Дәріс № 2 Жарық толқындарының интерференциясы
Дәріс сабағының мазмұны:
Толқындық түйдек.
Жарықтың топтық жылдамдығы.
Жарық толқындарының интерференциясы.
Уақыттық және кеңістік когеренттік.
Интерферометрлер.
Дәріс сабағының қысқаша мазмұны: Жарық табиғаты жайлы екі теория қалыптасқан: корпускулярлық және толқындық. Жарықтың толқындық теориясы Гюйгенс принципіне негізделген: толқын келіп жеткен кез-келген нүкте екінші реттік толқын көзі болып табылады, ал осы толқындарды шектеуші сызық келесі уақыт мезетіндегі толқындық майдан орнын береді. Толқындық майдан деп уақыт мезетінде тербелістер келіп жететін нүктелердің геометриялық орнын айтады.
Интерференция құбылысын толқынның интерференциясын мысалға ала отырып түсіндіруге болады. Жарық интерференциясы үшін қажетті шарт: жарық толқындары монохроматты және когерентті болуы қажет. Интерференция құбылысын бақылау үшін, бір жарық көзінің сәулесін екі саңылаудан өткізіп, оларды когерентті жарық көздері ретінде қарастырады
мұнда - толқындар жүрісінің айырмасы; ; - экран ортасынан интерференция бақыланатын А нүктесіне дейінгі қашықтық.
Толқындар жүрісінің айырмасы , болғанда интерференциялық максимум, ал , болғанда интерференциялық минимум бақыланады.
Бақыланылатын нүктедегі максимум
;
ал минимум
;
Көршілес екі максимумдар (немесе) минимумдардың арақашықтығы интерференциялық жолақтың ені делінеді
абиғатта жұқа қабықшаның екі жазықтығынан шағылған жарық интерференция нәтижесінде қабықшаның түрлі түске боялынуын бақылауға болады.
Қалыңдығы мөлдір пластинаға сәуле бұрышпен түссін. нүктесінде сәуленің біразы шағылып 1 сәуле түрінде ауаға өтеді. Сынған сәуле С нүктесінде біразы шағылып В нүктесіне келеді. . Бұл нүктеде біразы шағылып, біразы сынып 2-ші сәуле түрінде ауаға өтеді.
.1-сурет
Пластинаның жоғарғы және төменгі беттерінен шыққан 1 және 2 сәулелер когерентті. Егер бұл сәулелердің жолына жинағыш линза қойса линзаның фокальдық жазықтығында (Р нүктесінде) интерференциялық бейнені бақылауға болады. Интерференцияланушы бұл сәулелердің жазықтығына дейінгі жүрген оптикалық жол ұзындықтарының айырмасы
Оптикалық жол ұзындығы геометриялық жол ұзындығы мен ортаның сыну көрсеткішінің көбейтіндісіне тең. Пластинаның сыну көрсеткіші , пластинаны қоршаған ауаның сыну көрсеткіші мүшесі жарықтың орталар шекарасында шағылу нәтижесінде жоғалатын толқын шамасы. Егер ( ) болса, жарым толқынның жоғалуы нүктесінде болады, онда, таңбасы теріс ( ), ал болса, жарым толқын жоғалуы С нүктесінде болады да, таңбасы плюс болады.
2.2.1.1-суретте ; және олай болса
Р нүктесінде максимум болады, егер
,
минимум болады, егер
,
Интерференция құбылысы дәлді өлшеуіш приборларда - интерферометрлерде қолданылады.
Бақылау сұрақтары: Толқындық түйдек.
Жарықтың топтық жылдамдығы.
Жарық толқындарының интерференциясы.
Уақыттық және кеңістік когеренттік.
Интерферометрлер
Ұсынылатын әдебиеттер: Савельев И.В. Жалпы физика курсы. т. 1,2,3, Алматы, Мектеп, 1977
Трофимова Т.И. Курс физики, М.,Высшая школа, 1985ж.
Зисман Г.А. Тодес О.М. Курс общей физики. Т.3.- М: Наука, 1970
Яворский Б.М. и другие. Курс физики. Т-3.- М: Высшая школа. 1964-1973
Детлав А.А., Яровский В.М., Милковская Л.В. Курс физики. т. 2,3. М., Высшая школа, 1877