Пәнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы»



бет25/36
Дата06.02.2022
өлшемі3,32 Mb.
#79375
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36
Байланысты:
ВМС каз
умк хто-17-1
Зертханалық сабақтар


Зертханалық сабақ 1 – Ұнтақ тәрізді полимерлер тығыздығын анықтау
Сабақ мақсаты:Ұнтақ тәрізді полимерлер тығыздығын анықтау
Зертханалық сабаққа рұқсат алу сұрақтары:
1. Полимерлердің физикалық қасиеттері қандай факторларға тәуелді?
2. Полимерлер тығыздығын басқа қандай әдістермен анықтауға болады?
3. Полимерлер тығыздығын пикнометриялық анықтау әдісінің артықшылығы неде?
Жұмыс барысы:Қолданар алдында пикнометрді хром қоспасымен өңдеп, дистиллденген сумен және спиртпен мұқият жуып, су сорғалғыш насос көмегімен кептіреді. Кептірілген пикнометрді 0,0002 г дейін дәлдікпен өлшеп, кішкентай шұңғыма арқылы белгіден 2-3 мм жоғары дистиллденген сумен толтырып, термостатта 20° С температурада 20 мин кем емес ұстайды. Кейін фильтр қағазы көмегімен пикнометрдегі су деңгейін белгіге дейін жеткізеді де, пикнометрді тығынмен жауып термостаттан алып шығады. Пикнометр сыртын мұқият сүртіп, 0,0002 г дейін дәлдікпен өлшейді. Кептіргеннен кейін пикнометрге 1—3 г зерттелетін полимер салып, массасын анықтайды. Кейін өлшеме салынған пикнометрге полимер ерімейтін және ісінбейтін сұйықтық құйылады. Сұйықтық деңгейі заттың деңгейінен жоғары болатындай пикнометрге құйылады. Ауа көпіршіктерін жою үшін, пикнометрді тығынсыз жай ғана қыздырып, шайқайды. Содан кейін пикнометрге белгіден 2—3 мл жоғары сұйықтық құяды, температурасын тұрақтандырып, сұйықтық деңгейін белгіге дейін жеткізіп, массасын өлшейді. Пикнометрді жуады, кептіреді, содан кейін анықтауға жұмсалған сұйықтығы бар пикнометр массасын анықтайды.
Зерттелетін полимердің салыстырмалы тығыздығын келесі формула бойынша анықтайды:

мұндағы G – зерттелетін полимер массасы, г; Р0 – бос пикнометр массасы, г; Р1 – пикнометрдің сумен массасы, г; Р2 – анықтау жүргізілген сұйықтығы бар пикнометр массасы, г; Р3 – пикнометрдің зат және сұйықтықпен массасы, г.


Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Полимерлердің технологиялық қасиеттері олардың тығыздығына қалай тәуелді болады?
2. Полимер тығыздығы мономер тығыздығынан неліктен артық болатынын түсіндіріңіз?
3. Полиолефиндер тығыздығы қандай? Олар тығыздықтың қандай шамаларына ие болады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет