когерентті толқындар – уақыт бойынша фазалар айырымы тұрақты болып қалатын толқындар;
потенциалдық күш – орын ауыстыру жүмысы орын ауыстыру траекториясына тәуелсіз болатын жұмыс кезіндегі күш;
потенциалдық энергия – денелер жүйесінің өзара орналасуына және әсерлесу күштеріне қатысты анықталатын жүйенің механикалық энергиясы;
сыртқы күштер – жүйенің материалық нүктелеріне сыртқы денелердің әсер ету күші
толқындар интерференциясы – когерентті толқындардың қабаттасуы кезінде бірін-бірі күшейту немесе әлсірету құбылысы;
тұйық жүйе – сыртқы күштер әсер етпейтін жүйе;
толқын ұзындығы – бірдей фазада қозғалатын екі нүктенің ара қашықтығы
қуат – бірлік уақытта істелетін жұмысқа тең шама;
тыныштық энергиясы – дененің ішкі энергиясы, дененің барлық бөлшектерінің кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысы;
тербелетін нүктенің ығысуы – тербелетін нүктенің тепе-теңдік қалпынан ауытқуы