ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



Дата21.04.2017
өлшемі457,88 Kb.
#14214

ПОӘК 042-18/28. 1 /03.2015


11.06. 2015 ж.

№ 2 басылым



_ беттің _-шісі



Барлық мамандықтарға арналған

«Кәсіби қазақ тілі»

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ


2015
Мазмұны

1 Глоссарий

2 Практикалық сабақтар

3 Семинар сабақтары

4 Студенттің өздік жұмысы

5Әдебиеттер



1 ГЛОССАРИЙ
Лексикология – тілдің лексикасын және оның тарихи дамуының заңдылықтарын, қызметін зерттейтін сала.

Семасиология – тілдегі сөздерге мағыналарды зерттейтін сала.

Этимология – жеке сөздердің, морфемалардың шығу тегін, бастапқы мағынасын, ол мағынаның өзгеру, даму жайын зерттейтін сала.

Фразеология – тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін сала.

Диалектология – диалектілер, говорлар, жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттейтін сала.

Топонимика – жер, су, қала, ауыл, елді мекен аттарын зерртейтін сала.

Антропонимика – кісінің фамилиясын, әкесінің атын, кісінің шын аты мен лақап атын, бүркеншіл аттарын қарастыратын сала.

Лексикография – сөздіктер жасау және оларды зерттеу жөніндегі үлкен бір сала.

Термин сөз – ғылымның, техниканың, спорттың белгілі бір салаларына жататын сөз.

Кәсіби сөз – белгілі бір кәсіпке, шаруашылыққа, өнерге байланысты қолданылатын және негізінен сол кәсіппен айналасатындарға ғана

Ғылыми стиль. Ғылыми стильге ғылымның әр саласына қатысты жазылған ғылыми еңбектері кіреді.

Терминдер – ғылым мен техникалық, өнер мен саясаттың белгілі бір саласында қолданылатын нақты бір ұғымның атауын білдіретін сөз немесе сөз тіркесі.

Публицистикалық стильге радио – теледидарлар, газет –журналдар тілі жатады. Мұнда қоғамдық саяси мәселе қарастырылады.

Публицистикалық стильдің ауызша түрі – шешендік сөз.

Көркем әдебиет стилінің белгілері жазушы әр сөзді саралап, стильдік мақсатта қолданады.

Фразеологиялық тіркес – құрамы мен қолданылуы тұрақты болып келетін мағынасы ерікті сөздердің тіркесі, фразеологизмдердің түрлері, топтары

Тілдік амалдар – сөз тудыру, сөйлем құрау ерекшеліктері.

Тіл мәдениеті – тіл білімінің әдеби тілінің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым – қатынасын зерттейді



2 Тәжірибелік сабақтар
Тәжірибелік сабақ №1

Тақырыбы: Кәсіби қазақ тілі пәнінің мақсаты мен міндеттері, мазмұны

Жоспар/План:



  1. Курс бойынша қысқаша түсінік, мақсаты, негізгі тапсырмалар.

  2. Кәсіби тілдің негізгі ұғымдары.

Сабақтың мақсаты:

1. Тіл және оның мақсат-міндеттері туралы түсінік

2. Тіл, сөйлеу, кәсіби терминдер, мамандық тілі, мәтін, әдеби тіл нормасы туралы жан-жақты түсінік.

Тіл – ұлттың жаны

Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралдарының ішіндегі өмірде кең қолданылатыны және аса маңыздысы- тіл.

Тілдің қоғамдағы басты міндеті адамдар арсындағы қатынас құралы болу.

Тіл- ойдың айнасы.

Тілдегі сауатсыздық – адамның жалпы сауатсыздығының, мәдени төмендігінің көрінісі, рухани байлығының әлсіздігі.

Әдеби тіл – жалпы халықтық тілдің белгілі жүйеге түскен, жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба және ауызша әдебиеттің негізінде қалыптасқан тұрақты, орныққан қалыптары, стильдік – жанрлық тармақтары бар, сол тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ түсінікті.

Ғылым тілі – ғылым негізінде жасалатын өзіндік қалыптасу принциптері бар, стильдік өңі ерекше әдеби тілдің ғылымға қызмет ететін бір тармағы.

Мәтін – адам, қоғам, табиғат жөнінде ақиқат ақпарат береді, шындықты баяндайды.

Тіл мәдениеті – әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы, яғни коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану.

Тіл тазалығы – сөз мәдениеті жалпы ұлт мәдениетінің айнасы іспетті.

Сондықтан адамдар сөйлеуге аса жауапкершілікпен қараулары керек.

Бақылау сұрақтары:

Кәсіби қазақ тілінің қоғамдағы басты міндеті.

Тіл, әдеби тіл, ғылыми тіл.

Тіл мәденеиеті, тіл тазалығы.
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Оразбаева Ф., т.б. Кәсіби қазақ тілі. (Дәрігер мамандарына арналған оқу құралы.). - Алматы, 2007.

2. Төлеуов М.М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту: оқу құралы. - Алматы, 2005.

3. Мұхамадиева Н.Қ. Іскерлік қазақ тілі. - Астана, 2007.

4. Ақанова Д.Х. және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. - Алматы, 2006.

5. Дүйсенбекова Л. Іс-қағаздарын жүргізу. - Алматы, 2001.


Тәжірибелік сабақ № 2

Тақырыбы: Кәсіби қазақ тілінің негіздері.

Жоспар:

  1. Тіл теориясының салалары және олардың дамуы

  2. Терминология мәселесі

Сабақтың мазмұны: Тіл теориясындағы тілдік жүйе. Тіл теориясының салалары және олардың дамуы. Қазіргі қазақ тілінің ерекшеліктері және қалыптасуы. Кәсіби мәтінмен жұмыс.

Қазақ тілі теориясы. Тіл білімнің жүйеленуі.

  1. Фонетика

  2. Лексика (полисемия, ауыспалы мағыналы сөздер, омоним, синоним, антоним, архаизм, көнерген сөз, кәсіби сөздер, терминдер, историзм, семасиология, этимология )

  3. Морфология

  4. Синтаксис

Лексика (грек: «сөздік қор») мына тақырыптарды зерттейді:

  1. Жалпы қолданыстағы сөздер;

  2. Қолдану аясы шектеулі сөздер;

  3. Көркем әдебиетте жиі қолданылатын қанатты сөздер.

Лексикология – тілдің лексикасын және оның тарихи дамуының заңдылықтарын, қызметін зерттейтін сала.

Семасиология – тілдегі сөздерге мағыналарды зерттейтін сала.

Этимология – жеке сөздердің, морфемалардың шығу тегін, бастапқы мағынасын, ол мағынаның өзгеру, даму жайын зерттейтін сала.

Фразеология – тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін сала.

Диалектология – диалектілер, говорлар, жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттейтін сала.

Топонимика – жер, су, қала, ауыл, елді мекен аттарын зерртейтін сала.

Антропонимика – кісінің фамилиясын, әкесінің атын, кісінің шын аты мен лақап атын, бүркеншіл аттарын қарастыратын сала.

Лексикография – сөздіктер жасау және оларды зерттеу жөніндегі үлкен бір сала.

Термин сөз – ғылымның, техниканың, спорттың белгілі бір салаларына жататын сөз.

Кәсіби сөз – белгілі бір кәсіпке, шаруашылыққа, өнерге байланысты қолданылатын және негізінен сол кәсіппен айналасатындарға ғана түсінікті сөз.


Қазақстандағы техникалық терминологияның дамуы.

Бұл жерде 1920-1930ж. «Термин» атауы бірдей «шет сөздер», кейде «пән сөздер», кейде «жат сөздер» немесе «терминдер» болып әр түрлі қолданғаның ескеру қажет.

Алғашқы қазақ сөздіктері:


  1. Орынборда 1906ж. «Орысша-қазақша қысқаша сөздік».

  2. Орынборда 1923ж. Е. Омаровтың редакциясымен басылған «Физика пән сөздері».

  3. Мәскеуде 1925ж. Қ. Кемеңгерұлының редакциясымен «Қазақша – орысша тілмаш».

  4. Қызылорда 1926ж. Н. Қаратышқановтың редакциясымен «пән сөздер».

  5. 1931 ж. «Атаулар сөздігі».

  6. 1931-1935ж. «Терминологиялық сөздік».

  7. 1935ж. Қызылорда «Қазақ тілінің термині»

1940-1990ж.аралығында 150-ден астам терминологиялық сөздіктер шығыпты. Ал, 1991-2003ж. Кезінде тағы 100-ден астам сөздік шықты.

  1. А.Ысқақовтың басшылығымен шыққан оң томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін» (1874-1986жж.)

  2. Ак. І.Кенесбаевтың «қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» (1977ж.)

  3. «орысша- қазақша сөздік» (1954,1978,2003жж.)

  4. «Қазақ тілінің сөздігі» (1999ж.)

Бақылау сұрақтары:

1. Тіл теориясының салалары және олардың дамуы.

2. Қазіргі қазақ тілінің ерекшеліктері.

3. Тіл білімінің жүйеленуі.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Оразбаева Ф., т.б. Кәсіби қазақ тілі. (Дәрігер мамандарына арналған оқу құралы.). - Алматы, 2007.

2. Төлеуов М.М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту: оқу құралы. - Алматы, 2005.

3. Мұхамадиева Н.Қ. Іскерлік қазақ тілі. - Астана, 2007.

4. Ақанова Д.Х. және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. - Алматы, 2006.

5. Дүйсенбекова Л. Іс-қағаздарын жүргізу. - Алматы, 2001.

6. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы».

7.Тұрсынова. Кәсіби қазақ тілі. - Алматы, 2013.
Тәжірибелік сабақ №3

Тақырыбы: Семасиология туралы түсінік

Кәсіби мәтін.



Жоспар:

  1. Семасиология туралы жалпы түсінік

  2. Семантика ұғымы

Сабақтың мазмұны: Семасиология және оның ерекшеліктері. Сөз мағынасы. Сөз мағынасының кеңеюі.

Семасиология (гр. semasia - мағына, гр. logos сөз - ілім) - заттар мен құбылыстарды, түсініктерді атап білдіретін сөздер мен сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын зерттейтін ғылым саласы. Семасиология - лексикологияның аса манызды бөлімдерінін бірі. Семасиология ғылымындағы негізгі ұғым семантика.

Семантика (көне грекше: σημαντικός - танбалаушы, білдіруші) - тіл және тіл бірліктері (сөз, грамматикалық тұлға, сөз тіркесі, сөйлем) арқылы білдірілетін хабарды, заттар мен құбылыстардың мән-мазмұның зерттейтін тіл білімінің саласы, семиотиканың негізгі бөлімдерінің бірі. Семантика сөз мағынасын, сөз құрамындағы элементтердің өзара мағыналық қарым-қатынасын, сөз мағынасы түрлерінің даму зандылықтарын зерттейді.

Тілдік талдау арқылы сөз құрамындағы морфемалар (түбір, аффикстер) мен синтагмалық тіркестердің Семантика сын анықтауға болады. Аффикстер білдіретін грамматикалық мағыналар екі түрге бөлінеді:



  • Заттық мағыналарды жинақтап, жалпы категорияларды жасайтын категориалдық мағына Категориалдық мағына "субъект - предикат", "субъект - объект", "жанды - жансыз", "белгілі - белгісіз", "іс-әрекет-жағдай" т.б. білдіретін синтаксиспен байланысты. Категориалдық мағынаның реляциялық мағынадан ерекшелігі өзара жұптық қарама-қарсы жүйеден тұратындығында.

  • Сөйлем құрамындағы сөздерді өзара байланыстыратын ішкі тілдік реляциялық мағына. Реляциялық мағына ұлттык тарихи ерекшелігі бар нақты тілдің морфологиясымен тығыз байланысты. Оған қиысу, менгеру, септік жүйесі т. б. жатады.

Семантика тіл білімінің бір тарауы ретінде әр түрде сипатталады.

  1. Парадигматикалық сипатта, оған тіл жүйесінде топтасқан оппозициялық сөздер тобы: синонимдер, антонимдер, гипонимдер, паронимдер, сөздік уя сияқты лексика-семантикалық топтар және сөздердің өpic деп аталатын жалпы тобы жатады.

  2. Синтагматикалық сипатта, оған сөйлеу кезіндегі сөздердің бір-біріне қатынасына қарай орналасуын білдіретін тобы (тіркесімділік) жатады. Бұл қатынастардың негізінде дистрибуция (дистрибутивтік талдау) жатыр.

Семантика ғылым ретінде 19 ғасырдың 2-жартысынан бері В. фон Гумбольдт идеясының негізінде X. Штейнталь, А. А. Потебня, В. Вундттың күрделі еңбектері жарық көрген сондами бастады. Бұл еңбектерде Семантиканың психологиялық және эволюциялық деп аталатын бірінші кезені айқындалған. Ол кезеннің басты ерекшелігі - онда мәдениетке кен эволюциялық көзқарас пайда болды және тіл Семантикасы халық психологиясына жақындастырылып қаралды. Семантиканың салыстырмалы-тарихи деп аталатын 2-кезеніңде ол "семасиология" деген атпен тіл білімінің жеке саласы ретінде бөлініп шықты. Бұл кезенде нақты тарихи салыстырмалы зерттеу принциптері негізінде Семантиканың тарихи зандылықтары қалыптаса бастады, салыстырмалы-тарихи көзқарас этимологиялық зерттеулерде айқын көрінді. (Э. Бенвенист, В. И. Абаев, Э. В. Севортянт. Семантиканың 3-кезені 20 ғасырдың 20 жылдарынан басталады. Оған тән сипат - Семантиканың логика мен философияға жақындасып, синтаксиске бағыт алуы. Сол себепті бұл кезенді синтаксистік-семантикалық немесе логикалық-семантикалық кезен деп атауға болады. Оған тән негізгі теориялык тұжырымдар:

  1. Шындық өмір заттардың жиынтығынан емес, онда болатын окиғалар мен фактілердің жиынтығынан тұрады деп қарау. Соған байланысты Семантиканың негізгі бөлігі заттардың атын білдіретін сөз емес, фактілер туралы айтылатын сейлем болып табылады деп қарау;

  2. Тілдегі кейбір сөздер тілден тыс болмыспен тікелей байланысты, олар заттарды білдіретін терминдер арқылы анықталады деп қарау;

  3. Баска мағыналарға негіз болатын бастапқы мағынаны сипаттау Семантиканың басты міндеті деп есептеу. Бұл сияқты пікірлер тілге жалпы методологиялық көзқарастан туган.

20 ғасырдың 70 жылдарынан бастап Кеңес тіл білімінде дистрибуциялық талдау сынға ұшырап, Семантикалық құбылыстар жан-жақты зерттеле бастады. Сөздің болмыстағы және тілден тыс байланыстары зерттеліп, Семантиканың шындық өмірдегі көріністерін ашуға мән берілді. Мұның өзінде негізгі бағыт абстракты немесе жекелеген сөйлемдерді емес, тілдің прагматикасын ескере отырып, сөйлеу кезіндегі, диалогтегі, мәтіндегі нақты сейлемді талдауға арналды.
Бақылау сұрақтары:

1.Семасиология және оның ерекшеліктері.

2.Сөз мағынасы. Сөз мағынасының кеңеюі.
Ұсынылатын әдебиеттер

1. Оразбаева Ф., т.б. Кәсіби қазақ тілі. (Дәрігер мамандарына арналған оқу құралы.). - Алматы, 2007.

2. Төлеуов М.М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту: оқу құралы. - Алматы, 2005.

3. Мұхамадиева Н.Қ. Іскерлік қазақ тілі. - Астана, 2007.

4. Ақанова Д.Х. және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. - Алматы, 2006.

5. Дүйсенбекова Л. Іс-қағаздарын жүргізу. - Алматы, 2001.


Тәжірибелік сабақ №4

Тақырып: Стиль нормалары туралы түсінік.

Жоспар:


1.Кәсіби стиль нормалары

2.Кәсіби сөздер мен терминдер туралы түсінік

3.Кәсіби қазақ тілінің мамандықты дамытудағы рөлі (мәтімен жұмыс)

Сабақтың мақсаты:

1.Стиль нормалары туралы түсінік.

2. Кәсіби қазақ тілінің мамандықты дамытудағы рөлі және мақсат-міндеттері

Стиль нормалары тілдің әр саладағы атқаратын қызметі мен қолданыс аясына қарай ресми құжаттар және іс қағаздар стилі, публицистикалық стиль, көркем әдебиет стилі, ғылыми стиль болып бөлінеді.

1.Ресми құжаттар стилі.

Ресми құжаттардың тілі мен іс қағаздарының тілі ресми құжаттардың тілімен іс қағаздарының тілі ресми іс қағаздары стилі болып табылады.

2.Ғылыми стиль. Ғылыми стильге ғылымның әр саласына қатысты жазылған ғылыми еңбектері кіреді.

Басты ерекшелігі- логикалық жүйелі ой қорытындысы.

Түрлері: таза ғылыми шағын стиль, ғылыми оқулық шағын стиль, ғылыми – көпшілік шағын стиль.

Мазмұндық белгілері: нақтылық, объективтілік, қисындылық.

Басты лексикалық ерекшелігі – терминдер;

3.Терминдер – ғылым мен техникалық, өнер мен саясаттың белгілі бір саласында қолданылатын нақты бір ұғымның атауын білдіретін сөз немесе сөз тіркесі.

4.Публицистикалық стильге радио – теледидарлар, газет –журналдар тілі жатады. Мұнда қоғамдық саяси мәселе қарастырылады.

Публицистикалық стильдің ауызша түрі – шешендік сөз.

5.Көркем әдебиет стилінің белгілері жазушы әр сөзді саралап, стильдік мақсатта қолданады.

Стильдік ұстамына қарай сөздер бірнеше топқа жіктеледі:


  • Кәсіби лексика

  • Ресми лексика

  • Кітаби лексика

  • Сөз сөйлеу лексикасы

  • Жалпылама лексика

  • Архаизмдер мен тарихизмдер

  • Неологизмдер

  • Бейнелегіш сөздер

6.Кәсіби сөздер – белгілі бір шаруашылыққа, кәсіпке байланысты қолданылатын, жалпы халыққа бірдей түсінікті бола бермейтін, қолдану өрісі шектеулі сөздер.

ІІ. Тапсырмалар: Мақал – мәтелдер



  1. Не ексең - соны орасың

Что посеешь, то и пожнешь.

  1. Жүз сомың болғанша, жүз досың болсың.

Не имей сто рублей, а имей сто друзей.

  1. Көз-қорқақ, қол батыр.

Глаза бояться, руки делают.

  1. Семь раз отмерь, один раз отрежь

Жеті рет өлшеп, бер рет кес.

1 - тапсырма

Фармакология, какаин, ұйықтататын, жансыздандыратын дәрі, синтез, антибиотиктер, витаминдер, гормоналдық ферментті препараттар, дәрілік өсімдіктер, антисептикалық, ұнтақ, таблетка, микстура, тұндырма, ерітінді, паста

2-тапсырма

Антибиотиктер – бисептол, цефозолин, ампицелин, зитмак, пеницилин, лицетин, метрандазол, сицилин, тинтдазол, цефомандол.

Жөтелді басатын:

Таблетки от кашля – декстрометорфан, амбробене, доктор мом, корни Солодки, гвайфенезин, мукалтин, бромгексин, лазолван, бронхолитин.

Ауруды басатын – Но-шпа, Найз, анальгин, диклофенок, метадон, суфентанил, бупринорфин.

3- тапсырма

Фармокология дамыды

Дәрілер шығару

Дәріханаларды сақтау

Аурудан сақтандыру

Тірі ағзадан жасау

Ғайн ебектерінде жасалған.

Бақылау сұрақтары:

1. Кәсіби стиль нормалары

2. Кәсіби қазақ тілінің мамандықты дамытудағы рөлі.


Ұсынылатын әдебиеттер

1. Оразбаева Ф., т.б. Кәсіби қазақ тілі. (Дәрігер мамандарына арналған оқу құралы.). - Алматы, 2007.

2. Төлеуов М.М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту: оқу құралы. - Алматы, 2005.

3. Мұхамадиева Н.Қ. Іскерлік қазақ тілі. - Астана, 2007.

4. Ақанова Д.Х. және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. - Алматы, 2006.

5. Дүйсенбекова Л. Іс-қағаздарын жүргізу. - Алматы, 2001.



Тәжірибелік сабақ №5

Тақырып: Фразеология.

Жоспар:

1.Тілдегі тұрақты тіркестерді қазіргі және тарихи даму тұрғысынан тексеретін тіл білімінің саласы екенін меңгерту

2.Бір тілдегі тұтас фразеологиялық қор туралы жалпы түсінік

Сабақтың мақсаты: Студенттерге Фразеология туралы толық қанды мәлімет беру

Фразеология (грек.- сөйлемше, - ұғым)



Фразеологиялық тіркес – құрамы мен қолданылуы тұрақты болып келетін мағынасы ерікті сөздердің тіркесі, фразеологизмдердің түрлері, топтары.

  • Тұрақты тіркес – сөздердің орны әбден қалыптасқан және құрамындағы сөздермен мүлдем басқа мағына беретін тіркес.

  • Тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге, басқа сөзбен ауыстыруға келмейді.

Мысалы:

Ит өлген жер – алыс

Тайға таңба басқандай – анық

Тілді үйіреді – тәтті

Көз шырымын алу – ұйықтау.

* * * * * * *

Мал шаруашылығымен байланысты тұрақты тіркестер.

Қой аузынан шөп алмас – момын,жуас

Ат ойнатты – басынды

Ат арылту – әуре болу

Ат ізін салмау – хабарласпау

Ат - тонын ала қашу – басын алып қашу

Ереуіл атқа ер салу – елін қорғауға аттану

Қой үстіне бозторғай жұмыртқалау – тыныштық заман орнау

Қойға шапқан қасқырдай – тас – талқан ету

Тойған қозыдай - жуас

Түйенің тұяғы түсетін жер – өте алыс жер

Түйенің танитыны жапырақ – білетіні бір -ақ нәрсе

Бақылау сұрақтары:

1.Фразеология ғылымы және тұрақты тіркестер.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Оразбаева Ф., т.б. Кәсіби қазақ тілі. (Дәрігер мамандарына арналған оқу құралы.). - Алматы, 2007.

2. Төлеуов М.М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту: оқу құралы. - Алматы, 2005.

3. Мұхамадиева Н.Қ. Іскерлік қазақ тілі. - Астана, 2007.

4. Ақанова Д.Х. және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. - Алматы, 2006.

5. Дүйсенбекова Л. Іс-қағаздарын жүргізу. - Алматы, 2001.


Тәжірибелік сабақ №6

Тақырып: Сөйлеу. Сөйлеу нормалары, тілдік амалдар, тіл мәдениеті

Жоспар:

    1. Ауызша сөйлеу нормалары туралы түсінік

    2. Тіл мәдениеті

Сабақтың мақсаты: Студенттерге дұрыс сөйлей білу нормаларынан жан-жақты түсінік беру

Адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікірін, ойын білдіруін – сөйлеу деп айтады.



Тілдік амалдар – сөз тудыру, сөйлем құрау ерекшеліктері.

Тіл мәдениеті – тіл білімінің әдеби тілінің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым – қатынасын зерттейді.

Тіл мәдениетінің басқа тіл салаларынан айырмашылығы оның күнделікті өмірде тілдің қолдануын, жазу, сөйлеу мәдениетінің жақсы қарым – қатынаста болу.



Тіл мәдениеті. Тілдік норманың 3 түрін қамтиды:

  1. Тілдік норма (лексика, сөз жасамдық, грамматика, дыбысталу нормасы)

  2. Этика- сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері)

  3. Коммуникативті норма -(сөйлеу қарым-қатнасының тиімділік қағидалары)

Сөйлеу мәдениеті орфоэпиялық нормаға негізделген.

Сөз дәлділігі-сөздің реальді шындықтағы заттармен құбылыстардың атауларына барынша дәлме-дәл келуі.

Сөздің тазалығы-сөйлеушінің және жазушының әдеби тіл- нормасын сақтаумен бірге, ана тілінің мүмкіндігін пайдалана білу.

Сөздің мәнерлігі-сөйлеушінің және жазушының тыңдарманын және оқырманы қызықтыра білуі, сөзін ұғындыра алу қабілеті.

Сөздің байлығы-әркімнің өз ана тілінің бар мүмкіндіктерін пайдалана білуі.

Сөздің қисындылығы- жеке сөздің ,сөз тіркесінің грамматикалық тұлғалардың өз орнында қолдануын айтады.



Тренинг

Сөздердің орнын ауыстырып, сөйлемді дұрыс құра.



  1. Зерттейді, технологиясы, дәрі –дәрмек, өнімдерін, химиялық, органикалық, мұнай, заттардың (Органикалық заттардың химиялық технологиясы дәрі –дәрмек , мұнай өнімдерін зерттейді)

  2. Көмірсутектер, болатын, мұнай,қовпасы, сұйықтық , жанатын, майлы.( Мұнай-көмірсутектер қоспасы болатын, жанатын майлы сұйықтық)

  3. Деп, 1808, швед, жылы,Я. Берцемус, ғалымы,заттарды, алынатын, организмнен, «органикалық заттар », атады. ( 1808 жылы швед ғалымы Я. Берцемус организмнен алатын заттарды «органикалық заттар»деп атады)

  4. Бірімен-бірі, атомдары, және, атомдары, атомдармен, басқа, ортақ, атомдармен, электрон, түзеді, жұптарын (Көміртек атомдары бірімен-бірі және басқа атомдары мен ортақ электрон жұптарын түзеді )

Бақылау сұрақтары:

  1. Сөйлеу, сөйлеу нормалары.

  2. Тіл мәдениеті.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Оразбаева Ф., т.б. Кәсіби қазақ тілі. (Дәрігер мамандарына арналған оқу құралы.). - Алматы, 2007.

2. Төлеуов М.М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту: оқу құралы. - Алматы, 2005.

3. Мұхамадиева Н.Қ. Іскерлік қазақ тілі. - Астана, 2007.

4. Ақанова Д.Х. және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. - Алматы, 2006.

5. Дүйсенбекова Л. Іс-қағаздарын жүргізу. - Алматы, 2001.

6. Камешева Г. және т.б. Қазақ тілі. - Астана, 2004.


Тәжірибелік сабақ №7

Тақырып: Сөз әдебі. Сөйлеу мәдениеті

Жоспар:

1.Сөз әдебінің және сөйлеу мәдениетіні туралы түсінік

Сабақтың мақсаты: Білімалушыларға сөз әдебінің және сөйлеу мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктерін меңгерту

Күнделікті тірлік барысында әр түрлі адамдар бір - бірімен кездеседі, сөйлеседі, пікір алысады, тәжірибе алмасады.

Қоғамдық ортада адамның мәдениеттілік өресі көбіне оның сөйлеуінен көрінеді.

Сөйтіп, сөйлеу әдебінің өзіне тән нормалары мен ерекшеліктері қалыптасады. Сөз арасында қолданылатын: кешірініз, мүмкін болса, мақұл көрсеніз, рұқсат етсеніз, қалауыңыз білсін деген сөздер тілге сыпайлық сипат береді. Мұндай майда сөздер үлкенге де, кішіге де жарасымды болып, адамның кішіпейілділігін көрсетіп тұрады.

Сөздің қолдануы мен мағынасынан тыс сөйлеуде интонация, дауыс ырғағы да зор роль атқарады.

Көптеген студенттер ойын жеткізе алмай қысылғанда аузыма сөз түспей тұр, тілімнің ұшында тұр, көкірегімде бәрі сайрап тұр, айтуға тілім жетпей тұр деп қиналады.

Сондықтан да бірінші мәселе: сөйлеу әдебін қалыптастыратын сөйлеу салаларын әрдайым ескеру қажет.

Сөйлеудің салаларына кіретіндер : сөз мінсіздігі, тазалығы, байлығы, дәлдігі , қисындылығы, мәнерлігі , бейнелілігі , әсерлілігі, орындылығы, түсініктілігі.

Студент тілінде болатын кемшіліктің себептері.

1.Ортаның әсері.

2.Сөйлеу дағдыларының жоқтығы .

3.Жекелеген студент тіліндегі кемшілік.

Адамдармен сөйлесуде мән беру керекті қағидалар:

1.Ойланбай сөйлеме!

2.Тақырыпты жақсы біл!

3.Сабырлы бол!

4.Әділ бол!

5.Мақтанба!

6.Асырып айтпа!

7.Ашуыңа ие бол!

8.Сұрақтарға жауап бер!

9.Орынсыз қалжыңдама!

10.Басқаларды жамандама!

11.Жаман сөздерді қолданба!

12.Сөйлесіп жатқан адамды тыңдай біл!

13.Сенен ақыл сұрамайынша кеңес берме!

14.Адамдардың бетін қайтарма!

15.Саған сөйлеп жатқанда өзге іспен айналыспа!

16.Жазған нәрсеңді ен болмағанда бір рет оқы!

Бақылау сұрақтары:

1. Сөйлеу мәдениеті.

2. Сөйлеу мәдениетіндегі кемшіліктер.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Оразбаева Ф., т.б. Кәсіби қазақ тілі. (Дәрігер мамандарына арналған оқу құралы.). - Алматы, 2007.

2. Төлеуов М.М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту: оқу құралы. - Алматы, 2005.

3. Мұхамадиева Н.Қ. Іскерлік қазақ тілі. - Астана, 2007.

4. Ақанова Д.Х. және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. - Алматы, 2006.

5. Дүйсенбекова Л. Іс-қағаздарын жүргізу. - Алматы, 2001.

6. Камешева Г. және т.б. Қазақ тілі. - Астана, 2004.
Тәжірибелік сабақ №8

Тақырып: Мемлекеттік тілдің қолдануының категориялары.

Жоспар:

1.Кәсіби тілдің құзіреті, қолдану жиілігі.

2.Мемлекеттік тілде қарым-қатынас және оның категориялары.

3.Қарым-қатынас жасау түрлері.

4.Қатынасындағы тілдің құзіреті, коммуникативті қызметі.

Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік тілдің қолдануының категорияларын жан-жақты меңгерту.

Мемлекеттік тілде қарым –қатынас категориялары:

1) Айтылым – (аудирование)

2)Тыңдалым

3)Қатысым(коммуникативті)

4)Аталым (номинативті)

Қарым –қатынас жасау түрлері.


  1. Тілдесу;

  2. Хат арқылы;

  3. Интернет, ғаламтор жүйесі арқылы;

  4. Телефон, радио, теледидар;

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту

Қашаннан да елдіктің қайнар көзі- белгілі бір халық екендігі белгілі. Тарихи тұрғыдан келгенде, қандай болмасын мемлекет әдетте ұлттық мемлекет ретінде пайда болады. Яғни, ел болған жерде оның тілі- мемлекеттік тілі болу керек.

Біздің мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Бұл Ата заңымыздың 7-бабында көрсетілген. Сондықтан мемлекет өз тілін сақтап, оның қолдану өрісін кеңейту үшін қолдан келгенің бәрін жасау керек.

Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту бүгінгі таңдағы өзекті мәселе, ҚР тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөліп келеді.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл және барлық басқа тілдер мемлекеттің қорғауында болады.

Тілдің дамуы мемлекеттік тілдің басымдығын және іс-қағаздарын жүргізуді қазақ тіліне кезең-кезеңнен көшіруді көздейтін мемлекеттік бағдарламамен қамтамассыз етіледі.

Қазақ тілін дамыту еліміздің стратегиялық бағыты болып табылады.

Қазақстан Республикасының тіл туралы саясатын жүзеге асыру мақсатында көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекеттік тілде қарым-қатынас және оның категориялары.

2.Тілдің коммуникативті қызметі.
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Оразбаева Ф., т.б. Кәсіби қазақ тілі. (Дәрігер мамандарына арналған оқу құралы.). - Алматы, 2007.

2. Төлеуов М.М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту: оқу құралы. - Алматы, 2005.

3. Тұрсынова. Кәсіби қазақ тілі. – Алматы. 2013.


Тәжірибелік сабақ №9

Тақырып: Кәсіби қазақ тілі. Мазмұны, құрамы



Жоспар:

  1. Кәсіби қазақ тілі туралы түсінік

  2. Кәсіби қазақ тілі мақсаты мен міндеті

Сабақтың мақсаты: Орыс тілді аудиториядағы білімалушыларғакәсіби қазақ тілінің мақсаты мен міндетін меңгерту

Кәсіби қазақ тілін оқытудың маңызы

Кәсіби салаларда мемлекеттік тілді оқыту ол әр салада қазақ тілін сол салаға бейімдеп оқыту, сол салада қолданылатын терминдерді пайдаланып сөйлеуге жаттықтыру, сол саланың іс-құжаттарын, нормативтік құқықтық актілерді ең алдымен қазақ тілінде толтыруға жаттықтыру, демек бұл қазақ тілінің ішіндегі ауызекі сөйлесуге үйрету деңгейін жоғары кәсіби сала тілі.

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі-оның қоғамдық өмірінің әр алуан саласында қызмет етуі және іс-қағаздарының қазақша жүргізілуі.

Кәсіби салада оқыту, негізінде сұхбат түрінде жүргізіледі, яғни студент курс соңында өз саласына қатысты сұрақ-жауапты игеруі,

Сала терминдерін пайдалана сөйлей білуі, өз саласына байланысты туындаған мәселелер бойынша сұрақтар және өз саласындағы барлық құжаттарды қазақ тілінде жүргізе білуге үйренеді.

Студент кәсіби сөйлеу бағытында оқытылады және оқу, сөйлеу, тыңдау, жазу тілдерін толық игереді, оқу-түсіну, ойын түсінікті етіп жаза білу, мәселеге байланысты ойын дұрыс жеткізу, өз саласына қатысты алған құжатты дұрыс түсіне білу, өз ойын толық күрделі сөздер( терминдер) арқылы жеткізуді игереді.

Оқу материалына негізінен өз мамандығына байланысты мәтіндер алынады .
Бақылау сұрақтары:


  1. Кәсіби қазақ тілі, мазмұны.

  2. Кәсіби қазақ тілін оқытудың маңызы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Оразбаева Ф., т.б. Кәсіби қазақ тілі. (Дәрігер мамандарына арналған оқу құралы.). - Алматы, 2007.

2. Төлеуов М.М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту: оқу құралы. - Алматы, 2005.



3. Камешева Г. және т.б. Қазақ тілі. - Астана, 2004.

Тәжірибелік сабақ №10

Тақырып: Этномәдени айшықтары. Кәсіби мәтін

Жоспар:

1.Қазақ тіліндегі этнолингвистиканың қалыптасу

2. Этномәдени айшықтар туралы жалпы мағлұмат

Сабақтың мақсаты: Білім алушыларға этнолингвистика туралы түсінік беру

Этнолингвистика – этностың болмысынан туындап, санасында сараланып, тарихи жадында сақталып, тіл арқылы ғасырлар бойы қалыптасқан рухани-мәдени мұра ретінде атадан балаға, әулеттен нәсілге ауысып келе жатқан дәстүрлі мирасты жаңғыртып, танымдық мәнін ашып, болашақ ұрпаққа ұсыну мақсатына байланысты дүниеге келген тіл білімінің күрделі де құнарлы саласы.

Этнолингвистикалық көзқарас алғаш 19 ғ-дың 2-жартысында В.Гумбольдт, А.А. Потебня зерттеулерінде пайда болды. Бұл сала көп жағдайда этностың шығу тегіне, салт-дәстүріне, сондай-ақ өмір-тіршілігіне қажетті де ерекше орын алатын заттық мәдениеттің қыр-сырына ерекше мән беріп келеді. Этнолингвистиканың қалыптасу үдерісін, мазмұны мен мақсатын, зерттеу нысанын сол салада істелген жұмыстың ауқымын бағыт-бағдары мен сипатынан пайымдауға болады. Мәселен, үндіеуропалықтар мен үндіеуропа тілдеріне бағышталған Т.Гамкралидзе мен В.И. Ивановтың (“Индоевропейцы и индоевропейские языки”, 1977) еңбегінде үндіеуропалықтардың рухани-мәдени ортақтығы олардың тілі негізінде сөз болса, Н.И. Толстойдың (“Этнолингвистический словарь славянских древностей”, 1996) сөздігінде славян халықтарының жанды тілінде сақталған байырғы мәдениетіне қатысты көнерген сөздері қарастырылады. Ал өткен ғасырда жазылған В.А. Серашевскийдіңеңбегінде түркі халықтарының бірі – сахалардың этнол., этногр. болмысы сөз болады. Этнолингвистика тарихындағы күрделі еңбектердің біріне мажарларға қатысты 5 томдық этностық лексиконды жатқызуға болады. Осы орайда қазақ Этнолингвистикасы бойынша Ә.Қайдардың Қазақтар ана тілі әлемінде” атты 4 томдық Э-лық сөздігін атауға болады. Қазақ тіл білімінде Этнолингвистика мәселелері проф. І.Жұбановтың, сонымен қатар жеке ғылым саласы ретінде М.Копыленко, Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева, т.б. ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектерінде айтылып жүр. Этнолингвистиканың бір міндеті – сан алуан қайнарлардан (ауызекі жанды тілден, ауыз әдебиет үлгілерінен, лексикограф. еңбектерден, т.б.) этнос болмысына қатысты фактілерді жинау болса, екіншіден оларды саралап жүйеге салу, мазмұнын айқындау, түсіндіру, яғни оларды этностың өзі туралы сөйлете білу. Этнолингвистикаға тән ерекшелік – оның тілдік объектілер мен фактілердегі жаппай емес, зерттеудің нақтылы мақсаты мен тақырыптарына қарай сұрыптап алып саралай қарастыру. Сонымен қатар атау сипаттағы жай тіркестер мен көркемдік, астарлы ауыс мәнге ие тұрақты тіркестерді (фразеологизм, теңеу-салыстыру, мақал-мәтел), тіпті мағлұмат беретін көркем жанрлық мәтіндерді де нысана етіп қарастырады. Әдеб.: Копыленко М.М., Основы этнолингвистики, А., 1996. Ә. Қайдар.

 «Ұлттық және мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің қызметі мен дамуының негіздерін зерттеу» атты іргелі зерттеу бағдарламасы негізінде «Қазақтар: ана тілі әлемінде» атты тақырып бойынша көптеген ғасырлар бойы жиналып қордаланған және әлі де жинақталып жатқан өте бай тіліміздің лексикалық байлығы, заттар мен бізді қоршаған табиғи құбылыстардың атаулары, адамдардың қоғамдық қарым-қатынасына, тұрмыс-салтына, бұрынғы көшпелі ру-тайпалар мен бүгінгі қауымның өмір сүру тәсілдері мен әдет-ғұрпына байланысты сан алуан тілдік деректер – лексика-фразеологиялық, паремиологиялық, ономасиологиялық, кәсіби-терминологиялық, эвфемистік, теңеу-салыстыру, т.б. ұлан-ғайыр этнолингвистикалық мағыналық бірліктер жинақталды. «Қазақтар: ана тілі әлемінде» деп аталатын еңбектің мақсаты – қазақ тілінің сөздік қорындағы жарты миллиондай (Ә.Қайдардың жобалауы бойынша) мағыналық бірлігін (смысловые единицы мәнінде) қамтитын 3 томдық этнолингвистикалық сөздігін жасап, XXI ғасырда өмір сүретін ұрпаққа өз болмысын танытатын ана тілінің асыл қазынасын мирас етіп қалдыру. Бұл жұмыспен ғалым 30 жылдан астам уақыт шұғылданып келеді.


Зерттеу, негізінен, қазақ этносының табиғи, рухани болмысы туралы тілдік сипаттамаларды, оның рухын, дүниетанымын, ұғым-түсінігін білдіретін тілдік деректерді жүйелеп, жинақтап көрсетуге бағышталды. Зерттеу жұмысының нәтижелері «Қазақ қандай халық?»  атты жинақ пен «Қазақтар ана тілі әлемінде»  атты 3 томдық этнолингвистикалық сөздікте толық көрсетілді. Оның 1-томы жарыққа шықты. Бұл қазақ этносының басқа түркі, т.б. этностардан көптеген (тәрбиесі, ділі, тілі, діні жағынан) ерекшелігінің барлығын, түпкі мақсатқа тез жетудің ең оңтайлы жолы екендігін сипаттайтын приоритеттеріміздің бірегейі болып саналады.

 Қазақ тілі: этникалық-әлеуметтік дамудың басты факторы

– жергілікті тіл ерекшеліктері құрамындағы этнографизмдердің лингвомәдени аспектілері;

– әдеби тіл құрамындағы этнографизмдердің лингвокогнитивтік аспектілері;

– қазақ этнолингвистикасының теориялық негіздері;

– тіл мен материалдық мәдениеттің этнотанымдық байланысы;

– әлеуметтік кеңістікке байланысты лексика-фразеологиялық жүйенің этномәдени мазмұны;

– дәстүрлі кәсіп, шаруашылық лексикасының когнитивтік негіздері;


Бақылау сұрақтары:

  1. Этномәдени айшықтар.

  2. Этнолингвистикалық көзқарас.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Оразбаева Ф., т.б. Кәсіби қазақ тілі. (Дәрігер мамандарына арналған оқу құралы.). - Алматы, 2007.

2. Төлеуов М.М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту: оқу құралы. - Алматы, 2005.

3. Мұхамадиева Н.Қ. Іскерлік қазақ тілі. - Астана, 2007.

4. Ақанова Д.Х. және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. - Алматы, 2006.

5. Дүйсенбекова Л. Іс-қағаздарын жүргізу. - Алматы, 2001.
Тәжірибелік сабақ № 11

Тақырыбы: Түйіндеме– Резюме

Жоспар:

1.Іс қағаздарының түрлері

2.Түйіндеме және оның толтырылу үлгісі

Қазіргі нарық заманында жұмысқа тұру , жұмысқа қабылдану кезінде құжаттың жаңа түрі түйіндеме жазылады. Бұнда өмірбаян мәліметтері ықшам, әрі толық түрде беріледі.

Түйіндемеде көрсетілетін мәліметтер:

1. Аты-жөні.

2. Мекенжайы.

3. Телефон нөмері.

4.Электронды пошта.

5.Жалпы ақпарат: туған жылы, айы, күні, туған жері, азаматтығы, ұлты, жынысы, отбасы жағдайы.

6.Жұмыс тәжірибесі. Мамандығы, негізгі мамандығы бойынша жұмыс істеген орындары.

7. Білімі. Жоғары немесе орта арнаулы білімі туралы мәлімет, дипломда көрсетілген деректер.

8.Тілді білуі.Қандай тіл біледі және қай дәрежеде.

9.Компьютерді игеруі. Компьютердің қандай бағдармаларын меңгергендігі туралы.

10.Жеке қасиеттері.

11. Қосымша ақпараттар: , еңбектегі табыстары, ғылыми атағы мен ғылыми дәрежесі.

12.Құштарлығы.
Түйіндеме үшін жиі жұмсалатын терминдер және термин клишелері:

Ұлт ------------------------ұлтым –қазақ

Азаматтық----------------Қазақстан Республикасының азаматы

Білімі---------------------жоғары білімді

орта білімді

Отбасы-------------------отбасым бар:

Жұбай үйленгенмін

Бала үйленбегенмін

Ұл ажырасқанмын

Қыз тұрмысқа шыққанмын

Ата-ана тұрмысқа шықпағанмын

Жұмыс орны

Мекенжай жылдар арасында

Мамандық негізгі еңбектері

Лауазым мемлекеттік наградалар

Спортпен айналысамын: ат спортын, футболды ұнатамын

І разрядты волейболшымын.

Компьютерде

Интернетте жұмыс істей аламын

ЭЕМ машиналарында


Қазақ жақсы

Ағылшын тілдерін жетік білемін

Орыс орташа

түсінемін

оқи аламын

сөздікпен аудара аламын


Түйіндеме.

Аты-жөні: Садықова Әмина Кәрімқызы

Мекенжайы: Алматы қ.,Абай көшесі,15-үй,75-п.

Телефон: (3272) 470388

E-mail: www.amina.com.
Жалпы ақпарат: Туған жылы: 1978 жылғы 15 мамыр

Туған жері: Алматы қаласы

Ұлты: қазақ

Жынысы: әйел

Отбасы жағдайы: тұрмысқа шыққан, екі баласы

бар


Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Жұмыс тәжірибесі: 2001 жылдан қазірге дейін «Балбзат ИТН» ЖАҚ,

Менеджердің көмекшісі, Алматы қаласы жоғары

999-2001ж.ж. КИМЕП, Экономика магистрі бөлімі.

1995-1999ж.ж.әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, экономика факультеті, мамандық-экономист.

Тілді білуі: Қазақ тілі –ана тілім, орысша- еркін, ағылшанша-жақсы.

Компьютерді игеруі: ЕХСЕL,WORD

Жеке қасиеттері: Жауапкершілік, мақсаттылық және басқарушылық қабілеттері, талапшыл, ұжыммен жұмыс істей білу

Қосымша ақпараттар:Ашық Қоғам институтының сертификаты Студенттердің Қалалық ІІІ конференциясының мақтау қағазы

Құштарлығы: кітап оқу, би, саяхатқа шығу

Ұстанымхаты: жоқ
Бақылау сұрақтары:


  1. Түйіндеменің толтырылу үлгісі

  2. Кәсіби мәтінмен жұмыс

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Оразбаева Ф., т.б. Кәсіби қазақ тілі. (Дәрігер мамандарына арналған оқу құралы.). - Алматы, 2007.

2. Төлеуов М.М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту: оқу құралы. - Алматы, 2005.

3. Мұхамадиева Н.Қ. Іскерлік қазақ тілі. - Астана, 2007.

4. Ақанова Д.Х. және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. - Алматы, 2006.

5. Дүйсенбекова Л. Іс-қағаздарын жүргізу. - Алматы, 2001.

6. Камешева Г. және т.б. Қазақ тілі. - Астана, 2004.

7. Өмірзақ Т., СансызбайӘ. Қазақ тілі. IV деңгей. Астана, 2006.

Тәжірибелік сабақ №12

Тақырыбы: ӨТІНІШ

Сабақтың мақсаты: Білімалушыларға құжат түрінің бір түрі өтініш үлгісінің толтырылу жүйесін жан- жақты меңгерту

Өтініш – ұйым, мекеме басшыларына, лауазымы жоғары қызметкерлерге жеке адамдар мен ұжым мүшелері тарапынан бір нәрсе жайында сұрай, өтіне жазылатын іс қағазының түрі.

Заявление – широко распространенная форма документа – обращения с какой-либо просьбой физических лиц к руководителям, государственным органам и др. Составляется в произвольной форме с соблюдением основных правил делопроизводства.

Бұл құжатта жеке адамдардың жұмысқа орналасуы, ұжым мүшелерінің жұмыстан босатылуы, басқа жұмысқа ауысуы, кезекті немесе кезектен тыс демалуы, материалдық көмек сұрауы, т.б. мәселелер жайлы жазылады.

Өтініш құрылымы мына төмендегідей болып келеді:


  1. құжаттың адресаты (өтініштің кімнің атына жазылғаны және оны кімнің жазғаны көрсетіледі)

  2. құжаттың аты

  3. құжаттың мәтіні

  4. құжаттың жазылған мерзімі

  5. құжат иесінің қолы

Өтінішке әр түрлі мазмұнда резолюция (бұрыштама) қойылады. Жазылған өтінішке мекеме басшысының қысқаша нұсқауы, бұрыштамасы «Қарсы емеспін», «Келісемін», «Қайта қаралсын», «Тексерілсін» т.б. үлгіде келеді.

Бұрыштама құжаттың жоғарғы жағына жазылады. Бұрыштамадан кейін күні жазылып, басшының қолы қойылады.



Грамматикалық минимум

Барыс септік: - ға/-ге - қа/-ке

Шығыс септік: - дан /-ден -тан/-тен

Есептік сан есім.

Жіктеу есімдіктері: мен, сіз.

Жіктік жалғау

Қысқарған сөздер (аббревиатуры)
Лексикалық минимум

Терминдер және терминдік сөз тіркестері

Номенклатуралық атаулар

Жалқы есімдер

Ай аттары

Коммуникативтік минимум

Қарату формалары (формы обращения)



ханым, мырза

төраға, төрайым

Етістік минимумы: өтінемін/сұраймын; жіберу, қабылдау, рұқсат ету, бөлу, тұру, босату, ауысу, пайдалану, тіркеу.

Тұрақты клише үлгілері: басқа жұмысқа ауысуыма байланысты; отбасы жағдайыма байланысты, кезекті демалыс, кезектен тыс демалыс.
НЕГІЗГІ СӨЗДІК

өтініш – заявление

өтінемін – прошу

сұраймын – ходатайствую

тұратын – проживающий

тіркелген – прилагается

ҚР ҚК қызметкері – служащий ВС РК

әскери қызметші – военнослужащий

әскери шен – воинское звание

бастық – начальник

тікелей бастық – прямой начальник

төте бастық – непосредственный начальник

меңгеруші – заведующий

орынбасар – заместитель

жөніндегі – по

мырза – господин

ханым – госпожа

төраға, төрайым – председатель

міндетін уақытша атқарушы(МУА) – ВрИО

лауазымын уақытша атқарушы (ЛУА) – ВрИД

іссапар – командировка

қабылдау – принимать

рұқсат ету – разрешить

бөлу – выделить

босату – освободить

оқу бөлімі – учебный отдел

оқу үдерісі – учебный процесс

саптық және кадрлар бөлімі – отдел кадров и строевого

материалдық-техникалық – отдел материально-технического

қамтамасыз ету бөлімі обеспечения

тәрбие және әлеуметтік-құқық – отдел ВиСПР

жұмыстары бөлімі

жоғары қолбасшылық алдында – перед вышестоящим командованием

сұрауыңызды өтінемін – прошу Вашего ходатайства

ақылы еңбек демалысы – оплачиваемый трудовой отпуск

жалақысы сақталмайтын демалыс – отпуск без сохранения заработной платы

отбасы жағдайыма байланысты – отпуск по семейным обстоятельствам

демалыс


қысқа мерзімді демалыс – краткосрочный отпуск

оқу демалысы – учебный отпуск

басқа жұмысқа ауысуыма байланысты – в связи с переводом на другую работу

денсаулығыма байланысты – в связи с состоянием здоровья

біліктілігін арттыру – повышение квалификации

материалдық көмек – материальная помощь

ақысыз демалыс – отпуск без содержания
Өтініш жазылатын негізгі жағдайлар төмендегідей:


  • жұмысқа қабылдау;

  • жұмыстан босату;

  • басқа жұмысқа ауыстыру;

  • кезекті демалыс сұрау;

  • кезектен тыс демалыс сұрау;

  • материалдық көмек (пәтер бөлу), балабақшадан орын бөлу және т.б. туралы сұрау;

  • жалақыны көтеру туралы өтініш айту және т.б.




  • Өтініш үлгілерімен танысыңыз.

Бірнеше рет оқыңыз. Мәтіндегі құрылымдардың орын тәртібіне назар аударыңыз.

«Арай» шағын кәсіпорнының төрағасы

Б.Асқарұлы мырзаға

Алматы қаласы, Бейбітшілік көшесі,

31-үйде тұратын Ж.Өмірбекұлынан
ӨТІНІШ
Мені 1999 жылдың 10 шілдесінен бастап бағдарламашы қызметіне қабылдауыңызды сұраймын. Білімім – жоғары, еңбек өтілім – 5 жыл.

Қажетті құжаттар өтінішке тіркелген.


Ж.ӨМІРБЕКҰЛЫ

8 шілде 2007 жыл


Алматы қаласы Ы.Алтынсарин атындағы қазақ-түрік гимназиясының директоры А.Асқарқызы ханымға

тарих пәнінің мұғалімі

А. Дүйсенқызынан
ӨТІНІШ
Сізден осы жылдың қыркүйек айының 18-інен бастап отбасы жағдайыма байланысты кезектен тыс демалыс беруіңізді өтінемін
А.ДҮЙСЕНҚЫЗЫ

18 қыркүйек 2015 жыл


Бақылау сұрақтары:

  1. Өтініш толтырыңыз

  2. Кәсіби мәтінді аудару.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Оразбаева Ф., т.б. Кәсіби қазақ тілі. (Дәрігер мамандарына арналған оқу құралы.). - Алматы, 2007.

2. Төлеуов М.М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту: оқу құралы. - Алматы, 2005.

3. Мұхамадиева Н.Қ. Іскерлік қазақ тілі. - Астана, 2007.

4. Ақанова Д.Х. және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. - Алматы, 2006.

5. Дүйсенбекова Л. Іс-қағаздарын жүргізу. - Алматы, 2001.

6. Камешева Г. және т.б. Қазақ тілі. - Астана, 2004.

7. Өмірзақ Т., СансызбайӘ. Қазақ тілі. IV деңгей. Астана, 2006.


Тәжірибелік сабақ №13.

Тақырыбы: Ө М І Р Б А Я Н

Жоспар:

1.Құжат үлгісінің бір түрі болып саналатын өмірбаянның толтырылу үлгісі

2. Өмірбаян толтырылу үшін қойылатын талаптар

Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы қысқаша жазылған ресми құжат. Өмірбаян оқуға түсу, жаңа қызметке тұру кезінде жазылады. Ол таза қағазға қолмен (кейде арнайы бланкте) жазылады.

Міндетті мәліметтер:


  1. Құжаттың аты (өмірбаян)

  2. Аты-жөні (толық жазылады) туған жылы, айы, күні, туған жері

  3. Ұлты

  4. Білімі, оқыған оқу орындары

  5. Қоғамдық-саяси қызметі

  6. Ата-анасы, жұбайы, балалары туралы мәлімет

  7. Қазіргі жұмысы, мекенжайы

Өмірбаянның мазмұны автордың өмір жолын, іскерлік қасиеттерін жан-жақты баяндап беруге тиіс.



Әскери мекемелерде жазылатын өмірбаянда төмендегідей мәліметтер қамтылады:

Өз қолыңызбен еркін түрде жазылады; алайда мынадай мәліметтердің көрсетілуі міндетті: аты-жөні, туған жылы, айы, күні, туған жері, ұлты, азаматтығы, қай кезден бастап жұмыс істеді, қандай жұмыс, жұмыс істеген мекемелерінің мекенжайы, басқа жұмысқа ауысуының себебі, әскер қатарында болуы, әскери қызмет өтелген әскери бөлімінің №, әскери құрамы, отбасы жағдайы, үйленген уақыты, жұбайының аты-жөні, туған жылы, туған жері, ұлты, әйелінің тұрмысқа шыққанға дейінгі фамилиясы, екінші рет үйленген болса, бірінші жұбайы туралы мәлімет, ажырасуының себебі. Ең жақын туыстары: әкесі, шешесі, өзінің және әйелінің бірге туған бауырлары туралы толық мәлімет, өзіңіздің және жұбайыңыздың шетелдегі туыстары туралы мәлімет.



Грамматикалық минимум

жіктеу есімдігі мен

жалқы есімдер

жер-су атаулары

оқу орындарының, құрметті атақтар мен наградалардың, ұйымдар мен мекемелердің атаулары

сан есімдер (реттік сан есім)

етістіктің өткен шағы - ды, -ді

-ты, -ті


-қан, -кен,

-ған, -ген

Үстеу (қазір)

Модаль сөздер (бар, жоқ)


НЕГІЗГІ СӨЗДІК

Автобиография - өмірбаян

Ұлт - национальность

Білім - образование

Жоғары білім - высшее образование

Орта білім - среднее образование

Арнаулы орта білім - средне-специальное образование

Ата-ана - родители

Оқытушы - преподаватель

Отбасы - семья

Жұбай - супруг (супруга)

Үйленгенмін - женат

Үйленбегенмін - не женат

Ажырасқанмын - разведен

Тұрмысқа шыққанмын - замужем

Тұрмысқа шықпағанмын - незамужем

Әскери қызметке міндеттімін - обязан к воинской службе

Әскери қызмет - воинская служба

Қосымша мәліметтер - дополнительные сведения

Мекенжай - адрес

Туу - родиться

Оқу - учиться

Түсу - поступать

Бітіру -окончить; закончить

Жұмыс істеу - работать

Ауысу - перейти

Міндетті - обязан

Әскери қызметті өтеу - выполнять воинскую службу


Үлгімен танысыңыз.

Өмірбаян

Мен, Қуаныш Өмірбекұлы, 1963 жылы 1 мамырда Семей облысы, Аягөз ауданы, Баршатас ауылында тудым.

Ұлтым – қазақ. 1970 жылдан 1980 жылға дейін Баршатас орыс орта мектебінде оқыдым. 1980 жылы Қазақ политехника институтының компьютерлік техника факультетіне оқуға түстім. Институтты бітіргеннен кейін 1985-88 жылдар аралығында Ғылыми-жобалау институтында жұмыс істедім. 1988 жылғы 1 қыркүйекте Қазақ политехника институтының металлургия өнеркәсібі кафедрасына ауыстым. Қазір осы кафедраның аға оқытушысымын. Ата-анам бар: әкем - Өмірбек Қадыров – Ұлы Отан соғысының ардагері, құрметті зейнеткер; анам – Хадиша Қасымова – ұзақ жылдар бойы Баршатас орыс мектебінде мұғалім болып істеді, қазір – зейнеткер. Отбасым бар: жұбайым – Жазира Дүйсебайқызы, жоғары білімді маман, дәрігер. Үш балам бар, олар мектепте оқиды.

Әскери қызметке міндеттімін. Аға лейтенант атағым бар.

Қосымша мәліметтер: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік білемін, ЭЕМ (ЭВМ) бағдарламаларын толық меңгергенмін, Интернетте жұмыс істей аламын.

Мекенжайым: Алматы қаласы, «Қазақфильм» шағынауданы, 47-үй.


Бақылау сұрақтары:

  1. Өмірбаян дегеніміз не?.

  2. Кәсіби мәтінмен жұмыс жасау

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Оразбаева Ф., т.б. Кәсіби қазақ тілі. (Дәрігер мамандарына арналған оқу құралы.). - Алматы, 2007.

2. Төлеуов М.М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту: оқу құралы. - Алматы, 2005.

3. Мұхамадиева Н.Қ. Іскерлік қазақ тілі. - Астана, 2007.

4. Ақанова Д.Х. және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. - Алматы, 2006.

5. Дүйсенбекова Л. Іс-қағаздарын жүргізу. - Алматы, 2001.

6. Камешева Г. және т.б. Қазақ тілі. - Астана, 2004.

7. Өмірзақ Т., СансызбайӘ. Қазақ тілі. IV деңгей. Астана, 2006.

Тәжірибелік сабақ №14

Тақырыбы: МІНЕЗДЕМЕ
Жоспар: 1. Мінездеме туралы жалпы түсінік

2.Мінездеменің толтырылу үлгісі



Сабақтың мақсаты: Білім алушыларға мінездеме орындауды жан-жақты меңгерту

Мінездеме – мекемеде, ұйымда, кәсіпорында жұмыс істейтін адам туралы әкімшілік немесе қоғамдық ұйым тарапынан берілетін, жеке адамның іскерлігін, біліктілігін, кәсіби деңгейін сипаттайтын ресми құжат. Мінездеме нақты, объективті, дәл және толық болуы керек. Мінездеме басқа мекеме / сот, прокуратура/ сұраған жағдайда, оқуға, аспирантураға түсу кезінде, сондай-ақ қызметкердің, маманның кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында беріледі.

Мінездемеде көрсетілетін міндетті мәліметтер:



  1. Жеке адам туралы негізгі мәліметтер:

  • аты-жөні;

  • ұлты;

  • әскери қызметке қатысы;

  • отбасы жағдайы;

  • білімі;

  • лауазымы;

  • туған жылы;

  • туған жері;

  • отбасы жағдайы;

  • азаматтығы.

  1. Қызмет істеген орны, қызмет атқарған жылдары.

  2. Жеке басының қасиеттері. Өз міндетіне, қоғамдық тапсырмаларға қарым-қатысы.

  3. Мінездеме қайда берілді.

  4. Мекеме басшысының қолы.

  5. Мінездеме берілген мерзім / айы, күні, жылы/.

  6. Мекеменің мөрі.

НЕГІЗГІ СӨЗДІК

характеристика - мінездеме

национальность - ұлт

должность - лауазым, қызмет

гражданин - азамат

образование - білім

высшее образование - жоғары білім

среднее образование - орта білім

год - жыл

сейчас, в данное время - қазір

опытный - тәжірибелі

квалифицированный - білікті, өз ісін жетік білетін

специалист - маман

знать в совершенстве - жетік білу

авторитетный - беделді

коллега - әріптес

образцовый - үлгілі

среди - арасында

учреждение - мекеме

организация - ұйым

руководитель - басшы

Лексикалық минимум

туу


оқу

бітіру


жұмыс істеу

түсу


беру

меңгеру


қол қою

аяқтау


Грамматикалық минимум

Изафет құрылым

Жалқы есімдер

Номенклатуралық атаулар

Етістіктің өткен шағы –ған/-ген/, -қан/-кен

Сын есім: қатыстық сын есім

Ырықсыз етіс тұлғасы –ыл, -іл, -л

Үлгімен танысыңыз.
Мінездеме

Қуаныш Өмірбекұлы Әлиханов, 1963 жылы туған, ұлты – қазақ , білімі – жоғары. Қазақстан Республикасының азаматы. Қуаныш Өмірбекұлы Әлиханов – 1963 жылы қаңтар айының 5-інде Қазақстан Республикасы бұрынғы Семей облысы, Аягөз ауданы, Баршатас ауылында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1980 жылы қазіргі Ұлттық политехника университетінің компьютерлік техника факультетіне оқуға түсіп, оны 1985 жылы үздік дипломмен бітірген. 1985-88 жылдар аралығында Ғылыми-жобалау институтының аға ғылыми қызметкері болған. Қазір – Қазақ ұлттық университеті металлургия өнеркәсібі факультетінің аға оқытушысы. 1988-91 жылдар аралығында ҚазПИ-дің өндірістен қол үзбей оқитын аспирантурасында оқып, 1991 жылы кандидаттық диссертация қорғады.

Қ.Ө.Әлиханов – өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман. Ол – бірнеше ғылыми еңбектердің авторы. Қ.Ө.Әлихановтың «Металлургия өнеркәсібінің терминдері» деп аталатын еңбегі Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды.

Қ.Ө.Әлиханов – қазақ, орыс, ағылшын тілін жетік біледі, ЭЕМ/ЭВМ/ машиналарында жұмыс істей алады.

Қ.Ө.Әлиханов – студенттер мен әріптестерінің арасында беделді; үлгілі отбасы иесі.

Мінездеме Ғылыми-техникалық орталықтың бас маманы қызметіне ұсыну үшін берілді.


Мекеме басшысы /аты-жөні, тегі/

Айы,күні,жылы


Бақылау сұрақтары:

  1. Мінездеменің толтырылу үлгісін жазыңыз

  2. Кәсіби мәтінмен жұмыс

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Оразбаева Ф., т.б. Кәсіби қазақ тілі. (Дәрігер мамандарына арналған оқу құралы.). - Алматы, 2007.

2. Төлеуов М.М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту: оқу құралы. - Алматы, 2005.

3. Ақанова Д.Х. және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. - Алматы, 2006.

4. Дүйсенбекова Л. Іс-қағаздарын жүргізу. - Алматы, 2001.

5 Мұхамадиева Н.Қ. Іскерлік қазақ тілі. - Астана, 2007.
Тәжірибелік сабақ №15

Тақырыбы: ЖЕКЕ ІС ПАРАҒЫ

Жопар: 1.Жеке іс парағы туралы түсінік

2.Жеке іс парағының толтырылу үлгісі

Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы – жұмысқа қабылдану, сайланбалы органдарға сайлану кезінде, сондай-ақ ұйымдар, мекемелер мен ведомстволар талап еткен басқа жағдайларда толтырылатын арнаулы бланк түріндегі ресми құжат. Жеке іс парағында көрсетілетін мәліметтер еңбек кітапшасында, өмірбаянда берілетін мәліметтермен дәлме-дәл сәйкес жазылады, жеке адамның азаматтық хал-жағдайы, кәсібі мен мамандығы, қоғамдық қызметі мен еңбек жолы толық көрсетіледі.

НЕГІЗГІ СӨЗДІК

Жеке іс парағы – личный листок

кадрлар жөніндегі жеке іс парағы – личный листок по учету кадров

жұмысқа қабылдау – принять на работу

кадрлар жөніндегі жеке іс парағын толтыру – заполнить личный листок по

учету кадров

тек (тегі) – фамилия

аты – имя

әкесінің аты – отчество

туған жылы, айы, күні – год, месяц, число рождения

азаматтығы – гражданство

ұлты – национальность

әлеуметтік тегі – социальное происхождение

жынысы – пол

білім – образование

мамандық – специальность

жоғары (орта) оқу орны – высшее (среднее) учебное заведение

дәреже – степень

атақ – звание

ғылыми еңбек – научный труд

өнертабыс – изобретение

лауазым – должность

еңбек өтілі – трудовой стаж

сайланбалы органдар – выборные органы

әскери қызметке қатысы - отношение к воинской службе

әскери атағы – воинское звание

толтыру – заполнить

көрсету - указать

мәлімет – сведение

марапаттау – наградить

жариялау – объявить

міндетті – обязан

міндетті емес – не обязан

Грамматикалық минимум

Жалқы есім;

сан есім (жыл, ай, күн аттары);

жер-су атаулары;

жоғарғы оқу орнының, мекеменің, сайланбалы органдардың атаулары;

мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтардың атаулары;

тұйық етістік;

номенклатуралық атаулардың емлесі.



Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы

  1. Тегі __________________________________

  2. Аты _________________ 3. Туған жылы, айы, күні_______________

4. Туған жері_________________________________________________

Ауыл, аудан, қала, облыс

5. Ұлты _______________ Азаматтығы _________________

6. Әлеуметтік тегі _____________________________________________

7. Білімі _____________________________________________________

Диплом бойынша мамандығы.

Жоғары оқу орнының аты, орналасқан жері.

8. Қандай тілдерді білесіз _______________________________________

Қандай дәрежеде ______________________________________________

9. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы _______________________________

10. Ғылыми еңбектері __________________________________________

11. Жұмыс істеген орны, лауазымы, жұмыс істеген жылдары________

12. Шетелдерде болуы ________________________________________

13. Сайланбалы орындарға қатысуы _____________________________

14. Мемлекеттік наградалары ____________________________________

15. Әскери қызметке қатысуы __________________________________

әскери атағы ____________________________________

16. Отбасы жағдайы (отбасы мүшелерінің аты-жөні, туған жылы көрсетіледі)____________

17. Мекенжайы _____________________________________________
Толтырылған уақыты Қолы ____________
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Оразбаева Ф., т.б. Кәсіби қазақ тілі. (Дәрігер мамандарына арналған оқу құралы.). - Алматы, 2007.

2. Төлеуов М.М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту: оқу құралы. - Алматы, 2005.

3. Ақанова Д.Х. және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. - Алматы, 2006.

4. Дүйсенбекова Л. Іс-қағаздарын жүргізу. - Алматы, 2001.

5 Мұхамадиева Н.Қ. Іскерлік қазақ тілі. - Астана, 2007.


5 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
5.1 Студенттің өздік жұмысын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау

Студенттің өздік жұмысының тапсырмалары жазбаша жұмыс (бақылау жұмысы) түрінде берілген. Сұрақтарға жауаптарды конспект түрінде дәптерге жазып: 1-кредит бойынша 3, 6-апталарда, 2-кредит бойынша 11, 14-апталарда ОЖСӨЖ сабағында тексеріледі. Сабақ барысында студенттің теориялық білімі, белсенділігі, ынтасы және шығармашылық шешім таба білу дағдысы бағаланады.

Студенттің өздік жұмысының тақырыптары

Кәсіби сала мамандығы бойынша қанатты сөздердің қазақша-орысша баламалары.

Кәсіби сала мамандығы бойынша фразеологиялық тіркестердің қазақша-орысша баламалары.

Аударма: түсінігі, түрлері, талаптар, әдістері, ерекше жағдайлары, маңызы. Кәсіби мәтіндер.

Аударма техникасын құрастырушы, ережелер, қателер және оларды жою. Кәсіби салаға байланысты мақал-мәтелдер.

Аудармада мәтін атауының ерекшелігі. Оқу техникасының аударма жасауда маңызы. Мәтінді толық және дұрыс түсіну. Аудармашының сөздікпен жұмыс істей білуі. Аударма жасауда қазақ тілі ерекшеліктерін білу. Технологиялық мамандық студентінің аударма негіздері туралы білімінің маңызы. Кәсіби салаға байланысты мақал-мәтелдер.


6 Әдебиеттер

6.1 Негізгі әдебиеттер

6 1.1 Оразбаева Ф., т.б. Кәсіби қазақ тілі. (Дәрігер мамандарына арналған оқу құралы.). - Алматы, 2007.

6.1.2 Төлеуп М.М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту: оқу құралы. - Алматы, 2005.

6.2 Қосымша әдебиеттер


6.2.1 Мұхамадиева Н.Қ. Іскерлік қазақ тілі. - Астана, 2007.

6.2.2 Ақанова Д.Х. және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. - Алматы, 2006.

6.2.3 Дүйсенбекова Л. Іс-қағаздарын жүргізу. - Алматы, 2001.

6.2.4 Камешева Г. және т.б. Қазақ тілі. - Астана, 2004.

6.2.5 Зейнулина А. Ф., Балпанов Н.М. Іскери- кәсіби қазақ тілі.- Павлодар, 2007.

6.2.6 Сөз сарасы. Қазақ тілінің ресми-іскери стилі бойын. Әдістем. құрал. Астана, 2009.

6.2.7 Өмірзақ Т., СансызбайӘ. Қазақ тілі. IV деңгей. Астана, 2006.

6.2.8 Зейнуллина А.Ф., Жұмабаева З.Е., Шаһарман А.П., Пазыл Ә.Қ. Іскери-кәсіби қазақ тілі: практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау. - Павлодар, 2009.

6.2.9 Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы».

6. 2 10 Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. – Алматы: Қазақстан, 2001.


6 .2.11 Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеолог.сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1977.

6 .2 .12. Қазақша-орысша сөздік /50 мыңға жуық сөз / – Алматы: Дайк – Пресс, 2002.



6 .2. 13. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі /10 томдық/. – Алматы, 1986.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет