Қосарлану эффектісі немесе мезомерлі эффект (М) – қосарланған π-баланыс жүйесі бойымен орынбасардың электрондық әсерінің берілуі. Орынбасардың бағытталу әрекеті бойынша мезомерлі эффект оң (+М) және теріс (-М) деп бөлінеді.
Оң мезомерлі эффекті қосарлаған жүйеге электрондарын беретін, яғни электрон жұбы немесе теріс заряды бар, орынбасарлар көрсетеді.
Максимальді +М теріс зарядты атомдарда болады.
Теріс мезомерлі эффектіні қосарланған жүйенің электрондық тығыздығын өзіне қарай тартып алатын орынбасарлар көрсетеді:
2.
Реакция типі
1. Субстрат және реагенттегі байланыстардың өзгеру сипатына байланысты
А) Гомолитикалық реакциялар – байланыс үзілуі симметриялы жүретін реакциялар, оларда әрбір түзілген фрагменттерде бір электроннан қалады.
A : B → A. + . B
Б) Гетеролитикалық реакциялар – байланыс үзілуі симметриялы емес жүретін реакциялар, оларда байланыс электрондарының жұбы түзілген фрагменттердің біреунде қалады.
A : B → A: + B
Мұндай реакция барысында иондық интермедиаттар (аралық бөлшектер) – карбокатиондар және карбоаниондар түзіледі, мысалы:
В) Синхронды реакциялар – циклді комплексе электрондардың келісілген орналасу нәтижесінде, бірмезгілді ескі байланыстырдың үзілуімен және жаңа байланыстырдың түзілуімен жүретін реакциялардың ерекше типі.
2. реагент типі бойынша – радикалды, электрофильді, нуклеофильді, тотығу, тотықсыздану.
Нуклеофильді реакцияларда реагент (нуклеофил) атмодардың біреуінде электрон жұбы бар және нейтрал молекула немесе анион болып табылады (Hal-, OH-, RO-, RS-, RCOO-, R-, CN-, H2O, ROH, NH3, RNH2 және т.б.).
Электрофильдік реакцияларда атакалайтын реагентте (электрофил) вакантті орбиталі бар және өзі нейтрал молекула немесе катион (Cl2, SO3, BF3, H+, Br+, R+, NO2+) болып табылады.
Радикалды реакцияларда реагентте жалқы электроны бар, сондықтан бос радикал болып табылады (Cl. , R.).
R-H + Cl. → R. + HCl
R. + Cl-Cl → R-Cl + Cl.
3. Бағыты бойынша
- орын басу реакциялары
- қосылу реакциялары
- бөліну немесе элиминирлеу
- қайта топтасу реакциялары (изомерлену)
- циклдену реакциялары
- тотығу – тотықсыздану реакциялары
4. реакцияның жалпы жылдамдығын анықтайтын стадиясында қатысатын молекулалар саны бойынша
- мономолекулярлы
- бимолекулярлы
Достарыңызбен бөлісу: |