ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Органикалық заттар технологиясының теориялық негіздері» 5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет1/22
Дата01.04.2017
өлшемі2,95 Mb.
#13013
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

ПОӘК 042–18-10.1.24/03 – 2013


18.09 2013ж.

№1 басылым



беттің беті






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қ. ШӘКӘРІМ АТЫндағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ

3 деңгейілі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-10.1.24/03-2013



ПОӘК

«Органикалық заттар технологиясының теориялық негіздері» пәнінен оқу-әдістемелік материлдары




18.09 2013ж.

№ 1 басылым




ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Органикалық заттар технологиясының теориялық негіздері»


5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы

мамандығы үшін


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2013

МАЗМҰНЫ



Атауы




1.

Глоссарий




2.

Дәрістер оқулар




3.

Практикалық сабақтар




3.

Студенттің өздік жұмысы





Глоссарий
Абсорбция фазалар бөлу беттерінде жүретін бір компоненттің екінші компонентке сіңуі.

Адсорбция фаза көлемінде жүретін бір компоненттің екінші компонентке сіңуі.

Индуктивті эффект – атомдардың әр түрлі электротерістігі нәтижесінде түзілген, сигма байланыстар тізбегі бойымен орынбасардың электрондық әсерінің берілуі.

Гетеролитикалық реакциялар – байланыс үзілуі симметриялы емес жүретін реакциялар, оларда байланыс электрондарының жұбы түзілген фрагменттердің біреунде қалады.

Гидрокрекинг жарқын түсті мұнай өнімдерін алу үшін мұнай шикізатын сутегінен өңдеуде қысым арқылы алу үшін қолданылатын катализдік процесс.

Гидроөңдеу жоғарғы температурада және қысымда әртүрлі катализатордың қатынасымен сутегімен жүргізілетін реакция.

Гомолитикалық реакциялар – байланыс үзілуі симметриялы жүретін реакциялар, оларда әрбір түзілген фрагменттерде бір электроннан қалады.

Еріткіштермен парафинсіздендіру парафиндерді жою әдісі, олар майдың қату температурасын ұлғайтады.

Каталитикалық гидрогендеу мұнай өнімдерін каталитикалық жолмен сутектендіру құбылысы.

Каталитикалық риформинг көмірсутектердің каталитикалық жолмен ароматизациялану процесін айтады.

Кокстеу ауасыз қыздыру арқылы жүретін термиялық деструкция процестері.

Конденсация газды екі фазалы сұйық газ жүйеге айналдырады.

Крекинг мұнайдың ең үлкен молекулалы көмірсутектерін бензин фракциясын құрайтын кіші молекулаларға ыдырату.

Қосарлану эффектісі немесе мезомерлі эффект (М) – қосарланған π-баланыс жүйесі бойымен орынбасардың электрондық әсерінің берілуі.

Мұнай эмульсиялары су мұнайдың көлемінде тамшылар түрінде таралған системалар.

Органикалық синтез өнеркәсіпті және лабораториялық масштабта органикалық қосылыстарды жасанды құрастырудың әдістері мен жолдарын қарастыратын органикалық химияның бөлігі.

Платформинг платина немесе алюмоплатина катализаторында жүргізілетін каталитикалық риформинг.

Пиролиз жоғары бағалы олефинді көмірсутектерді алуға негізделген жоғары температуралық процесс.

Ректификация мұнайдан қайнау температуралары өзара біршама жақын жататын фракцияларды алу үшін қолданылады.

Селективті тазарту қажетсіз қосындыларды жою әдісі, мұнда қоспалар ерітуші және таза май екі қабатқа бөлінеді, экстракт қабатын бөліп шы,арғаннан кейін, таза май пайда болады.

Серіктес газдар мұнайдың құрамында еріген және мұнай өндірген кезде бөлініп шығатын ілеспе табиғи газдар

Тура эмульсиялар мұнай тамшылары сулы ортада біркелкі таралған системалар.

Эмульсия өзара ерімейтін сұйықтарды немесе ерітінділерді араластырғанда түзілетін системалар

Микромодуль 1 - Органикалық қосылыстардың реакцияға түсу қабілеті. Мұнай, газ, көмір мен олардың өңдеу өнімдірінің даярлау және бөлудің физикалық әдістерінің теориялық негіздері
Дәріс 1 - Кіріспе. Органикалық қосылыстардың реакцияға түсу қабілеті

Дәріс жоспары:

1. Органикалық қосылыстардың электронды эффектілер

2. Органикалық реакциялардың жіктелуі



3. Органикалық қосылыстарды синтездеу әдістері.

1. Органикалық қосылыстарда электрондық ығысулар екі түрге бөлінеді: индуктивті эффект – сигма байланыстар тізбегі бойынша электрондық тығыздықтың ығысуы және мезомерлік эффект – пи байланыстар жүйесі бойынша ығысу.

Индуктивті эффект. Бірдей электротерістігі атомдар арасында байланыс электрондарының жұбы байланыстың қатысушылырының екеуіне де бірдей жатады.

Индуктивті эффект – атомдардың әр түрлі электротерістігі нәтижесінде түзілген, сигма байланыстар тізбегі бойымен орынбасардың электрондық әсерінің берілуі. Орынбасарлардың электрондық әсері бағыты бойынша оң +I және теріс –I эффект ажыратады. Теріс индуктивті эффекті сигма байланыстың электрондарын тартып алатын орынбысарлар білдіреді, мысалы, –NO2, - CN, - COOH, -Hal, -OH. Оң индуктивті эффектін сигма байланыстың электрондарын өзінен итеретін орынбасарлар білдіреді. Алкилдік орынбасарларда электронодонорлық қасиеттер көмірсутекті тізбек өсуімен және біріншілік радикалдардан үшіншіліктерге жоғарлайды.



Мезомерлік эффект (қосарлану эффектісі). Егер қарапайым және еселік байланыстар кезектесіп орналасса немесе көршілес атомда вакантті р-орбиталь немесе р-электрон жұбы бар болса, мұнда жүйе қосарланған деп аталады. Қосарланған жүйелер ашық және жабық тізбекті болады.

Қайта бүркенделген орбитал түріне байланысты қосарланудың бірнеше түрлерін ажыратады: π, π – қосарлану, р,π-қосарлану.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет