молекулалық физика – заттың құрылысы мен қасиеттерін барлық денелер үздіксіз хаосты қозғалыстағы молекулалардан тұрады дегенге негізделген молекулалық – кинетикалық түсініктерді басшылыққа лаып қарастыратын физиканың бөлімі;
моль – молекулаларының немесе атомдарының саны Авогадро санына ( моль ) тең зат мөлшер;
санақ жүйесі – басқа материалдық нүктелер қозғалысы қатысты қарастырылатын дене мен координаттар жүйесі және уақыт;
статика – күштің әсерінен материалық денелердің тепе-теңдік шартын қарастырады;
қозғалыс траекториясы – дененнің кеңістіктегі қалдырған ізі; орын ауыстыру – дененің бастапқы және соңғы орындарын қосатын вектор;
орташа үдеу – жылдамдық өзгерісінің сол өзгеріс болған уақытқа қатынасына тең шама;
үдеудің тангенсал құраушысы – жылдамдық шамасының өзгеру тездігін сипаттайтын шама;
үдеудің нормаль құраушысы – жылдамдықтың бағыты бойынша өзгеру тездігін сипаттайтын шама;
ішкі күштер – механикалық жүйенің материалық нүктелері арасындағы әсерлесу күштері;