың, тоғыз жүз мың т.б.
Үшінші топка жүздік, ондык, бірлік аралас сан атауларының мың санымен тіркесіп, мындық атауын жасауы жатады. Мысалы, жүз елу екі мың т.б. Күрделі сан атауларының құрамы екі сөзден басталып, тоғыз сөзге дейін жетіп, миллионнан триллионға дейінгі қатарларда одан да жоғары болуы мүмкін. Бірақ күрделі сандардың кұрамы неғұрлым көбейген сайын күнделікті өмірде оның қолданылуы сирей береді. Күрделі сандардың құрамы қанша сөзден құралса да, олар біртұтас сандық ұғымды білдіреді.
Тілдегі күрделі сандардың - әрқайсысының өзіндік мағынасы бар, әрқайсысы да белгілі санды білдіреді. Оларға синонимдік касиет тән емес. Мысалы, тілдегі қырық бес, елу бес, алпыс жеті, алпыс сегіз, жүз елу бес, екі мың алты жүз сексен тоғыз сияқты күрделі сан атаулыны қанша тізе берсек те, олардың ешқайсысының білдіретін сандық ұғымы бірімен-бірі түйіспейді. Бұл арада күрделі сан атауларының мағына дербестігі дәлелденіп отыр, өйткені тілдегі әр күрделі сан атауының өзіндік мағынасы, өзіндік тұрақты құрамы бар, олар бірімен-бірі еш уақытта толық сәйкес келмейді. Күрделі сандардағы бұл құбылыс жалпы сөз атаулыға қойылатын ортақ шартқа сай. Тілдегі әр сөздің өзінше дыбыстық, морфемдік құрамы, мағынасы болу, сол арқылы сөз бір-бірінен ажырауы-жалпы заң.
Әр күрделі сан атауы мағына жағынан да, құрамы жағынан да алғашқы калпын сақтаған. Күрделі сан атауларының осы қасиеті оның сөз статусына қойылатын талапқа нақтылы сәйкес. Күрделі сандардың құрамы қанша сөзден құралғанына қарамастан, олар сөйлемде бір сөздің қызметін атқарады, бір сөйлем мүшесі болады. Мысалы, Сағат төртте Жапон теңізі мен Тихоокеан аралығындағы Жапония үстінде жүз жетпіс миллион самолет қалықтап, күндізгі сағат бесте Жапонияның түні басталады (С.Ерубаев). Күрделі сандар бір сөз болғандықтан, қосымшалар күрделі сандардың соңғы сыңарына жалғанады. Мысалы, Биыл олардың саны екі жүз сексен екі мыңнан асып отыр (газеттен). Келтірілген мысалда шығыс септік жалғауы екі жүз сексен екі мың деген бес сыңардан тұратын күрделі санды аяқтап тұрған мың деген сөзге жалғанған. Бұл занды, өйткені мың сөзі күрделі санның соңғы сөз мың сыңарымен аяқталады, сондықтан қосымша соған жалғанған. Міне, бұл да күрделі сандардың дербес сөздік қасиетін көрсететін белгілердің бірі.
Күрделі сандар біртұтас сөз болғандықтан, олардың арасына еш уақытта ешбір басқа морфема кіре алмайды, оларды бөліп айтуға болмайды. Күрделі сандар өз тұтастығын берік сактайды."Әрбір күрделі сан үнемі бір құрамда, сыңарларының орын тәртібін қатал сақтап, тұрақты қолданылады. Бұл да - сөз құрамының түрақтылығына байланысты жағдай. Күрделі сандардың дербестігін дәлелдейді. Күрделі сандар сөйлемге тілдегі дайын қалпында алынады. Бүл - тілдегі сөз атаулыға тән негізгі белгі. Сөйлем тілде бұрыннан жасалып колданылып жүрген дайын лексикалық бірліктерден құралады. Күрделі санның әрқайсысы да тілде көне замандардан келе жатқан, өткен замандарда жасалған, сондықтан олар сөйлемдегі басқа сөздер сияқты дайын қалпында сөз тіркесінің бір сыңары ретінде ғана сөйлемге кіреді. Бұл да күрделі сандардың лексикалық дербестігіне дәлел. Күрделі сандардың жасалуында тірек сыңар негізгі кызмет атқарады. Күрделі сандардың тірек сыңары бірнеше күрделі санның жасалуына негіз болып, олардың бәрінің құрамынан бір орын алып, бәрінде бір мағына береді. Ондай күрделі сөздердің басқа сыңары ауысып, тірек сыңарға түрлі мағына қосып отырады. Ондық пен бірлік аралас күрделі санда жаңа мағына ондық пен бірліктің қосындысынан шығады. Мысалы, он бір, он екі, он үш, он төрт, он бес, он алты, он жеті, он сегіз, он тоғыз. Мүнда он саны тоғыз бірлікпен тіркесіп, тоғыз күрделі сан жасаған. Әр ондықта осылайша 9 бірлікпен тіркесіп, тоғыз-тоғыздан күрделі сан жасайды. Ондықтардың тірек сыңар болуы арқылы барлығы тілде 81 күрделі сан жасалған. Бүлардың бәрінде тірек сыңар болатын ондықтар үнемі бірінші орында, ауыспалы сыңарлар екінші орында түрады. Бірлік пен ондық аралас күрделі сандардың бәрінде тірек сыңардың мағынасы сақталып, олардың мағыналастығын туғызып отырады. Мысалға, отыз бір, отыз екі, отыз үш, отыз төрт, отыз бес, отыз алты, отыз жеті, отыз сегіз, отыз тоғыз деген бір тірек сыңар арқылы жасалған күрделі сандарда отыз санының мағынасы олардың бәрінің мағына байланыстылығын туғызып тұр.
Тілде тірек сыңар болатын сандар көп емес, олар: ондықтар, жүздіктер, мындықтар. Мысалға жүздіктердің тірек сыңар болуын келтірейік. Алдымен жүз сөзі жүздіктердің жасалуына тірек сыңар болады. Мысалы, бір жүз, екі жүз, үш жүз, төрт жүз, бес жүз, алты жүз, жеті жүз, сегіз жүз, тоғыз жүз. Жүз саны тоғыз бірлікпен тіркесіп, тоғыз түрлі жүздіктің атын жасаған яғни бұл үлгіде жүздіктердің аты жасалған. Осы күрделі сан атауларының жасалуына жүз саны негіз болып, бұл күрделі сандардың жасалуына ұйытқы, тірек сыңар болып тұр. Жүздіктердің атында тірек компонент екінші орында, ауыспалы компонент бірінші орында тұрады. Жүздіктердің мағынасы бірлік пен жүздіктің көбейтіндісінен шығады. Жасалған осы күрделі сандардың бәрінде жүз санының мағынасы бар, ол осы жүздіктердің мағына байланыстылығын туғызып, жаңа мағынаға өзек болып тұр. Миллионға дейінгі күрделі сандардың жасауында тірек сыңар қызметінде қолданылатын сандардың ең өнімдісі - мындықтар, мындықтардың түрлері мол. Олардың әрқайсысы талай күрделі сандардың жасалуына негіз болады, анығырақ айтсақ, ондық пен жүздіктер арқылы жасалған күрделі сандарды шығарғанда, қалған күрделі сандардың бәрі мыңдық арқылы жасалады. Мысалға мың саны тоғыз бірлікпен тіркесіп, тоғыз мындықтың атын жасайды: бір мың, екі мың, үш мың, төрт мың, бес мың, алты мың, жеті мық, сегіз мың, тоғыз мың. Мындықтар бірлікпен ғана жасалып қоймайды, ол ондықпен де, жүздікпен де, жүздік аралас күрделі сандармен де тіркесіп жасала береді. Мысалы, он мың, жүз мың, жүз елу мың, тоғыз жүз мың тоқсан тоғыз т.б. Бұлардың барлығында тірек сыңары - мың саны. Ол соңғы орында тұрады, ауыспалы сыңарлар тірек сыңардың алдында тұрады. Тірек сыңардың мағынасы бұл күрделі сандардың бәріне ортақ, бәрінің мағына байланыстылығын туғызады, күрделі сандардың жасалуына негіз болады. Мындықтардың атында мың саны тірек сыңар болғанда, күрделі санның соңғы сыңары болады, ал мындықтардың үстіне қосылған миллионға апаратын күрделі сандарға тірек сыңар болған мындықтар бірінші орында тұрып, ауыспалы сыңар соңында тұрады.
Сөйтіп, күрделі сан есімде тірек сыңардың орны екі түрлі, ол күрделі санның алғашқы сыңары да, соңғы сыңары да бола береді. Мысалға ондық пен бірлік аралас күрделі сандарда тірек сыңар бірінші орында, ауыспалы сыңар екінші орында тұрады. Мысалы, он бір, отыз екі, кырық бес т.б. Ал жүздіктер мен мыңдықтарда екі заңдылық бар. Жүздіктің, мындықтардың аттары жасалғанда, жүз, мың сандары тірек сыңар қызметінде күрделі санның соңғы сыңары болады. Мысалы, тоғыз+ жүз, сегіз+ жүз, алты+мың, жүз+мың, екі жүз алпыс екі+мың т.б.
Реттік санның жасалуы
Сан есімнің синтетикалық сөзжасам жүйесіне жататын қосымшаға -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағы жатады. Бұл жұрнақ есептік сан есімнен реттік сан есім жасайды, дара, күрделі есептік сан есімдердің қайсысынан да реттік сан есім осы жұрнақ арқылы жасалады. Мысалы, Жанар тоғызыншы класты бітірді. Ақбалым сегізінші класта еді (Ғ.Мүстафин). Бір мың тоғыз жүз отыз екініш жылдың көктемі (Ғ.Мүстафин). Мысалдағы тоғызыншы, сегізінші деген реттік сан дара сан есімдерден жасалған, ал бір мың тоғыз жүз отыз екінші деген реттік сан есім күрделі сан есімнен жасалған. Бұлардың бәрі -ыншы, -нші жұрнағы арқылы жасалған. Ал ретгік сандардың негізгі мағынасы заттың нақтылы рет қатар санымен байланысты. Реттік сан есімнің тілдің сөзжасам жүйесіне жатқызылуының тағы бір себебі мұнда қосылатын үстеме мағынаның өзіндік бір ерекшелігінде. Мысалы, он кітап дегенде шындық өмірде белгілі бір кезең мен кеңістіктегі нақтылы он кітап сөз болған, ол - бар кітаптың нақтылы саны. Ал оныншы үйде тұрады деген де әңгіме бір ғана үй туралы. Бірақ ол үйдің қатар, рет саны оныншы. Міне, бұл жағдай реттік санда сандық ұғымға да белгілі мағыналық өзгеріс енетінін дәлелдейді. Сондықтан реттік сандардың сөзжасам жүйесіне жатуы өте орынды. Реттік сандардың қолданылуына қарай тағы бір ерекшелігі бар. Ол - реттік сандардың заттануы. Заттанған реттік сан есім зат есімдерше түрленіп, зат есімдер атқаратын синтаксистік кызметте қолданылады. Мысалы, Бірің тапсырғанда, екіншің терезе алдында тұрыңдар (С.М.). Екіншісіне кімді ұсынасыз? (М.И.). Бұл - он бесінші (С.М.). Мен соны байқап, біріншіде бес-алты кұлақ шыққан кезде, екіншісінде тары бас жара бастағанда, үшіншісінде сүттене бастағанда, төртіншісінде пісіп келе жатқанда суардым (Ғ.Мұстафин).
Жинақтық санның сөзжасамы
Жинақтық сан есім жасаушы қосымша -ау, -еу. Бұл қосымша бірден жетіге дейінгі бірлік сандардан жинақтық сан есім жасайды. Ол сандық ұғымды мүлдем өзгертпейді, бірақ есептік санға жинақтау мәнін қосып, оның мәнін абстракцияландырып, заттық үғым да қосады. Мысалы, Біреу де болса жетеді. Бес жыл өткен тойға енді өкініп жатыр екеуі. Үшеуі оңаша отыр. Ішінен мықты үшеуін таңдап алып, шұңқырға сал. Әлсіздеу біреуін үш көлікпен ауылға қайыр. Екеуі тракторға қалсын. Олар төртеу-ақ. Жетеудің кемтігін жаба ала ма? (Ғ.Мұстафин).
Топтық санның жасалуы
Топтық сан атаулары жеке заттардың санын емес, белгілі топтағы заттардың санын білдіреді. Сондықтан олар топтық сан атаулары аталады. Топтық сан атауларын жасайтын арнайы қосымша жоқ. Бұл қызметті шығыс септік жалғауы атқарады. Мысалы, оннан, жүзден, мыңнан т.б. Топтық қосарланған есімдерден де жасала береді: он-оннан, бес-бестен, жүз-жүзден. Мысалы, Әлти жалшыны екіден-үштен емес, елуден-алпыстан жалдайды (С.Мұқанов).
Болжалдық санның жасалуы
Болжалдық сан атаулары екі түрлі тәсілмен жасалады: 1) синтетикалық тәсіл, 2) аналитикалықтәсіл.
Болжалдық сан атауларының синтетикалық тәсілмен жасалуы. Болжалдық сан атауын жасайтын тілде түрлі жұрнақ бар:
1) дай, -дей, -тай, -тей жұрнағы есептік сан атауларынан болжалдық сан атауын жасайды: отыздай адам, кырықтай бала, елудей мектеп, жетпістей қала т.б. Мысалы, Мектепте төрт жүз елудей бала оқиды (С.Мұқанов).
2) -ер жұрнағы арқылы бір ғана болжалдық сан атауы жасалған, ол - бірер деген сез. Мысалы, Бірер адам үйде қалсын, бірер адам сыртта болсын (С.Мұқанов).
3) -даған, -деген жұрнағы өнімді есептік сандардан болжалдық сан жасай береді: жүздеген, мыңдаған, ондаған т.б. Мысалы, Жомарттың есебінше, ол жүздеген сомдар кіріс енгізбек (Ғ.Мұстафин).
Сонымен бірге көптік жалғауы есептік санға жалғанып, болжалдық сан атауын жасап, сөзжасамдық кызмет атқарады: бестер, алтылар, жетпістер т.б. Мысалы, Сағат алтыларда жиналамыз (С.Жүнісов).
Болжалдық сан атауларының аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы. Болжаддық сан атауларының аналитикалык тәсіл аркылы 2 түрлі жолмен жасалады: 1) Сан атауларының қосарлануы аркьілы жасалады: он-он бес, кырық-елу, сексен-тоқсан. Мысалы, Оның он бес-он алтыға келген кезі (С.Мұкднов).
2) Есептік сан атауларына жуық, тарта, қаралы, шақты, шамалы, шамасында, артық, астам, аса, таяу, жақын шылаулары тіркесіп, олардан болжалдық сан атауларын жасайды. Мысалы, Құдасының аулына Ұлжан отыз шақты кісімен келген (М.Әуезов).
Бөлшектік санның жасалуы
Тілде бүтін сандық үлгімен бірге, бөлшектік сандық үғым да бар, бірақ оны білдіретін арнайы жұрнақ жоқ. Алайда бөлшектік сандық ұғымды білдірудің өзіндік жолы қалыптаскан. Бөлшектік сандық ұғым есептік сандардың белгілі синтаксистік қатынасқа түсіп, сөз тіркесін жасауы арқылы беріледі: оннан бір, төрттің бірі т.б.
Бөлшектік санды білдіретін сөз тіркесінің сыңарлары белгілі грамматикалық тұлғада тұрады, олар үш түрлі: 1) бөлшектік сан атауын білдіретін сөз тіркесінің бірінші сыңары ілік септікте, екінші сыңары тәуелдік жалғауының үшінші жағында тұрады: онның екісі, үштің бірі, жүздің бесі, мыңның жүзі т.б. Мысалы, Қырықтың бірі қьдыр дейді.
Бөлшектік санның кұрамындағн бірінші сыңар шығыс септікте, екінші сыңары тәуелдік жалғауында тұрады: оннан бірі, жүзден екісі, алтыдан бірі, үштен бірі т.б. Мысалы, Жиналған халықтың екіден бірі ашулы (газеттен). Бөлшектік санның құрамындағы бірінші сыңар шығыс септікте, екінші сыңар атау септікте тұрады: бестен екі, үштен бір, оннан үш, алтыдан бір т.б. Мысалы, Кітаптың екіден бір бөлігін оқыдым.
Бөлшектік сандық ұғым есептік санға жарым, жарты, ширек сөздерінің тіркесуі арқылы беріледі: бір жарым, жарты миллион, ширек ғасыр т.б.
Сан есім сөзжасамына жалпы сипаттама
Сан есімнің синтетикалық сөзжасамы
Сан есімнің мағыналық топтарын жасайтын жұрнақтар
Сан есімнің аналитикалық сөзжасамы
Күрделі сан атаулары
Әдебиеттер:
Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.
Оралбай Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. -Алматы, 1988.
Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. –Алматы, 1999.
Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.
Төлеуов Ә. Сөз таптары. -Алматы, 1982.
Қазақ грамматикасы. -Астана, 2002.
Қазақ тілінің грамматикасы.- Алматы, 1967.
8 дәріс тақырыбы: Есімдіктің сөзжасамы
Есімдік сөзжасамына жалпы сипаттама
Есімдіктің синтетикалық сөзжасамы
Есімдіктің мағыналық топтарын жасайтын жұрнақтар
Есімдіктің аналитикалық сөзжасамы
Басқа сөз таптарына қарағанда етістіктердің жасалу жолдары тілімізде онша күрделі емес. Мұның өзі есімдіктердің табиғатымен тығыз байланысты. Зерттеушілердің айтуынша, қазақ тіліндегі жалпы есімдіктердің саны 60-70 тек аспайды екен. Демек, оларды жасау жолдарындағы заңдылық осы аз мөлшеріне де байланысты болса керек. Дегенмен де есімдіктердің де жасалу жолдарында басқа сөз топтары сияяқты синтетикалық және аналитикалық тәсілдер орын алып отырады. Мұндай тәсілдер етістіктердің әрбір жеке түрлерінде байқалып қалады. Солардың көрінісін өзара жинақтағанда, есімдіктердің жасау жолдары төмендегіше саралауға боладыв.
Синтетикалық жолмен жасалған есімдіктер.
Есімдіктердің бұл жасалу жолында бір қатар жұрнақтар қатысады. Олар есімдіктердің өзіне жалғанып, белгілі бір мағынаны онан сайын айқындап , ондай жұрнақтар онша көп те емес.
Құранды -а + у жұрнағы. Бұл жұрнақ негізінен алғанда, сілтеу есімдігі сөздерге жалғанып, сілтеу мағынасын одан сайын айқындайтын болады: анау, мын-ау, сан-ау. Тарихи тұрғыдан қарағанда, бұл есімдіктердің түбірі ол, бұл, сол есімдіктері болса керек. Есімдіктердің арнайы зерттеген А.Ибатов анау, мынау есімдіктерін бірігу жолынан пайда болған деп түсіндіреді: Мыс: -а, ан-а мен бу (ву) сілтеу есімдігінің бірігуімен жасалған десе, А.Ысқақов осы тәріздес есімдіктердің –у әлементі арқылы жасалғанын айтады. Осындағы –ау бөлшегін құралды жұрнақ деп қарастырған жөн сияқты. Себебі, бұл сөздер ана, мына түрінде де кездеседі.
Сонау есімдігінің де жасалу жолы осы негізде түсіндірген дұрыс. Ал осынау есімдігі –нау құралды жұрнағы арқылы жасалған деп білеміз. Осындағы –н элементі арқылы басқа да сөздер өрбіп жатады: осынша, осынысы осыншама. Мыс: Ел жайы өзіне мәлім, мынада теріс дейтін адам жоқ. (Б. Майлин) Осынау өрен өзенді көрмесем ылда зерігем. (Ж.Молд)
Ал сан есімнен проминализация жолынан жасалған біреу есімдігінің –еу жұрнағын, құрамды деп танымай, бір-ақ қосымша деп тануымыз керек. Үй сыртында біреу отыр.
-ша,-ше жұрнағы не, қан (й), бар сөздеріне жалғанып, сұрау және жалпылау есімдігінен туындатады: неше, қанша, барша.
Түркітануда не есімдігінің алғашқы түбірі нен болғандығы жайында пікір бар. Бұған бір дәлел ретінде нендей сөзін келтіреді. А.Ибатов . Ал профессор Э.Р.Тенишев солар тілінде наң сөзінің не сұрау есімдігін білдіретінін айтады.
Қанша сұрау есімдігінің түбірі алғашқы қай болғандағы, -н дыбысының орнына ол кездерде й жүргендігі арнаулы еңбектреде (А.Ибатов М. Томалов) айтылады. Ал –ша жұрнағы о баста толық мәнді шаң сөзінен өрбіп шыққан болатын.
Тілімізде –ша жұрнағының үстіне басқа да жұрнақтар (-ма, -лық, -ты) үстемеленіп жалғанып отырады. Осыдан келіп есімдіктегі құрама жұрнақтар туындайды: Қанша-қаншама, қаншалық.
-ша жұрнағы бар сөзіне жалғанып, жалпылау мәнді есімдік жасайды. Бала өсіру барша жанның мақсаты.
-у жұрнағы не сұрау есімдігіне –ша қосымшасынан кейін үстемелене жалғанады: не+ше+у
-лық –лік бар сөзіне жалғанып, жалпылау есімдігін жасауға себеп болады: Біз штатқа кіргенде барлық офицер тік тұрып ізет етті (Б. Майлин)
-сы –сі қай есімдігіне жалғанып оның мән мағынасы одан сайын нақтылау түседі: Кейбір ғалымдар (Н.К.Дмитриев) башқұт тіліндегі қайһы сөзінің соңғы –һы тұлғасын тәуелдік жалғауының ІІІ ж ретінде қарастырса,
Н.А. Басқақов – керсінше мұны аффинсдеп түсіндіреді. Ал қазақ тілінің материалы негізінде А. Ибатов қайсы есімдігі (қай, -қан) сөзімен ежелгі сілтеу мәнді со тұлғасының бірігіп айтылуы негізінде пайда болады деп тұжырымдайды. Қайсысы дегендегі соңғы –сы тәуелді жалғау ІІІ жағы Естігенім қайсы, көргенім қайсы –ажырату қиын
-дай, -дей жұрнағы сұрау есімдіктерінің түбіріне жалғанып, олардың туынды түрін жасайды:
(й) қан +дай
Жоғарыдағы жұрнақтар есімдіктерінің өздеріне жалғанып, олардың туынды түбірін жасауға қатысады.
Есімдіктердің жасалуына орай мына бір жайтты да айту керек. Кейбір есімдіктердің өзі олардың алуан түрін туындатып отыруда себепші болады. Мысалы, бұл ретте қай, не есімдіктерін айтуға болады. Осы аталған есімдіктердің түбіріне жоғарыда сөз болған әр қилы жұрнақтар жалғана береді. Мыс: қайсы, қайда, қандай, қанша т.б.
-не сұрау есімдігінің негізінде бірнеше туынды түбірлі есімдіктер туындайды: неше, нешеу, немесе, кейін, немене, неге, нешінші. Өнерпаз нешеу болса, өрнекте сонша (Мақал)
Айнымаланың жолмен жасалған есімдіктер.
Тіліміздегі бірқатр есімдіктер аналитикалық жолдармен жасалады. Бұл ретте олардың бірігу, қосарлама айтылу және сөз тіркесі құрамында қолданылу жолдары бар. Аталған бұл жолдардың аясы да есімдік құрамында онша көп кездесе бермейді. Бұлардың өзін іштей саралап көрсетсек, мынадай заңдылықтарды байқаймыз.
Бірігу арқылы жасалған есімдіктер.
Есімдіктердің осындай жасалу жолында олардың белгілі бір түрі әр уақытта да сөздердің бірге жұмсалуына негіз болып тұрады. Осы негізде бір есімдік түбірден бірнеше іріккен тұлғадағы есімдіктер өрбіп жатады. Мәселен, бір ғана ем сөзінен болымсыздық мәндегі бірнеше есімдіктер туындайды: ешкім, ешқандай, ешқайсы, ешқандай, ешқашан, ештеме, ешнәрсе, ешбір.
Мен ешкімнен байлық, бақ сұрамаймын.
Осы тәріздесбіріккен түбірлі есімдіктердің жасалуына бір сөзі де негіз болып тұрады. Осы бір сөзінің негізінде бірнеше, бірдеме тәріздес белгісіздік есімдіктері пайда болады.Нұрман тағы бірдеме деп ақтала беріп еді, Ербол басып тастады. (З.Шашк)
Кейде әр сөзінің қолданылу ретіне қарай белгісіздік есімдіктердің екінші сыңарынан да орын алатын болады: кейбір, қайсыбір, әрбір, әлдебір.
Біреулер үйінің орнын өлшеп, біреулер қазып үлгіріп, қайсы іреулері қалқитып алған (Ғ. Мүсірепов)
Бірігу арқылы жасалған есімдіктердің құрылысына әлде есімдігі де себепші болады. Осы есімдіктің негізінде бірнеше белгісіздік есімдіктері туындап жатады: әлдебір, әлдекім, әлдеқайда, әлдеқашан, әлдене, әлденеше т.б. Ән шырқайды аулақта, әлдекімдер құбылтып.
Осылардың тәрдес белгісіздік есімдіктердің біріккен түрінде әр есімдігі де ұйытқы сөз ретінде айрықша қызмет атқарады: әрке, әркім, әрқайсы. Боз үйдің жанында бағанадан бері әркімнің атын атап шақырған дауыс басылды (Ғ. Мүсірепов)
Есімдіктердің бірігу жолымен жасалған түрлері, негізінен алғанда осылар.
Қосарлама келген есімдіктер.
Қосарлана жұмсалған есімдіктер тілімізде өте аз кездеседі. Есімдіктердің қосарланған түрлерінің көпшілігі үстеуге айналып кетеді. (анда-санда, онда-мұнда, өзді-өзі т.б.) Ал қосарлама жұмсалған есімдікті сөздер есім мағынасыонда қалса ғана өз табиғатын жоғалтпайды. Мұндай қосарлы есімдіктердің қостарына. Мына тәріздес сөздер жатады: -өзін-өзі, ондай-мұндай, онысы-мұнысы, кіммен-кім, қай-қайсы. Кімде-кім екімен бірге болса, ол партиямен бірге (Ғ.Мүсірепов)
Есімдіктердің сөз тіркесі арқылы жасалуы тілімізде кездеспейді десе де болады, тек бірен-саран түрлері ғана қолданылып қалады: мына мен, осы сен, бір өзі, бір нәрсе. Осы атыраптың иесі бір өзі сияқты
Бақылау сұрақтары
Есімдік сөзжасамына жалпы сипаттама
Есімдіктің синтетикалық сөзжасамы
Есімдіктің мағыналық топтарын жасайтын жұрнақтар
Есімдіктің аналитикалық сөзжасамы
Әдебиеттер:
1. Қазақ тілінің грамматикасы.,1967. 1-7-беттер.
2. А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Морфология.А.,1974. 5-12-беттер
3. К. Аханов. Тіл білімінің негіздері. А.,1993. 85-91-беттер.
4. С. Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. А.,1992. 4-12-беттер.
5. С. Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А,1998. 4-11-беттер
Достарыңызбен бөлісу: |