ПӘнінің ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет3/5
Дата22.08.2017
өлшемі0,92 Mb.
#24447
1   2   3   4   5

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.     К.Аханов «Тіл білімінің негіздері»  -Алматы, 2003ж.

2.     Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев «Қазіргі қазақ  тілінінің  лексикоглогиясы  мен

фразеологиясы» - Алматы «Санат»  1997ж.

3.     Г.Смағұлова  «Мағыналас     фразеологизмдер  сөздігі» Алматы 2001ж.

4.     З.Ахметова  «Терминдер сөздігі» Алматы 1998ж


19 дәріс тақырыбы: Лексикография және сөздіктердің түрлері
1. Лексикография түрлері

2. Сөздіктердің түрлері



Лексикология (грек. lexіkos сөзге қатысты, grapho — жазамын) — сөздік түзудің теориясы мен тәжірибесін зерттейтін тіл білімінің саласы. Сөздіктердің ғылыми әдістемесін жасайды. Сөздіктің теориялық мәселелері теоретикалық лексикологияда қарастырылады; ол лексикология теориясы мен лексикология тарихына бөлінеді. Лексикология теориясы сөздіктер типологиясын, оның макроқұрылымын (лексиканы сұрыптау мен сөздерді, сөздік-мақалаларды орналастыру принципін, омонимдерді, сөздік қосымшасындағы қосалқы материалдарды, дәйектемелерді, т.б.) және микроқұрылымын (сөздіктегі мақала құрылымын: мағыналарға жіктеу мен анықтама, дәйектеме түрлерін, шартты белгілер жүйесін, фразеологияны, т.б.) зерттейді. Лексикология тарихы сөздіктер мен лексикография тұжырымдамалар тарихы және лексикология мәселелерін шешу тарихы болып бөлінеді. Тәжірибелік лексикологияға тілді қалыпқа түсіру мен оны үйрету, тіларалық қатынас, лексикология, сөзжасам, стилистика, тіл тарихы бойынша деректер жинау мен өңдеу жатады. Қазіргі лексикология теориясы лексиканы белгілі бір жүйеде түсіндіреді, сөздердің лексика-семантикалық құрылымын көрсетіп, олардың мағынасын диалектикалық тұрғыда қарастырады. Сөздіктердің бірнеше түрлері бар: “Орысша-қазақша сөздік” (1954), “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” (1959 — 74), “Орфографиялық сөздік” (1963), “Абай тілі сөздігі” (1968), “Диалектологиялық сөздік” (1969), “Этимологиялық сөздік” (1996), терминол. сөздіктер (“Тау-кен ісі терминдерінің қысқаша орысша-қазақша сөздігі”, 1959; т.б.

Бақылау сұрақтары:

1. Лексикография түрлері

2. Сөздіктердің түрлері

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997

2.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.

3.Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.А.,2008.

4. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010

20 дәріс тақырыбы: Грамматика және оның салалары


1. Грамматика туралы түсінік

1.Грамматика және оның салалары


Грамматика салалары: морфология, сөзжасам, синтаксис. Морфология - сөз құрылымы, сөз табы туралы ғылым. Сөз таптары сөйлем мүшелерінен тарихи даму барысында жасалған. Сөз таптары-тарихи категория. Сөз топтастырудың үш принципі бар. Олар: лексикалық, морфологиялық, синтаксистік. Сөздер ең алдымен үш топқа бөлінеді: атауыш сөздер,одағай сөздер,көмекші сөздер. Қазақ тіл білімінде тоғыз сөз табы бар,олар: зат, сын, сан есімдер, есімдік, етістік, үстеу, шылау, одағай, еліктеуіш.

Әрбір тілдің өзіне тән грамматикалық амал-тәсілдердің жиынтығы тілдің грамматикалық құрылысы деп аталады. 
Грамматика ғылымы, тілдің грамматикалық құрылысын зерттейді, өзінің тексеретін объектісінің негізі етіп сөзді және сөйлемді алады. Тексеру нысанасының осындай ерекшеліктеріне қарай, грамматика ғылымы морфология және синтаксис деп аталатын екі салаға бөлінеді. 
Морфология – сөз және олардың формалары туралы ілім. Сөздің грамматикалық мағынасы мен лексикалқ мағынасы. Жалпы және жеке грамматикалық мағыналар. Сөз құрылысы. Морфема – сөздің ең кішкентай мағыналық бөлшегі екендігі. Түбір және аффикс морфемалар. Сөз тудырушы, форма тудырушы аффикстер. Сөз формасы. Сөз формасы негіз бен форма тудырушы аффикстің бірлігі екендігі. Синтетикалық және аналитикалық сөз формалары.

Грамматикалық мағынаның берілу түрлері мен тәсілдері. Аффиксация. Фузия. (флективтілік) және агглютинация. Көмекші сөөздер (предлог, септеулік шылау, артикль, көмекші етістік, жалғаулық шылау және жалғаулық мәнді сөз, демеулік шылау). Нөлдік морфемалық форма. Грамматикалық мағыналарды берудің өзге түрлері мен тәсілдері. Сөздердің орын тәртібі, дыбыстардың алмасуы және «ішкі флексия», екпін мен интонация, суплетивизм мен редупликация. Грамматикалық мағыналарды беру тәсілдерінің түрлі тілдерді әр қилы таралуы және тарихи құбылмалылығы. Граммтикалық категория жайлы ұғым. Грамматикалық және ұғымдық категориялар, олардың қарым-қатынасы.

Морфологиялық және синтаксистік грамматикалық категориялар. Лексико-грамматикалқ категориялар. Әр түрлі тілдердің грамматикалық категориялары арасындағы айырмашылықтар.

Бақылау сұрақтары: 
1.Грамматиканың қандай салалары бар?

2.Грамматиканың құрылысы дегеніміз не?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010

2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987

3.Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. А.,1997

4.Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002.
21 дәріс тақырыбы: Тілдің грамматикалық жүйесі
1. Грамматиканың зерттеу нысаны

2.Сөздің морфологиялық құрылымы

3. Сөздердің морфемаларға мүшелену мүмкіндігі

Грамматика-тілдің құрылысын зерттейтін тіл білімінің саласы. Грамматиканың негізгі зерттеу нысаны – тілдің морфологиялық және синтаксистік жүйесі; оның ішінде грамматикалық форма, грамматикалық мағына, грамматикалық категория, бір тілдегі грамматикалық формалардың көріну амалдары мен сол арқылы айтылмақшы мағыналардың берілу тәсілдері, олардың байланысуы, тіркесу жолдары мен тәсілдері. Түрлері: тарихи және сипаттамалы.

Синтаксис сөз тіркесін, сөйлем мүшелерін, сөйлем түрлерін қарастырады.Синтаксистік байланыстың түрлері: қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу. Құрамына қарай сөз тіркесі: 1) жалаң 2) күрделі 3) аралас болып бөлінеді.

Сөйлем коммуникативті қызмет атқарады. Сөйлемге тән басты белгі-интонация. Беретін хабардың мақсатына қарай екіге бөлінеді: хабарлы және сұраулы. Сөйлемдер өзін құрастырушы компоненттердің сипатына қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлем болдып екі топқа бөлінеді.

Құрмалас сөйлемдер: 1) салалас құрмалас сөйлем 2) сабақтас құрмалас сөйлем 3) аралас құрмалассөйлем болып үш топқа жіктеледі.

Морфема дегеніміз-сөздің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық бөлшегі Құрамына қарай морфемалар үшке бөлінеді: түбір морфема, негіз морфема, аффикстік морфема. Аффикстік морфемалардың түрлері: префикс, постфикстер, инфикс, интерфикс, трансфикс, конфикс.



Сөздің морфологиялық құрылымы туралы мәселе грамматиканың өте-мөте маңызды мәселелерінің бірі болып саналады.Сөздің морфологиялық құрылымына дұрыс талдау жасау үшін, ең алдымен сөздің құрылымына тікелей қатысы бар негізгі морфологиялық ұғымдарды алдын ала айқындап алу өте-мөте қажет. Ондай негізгі морфологиялық ұғымдардың мазмұнына морфема туралы ұғым мен оның түбір морфема (немесе негізгі морфема) және аффикстік морфема (немесе көмекші морфем) деп аталатын түрлері жайындағы ұғымдар енеді.

Сөздердің морфемаларға мүшелену мүмкіндігі жайлы, сөздердің морфологиялық құрылымының өзгеруі жайлы түсіндіру.


Бақылау сұрақтары: 
1. Грамматика нені зерттейді?

2. Сөздің морфологиялық құрылымы неден тұрады?



3. Сөздер морфемаларға қалай мүшеленеді?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010

2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987

3.Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. А.,1997

4.Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002.
22 дәріс тақырыбы: Негізгі грамматикалық ұғымдар. Грамматикалық тәсілдер мен формалар


  1. Граматикалық мағына және грамматикалық форма

  2. Грамматикалық тәсілдер

  3. Грамматикалық категория

Грамматика тілдегі грамматикалық бірліктерді және ол бірліктердің әр басын қосып ұйымдастырып, қатынас жасауда іске жарататын, әрі олардың бір – біріне жігін ажырататын тәсілдерді, құралдарды зерттейді. 
Грамматикалық негізгі бірліктер – морфема, сөз тіркесі және сөйлем.
Грамматикалық бірліктердің негізгі табиғатын түсінуге олардың ара қатысы мен байланысын айқындауға т.б. қатысы бір алуан грамматикалық ұғымдар бар. Олардың қатарына грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық тәсіл және грамматикалық категория туралы ұғымдар енеді.
Сөзде лексикалық мағына мен бірнеше грамматикалық мағына ұштасып келеді. Грамматикалық мағыналар сөздердің арасындағы әр түрлі қатынастар тіл – тілде түрлі – түрлі грамматикалық (морфологиялық және синтаксистік) құралдар, амал – тәсілдер арқылы беріледі. Грамматикалық мағыналарды, сөздердің арасындағы әр түрлі қатынастарды білдірудің жолы грамматикалық тәсіл деп аталады. Грамматикалық тәсілдердің бірнеше түрі бар. Олар: Афиксация тәсіл, қосарлану тәсілі, көмекші сөздер тәсіл, интонация тәсілі. Грамматикалық тәсілдердің қатарына сөздердің орын тәртібі, ішкі флекция, екпін тәсілдері де жатады.

Грамматикалық әрі өте маңызы, әрі күрделі мәселелерінің бірі – грамматикалық форма туралы мәселе. Грамматикалық форма туралы туралы ұғым грамматикалық мағына және грамматикалық тәсіл туралы ұғымдармен тығыз байланысты. Грамматикалық мағына белгілі бір грамматикалық формамен айтылады. Ал грамматикалық тәсіл грамматикалық мағынаны грамматикалық форма арқылы білдірудің жолы болып саналады. 
Бақылау сұрақтары:
1. Грамматикалық ұғымдарға не жатады?
2. Грамматикалық мағына, грамматикалық форма дегеніміз не?
3. Грамматикалық категорияның түрлері қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010

2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987

3.Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. А.,1997

4.Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002.
23 дәріс тақырыбы: Грамматикалық категориялар

1.Грамматикалық категориялар

2. Грамматикалық категорияның бөлінуі

3.Морфология категориясы

4. Синтаксистік категориялар

Грамматикалық категория (гр. grammatike гр. gramma әріп, жазу, гр. kategoria пікір айту, пайымдау орыс. грамматическая категория) — мағынасы біртиптес грамматикалық тұлғалардын бір-бірінен өзгеше жүйесі. Бұл жүйеде категорияландыратын белгі басты қызмет аткарады. Мысалы: шақжақетіс т. б. категориялардын жинақты мағыналары соларға сай тұлғалар жүйесін қалыптастыратын категориялық белгі болып тұр. Грамматикалық категорияны анықтауда мағыналық тұрғыдан қарап, оны бірінші қатарға шығару кен тараған. Шынында, грамматикалық категорияның ен басты белгісі мағынасы мен тұлғасының бірлігі болып табылады. Одан Грамматикалың категорияның екі жақты сипаты көрінеді.

Грамматикалық категория морфологиялық және синтаксистік болып бөлінеді. Морфологиялық категорияларға етістүршақжақрайсептік т. б. жатады. Бұл категориялардың жүйелі түрлері сөздердін ірі грамматикалық топтарын (сөз таптарын) жасайды. Тілдерде грамматикалық категориялардың саны бірдей емес. Мысалы, қазақ тілінде орыс тіліндегідей вид, род категориялары жоқ. Синтаксистік категориялар тұлғалардын сөз тіркесі мен сөйлем құрамында тіркесу қабілетіне қарай жіктеледі.

Бақылау сұрақтары:
1.Грамматикалық категориялар

2. Грамматикалық категорияның бөлінуі

3.Морфология категориясы

4. Синтаксистік категориялар



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010

2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987

3.Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. А.,1997

4.Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002.
24 дәріс тақырыбы: Сөз таптары, шығуы мен дамуы
1.Қазақ тілінде сөз таптастырудың негізгі ұстанымдары туралы

2.Сөз таптарының шығуы мен дамуы

Қазақ тіл білімінде қалыптасқан сөз таптастырудың үш ұстанымы бар: 


семантикалық, морфологиялық,  синтаксистік. 
Семантикалық ұстаным бойынша сөздің лексикалық мағынасына қарайды, морфологиялық ұстаным бойынша сөздің түрлену жүйесін басшылыққа алады, ал синтаксистік ұстаным бойынша сөздің қай сөйлем мүшесі болуына сүйенеді. 
Бұл орныққан түсінікті өзгерту туралы басқа пікір бола қойған жоқ. Қ.Жұбановтан бастап, кейінгі бұл мәселеге арнап қалам тартқан ғалымдардың барлығы бір ауыздан осы үш ұстанымды атап, оларды бірлікте қолдану керектігін айтады. Тек қазақ тілі үшін қай ұстаным жетекші болуы керек дегенде ғана аздаған пікір алшақтығы кездеседі. Қ.Жұбанов семантикалық ұстанымды жетекші ретінде тани отырып, екінші орынға морфологиялық ұстанымы, үшінші орынға синтаксистік ұстанымды шығарады.

1968 жылы жарық көрген «Қазақ тіліндегі сөздер мен таптарының морфологиялық құрылысы» атты еңбегінде Т.Ерғалиев қазақ тілі сөздерін алдымен негізгі сөз таптары, көмекші сөздер, азат сөздер деп үлкен үш топқа бөледі, ары қарай олардың бірнешеуінің басын қосатын сөз таптары да пайда болады. Соңғы жылдары қазақ тілі біліміндегі сөз таптары теориясына елеулі жаңалық енгізген С.Исаев болды. Ғалым қорытынды пікір ретінде қазақ тіліндегі он сөз табын көрсетеді: 


1. Зат есім 6. Етістік 
2. Сын есім 7. Еліктеу сөздер 
3. Сан есім 8. Шылаулар 
4. Есімдік 9. Одағай 
5. Үстеу 10. Модаль сөздер 
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ тілінде сөздерді таптастыру  ұстанымдарына не жатады?
2. Сөз таптарының шығуы мен дамуы туралы қандай көзқарастар бар?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010

2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987

3.Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. А.,1997

4.Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002
25 дәріс тақырыбы: Синтаксис мәселелері. Сөздердің байланысу амалдары мен формалары. Сөз тіркесі.
1. Синтаксис туралы түсінік

2. Сөздердің байланысу амалдары мен формалары

3. Сөз тіркесі

4. Сөйлем.

Синтаксис - сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым. Сөздердің сөйлемде байланысуының белгілі заңдылығы бар, сөздер бір-бірімен белгілі бір тәсілдермен байланысады.  Сөйлеу дағдысы бойынша сөздер өзара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері, өз заңдары болады. Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздер төрт түрлі тәсіл арқылы байланысады: жалғаулар арқылы; шылаулар арқылы; сөздердің орын тіртібі арқылы және интонация арқылы. Осы амалдарды біз былай топтап атаймыз: қосымшалар синтетикалық тәсілдер деп, шылаулар, сөздердің орын тәртібі, интотацияны аналитикалық тәсілдер деп аталады. Осы аталған тәсілдерді қолданып сөз тіркестерін құрауда тілдің қалыптастырған формасы бар. Сөздердің тіркесу формасы 5 түрлі: 1) қиысу, 2) матасу, 3) меңгеру, 4) қабысу, 5) жанасу.Синтаксис сөйлеудің калыптасу ережелерін зерттейді.  Сөйлемде сөздердің бір-бірімен байланысуы негізінде сөз тіркесі жасалады. Толық мағыналы кем дегенде екі сөздің өзара сабақтаса, бірі екіншісіне бағына байланысуын сөз тіркесі деп атайды. Тіркестегі бағындырып тұрған сөз басыңқы деп, басыңқыға бағынып тұратын сөз бағыныңқы деп аталады.

Бақылау сұрақтары:
1. Синтаксис дегеніміз не?

2. Сөздердің байланысу амалдары мен формаларына не жатады?

3. Сөз тіркесі дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010

2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987

3.Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. А.,1997

4.Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002
26 дәріс тақырыбы: Сөйлем және оның түрлері. Сөйлемге тән белгілер
1. Сөйлем туралы түсінік

2. Сөйлем және оның түрлері.

3. Сөйлем және оған тән белгілер
Сөйлем - біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер, я сөздер тобы. Қазақ тілінің синтаксисі грамматикалық ілім ретінде екі салада зерттеліп келеді: сөз тіркесінің синтаксисі, сөйлемнің синтаксисі. Соңғысы өз ішінен жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі болып жіктеледі..Тиянақталған ойды ауызша да, жазбаша да білдіруге болады. Сөйлемдер айтылу мақсатына және дауыс ырғағына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып төртке бөлінеді. Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті; құрылысына қарай жай және құрмалас; Баяндаудың шындыққа қатысы жағынан болымды және болымсыз; Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің қатысына қарай жалаң және жайылма; Баяндауыштарының қай сөз табына қатысты келуіне орай есімді және етістікті; Бастауыштарының қатысына қарай жақты және жақсыз болып бөлінеді.

Хабарлы сөйлем — сөйлемнің бір түрі. Хабарды, ақпаратты баяндау мақсатында айтылады.

Сұраулы сөйлем деп біреу я бірдеме жайында білу мақсатымен сұрай айтылған сөйлемді атаймыз. Сұраулы сөйлем соңына сұрау белгісі қойылады.

Сұраулы сөйлемнің жасалуы: сұраулы сөйлемдер сұрау есімдігі қатысуы арқылы айтылады; сұраулық мағына ма (ме), ба (бе), па (пе) және ше деген сұраулық шылаулардың қатысуы арқылы да білдіріледі;

сұраулық мағына кейде ғой, -ау шылаулары мен болар, шығар, қайтеді деген көмекші сөздердің және ә деген одағайдың қатысуы арқылы беріледі; сұраулық мағына сұрау дауыс ырғағының өзі арқылы да беріледі.

Лепті сөйлем деп ерекше көңіл күйіне, сезімге байланысты (қуану, ренжу, таңдану, аяу, бұйыру және т. б.) айтылған ойды білдіретін сөйлемді дейміз. Лепті сөйлем соңынан леп белгісі қойылады.

Бұйрықты сөйлем - кимыл-әрекетке итермелу мақсатында айтылған сөйлем. Бұйрықты сөйлем көбінесе ауызекі тілге тән. Бұйрық мағынасы әр түрлі реңкте білдіріледі: егер бұйыру қатал талап мағынасында жұмсалса, дауыс көтеріңкі айтылады, ал өтініш, тілек мағынасында айтылса, бәсең айтылады. Бұйрықты сөйлемдердің баяндауыштары етістіктің бұйрық және қалау райлары арқылы жасалады:

Бақылау сұрақтары:
1. Синтаксис дегеніміз не?

2. Сөйлем қандай түрлерге бөлінеді?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010

2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987

3.Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. А.,1997

4.Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002

27 дәріс тақырыбы: Тілдің шығуы және тілдердің жасалуы


1.Тілдің шығуы

2.Тілдің жасалуы

3.Тілдің өзара әсерлері

Тілдің шығуы туралы мәселені сөз еткенде, ең алдымен, екі түрлі проблеманы бір-бірімен ажыратып алу қажет: оның бірі – жалпы адам баласы тілінің шығуы, яғни алғашында адамның сөйлеуді, ойын айтып жеткізуді қалай үйренгендігі туралы мәселе де, екіншісі – жеке, нақтылы тілдердің, мысалы, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, араб тілі, испан тілі немесе француз тілінің шығып жасалуы туралы мәселе. Бұл екі мәселені бір –бірімен шатастырмау керек. Бұлай дейтініміз: адамзат тілінің пайда болуы сонау көне заманға – адамдардың жануарлар дүниесінен бөлініп шығу заманына, алғашқы адамдардың пайда болу заманына барып тірелсе, жеке нақтылы тілдердің немесе туыс тілдердің тобының жасалып құрылуы жалпы адамзат тілінің шығып пайда болу заманынан анағұрлым бертінгі дәуірлерде болған. Нақтылы, жеке тілдердің, мысалы, қазақ тілінің, орыс тілінің немесе ағылшын тілінің пайда болып жасалуын және олардың пайда болу дәуірін тарих пен лингвистика ғылымдары тұрғысынан зерттеп айқындауға болады. Ал жалпы адамзат тілінің шығуы, яғни адамдардың о баста сөйлеп үйренуі туралы проблеманы қарастырып айқындау үшін, тек қана тарихи-лингвистикалық зерттеулердің өзі тіптен жеткіліксіз болады. Адамзат тілінің шығуы адамның пайда болуы және адам баласы қоғамының пайда болуы тәрізді күрделі мәселелермен тығыз байланысты.Осылай болғандықтан бұл мәселелерді бірін екіншісіне байланыстырмай, жеке дара күйінде алып қарастыру да, тыңғылықты түрде шешу де мүмкін емес.


Бақылау сұрақтары:
1.Тілдің шығуы
2.Тілдің жасалуы
3.Тілдің өзара әсерлері
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010

2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987

3.Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. А.,1997

4.Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002
28 дәріс тақырыбы: Тілдің даму заңдылықтары 
1. Тілдің даму заңдылықтары туралы түсінік

2.Тілдің дамуының жалпы заңдары

3.Тілдің дамуының жеке заңдары

4.Тілдердің өзара әсері

Тілдің даму заңдылықтары туралы түсінік тіл біліміндегі зерттеу еңбектерде көп үшырасқанымен, оның нақты анықтамасы жасалмаған. Негізгі себептерінің бірі — тілдің дамуы мен өзгеруі жайындағы ұғымдардың толық ажыратылмауы. "Даму" термині екі түрлі мағынада түсіндіріледі: 1) тіл бірлігінің қалпының езгерісі; 2) қоғамдық қажеттілікке сәйкес тілдің өзгеру үдерісі.

Тілдің дамуы туралы Н.Я.Маррдың-сатылық даму теориясы, ағайынды Шлегельдер мен Гумбольдтың ұстанған бағыты – тілдің өткен дәуірін- классикалық дәуір, тілдің гүлденіп дамыған дәуірі, ал бергі дәуірлер – тілдің азу, бүліну дәуірлері деп есептеген. Тілдердің өзара байланысы екі түрлі жолмен болады. Бірі-тоғысу, екіншісі-тілдік элементтердің енуі. Тоғысу, субстрат, адстрат, суперстрат.Тілдің тоғысуы дегеніміз этникалық топтардың бірігуі, осының негізінде субстрат пайда болады. Субстрат дегеніміз – жеңген тілдегі жеңілген тілдің элементтері. Адстрат - әр түрлі халықтардың ұзақ уақыт бірге өмір сүріп, қарым-қатынаста болу нәтижесінде пайда болған тіл жүйелеріндегі өзгерістер.

Бақылау сұрақтары:

1. Тілдің даму заңдылықтары туралы түсінік



2.Тілдің дамуының жалпы заңдары.

3.Тілдің дамуының жеке заңдары.

4.Тілдердің өзара әсері.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет