№8 дәріс тақырыбы: Қазақ тіліндегі буын үндестігі, дыбыс үндестігі 1.(Сингармонизм). Дыбыс үндестігі (Ассимиляция, диссимиляция)
2. Қазақ тіліндегі буын үндестігі (Сингармонизм)
3. Дыбыс үндестігі (Ассимиляция)
4. Диссимиляция жайлы түсінік
Сингармонизм – гректің Sun «бірге» және hanmoni «байланысу, үндесу» деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин.
Тіліміздегі байырғы сөздердің басым көпшілігі не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке айтылады.Мысалы:Жуан сөздер: балалар, қалалар, қызылдау.Жіңішке сөздер: жерлерді, ініміз, күнделік. Дауыстылардың бір – бірімен үндесуі сингармонизм деп аталады.
Түркі тілдеріндегі байырғы сөздерде сингармонизм екі түрде ұшырасады.
1. Дауысты дыбыстар тілдің қатысты жағынан.
2.Еріннің қатысы бір – бірімен өзара үндесіп айтылады.
Лингвальдық (латын тілінің lioguo – «тіл» деген сөзі бойынша жасалған) – сингармонизм.
Сөз құрамында соңғы буындардағы дауыстылар алдыңғы буындағы дауыстың әуеніне қарай ыңғайланып айтылады. Дауыстылардың бұлайша үндесуі лингвальдық сингармонизм деп аталады.
Ерін үндестігі немесе лабиальдық (латын бойынша labialis «еріндік» деген сөзі бойынша жасалған) – сингармонизм. Бастапқы буындағы ерін .дауыстының ыңғайына қарай, соңғы буындар да ерін дауыстылардың келуі дауысты дыбыстардың ерін қатысы жағынан үндесуі нәтижесінде болады.
Ассимиляция ( лат.-ұқсау) морфемалардың жігінде көрші келген дауыссыздардың акустика-артикуляцияық жақтан бір-бірінің ұқсауы, бейімделуі, өзара тіл табысуы. Қазақ тілінде прогрессивті ассимиляция өте күшті. Бұл заң бойынша алдыңғы морфеманың соңғы дауыссыз дыбысы кейінгі морфеманың басқы дауыссыз дыбысына акустикалық жақтан ықпал етіп, игеріп тұрады.
Регрессивті ассимиляция кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа әсері арқылы реттеуді мақсат етеді.
Диссимиляция (лат.ұқсамау) дыбыстардың комбинаторлық өзгерістерінің бір түрі ретінде қарастырылады. Ол бір сөздің ішінде артикуляциялық ұқсастығы жоқ екі немесе одан да көп дыбыстың келуі.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ тіліндегі буын үндестігі (Сингармонизм) дегеніміз не?
2. Дыбыс үндестігі (Ассимиляция)дегеніміз не?
3. Диссимиляция дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010
2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987
3.Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. А.,1997
4.Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002.
№9 дәріс тақырыбы: Дыбыстардың алмасуы. Комбинаторлық немесе позициялық өзгерістер мен спонтандық өзгерістер.
1.Дыбыс өзгерістерінің басты түрлері: игерулі, шектік, игерусіз.
2. Игерулі өзгерістердің қазақ тілінде жиі кездеспейтін түрлері.
3. Дыбыс өзгерістерінің басты түрлерінің өзіндік ерекшеліктері.
Комбинаторлық өзгерістер тек қана сөз ішіндегі, сөз аралығындағы, сөздің мағыналы бөлшектерінің арасындағы іргелес тұрған немесе бір-бірінен алшақтап тұрған бір фонеманың екінші фонемаға ілгерінді,кейінді, кейде тоғыса келіп, тигізетін әсерінен болады. Позициялық өзгерістер белгілі бір сөздің шенінде болатын өзгерістер.Оған протеза,эпентеза,элизия т.б. жатады. Ал спонтандық өзгерістер кейбір сөздердің дыбыстық құрамы ешқандай өзгеріске ұшырамай-ақ бірнеше түргі ауысуы мүмкін.Мысалы,мысық-мышық,секер-шекер т.б.
Бақылау сұрақтары:
1.Игерулі өзгерістердің қазақ тілінде жиі кездеспейтін түрлері қандай?
2. Комбинаторлық немесе позициялық өзгерістер мен спонтандық өзгерістер туралы не білеміз?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы.-А., 2000, 2004.
2.Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер.- А., 1988.
3.Қазақ граматикасы.- А., 2002.
4.Аханов К. Тіл білімінің негіздері.-А., 2002.
№10 дәріс тақырыбы: Жазу және оның даму кезеңдері
1. Жазудың қандай түрлері бар?
2. Жазу және оның даму кезеңдері
Тіл өзінің қатынас құралы болу қызметін ауызша түрде де, жазбаша түрде де атқара алады. Дыбыстық тіл жазу арқылы таңбаланады. Соның нәтижесінде оның қатынас құралы ретінде қолдану шеңбері кеңейеді. Жазу – адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, өмірдің барлық салаларында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал.
Қазірде біз жазба тілді ауызша тілдегі сөздердің жазбаша түрде әріптердің тіркесімен белгіленуі деп түсінеміз. Бірақ алғашында бұлай болмаған. Жазудың тарихына көз жіберсек, әріппен таңбалаудың кейіннен пайда болғанын көреміз. Жазу өте ерте заманда жасалып, мыңдаған жылдар бойы өзгеріп, дамып келді. Жазудың мыңдаған жыл бойына дамып жетілуімен бірге, оның принциптері де өзгеріп отырды.
Пиктографиялық жазу. Бұл жазудың ең алғашқы түрі. Пиктографиялық жазу – суретке негізделген жазу. Сондықтан оны кейде сурет жазуы деп те атайды. Пиктографиялық жазудың таңбалары пиктограммалар деп аталады.
Пиктографиялық жазудың біртіндеп даму барысында идеографиялық жазу пайда болды. Идеографиялық жазудың таңбалары идеогрммалар деп аталады. Идеографиялық жазудың даму барысында идеограммалар пиктограммалардан біртіндеп алшақтап, ақырынды идеограммалар белгіленетін заттың сыртқы формасына дәлме-дәл негізделуден қалып, шартты таңбалар ретінде қолданыла бастады. Идеографиялық жазудың үлгілерін өтө ертедегі қытай жазуы мен шумер жазуынан көруге болады.
Жазудың даму барысында буын жазуы пайда болады. Жазудың буын жүйесінде таңба буынды белгілейді. Жазудың буын жүйесі шығу тегі мен таңбалардың фонетикалық мағынасы жағынан бірнеше түрге бөлінеді. Бақылау сұрақтары:
1. Қоғамның және тілдің дамуындағы жазудың рөлі қандай?
2. Жазудың шығуы мен даму кезеңдері жайлы не білесің?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010
2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987
3.Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. А.,1997
4.Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002
№11 дәріс тақырыбы:Алфавит. Графика. Орфография. Орфоэпия. Транскрипция мәселесі
1. Орфоэпия туралы түсінік.
2. Қазақ әдеби тілі орфоэпиясын зерттеген ғалымдар
Орфоэпия(грекше orthos-дұрыс және epo- сөйлеу) сөздер мен бунақтардың (сөз тіркестерінің) бірізді, дұрыс айтылуын қамтамасыз ететін ережелер жиынтығы.
Сөздердің бірізді айтылуы (сондай- ақ бірізді жазылуы) тілдік қатынасты жеңілдетеді.Керісінше,белгілі бір мағынада қолданылатын сөздің дыбыстық құрамының бірдей болмауы түсінікті ауырлатып,көңілді алаңдатады.Көрнекті ғалым Н.Сауранбаев 1947 жылы орыс графикасына негізделген қазақ жазуы туралы былай деп жазады. “Сөздің дыбысталуы мен айтылуының арасындағы арақашықтық біржола жойылды”
Қазақ тілінің орфоэпиялық нормасы және оның маңызы туралы алғаш пікір айтушылардың бірі проф – М.Балақаев.Ол өзінің “Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері” деп аталған еңбегінің алғы сөзінде былай дейді: “Бірақ сөздердің айтылу нормасы және сол норманы сақтап сөйлеу мәселесі ескерілмей, елеусіз қалып келеді. Сондықтан да бізде бұл мәселе жөнінде күні бүгінге дейін ала-құлалық байқалады. Мына сөз былай айтылмайды, былай айтылады, мынасы дұрыс, мынас теріс дегенді көп есітпейміз. Кім қай сөзді қалай айтады, қалай есітеді – бәрібір – әйтеуір нобайы келсе болғаны. Бұл кемшіліктерден арылу үшін әрбір сөздің дұрыс айтылу нормасын сақтап сөйлеуді тіл мәдениетінің басты талаптарының бірі етіп қою керек ”.
Бақылау сұрақтары:
Орфоэпияның зерттелу нысаны жайлы не білесіз?
Мақсаты мен міндеттеріне тоқталыңыз
Ұсынылатын әдебиеттер:
Мырзабеков С, «Қазақ тілінің фонетикасы», Алматы,2004 жыл
Аралбаев Ж, «Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер» Алматы,1988жыл
Досмұхаметұлы Х, «Аламан» Алматы,1991
№12 дәріс тақырыбы: Тілдің лексикалық жүйесі мен құрамы.Лексикология және оның түрлеру мен салалары
Лексикологияның міндеті мен зерттейтін нысаны
Лексикология және оның түрлері мен салалары
3. Сөзге тән басты белгілер. Сөздің лексикалық мағынасының түрлері
4. Сөздің көп мағыналылығы. Омоним, синоним, антоним құбылыстары
Лексикология сөзді және сөздердің жиынтығы – тілдің сөздік құрамын (лексикасын) зерттейді. Жеке лексикология белгілі бір тілдің сөздік құрамын шығуы мен тарих бойында дамуы тұрғысынан немесе тілдің сөздік құрамын сол тілдің белгілі бір дәуірдегі, мысалы, қазіргі дәуірдегі қалпы тұрғысынан қарауы мүмкін. Осыған орай, лексикология тарихи лексикология және сипаттама лексикология болып бөлінеді.
Тарихи лексикологияның бір саласы – этимология. Этимология сөздердің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашқы мағынасының қандай болғандығын айқындайды. Тілдің лексикасындағы әрбір сөзде белгілі бір мағына бар. Сөздердің мағыналық жақтары семасиологияда қарастырылады. Лексикологияның семасиология тарауымен тығыз байланысты бір саласы – ономосиология деп аталады. Семасиология сөздің мағыналарын, семантикалық заңдарды зерттесе, ономосиология зат немесе құбылыс ұғымының белгілі бір сөзбен аталуының неліктен екендігін қарастырады. Ономосиологияның айрықша бір саласы – ономастика жалқы есімдерді зерттейді. Ономастика өз ішінде екі салаға бөлінеді: оның бірі – антропонимика кісі аттарын зерттеу объектісі етіп алса, екіншісі – топонимика географиялық атауларды зерттеу объектісі етіп қарастырады.
Лексикологияның жүрегі тас төбесіне шығу (қорқу), қас пен көздің арасында деген сан алуан фразеологиялық сөз тіркестерін зерттейтін лексикологияның арнаулы бір саласы фразеология деп аталады.
Сөз - өте-мөте күрделі тілдік единица. Сөздің екі жағы бар: оның бірі – сөздің дыбысталу жағы, екіншісі – сөздің мағыналық жағы. Тарихи тұрғыдан қарағанда, сөз мағыналары негізгі мағына және туынды мағына деп аталатын екі түрге бөлінеді.Тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан алып қарағанда, сөз мағыналарын екі түрге бөліп қарауға болады: оның бірі – тура мағына, екіншісі келтінді (немесе ауыспалы) мағына. Сөздің келтірінді мағынасы бір емес бірнеше болуы мүмкін. Келтірінді мағыналар өз ішінде метафоралық мағына және метафонимиялық мағына болып сараланады.
Бақылау сұрақтары:
1.Лексикологияның зерттеу нысаны мен міндетіне не жатады?
2.Лексикологияның қандай салалары бар?
3. Сөз дегеніміз не?
4 .Сөздің көп мағыналылығы (Полисемия) дегеніміз не?
5.Сөздің тура және ауыспалы мағыналары туралы не білесің?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010
2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987
3.Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. А.,1997
4.Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002.
№13 дәріс тақырыбы: Полисемия және сөздің лексикалық мағыналарының түрлері
1. Полисемия құбылысы туралы
2. Полисемия мен омонимияның айырмашылығы
Полисемия мен омонимияны бір-бірінен ажырата білу керек. Бұларды бір-бірінен ажырату проблемасы тіл білімінде өте-мөте күрделі мәселе болып саналады. Сөздіктерді жасауда бірде-бір лексикограф (сөздік жасаудың маманы) полисемия мен омонимияны бір-бірінен ажырату проблемасына соқпай өтпейді.
Лексикалық омонимдер айтылуы бірдей, бірақ мағыналары (семалары) бөлек сөздер. Омонимдердің айрықша түрлері болады. Олар – омофондар мен омографтар, омофоралар мен паронимдер.
Мағыналары бір-біріне жақын, өз ара мәндес сөздер синонимдер деп аталады.Өз ара мәндес сөздерден синонимдік қатар құралады. Антонимдер - мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.Антонимдес болатын сөздердің басым көпшілігі сын есімдер.
Бақылау сұрақтары:
1.Полисемия және омоним құбылыстарының айырмашылығы қандай?
2.Полисемия құбылысы дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010
2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987
3.Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. А.,1997
4.Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002.
№14 дәріс тақырыбы: Лексика-семантикалық топтар туралы. Омонимдер. Синонимдер. Антонимдер.
1. Лексика-семантикалық топтар туралы.
2.Омонимдер,синонимдер,антонимдер жайлы
Лексикология сөзді және сөздердің жиынтығы — тілдің сөздік құрамын (лексикасын) зерттейді. Сөз лексикологияда лексикалық единица ретінде қарастырылады. Лексикалық единицалардың (сөздердің) жиынтығынан тілдің сөздік кұрамы /лексикасы) кұралады. Әрбір тілдің сөздік кұрамындағы сөз-қаншама көп және алуан түрлі болғанмен, олар бір-бірімен байланысты, өз ара шарттас элементтердің жүйесі ретінде өмір сүреді және дамиды. Осыған орай, лексикологияда тілдің сөз-құрамы лексикалық жүйе ретінде құралады да, сөз тілдің лексикалық жүйесінің элементі ретінде қаралады.
Нақты бір тілдің лексикасы және оның ерекшеліктері жеке лексикологияда (частная лексикология) қарастырылады. Жалпы лексикология мен жалқы (жеке) лексикология бір-бірімен байланыста болады. Сондай-ак, тілдің сөз мағынасының өзгеруі, көп мағыналы сөздердің жасалуы және синонимдік қатарлардын пайда болуы — осылардың бәрі тілдердің барлығында да бар. Сөз тудырудың бір тәсілі — сөздерді біріктіру тәсілі. Сөз тудырудың біріктіру тәсілі әр түрлі тәсілдерде түрліше дәрежеде көрінуі және әрекет етуі мүмкін. Бұл тәсіл, мысалы, басқа тілдерге қарағанда, көбінесе неміс тіліне тән және неміс тілі үшін ең өнімді тәсіл болып саналады. Омонимдер және олардың фонетикалық өзгерістердің нәтижесінде, түбірге омонимдес аффикстердің жалғануы немесе сөздің семантикалық дамуы нәтижесінде жасалуы түрлі тілдерде кездесе береді. Аталған тәсілдердің ішінде аффикстердің жалғануы арқылы туынды омонимдердін жасалуы әсіресе орыс тіліне өте-мөте тән болып саналады.
Айтылуы бірдей болғанмен, мағыналары бөлек-бөлек сөздерді омоним дейді. Мысалы, аяқ деген сөз әрі ыдыстың бір түрі және адамның дене мүшесі мағыналарын білдіреді. Бұл мағыналардын арасында байланыс жоқ. Демек, аяқ деген сөз бірдей айтылғанмен әр мағынасы бөлек-бөлек сөз болып табылады. Омоним сөздерді көп мағыналы сөздермен шатастыруға болмайды. Мағыналары бір-біріне жақын, мәндес сөздерді синоним дейді. Мысалы, әдемі, сулу, келбетті, немесе қысқа, шолақ, келте, немесе күшті, мықты, берік т. б. сөздердің мағыналары бір-біріне жақын, сондықтан да көбіне-көп оларды бірінің орнына екіншісін қолдана беруге болады: әдемі қыз — сұлу қыз, келбетті қыз немесе күшті жігіт, мықты жігіт, берік жігіт Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді антонимдер дейді. Мысалы: Жоғары — төмен үйрек-қаз ұшып тұрса сымпылдап.
Бақылау сұрақтары:
1. Лексика-семантикалық топтар туралы дегеніміз не?
2.Омоним,антоним,синомдер дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010
2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987
3.Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. А.,1997
4.Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002.
№15 дәріс тақырыбы: Табу мен эвфемизмдер
1.Табу және эвфемизмдер туралы түсінік
2. Табу мен эвфемизмдердің этнолингвистикалық табиғаты
Табу (полинезиялық тайпалар тілінен аударғанда «тыйым салу») — алғашқы қауымдық құрылыс мәдениетімен тығыз байланысты діни негіздегі үзілді-кесілді тыйым салуды талап ететін ұғым. Терминді алғаш рет ағылшын жиһанкезі Кук енгізген болатын. Табуда екі ұғым — киелілік пен тыйым салынғандық, қасиеттілік пен қорқыныш тоғысады. Табу белгілі бір тұлғаларға да, белгілі бір қоғамдық ұжымдарға да қатынасты қолданылады.
Табу қасиеттілік туралы түсінік қалыптасқан барлық мәдениеттерде кездеседі. Әр мәдениеттің өзіне сай заттарға, іс-әрекеттерге немесе сөздерді айтуға салынатын тыйым түрлері бар.
Эвфемизм (грек. eu – жақсы, phemі – айтамын) – мағынасы тұрпайы сөздерді басқа атаумен ауыстырып, сыпайылап жеткізу. Эвфемизм қоғамдағы моральдық, этикалық норма негізінде қалыптасып, сыпайыгершілік пен әдептілікке байланысты туған. Эвфемизм – тілдегі ауыспалы мағынадағы сөздерді толықтырып отыратын көркемдеуіш, бейнелеуіш құралдардың бірі. Эвфемистік мағына тудырудың тәсілдеріне метафора, метонимия, синекдоха, символ,ирония, парафраза, эпитет сияқты топтармен қатар фразалық тіркес пен мақал-мәтелдер, сондай-ақ есімдік пен эллипс те жатады. Мысалы, “өлді” деудің орнына қайтыс болды, дүние салды, жан тәсілім етті, т. б. сөз орамдары айтылады.
Бақылау сұрақтары:
1.Табу сөздер дегеніміз не?
2. Эвфемизм дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010
2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987
3.Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. А.,1997
4.Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002.
№16 дәріс тақырыбы: Этимология және «халық» этимологиясы
1. Этимология туралы түсінік
1.Этимология және «халық» этимологиясы жайлы
Этимология (грек. etymos – ақиқат, шындық, logos – білім) – сөз төркінін зерттеп, айқындаушы тарихи лексикологияның және жалпы тіл білімінің бір саласы болып табылады. Этимологияның зерттеу нысанына, негізінен тілдегі жеке сөздер, сөз тіркестері, грамматикалық тұлғалар жатады. Этимологиялық зерттеу нысаны тек мағынасы ұмыт болуына, не күңгірттенуіне байланысты жеке-дара қолданылмайтын сөздер, тұлғалар ғана емес, сонымен қатар тілімізде дербес те жүйелі түрде қолданылатын жалпы лексика-грамматикалық мағынасы айқын сөздер мен сөз тұлғалары да бола береді. Этимологиялық зерттеулер мақсаты мен нысанына қарай әр алуан тәсілдер мен принциптерге сүйенеді. Солардың ішінде жиі қолданылатындары: тарихи-салыстырма тәсілі, морфемдік-модельдік талдаулар, түбірін індете зерттеу, т.б. Этимологиялық зерттеулер мен сөздіктер алдына қойған мақсатына байланысты бір тілге, не бір топтағы туыстас бірнеше тілдерге бағындырылуы мүмкін. Этимологиялық зерттеулердің қай түрі болмасын, қандай тілге бағытталмасын ғыл. тұрғыдан үш түрлі, атап айтқанда, фонет., морфол. және семант. принцип-критерийге сүйенуі шарт. Этимологиялық зерттеуге қойылатын тағы бір шарт – тарихи факторлармен санасу. Фонетикалық принцип – әрбір тілдің немесе бір топтағы туыс тілдердің дыбыстық жүйесіне тән (сингармонизм – үндестік пен ассимиляция, дыбыс алмасу мен дыбыстық сәйкестігі, дыбыстың түсіп қалуы мен қосымша дыбыстың пайда болуы, дыбыстардың қосарлануы мен әлсізденуі, дыбыстардың ұзаруы мен қысқаруы, орын алмастыру мен апокопа, элизия мен флексия мен фузия т.б.) сан алуан фонетикалық заңдылықтарды қатаң ескеруді талап етеді. Морфологиялық принцип – сөздердің тұлғалық өзгерістеріне байланысты заңдылықтарына негізделеді. Лексемаларға жасалатын морфол. талдаудың басты мақсаты, мәселен, Семантикалық принцип – сөздердің мағынасын анықтауда этимологияның негізгі критерийлерінің бірі болып саналады. Сөз мағыналарының көнеруі, күңгірттенуі, ұмыт болуы, тоғысуы, іштей жіктеліп, көп мағынаға, тіпті біртекті омонимдерге айналуы, т.б. сөз табиғатына тән семантикалық заңдылықтар – этимологиялық принцип. Тарихи принцип – этимологияның тарихи лексикологиямен, этнолингвистика және этнография, т.б. тоғысар бір туысы. Этимологияның түрлері үш топқа (ғылыми, қызықты, халықтық) бөлінеді. Ғылыми этимология – жоғарыдағы аталған төрт түрлі принципке, яғни тіл дамуының объективті заңдылықтарына сүйеніп жасалған. Қызықты этимология– сөз төркінін ашуда аталатын принциптерге тереңдеп бара білмейтін, дәйектілігі белгілі бір деректермен шектелген, сөздердің сыртқы тұлғасы және бөлігі контекстегі мағынасымен қанағаттанатын, бірақ өзінің сиқырлы сырымен жұртшылықты қызықтырып, қалың бұқара арасына тез тарап кететін этимологиялар жатады. Халықтық этимология – сөз бен сөз тіркестерінің табиғатын оларға тән өзгеру, түрлену, даму, жасалу, т.б. заңдылықтарымен, этимологияның ғыл. принциптерімен санаспай, табиғатын басқа зат пен құбылыс атауларының кездейсоқ, не тым алыс ұқсастықтарын жақындастыру арқылы анықтауға бейім тұрады. Этимологиялық зерттеулердің түрлері көп. Солардың көп тарағаны және пайдалануға қолайлысы – этимологиялық сөздіктер. Мамандардың пікірінше, түркі тілдері бойынша жарық көрген әр деңгейдегі этимологиялық сөздіктердің 7 түрі бар.
Бақылау сұрақтары:
1. Этимология дегеніміз не?
2.Этимология және «халық» этимологиясы нені зерттейді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010
2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987
3.Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. А.,1997
4.Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002.
№17 дәріс тақырыбы:Тілдің сөздік құрамы
1.Тілдің сөздік құрамы
2. Этимология және олардың түрлері
3. Лексикография және сөздіктердің түрлері
Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы сол тілдің сөздік құрамын немесе лексикасын құрайды. Сөздік құрамға тілдің күллі сөз байлығы енеді. Сөздік құрамның ең басты және тұрақты бөлшегі – негізгі сөздік қор. Негізгі сөздік қор – бүкіл лексикалық байлықтың басты тұлғасы, негізгі ұйтқысы. Тілдің сөздік құрамы үздіксіз даму үстінде. Тілдің сөздік құрамына тән қасиет туынды жаңа сөздермен толығып, үнемі даму үстінде болады.Туынды сөздерді тудыру тәсілдері:
Этимология сөздердің шығуын зерттейді. Этимология өзі екіге бөлінеді: халықтық этимология және ғылыми этимология. Соңғы кездері халықтық этимология кеңінен зерттелуде.
Лексикография-сөздіктер жасаудың тәжірибесі және оның теориясымен айналысатын тіл білімінің саласы. Сөздіктің түрлері.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ тілінің сөздік құрамы дегеніміз не?
2.Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамының шығу арналарына на жатады?
3.Қазақ тілінің сөздік құрамы, оның қалыптасуы мен дамуы.
4. Негізгі сөздік қор дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997
2.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.
3.Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.А.,2008.
4. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010
№18 дәріс тақырыбы: Фразеологиялық оралым және олардың түрлері
1. Фразеологиялық оралым туралы түсінік
2. Фразеологиялық оралым және олардың түрлері
Фразеология-тұрақты тіркестер туралы ғылым. Фразеологизмдердің түрлері: идиомалар, фразалар, штамптар, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер. Фразеологизмдерге тән қасиеттер: мағына тұтастығы, тіркес тиянақтылығы, даяр күйде қолданылуы. Түрлері: фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық сөйлемдер, фразеологиялық тізбектер.
Кемінде екі сөздің тіркесімен жасалған, мағынасы біртұтас, құрамы мен құрылымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік единица, әдетте, фразеологиялық оралым деп аталады. Фразеологиялық оралым тілде басқа единицалармен, атап айтқанда, бір жағынан, сөзбен, екінші жағынан , еркін сөз тіркесімен, шектесіп жатады.
Фразеологиялық оралым мағына тұтастығымен сипатталады. Фразеологиялық оралым тұрақты қасиетімен сипатталады. Оның тұрақтылық қасиеті мынадан көрінеді: фразеологиялық оралым бүтіннің бөлшектері ретінде үғынытатын, өз ара тығыз байланысты сыңарлардан (сөздерден) қүралады да, ол сыңарлар бірінен кейін бірі әбден қалыптасқан тәртіппен орналасады, басқа сөздермен ауыстырылмайды, қалыптасқан орын тәртібі өзгермейді. Құрамы мен сыңарларының орын тәртібінің тұрақтылығы жағынан фразеологиялық оралымдар жеке сөздердің құрамындағы морфемалардың орын тәртібін еске түсіреді. Орыс тіліндегі фразеологизмдерді зерттеуші Н .М. Шанский сөздің Академик В.В. Виноградов фразеологиялық единицаларды бүтіндей фразеологизмнің бір тұтас мағынасы мен оны құрастырушы сыңарлардың мағыналарының ара қатынасы тұрғысынан фразеологиялық тұтастық, (фразеологическое сращение), және фразеологиялық тізбек (фразеологическое сочетание) фразеологиялық бірлік (фразалогическое единство) деп үш түрге бөлінеді. Орыс тіліндегі фразеологизмдерді зерттеуші Н.М.Шанский аталған классификацияны қолдай келіп, фразеологиялық оралымдардың төртінші түрі фразеологиялық сөйлемше (фразеологическое выражение) деп есептелді.
Фразеологиялық оралымдардың ішінде құрылымы жағынан да, мазмұны жағынан да тілдің коммуникативті единицасы- сөйлемге сәйкес келетіндері бар. Бұлар мақалдар мен мэтелдер жэне қанатты сөздер.
Бақылаусұрақтары:
1.Фразеологиялық оралым және олардың түрлері
2. Фразеологиялық оралымдарға қатысты ғалымдардың пікірлері
Достарыңызбен бөлісу: |