ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар


-дәріс. Абай тағылымы және Абайдың ақын шәкірттері



бет3/4
Дата05.11.2016
өлшемі0,77 Mb.
#1016
1   2   3   4

30-дәріс. Абай тағылымы және Абайдың ақын шәкірттері

Дәрістің мазмұны:

  1. «Ақындық мектеп», «әдеби орта», «әдеби дәстүр» үғымдары

  2. Абай шәкірттерін топтастыру туралы ғалымдардың пікірлері

  3. Дәстүр жалғастығы

Абай ақындығының айналасы. Абайдың алдындағы қазақ поэзиясы. Ол үйренген ақындық мектеп. Дулат және Абай. Абай және Шығыс. Абайдың өлең құрылысына, ақындық әлеміне Шығыс әсері. Абайдың қазақ өлеңіне Еуропа үлгісін енгізуі. Абай және орыстың классикалық әдебиеті. Абайтанудағы Абай ақындығының айналасы, Абайдың ақындық мектебі. Абайдың ақындық дәстүрі ұғымдарын айқындай, ажырата түсу қажеттігі.

Ақылбай Абайұлы (1861-1904). Өмірі. Шығармалары. Әбдірахман өліміне жазған жоқтау өлеңі. "Дағыстан" ("Қисса-Жүсіп"), "Зүлыс", "Жармах батыр" поэмалары. Ақылбай мұрасының зерттеліп, жариялануы.

Мағауия Абайұлы (1870-1904). Өмірі. Шығармалары. "Медғат-Қасым" поэмасы. Шығармаларының басылым, зерттелу жайы.

Көкбай Жанатайұлы (1863-1927). Өмірбаяны. Абай және Көкбай. Көкбайдың "Абай - акындардың ұстазы" деген естелігі. "Абайға", "Дүтбайға", "Мұсажанға", "Сараң байға", т.б. арнау өлеңдері. "Сабалақ" дастаны.

Әріп Тәңірбергенов (1856-1924). Өмірі. Қоғамдық қызметі. Әдеби мұрасы. "Қалың мал туралы", "Еңбек туралы", "Ғылым туралы" дейтін өлең толғаулары. «Тәуірбек болысқа», «Замандасқа», «Шәкірттеріме», арнаулары. Адам ғұмырын сипаттауы. Әріптің шығармашылық өмірбаянындағы Шығыс әсері. Әріп ақынның «Біржан-Сара» айтысына қатысы.

Бақылау сұрақтары:

1. Ақылбай, Мағауия Абайұлдарының шығармашылығына әке ықпалы

2. Көкбай мен Әріп шығармашылығындағы Абай дәстүрі

Әдебиеттер:



3. СЕМИНАР САБАҚТАРЫ
1-семинар. XIX ғасырдагы тарихи-элеуметтік жағдайлар және әдебиет пен оның басты әдеби сарыны

Сабақтың мазмұны:

  1. XIX ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай .

  2. Әдебиеттегі отарлық езгіге қарсы сарын.

3. Әдебиеттегі дәстүр мен заман жайына байланысты туған жаңа бет пен бағыттар.

4. Ақындық дәстүрдің тууы мен өркен жайып, өсуі.

5. Әдебиеттегі жаңа түрлер мен сөз өрнектері, жанрлардың молаюы.

6. Жаңа жазба әдебиет.



Сабақтың мақсаты: ХІХ ғасырдағы әдеби үдеріс жөнінде студенттердің қаншалықты меңгергендігін тексеру. Ақынның жыраудан айырмашылығын, өзіне тән шығармашылық ерекшелігін ажырату деңгейін бақылау.

Бақылау сұрақтары:

  1. ХІХ ғасырдағы оқу-ағарту, баспа ісінің жай-күйі

  2. Қазақ әдебиетінде жаңа жарлардың пайда болуы

Әдістемелік нұсқаулық: «Әдебиет – халық өмірінің тарихи-әлеуметтік өмірінің көрінісі» десек, тұжырымның дәлелін ХІХ ғасырдағы қоғамдық өмірдің көркем өнерде, сөз өнерінде көрініс беруі, ықпалы жайлы әңгімелеу. Ақын мен жыраудың айырмашылығына тоқталу.

Ұсынылатын әдебиеттер:


2-семинар. XIX ғасыр әдебиетіндегі әдеби бағыттар мен ағымдар

Сабақтың мазмұны:

  1. XIX ғасыр әдебиетіндегі жаңа бет пен жаңа әдеби сарын.

  2. Әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық

  3. Жаңа жазба әдебиеттің тууы.

  4. Әдеби бағыттар

Сабақтың мақсаты: Дәстүр мен жаңашылдық ұғымдарын қалай ұғынғандарын бағалау, жаңа жазба әдебиеттің әкелген жаңалығын қаншалықты аңағарғаныдығын сараптау.

Бақылау сұрақтары:

  1. Зар заман поэзиясы

  2. Дәстүрлі жыраулық поэзия сілемдері

  3. Кітаби, қиссашыл ақындар.

Әдістемелік нұсқаулық: Осы кезең ақындарының шығармашылығындағы жыраулық поэзияның үлгісіне мысалдар келтіру арқылы дәлелдеу. Қиссашыл ақындарға түсініктеме беріп, шығармашылығының ерекшелігіне мән беру.

Ұсынылатын әдебиеттер:



3-семинар. Ұлт-азаттық күрес батырлары туралы тарихи өлеңдер

Сабақтың мазмұны:

  1. Отарлық езгі және әдебиеттегі тарихи өлендердің дүниеге келуі.

  2. «Кенесары-Наурызбай» жыры.

  3. «Исатай-Махамбет» жыры.

  4. «Бекет батыр» жыры.

  5. М.Әуезовтің «Әдебиет тарихы» еңбегіндегі «Тарихи өлендер» тарауы

Сабақтың мақсаты: Тарихи өлеңдердің зерттелуін, классификациясы туралы, ғалымдардың пікірлерін студенттер қандай деңгейде меңгергендігін тексеру.

Бақылау сұрақтары:

  1. Тарихи өлеңдердің топтастырылуы

  2. М.Әуезовтің тарихи жыр туралы

  3. Ш.Уәлихановтың жырды жинастыруға қосқан үлесі

Әдістемелік нұсқаулық: Тарихи өлеңдердің жанрлық ерекшелігін, ол туралы зерттеулерді қарастыру. «Кенесары-Наурызбай», «Исатай-Махамбет», «Бекет батыр» жырларының әдебиет тарихында алатын маңызын әңгімелеу.

Ұсынылатын әдебиеттер:



4-семинар. Махамбет Өтемісұлы - бостандық рухындағы жауынгер поэзия жыршысы

Сабақтың мазмұны:

  1. Өмірі туралы мәлімет. Махамбет шығармаларын жариялау, зерттеу
    жұмыстары.

  2. Махамбет - қазақ әдебиетіндегі сыншыл, реалистік, романтикалық
    толғау ақыны. Ақын жырларындағы күрескерлік, жауынгерлік,
    азаматтық әуендер.

  3. Махамбет шығармаларындағы халык тұлғасының және Исатай батыр
    бейнесінің жырлануы.

Сабақтың мақсаты: Махамбеттің шығармашылығын, әдебиет тарихынан алатын орнын студенттер қалай бағалайтынын бақылау.

Бақылау сұрақтары:

  1. Махамбет өлеңдерінің философиялық-дүниетанымдық тереңдігі

  2. Лирикалық өлеңдеріндегі ақынның өз бейнесінің сомдалуы

  3. Махамбет өлеңдеріндегі жыраулық-ақындық дәстүр жалғастығының белгілері

Әдістемелік нұсқаулық: Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығына тоқталып, жалынды жырларына әдеби талдау жасау.

Ұсынылатын әдебиеттер:

5-семинар. XIX ғасыр әдебиетіндегі қисса-дастандар мен діни-тәлімгерлік бағыттағы әдебиет

Сабақтың мазмұны:

  1. Шығыс әдебиеті және қазақ әдебиетіндегі қисса-дастандардың тууы.

  2. Діни-тәлімгерлік әдебиеттің жазба әдебиетті тудырудағы рөлі.

  3. Шығыстық қиссалар мен нәзирагейлік дәстүр.

  4. Діни-тәлімгерлік бағыт өкілдері, шығармаларының басылуы, олардың зерттелу тарихы.

Сабақтың мақсаты: ХІХ ғасырдағы қиссашыл, кітаби ақындардың шығармашылығына ортақ белгілерді студенттер қалай меңгергендігін тексеру.

Бақылау сұрақтары:

  1. ХІХ ғасыр әдебиетіндегі қисса-өлең дәстүрінің ғылыми негізделуі

  2. Кітаби ақындардың шығармашылығы жайлы

  3. Қисса-дастандардың ауызша әдебиет пен жазба әдебиетке қатысын айқындай түсудің өзекті ғылыми мәселелері

Әдістемелік нұсқаулық: Шығыс әдебиеті мен қазақ әдебиетінің арасындағы әдеби байланыстың көрінісі ретінде қисса-дастандардың дамып, назира дәстүрінің өріс алуына көңіл бөлу. Ғалымдардың пікіріне шолу жасау.

Ұсынылатын әдебиеттер:



6-семинар. Сал-серілер мен әнші-ақындар поэзиясы

Сабақтың мазмұны:

  1. Сал-серілер мен әнші-ақындар және әдебиет тарихындағы ән-өлеңдер.

  2. Сал-серілер мен әнші-ақындар туындыларындағы ұлттық тағлым,
    керкемдік тіл кестесі мен лиризм.

  3. Қазақ мәдениетіндегі әдеби дәстүрлері, зерттелу, окытылу жайы

  4. Әдебиет тарихындағы алар орны.
    Сабақтың мақсаты: Сал-серілер мен әнші-ақындар шығармашылығы қазақ әдебиетінде ерекше құбылыс екендігін студенттердің қалай меңгергендігін бақылау.

Бақылау сұрақтары:

  1. ХІХ ғасыр әдебиетіндегі қисса-өлең дәстүрінің ғылыми негізделуі

  2. Кітаби ақындардың шығармашылығы жайлы

  3. Қисса-дастандардың ауызша әдебиет пен жазба әдебиетке қатысын айқындай түсудің өзекті ғылыми мәселелері

Әдістемелік нұсқаулық: Сал-серілер мен әнші-ақындар шығармашылы-ғындағы өнердегі синкретизм белгілерінің сақталуы, жаңғыра қолданылуы екендігіне ерекше көңіл қою. /Әншілік, ақындық, жыршылық, сазгерлік, аңшылық-мергендік, атбегілік-сейістік, құсбегілік-саятшылық, әртүрлі имазмұндағы күлдіргі ойынпаздық, палуандық, ұсталық-зергерлік т.б/

Ұсынылатын әдебиеттер:



7- семинар. Ақан сері Қорамсаұлы

Сабақтың мазмұны:

  1. Ақан серінің өмірі мен шығармашылығы.

  2. Ән-өлеңдерінің көркемдік тіл айшығы, олардағы лиризм.

  3. Мағжанның «Ақан сері» мақаласы.

Сабақтың мақсаты: Ақан сері Қорамсаұлының өнері мен тағдырының қасіреті жайлы, лирикасының тақырыптық аясы мен көркемдік ерекшелігін студенттердің қаншалықты меңгергеніне қарай бағалау.

Бақылау сұрақтары:

  1. Шығармашылық мұрасы

  2. «Сырымбет», «Қара торғай», «Үш тоты», «Ақ көйлек» ән-өлеңдері

  3. Өлеңдеріндегі әлеуметтік үн

Әдістемелік нұсқаулық: Ақан сері Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығына тоқталып, өлеңдерінің бейнелілігін, махаббат тақырыбындағы, азаматтық әуенді, сыншыл сарындағы, аңшылық-саятшылдық тақырыбындағы өлеңдерінің маңызын ашу.

Ұсынылатын әдебиеттер:



8-семинар. Әдебиет тарихындағы айтыс өнері

Сабақтың мазмұны:

  1. Айтыс өнері, оның түрлері мен жанрлық ерекшеліктері.

  2. Айтыскер ақындар, олардың айтыстарындағы сөз қолданыс, көркемдік
    тіл айшықтары.

  3. Айтысты М.Әуезовтің ғылыми саралап, жіктеуі.

  4. Айтыс өнерінің зерттелу тарихы.

Сабақтың мақсаты: Ақындық айтыс өнерінің дамып, қанат жаюы, түрлері, зерттелу жайы туралы студенттердің қандай деңгейде меңгергендіктерін тексеру.

Бақылау сұрақтары:

  1. ХІХ ғасырдағы әйгілі айтыс ақындары.

  2. Айтыстың әлеуметтік мәні

  3. ХІХ ғасыр айтыстарының жиналып, зерттелу жайы.

Әдістемелік нұсқаулық: ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінде ақындық айтыспен бірге жазба айтыстың да дамып өркендеуіне тоқталу, Шөже, Орынбай, Кемпірбай, Балта, Түбек,Сүйінбай, Нұрым, Қашаған т.б. айтыстарының көркемдігіне мән беру.

Ұсынылатын әдебиеттер:



9-семинар. «Зар заман» әдебиеті

Сабақтың мазмұны:

  1. Отарлық езгі және «Зар заман» әдебиетінің тууы.

  2. «Зар заман» әдебиетінің өкілдері мен олардың туындыларына тән
    белгілер, тіл ерекшеліктері.

  3. «Зар заман» әдебиетіндегі заман, адам, дәуір суреттері.

4. М.Әуезовтің «Зар заман» әдебиетін зерттеудегі еңбектері.
Сабақтың мақсаты: ХІХ ғасыр әдебиетіндегі «Зар заман» ағымы туралы, өкілдерінің шығармашылығының ерекшеліктерін студенттердің қандай дәрежеде меңгергендіктерін тексеру.

Бақылау сұрақтары:

  1. Зар заман әдебиетінің зерттелу тарихындағы саяси негіздемелер

  2. Зар заман поэзиясының көрнекті өкілдері

  3. Қазіргі кезеңде зерттелуі. А.Шәріп, Б.Омарұлы, Қ.Раев, Қ.Мәдібай зерттеулері

Әдістемелік нұсқаулық: Зар заман әдебиетінің аса көрнекті өкілдері – Шортанбай, Дулат, Мұрат, Шернияз, Әбубәкір шығармашылық мұрасының әдебиет тарихында алар орнын бағамдау.

Ұсынылатын әдебиеттер:



10-семинар. Дәстүрлі поэзия өкілдері

Сабақтың мазмұны:

  1. Әдебиет тарихындағы дәстүр жалғастығы.

  2. Әдебиеттегі тақырыптық, мазмұндық қайталаулар мен тағылымдық
    дидактика.

  3. Қашаған Күржіманұлы, Нұрым Жаршағұлұлы, Базар жырау Оңдасынұлы, Мәделі Жүсіпқожаұлы, Құлыншақ Кемелұлы т.б. шығармашылық мұралары.

Сабақтың мақсаты: ХІХ ғасыр әдебиеті өкілдерінің шығармашылығы, дәстүр мен жалғастық туралы студенттердің қандай дәрежеде меңгергендіктерін бағалау.

Бақылау сұрақтары:

  1. Ақындардың шығармашылықтарының басылып, зерттелуі

  2. Шығармашылықтарының жанрлық түрлері, көркемдігі

Әдістемелік нұсқаулық: ХІХ ғасыр әдебиетіндегі дәстүр жалғастығының көрінісін мысалдармен дәлелдеу. Қашаған, Нұрым, Базар, Мәделі, Құлыншақ шығармашылықтарының ерекшеліктеріне тоқталу.

Ұсынылатын әдебиеттер:



11-семинар. Жаңа жазба әдебиет

Сабақтың мазмұны:

  1. Ағартушылық, демократияшыл көзқарастағы ақын-жазушылар
    шығармашылығының XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуындағы
    рөлі.

  2. Қазақтың ағартушы, демократ ақын-жазушыларының
    шығармашылығына өзек болған мәселелер.

  3. XIX ғасыр ағартушы-демократтары шығармаларындағы ортақ
    көзқарастар және оның реалистік жана жазба әдебиетті дамытудағы
    игі ықпалы.

Сабақтың мақсаты: Қазақ әдебиеті тарихындағы жазба әдебиеттің қалыптасып, дамуын, ағартушы ақын-жазушылардың шығармашылығы, оқу-ағарту ісі, жанрлық түрлер, өлең құрылысы мәселелері туралы студенттердің жан-жақты меңгергендіктерін бақылау.

Бақылау сұрақтары:

  1. Жаңа жанрлардың тууы. Мысал, сықақ, сатираның жандануы

  2. Көркем аударма мәселелері

  3. Шағын проза. Көсемсөз

Әдістемелік нұсқаулық: ХІХ ғасыр әдебиетіндегі дәстүр жалғастығының көрінісін мысалдармен дәлелдеу. Қашаған, Нұрым, Базар, Мәделі, Құлыншақ шығармашылықтарының ерекшеліктеріне тоқталу.

Ұсынылатын әдебиеттер:



12-семинар. Дулат Бабатайұлы

Сабақтың мазмұны:

  1. Дулат ақынның шығармашылығы.

  2. Отарлык езгі және Дулат өлеңдеріндегі азаттық танымдар.

  3. Ақын мұраларындағы заман, адам бейнесі.

  4. Шығармаларындағы туған жер, елдік, ерлік, бостандық тақырыптарының суреттелуі.

  5. Жаңа жазба әдебиетіне жол салуы, әдеби шығармаларындағы
    көркемдік тіл өрнектері.

  6. «Еспембет» поэмасы, мысалдары.

  7. Шығармашылығының зерттелуі.

Сабақтың мақсаты: Дулат Бабатайұлының Абайға дейінгі қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі екендігін, туындыларының тақырыптық аясы, тіл кестесі, өлең өрімі жайын студенттердің қандай деңгейде меңгергендіктерін бағалау.

Бақылау сұрақтары:

  1. Дулат ақынның арнауларындағы заман жайы

  2. Ақындық, сөз өнері жайлы шығармалары

  3. Х.Сүйіншәлиев, Қ.Өмірәлиев, Р.Сыздықова т.б. зерттеулері

Әдістемелік нұсқаулық: Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығын кезең әдебиеті тұрғысынан бағалап, жазба поэзиясында Абайға дейінгі ірі тұлға екендігін саралау.

Ұсынылатын әдебиеттер:



13-семинар. Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен әдеби мүрасы

Сабақтың мазмұны:

1. Ы.Алтынсарин - ағартушы, үстаз-жазушы, этногроф, аудармашы.

2. Ы.Алтынсарин - қазақ мектебіне арналған түңғыш оқулықтың авторы

3. Қазақтың халықтық әдет-ғүрыптары туралы жазған этнографиялық еңбектері.

4. Қазақ халқының ауыр тұрмысына арналған макалалары.
Сабақтың мақсаты: Ы.Алтынсариннің қазақ әдебиетіндегі алатын орнын, ұстаздық қызметін, шағын жанрды дамытушы екендігін, өлеңдерін, аудармаларын студенттердің жете меңгергендігін тексеріп, бағалау.

Бақылау сұрақтары:


  1. Ыбырай – қазақтың тұңғыш оқу құралының авторы.

  2. Өлеңдері мен әңгімелеріндегі тақырыптық, көркемдік шешім тұрғысындағы үндестік.

  3. Ы.Алтынсарин шығармашылығы – қазақ балалар әдебиетінің қалыптасуындағы шешуші негіз.

Әдістемелік нұсқаулық: Ыбырай Алтынсариннің ұлы ағартушы, ұстаз-жазушы, ақын, этнограф, аудармашы екендігін еңбектері негізінде әңгімелеу. Қазақтың ұлттық даму тарихына қосқан үлесіне тоқталу.

Ұсынылатын әдебиеттер:



14-семинар. Ш.Уәлиханов - әдебиетанушы ғалым

Сабақтың мазмұны:

  1. Шоқан - қазақ тарихы мен әдебиетін, фольклоры мен этнографиясын
    зерттеуші, ағартушы ғалым.

  2. Ол-публицист жазушы. Шоқанның ағартушылық, демократтык
    көзқарасындағы философиялық-материалистік дүниетаным сипаттары.

  3. Шоқанның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы
    зерттеу еңбектері.

  4. Шоқанның Қырғыз тарихына және фольклорына байланысты
    жазғандары, зерттеулері.

  5. Шоқанның хаттары, ондағы демократиялық, ағартушылық
    көзқарастары.

Сабақтың мақсаты: Ш.Уәлиханов мұрасының ұлттық тарихымыздағы маңызын студенттердің қандай дәрежеде меңгергендігін бағалау.

Бақылау сұрақтары:

  1. Шоқан мұрасының жариялануы, зерттелуі

  2. Ғалымның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы зерттеу еңбектері.

  3. Ш.Уәлихановтың қырғыздың фольклолры мен тарихына байланысты еңбектері. «Манас» эпосына тұңғыш рет тарихи, әдеби талдаулар жасауы

Әдістемелік нұсқаулық: Шоқан Уәлихановтың қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мәдениетін, әдебиетін, тарихын зерттеуші екендігіне тоқталу.

Ұсынылатын әдебиеттер:



15-семинар. Абай Құнанбайұлы

Сабақтың мазмұны:

  1. Хакім Абай мүрасынын жиналуы, жариялануы, зерттелуі. Абай
    шығармашылығына шешуші ыкпал еткен үш арна.

  2. Абайдың аудармашылық-нәзиралық шығармалары - әлемдік әдебиетті
    қазақ тілінде сөйлетудің үздік үлгілері.

  3. Поэмалары.

  4. Абайдың қара сөздері — ежелгі грек ойшылдарының шәкірттеріне
    айтқан әңгіме-сүхбат жанры дәстүріндегі шығармалары.

  5. Абай - қазақ сөз өнеріндегі жаңа реалистік жазба керкем әдебиеттің
    негізін салған ақын.

Сабақтың мақсаты: Абай мұрасының қазақ әдебиетінде ірі құбылыс болғандығын, шығармашылығының ерекшелігін студенттердің қандай дәрежеде меңгергендігін бағалау.

Бақылау сұрақтары:

  1. Әдеби мұрасының сақталу, басылым жайы, зерттелуі

  2. Лирикасының тақырыптық аясы

  3. Аудармалары, поэмалары

  4. Қарасөздерінің маңызы.

Әдістемелік нұсқаулық: Абайдың әдебиеттің түріне қосқан жаңалығы, көркемдік көкжиегін кеңейтуі, өлең құрылысына енгізген өзіндік даралығы жайлы кешенді баяндау. Абайтану ғылымының бүгінгі зерттелу мәселесіне тоқталу.

Ұсынылатын әдебиеттер:


4 КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ЖӘНЕ ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

    1. Курстық және бітіру жұмыстарының тақырыптары:

      1. Шөженің өлеңдері мен айтыстары.

      2. Махамбет поэзиясындағы Исатай бейнесі.

      3. Махамбет поэзиясындағы ақынның өз бейнесі.

      4. Махамбет поэзиясының көркемдік сипаты.

      5. Жетісудың отарлануы және Сүйінбай Аронұлының
        шығармашылығындағы ерлік, азаттық тақырыбы.

      6. Біржан салдың ғашықтық лирикасы.

      7. Біржан сал өлеңдері, олардың көркемдік кестесі.

      8. Шоқан - әдебиет зерттеушісі.

      9. Ы. Алтынсариннің прозасындағы дидактика.

      10. Ы. Алтынсарин поэзиясындағы дидактика.

      11. Ақан Серінің ғашықтық лирикасы.

      12. Ақан сері шығармашылығындағы отарлық езгіге қарсы
        ой - танымдары мен туған жер тақырыбы.

      13. Абай - жаңа жазба әдебиеттің негізін қалаушы.

      14. Абай поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық.

      15. Абай шығармаларындағы отарлық езгіге қарсы сарын.

      16. Абайдың өнерге деген эстетикалық көзқарасы.

      17. Абай поэзиясындағы табиғат лирикасы.

      18. Абай поэзиясындағы ғашықтық лирика.

      19. Абай поэзиясындағы әлеуметтік - саяси лирика, оның
        Дулат шығармашылығындағы рухани көздері.

      20. Абайдың ғақлиялары (қара сөздері).

      21. Абайдың поэмалары.

      22. Абайдың аудармалары.

      23. Ақылбайдың «Дағыстан» поэмасының көркемдік
        кестесі.

      24. Мағауияның «Медғат - Қасым» поэмасының құрылымы
        мен көркемдік сипаты.

      25. Ш.Бөкеев шығармашылығы және ондағы декаденттік
        әдеби ағым.

      26. Ш. Жарылғасұлы поэзиясындағы азаттық сарыны.

      27. А.Азаматқызының «Жетім қыз» поэмасындағы
        әлеуметтік - саяси лирика.

      28. Ш.Қанайұлы және зар заман әдебиеті.

      29. Кемпірбай Бөгембайұлының поэзиясы.

      30. Орынбай Бертағыұлының шығармашылығы.

      31. Нұрым Жаршығұлының шығармашылығы.

      32. Қашаған Күржіманұлы поэзиясы.

      33. Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармашылығы.

      34. Балқы Базардың әдеби мұрасы.

      35. Құлыншақ Кемелұлы поэзиясы.

      36. Жаяу Мұсаның лирикалары.

      37. Мүрат Мөңкеұлы туындыларындағы заман зары мен
        отарлық езгіге қарсы сарын.

      38. Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармаларындағы дін және мораль мәселесі.

      39. Мәшһүр Жүсіп Көпеев - фольклор жинаушысы.

      40. Көкбайдың «Сабалақ» дастанындағы ерлік, елдік
        тақырыбы.

      41. Иманжүсіп Құтпанүлы шығармашылығындағы ғашықтық және азаттық тақырыбы.

      42. Балуан Шолактың лирикасы.

      43. М.Сералиннің баспагерлік, публицистикалық және
        әдеби еңбектері.

      44. Мәдидің лирикасы.

      45. Сара Тастанбетқызының поэзиясы.

      46. XIX ғасыр әдебиетіндегі тарихи жырлар, олардың
        азаттық сипаты.

      47. Дулат Бабатайұлы шығармашылығындағы отарлық
        езгіге қарсы күрес сарыны.

      48. Дулат мысалдарының әлеуметтік - саяси мәні.

      49. Дулаттың «Еспембет» поэмасындағы азаттық
        тақырыбы.

      50. Отарлық сарын және отарлық дәуірдегі әдебиеттің
        өзіндік ерекшеліктері.

      51. Сүйінбай өлеңдеріндегі халық бейнесі.

      52. М. Қалтаев және діни - тәлімгерлік бағыт.

      53. Абайдың ақындық мектебі.

      54. XIX ғасырдағы сал - серілер поэзиясы.

      55. XIX ғасырдағы айтыс өнері.

      56. XIX ғасыр әдебиетіндегі шығыстық қисса дастандар.

      57. Мәделі Жүсіпқожаұлының поэтикасы.

      58. XIX ғасыр әдебиетіндегі аударма.

      59. Ақындар поэзиясының рухани арналары.

      60. Майлықожаның ақындық мұрасы

4.2. Жұмыстың орындалуы туралы әдістемелік нұсқау: Берілген жұмыс тақырыптарынан біреуін қалауыңыз бойынша таңдап аласыз. Ғылыми жұмыс А4 форматта жазылады. Компьютерде басылған курс жұмысы көлемі 20-25 бет болу керек. Жұмыстың қүрылымы: 1) жоспары; кіріспе; негізгі бөлім; қорытынды; қолданылған әдебиеттер тізімі. Сыртқы беті стандартқа сай өңделуі тиіс.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет