ПОӘК 042-14-5-05.01.20.65
/03.2010
|
_________2010 жылғы
№ 2 басылым
|
64 беттің -шісі
|
050504 - «Журналистика» мамандығына арналған
«Қазақ әдебиетінің тарихы»
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
СЕМЕЙ
2010
Мазмұны
1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Семинар сабақтары
4 Курс жұмысы және диплом жобасы (жұмысы)
5 Студенттің өздік жұмысы
1 ГЛОССАРИЙ
1.1 Ән өлеңі - әнге арнап жазылған, әнмен айтылатын өлең, әдебиеттануда поэзияның жанрлық саласы ретінде қарастырылады.
1.2 Ерікті өлең – қалыптасқан өлең өлшемін берік сақтамай, тармақтардың ырғағын еркін өрнектейтін өлең түрі.
1.3 Жыршы ақындар поэзиясы – ауыз әдебиеті дәстүріндегі поэзия, қазақ әдебиетінде бірнеше ғасырға ұласып келетін поэзиялық өнердің үлкен арнасы.
1.4 Кітаби ақын – Шығыс әдебиетінің араб, парсы, түркі тілдес халықтарында бар поэзияның озық үлгілерін өзінше жырлап, қазақ арасына таратып отырған, шығыс тілінде шыққан кітаптар сюжетін қайта өңдеп, қисса дастандар шығарған өзгешелеу бір топ ақындар.
1.5 Сал-сері – сегіз қырлы, бір сырлы, яғни әнші, күйші, ойыншы, күлдіргіш, композитор, би, спортқа бейімі бар ерекше үздік жаратылған өнерпаз.
1.6 Терме – қазақ халық поэзиясында қалыптасқан лирикалық өлең түрі.
1.7 Толғау – қазақ, сондай-ақ қарақалпақ, ноғай секілді басқа да халықтардың ауызша поэзиясында кең тараған қоғамдық-саяси лириканың бір түрі.
1.8 Аллитерация (лат. дыбыстас) – шығармаларда бірыңғай дыбыстардың үндестігі, дәлірек айтқанда дауыссыз дыбыстардың қайталануы.
1.9 Алтыбуынды өлең - әр тармағы үш буынды екі бунақтан құралатын (3 буын – 3 буын) өлең өлшемі.
1.10 Алтытармақ – қазақ поэзиясында лирикалық өлеңдерде жиі қолданылатын шумақ өрнегі.
1.11 Анафора (гр. биікке шығару) – айшықтаудың (фигураның) үлгісі ретінде көрсетілген шумақтың немесе өлең жолдарының басында үндесе, үйлесе қиысатын бірыңғай бастамалар.
1.12 Антитеза (шендестіру) – екі затты не құбылысты шендестіру арқылы басқа бір құбылыстың, ұғымның, нәрсенің суреті, сыр-сипаты, кескін-кейпі аңғарылады.
1.13 Антоним (қайшы сөздер) (гр. қарсы, атау) – біріне-бірі қайшы қарама-қарсы мағыналы сөздер.
1.14 Ассонанс (лат. үйлесім) - өлең сөзде дауысты дыбыстардың үндесе қайталануы.
1.15 Әдеби қаһарман - әдебиеттің идеялық-эстетикалық роліне сай бейнеленетін тұлға.
1.16 Әдеби процесс- бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи заңды қозғалысы.
1.17 Әдеби характер (гр. мінез, ерекшелік) – кейіпкердің мінез бітімі, адамның бойына психологиясына, қимыл әрекеттеріне тән сан түрлі қасиеттердің бірігіп, біте қайнаған тұтастығын танытатын мінез-құлық өзгешелігі.
1.18 Әлеуметтік лирика – лирикалық жанрдың тақырыптың мазмұнына қарай бөліп қаралатын, қоғамдық өмірге қатысты маңызды мәселелерді қозғайтын ақынның заманға, халықтың бүгінгі тағдырына көзқарасын білдіретін үлкен саласы.
1.19 Градация (лат. біртіндеп көтеру) – дамыту-алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды асыра асқақтата түсу.
1.20 Жанр - әдеби шығармалардың жеке түрлері, көркем әдебиеттің салалары.
1.21 Идея - әдебиет шығармасында өмірдегі жәй жағдайлар, адам тағдыры баяндалғанда, суреттелгенде жазушының сөз болып отырған мәселелерге қатынасы, көзқарасы да аңғарылады.
1.22 Кейіптеу – жансыз нәрселерді адам кейіпіне келтіріп немесе қалайда жан бітіргендей етіп суреттейтін көркемдік тәсіл.
1.23 Композиция - әдеби шығарманың құрылысы, оның үлкен кішілі бөлім бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырылып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық бірлігі.
1.24 Қара өлең ұйқасы – төрттармақтың бірінші, екінші және төртіншісі бірыңғай ұйқасады.
1.25 Лирикалық кейіпкер – поэзиялық шығармалардан көрінетін адамның тұлға бейнесі.
1.26 Лирика – көркем әдебиеттің негізгі саласының, жанрының бірі, ерекшелігі-адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікелей бейнелеп көрсетеді.
1.27 Лирикалық қаһарман – ақын бейнесінің оның шығармаларынан жинақталған тұтас тұлға ретінде көрінуі.
1.28 Метафора (гр. ауыстырып қою) – екі нәрсені, құбылысты салыстыру және жанастырып жақындату негізінде астарлы тың мағына беретін бейнелі сөз.
1.29 Параллелизм (гр. қатарлас) – екі нәрсені қатарластыра, жанастыра алып бейнелеу тәсілі.
1.30 Пейзаж (франц. ел, жер) - әдеби шығармадағы табиғаттың әсем көрінісі, көркем бейнесі.
1.31 Портрет (франц. бейнеленген) - әдеби кейіпкердің сырт көрінісін, кескін-кейпін, бой-тұлғасын суреттеу.
1.32 Прототип (гр. түп, төркін бейне) – кейіпкердің бейнесін жасауға тірек, негіз болатын өмірде болған адам.
1.33 Символ - әдебиетте ойды астарлап, басқан нәрсені суреттеу арқылы жасалатын нақтылы сипаты бар балама бейне.
1.34 Стиль – жазушының өмір шындығын танып-білу, сезіну қабілетін, бейнелеу шеберлігін, өзіндік суреткерлік тұлға бітімін танытатын даралық өзгешелігі, жазу мәнері, қолтаңбасы.
1 35 Сюжет (франц. зат) - өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі.
1.36 Тақырып - әдеби шығармада сөз болатын басты мәселе, шығарма мазмұнының негізгі арқауы, айтылатын жай жағдайлардың бағыт-бағдары.
1.37 Экзпозиция (лат. түсіндіру) – көркем шығармада оқиға дамып өрістейтін орынды, ортаны, ол оқиғаға қатысатын кейіпкерлерді сипаттап, алғаш оқушыға таныстыру.
1.38 Эпитет – заттың не құбылыстың айырықша белгісін, қасиетін білдіретін бейнелі сөз.
1.39 Эпифора - өлең тармақтарының соңында бір сөздің не сөз тіркесінің бірнеше қайталанып келуі.
2 ДӘРІСТЕР
Дәріс 1-2. Түркі елінің тарихи жағдайы, әдебиетінің даму бағыты.
Ежелгі дәуір әдебиеті.
Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет.
Күлтегін және Тоныкөк жырлары.
Қорқыт ата дастаны.
Қазақ әдебиетінің сан ғасырлық тарихи өте ерте, қадым замандардан, ежелгі дәуірлерден басталады. Белгілі ғалым Б. Кенжебай қазақ халқының бұрын соңда әдебиетінің тарихын төмендегідей кезеңдерге бөледі.
1. Ежелгі әдебиет, бұл дәуір VI –XV ғасырлар арасын қамтиды. Бұл кейінірек қазақ халқының құрамына енген қазақ ру – тайпаларының ежелгі ру, ұлы дәуірлеріндегі әдебиеті, Ерте кездегі түрік ру – тайпаларымен бірге жасалған ортақ әдебиет.
2. Қазақ хандығы дәуіріндегі (XV-XIXғасырлар ) әдебиет. Қазақтың өзіңдік тал әдебиет.
3. Қазақтың XIX – ғасырдағы жаңа, сыншыл, реалистік әдебиет.
4. Қазақтың XX ғасыр басындағы (1900 – 1940жыдардағы) әдебиет.
5. Қазақ халықтың Ұлы октябрь социалистік революциясынан кейінгі советтік әдебиет.
Скандинавия халықтарының тілінде «рунь» деген сөз – «Құпия»; яғни «Сыры ашылмаған» деген ғылымды білдіреді. Өйткені XVIII ғасырдың 20 – жылдарында Орхан – Енисей аңғарынан табылған көне түрік жазуын көпке дейін ешкім оқи алмады.
Бұл жазудың сырын Дания ғалымы В. Томсен 1893 жылы ашты.
Орыс ғалымы Н.М. Ядринцев Солтүстік Монғолиядағы Орхон және Селенга өзеңдерінің бойынан осындай руына жазулары бар үлкен – үлкен құпия тастарды тапты.
Бұл – Түрік қағанаты дәуіріндегі . Белгі қаған мен оның інісі, қолбасшы күлтегін және қағандар кеңесшісі Тоныкөк – құрметіне қойылған ескерткіштер еді. Дәлірек айтсақ, бұлар VII – ғасырда әрбір әрпі тасқа қашап жазылған көне түркі тіліндегі тұңғыш жыр дастандар болатын.
Күлтегін және Тоныкөк жырлары. Күлтегін – ежелгі түркі мемлекетінің көрнекті әскери қолбашысы, сол дәуірдің белгілі қоғамдық қайраткер ретінде көне тарихтан жақсы мәлім. Ол Құтлұғ қағанның кенже ұлы. Қапаған қаған 716 жылы қаза тапқаннан кейін бүкіл түркі әскерін басқарады. Қапаған соғыста өлгеннен соң Күлтегін оның ұрпақтарын да қырып салып, өз ағасы Могилянды күллі түрік елінің қағаны етіп тағайындайды.
Міне, осы Күлтегін батыр, оның ағасы Білге қаған және қағанның кеңесшісі, ақылгөй қария Тоныкөк құрметіне сегізінші ғасырда тасқа қашап жазылған ескерткіш жырларды әдебиет тану ғылымы тұрғысынан жан – жақты зертеген кісі совет ғалымы И.В. Стеблева болды.
Бұл жырлар – мазмұны мен формасы жағынан да, тілі мен көріктеу құралдары тұрғысынан да, өлең құрылысы мен композициясы жағынан да ежелгі түркі поэзиясының нағыз классикалық үлгілері болып табылады.
Күлтегін, тоныкөк жырлары өз заманының белгілі бір әдеби талаптарына сәйкес жазылған мәлім. Ежелгі түркі поэзиясына тән әдеби дәстүрде, көріктеу құралдары, тілі, композициясы т.б. жағынан зор шеберлікпен жазылған жыр – дастан.
Тасқа жазылған дастандар. Руна жазуы. Руна жазуындағы жәдігерліктер жанры туралы соңғы кезге дейін әр түрлі пікірлер айтылып жүр. Бұларды біресе прозалық шығарма десе, екінші жолы поэзиялық туынды деп келеді.
Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар табылғаны туралы алғашқы хабарды Н. К. Видзен, С, У, Ремезов, сондай – ақ Сибирьде айдауда жүрген швед ғалымы Д,Г. Мессершмидт т.б. XYIII ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз.
Көне түркілердің ежелгі шынайы тарихын оның Орхон текстіндегі бейнелі көрінісімен салыстыра отырып, Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк ескерткіштері жылнама шежіре емес, сол дәуірдің өзіне тән поэзиялық дәстүрімен жазылған әдебиет үлгілері.
Қорқыт ата дастаны. «Қорқыт ата кітабы» - түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, байырғы тұрмысы, әдет – ғұрпын, салт – санасын, ақындық дәстүрін танытатын эпикалық, әрі тарихи мұра. Қорқыт ата хикаясы – YII – YIII ғасырларда Сырдария бойын ұрпақтан – ұрпаққа тараған, рухани қазына ретінде бүгінгі күнге шығарм.
Біздің дәуірімізге дейін «Қорқыт ата кітабының» екі қолжазба нұсқасы сақталып келген.
Қазақстан ғалымдарынан «Қорқыт ата кітабын» зерттеу, аудару, насихаттау ісіне академик Ә. Марғұлан, профессор Ә. Қоңыратбаев және филология ғылымдарының кандмдаты Б. Ысқақов белсене ат салысып келді.
«Қорқыт ата кітабының» сюжет құрылысы, эпикалы бейнелері, композициялық желісі, өлең құрылысы, көріктеу құралдары қазақтың толып жатқан жыр дастандарына жақын.
Бақылау сұрақтары:
Ежелгі дәуір әдебиеті.
Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет.
Күлтегін және Тоныкөк жырлары.
Қорқыт ата дастаны.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы, 1991.
2. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш // Шығармалар. – Алматы, 1989.
3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. – Алматы, 1966.
4. XX ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы, 1994.
5. Исмайлов Е. XX ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Алматы, 1940.
6. Қазақ әдебиетінің тарихы II том, II кітап. – Алматы, 1965.
Дәріс 3. Оғыз дәуіріндегі әдебиет
Оғыз-наме дастаны.
М.Қашқари «Диуани лұғат-ат түрк».
Ж.Баласағұн «Құтты білік».
«Оғыз - наме» - түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін генеологиялық аңыздар негізінде көркем тілмен баяндайтын эпостық шығарма. «Оғыз – наме » - әрі көркем, әрі тарихи туынды деуге болады.
«Оғыз - наме» көркем қара сөз, яғни проза түрінде жазылған шығарма. «Оғыз – намеде» негізінен Оғыз қағанның әскери жорықтары, батырдың қан майдан соғыстағы ерлік істері мадақталады. Шығарманың негізгі идеясы – елді ауыз бірлікке, ерлікке, адамгершілікке үндеу, халықты сыртқы жауға қарсы күреске шақыру.
Бұл көркем туындының ауызша тарағаннұсқалары негізінде кейнірек қайта жазылған екі нұсқасы бар. Бірі – ұйғыр әрпімен көшіріліп жазылған. Екіншісі – араб әрпімен жазылған.
«Оғыз - наме» - генелогиялық аңыздар негізінде жазылған, қазіргі түркі тілдес халықтардың ежелгі тарихынан едәуір мағлұмат беретін, көркемдік дәрежесі биік, эпостық туынды.
Махмұд Қашқари «Диуани лұғат ат - түрік» Махмұд Қашқари – он бірінші ғасырда өмір сүріп, еңбек еткен ұлы филолог, ауыз әдебиеті үлгелерін жинап, зерттеуші ғалым, белгілі саяхатшы. Ол «Диуани лұғат ат – түрк» атты еңбек жазып, өз заманындағы түркі тілдерінің тұңғыш ғылыми граматикасын жасады.
«Диуани лұғат ат – түрк» - тілі білімінің ең бастысалалары бойынша теориялық тұрғыдан құнды түйіндер жасағанғылыми еңбек. Ғалымның бұл сөздігі шын мәнінде энциклопедиялық туынды деуге болады.
Шығарманың көшірме қол жазбасы XX ғасырдың бас кезінде табылды. Бұл еңбектің автор қолымен жазылған түпнұсқасы сақталмаған. «Диуани лұғат ат – түрк» 1915 – 1917 жылдары Стамбул қаласындағы Ахмет Рифат баспасынан үш томдық кітап түрінде жарық көрді.
«Диуани лұғат ат – түркке» екі жүзден астам өлең, үш жүзге тарта мақал – мәтелдер, толып жатқан қанатты сөздер, көркем теңеулер т.б. енген.
Махмұд Қашқаридің теңдесі жоқ бұл шығармасы біздің еліміздегі түркі тілдес халықтардың бәріне бірдей ортақ асыл қазына, тілдік, әдеби, тарихи, этнографиялық т.б. тұрғыдан мейлінше бай мұра болып табылады.
Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» Жүсіп Хас Хажиб Баласағұн – XI ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі күллі шығыс елдеріне мәншүр болған даныцшпан – ойшыл, энциклопедист ғалымы, белгілі қоғам қайраткері.
Жүсіптің есімін әлемдік әдебиет тарихына мәңгілікке өшпестей етіп жазып қалдырған бірден бір әдеби мұрасы – «Құтадғу біліг» дастаны. Бұл дастан қазіргі түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы тарихи, қоғамдық саяси - өмірі, ғылымы, әдебиеті мен мәдени дәрежесі, әдет – ғұрпы, наным – сенімі т.б. жөнінде аса қызықты, әрі қыруар мол деректер беретін көркем туынды.
«Құтті білік» дастанының авторы жөнінде бірен – саран деректер осы шығармаға бірі қара сөзбен, екіншісі өлеңмен жазылған алғы сөздерінде бар. Бірақ бұл алға сөздерді Жүсіптін өзі емес, кейнерек дастанды көшірушілердің бірі жазған болса керек.
«Құтті білік» дастанының бүгінгі күнге дейін сақталып жеткен үш нұсқасы бар. Біріншісі, Вена нұсқасы, оны Герат деп атайды. Екіншісі, Каир нұсқасы. Үшіншісі, Наманган нұсқасы.
«Құтті білік» дастанының әдеби, тарихи ғылыми мәні ерекше зор. Бұл көркем шығарма бертін келе қазақ халқының этникалық құрамына енген ру – тайпалардың ежелгі дәуірдегі тұрмыс – тіршілігін, наным – сенімін, мәдениетін, әдебиетін, тілін т.б. зерттеп білу үшін аса қажетті, құнды мұра болып табылады.
Бақылау сұрақтары:
Оғыз-наме дастаны.
М.Қашқари «Диуани лұғат-ат түрк».
Ж.Баласағұн «Құтты білік».
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы, 1991.
2. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш // Шығармалар. – Алматы, 1989.
3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. – Алматы, 1966.
4. XX ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы, 1994.
5. Исмайлов Е. XX ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Алматы, 1940.
6. Қазақ әдебиетінің тарихы II том, II кітап. – Алматы, 1965.
Дәріс 4-5. Ислам дәуіріндегі әдебиет.
Әбу насыр әл-Фараби.
А.Яссауи «Диуани хикмет»
Әбу Насыр Әл – Фараби – дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Арестотельден кейінгі екінші ұстазы атанған данышпан, филисоф, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын.
Әл – Фараби өзінің түркі тілімен қатар, араб, парсы, грек, санскрит тілдерін жетік білген жан. Ғылыми шығармаларын, өлең – жырларын өз дәуірінің руғани – ғылыми тілі саналған араб тілінде жазды.
Ғұлама – ғалым ретінде Әл – Фараби атсалыспаған, зерттеу жүргізбеген ғылым саласы жоқ деуге болады. Ол философия, логика, математика, астрономия, медицина, музыка, тіл білімі, әдебиет теориясы т.б. ғылым салалары бойынша қыруар көп ғылыми еңбектер жазды.
Әбу Насыр Әл – Фараби туралы сол кездегі көптеген авторлар өздерінің ой – пікірлерін жазып қалдырған. Ұлы ойшыл Әбу Әли ибн Сина (980 – 1037) тарихшы – ғылымдардан Захируддин Әл – Байхакий (1169 жылы қайтыс болған). Ибн Әби Усайбиа (1203-1270)сияқты атақты ғалымдар өз шығармаларында ұлы философ Әбу Насыр Әл – Фараби жөнінде кейбір мәліметтер беріп кеткен. Белгілі шығыстанушы – ғылым А. Ирисов салардың бірқатарын орай тілінен өзбекшеге аударып жариялаған екен.
Ахмет Яссауи «Диуани хикмет»
Ахмет Яссауи – түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы аса көрнекті ақыны, есімі ислам әлеміне мәшүр болған ойшыл қайраткері. Ол мұсылман қауымының дәстүрлі қағидаларын жырлаған сопылық әдебиеттің түркіхалықтары арасындағы мейлінше танымал, ірі өкілдерінің бірі болды. Ахмет Яссауи кезінде «жахрия» немесе «Яссауия» деп аталып кеткен сопылықмистикалық ағымның негізгі қалады.
Ахмет Яссауи испиджап қаласында туылған. Ақынның туылған жылы белгісіз, ал 1116 жылы қайтыс болған.
«Диуани хикмет» - түркі тілді халықтардың XII ғасырдан сақталған әдеби ескерткіштерінің бірі саналады.
Бақылау сұрақтары:
Әбу насыр әл-Фараби.
А.Яссауи «Диуани хикмет»
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы, 1991.
2. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш // Шығармалар. – Алматы, 1989.
3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. – Алматы, 1966.
4. XX ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы, 1994.
5. Исмайлов Е. XX ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Алматы, 1940.
6. Қазақ әдебиетінің тарихы II том, II кітап. – Алматы, 1965.
Дәріс 6-7. Алтын орда дәуіріндегі әдебиет.
Хорезми «Мухаббат-наме».
А.Иүгінеки «Хибатул- хақайық».
Құтб «Хұсрау-Шырын».
Саиф Сараи «Гулистан бит турки».
З.Мұхаммед Бабыр «Бабыр-наме».
Хорезми «Мұхаббат - наме»
Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ең көрнекті үлгісі – «Мұхаббат - наме» дастаны. Оны жазған ақын Хорезми. Хорезми ақынның лақап аты. Ақының шын аты – жөні, өмірі, творчествосы жайлы мәлімет сақталмаған. Ол Алтын Орда ханы Жәнібектің тұсында өмір сүрген. Сол Жәнібектің Сыр бойындағы әкімдерінің бірі болған Мұхаммед Қожабектің тапсыруы бойынша 1353 жылы «Мұхаббат - наме» дастанын жазған.
Бүгінгі күнге дейін «Мұхаббат - наме» дастанының екі қолжазба нұсқасы мәлім. Дастанның екі нұсқасы да қазір Лондонның Британия музейінде сақтаулы тұр.
«Мұхаббат - наме» - сюжеті қызықты, тілі көркем, көріктеу құралдары алуан түрлі, өлең құрлысы шебер жасалған дастан. Ақын теңеу әдісін көбірек қолданған.
Хорезми сәтсіз махаббаттың трагедиясын жырлай отырып, өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық - әулеметтік мәселелерін сөз етеді, сол заманның кейбір теңсіздік мәселелеріне наразылық білдіреді.
Алтын Орда дәуірінің ең таңдаулы туындыларының бірі саналатын «Мұхаббат - наме» дастанының әдеби, тілдік, тарихи тұрғыдан маңызы зор. Хорезмидің шығармасын танып – білу арқылы біз бүгінгі қазақ әдебиетіндегі поэма жанрының өмірге келу жолдарын, қазіргі қазақ тілінің даму сатыларын, халқымыздың өткедегі әдет – ғұрпы, салт – санасынт.б. тереңірек ұғынатын боламыз.
Ахмет Иүгнеки «Хибатул-хақайық»
Ахмет Иүгнеки – XII ғасырдың орта кезі XII ғасырдың бас кезінде өмір сүрген аса көрнекті ақын, есімі кезінде бүкіл ұлан – ғайыр Қарахан мемлекеті түркілеріне мәшүр ғұлама ғалым болған.
«Ақиқат сыйы» - дидактикалық сарында жазылған шығарма. Дастан сюжетке құрылған емес. Бұл Дастан өзінің көтерген тақырыбы мен идеялық мазмұны жағынан ақын өмір сүрген феодалдық қоғамдағы моральдық ұғымдар мен мінез – құлық нормаларының жиынтығы болып келеді.
Ахмед Иүгнеки - әрбір сөзді ажарлап та, құбылтып та шебер пайдалана білетін сөз зергері. Дастан метрикалық жүйе, яғни созымды және созымсыз буындардың алмасып келуіне негізделген аруз жүйесі бойынша жазылған.
«Ақиқат сыйы» дастаны өз заманының көкейкесті мәселелерін жырға арқау еткен, көркемдік дәрежесі биік, бүгінгі түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ әдеби мұра болып табылады.
Құтб. «Хұсрау - Шырын»
Құтбтың «Хұсрау - Шырын» дастанының жалпы көлемі – 120 парақ, яғни 240 бет. Дастан 4740 бәйіттен тұрады. Соның 4685 бәйіті Құтб ақынның өзі жазған жыр жолдары. Қалғандары шығарманы көшірушілер тарапынан қосылған өлеңдер болып келеді. Құтб дастаны 91 тараудан тұрады. Бұл дастанның жалғыз дана көшірмесі біздің заманымызға дейін сақталып жеткен. Қолжазба қазір Парижде кітапханада сақталып келеді.
«Хұсрау - Шырын» дастаны қазақтың лиро – эпостық жырларымен сарындас, үндес, соларға мейлінше жақын болып келеді. Мұны Құтб дастанының идеясы мен мазмұны, компазициялық құрылысы мен баяндау тәсілдері, көріктеу құралдары т.б. толық дәлелдейді.
Сайф Сара «Гүлистан бит турки»
Сайф Сарай – Алтын Орда әдебиетінің XIY ғасырдағы аса көрнекті өкілдерінің бірі.
1915 жылы Анкарада шығатын журналдардың бірінде түркі тіліне аударылған Сағдидің «Гүлстан» дастаны Голлнадиядан табылғаны туралы шағын ғана хабар жарияланды.
Бұл дастанның негізгі идеясы – ел билеушілер арасындағы тәж бен тақ үшін, байлық пен мансап үшін жиі – жиі болатын қанды соғыстврдың, ағайын адамдар арасындағы бақталастық пен алауыздықтың, шектен тыс қатыгездіктің зардаптарын паш ету. Ақын ел басқаратын жандардың адал, ақылды, мейрімді, жомарт болуын көксейді. Адам бойындағы ең асыл қасиеттерді махаббатты, ақыл мен парасатты, мейрімділікті, бауырмал болуды көкке көтере жырлайды.
Захириддин Мұхаммед Бабыр. «Бабыр - наме»
Захириддин Мұхаммед бабыр – көрнекті мемлекет қайраткері, даңқты қолбасшы, сонымен бірге, ғажайып өлең-жырлар жазып қалдырған лирик ақын, дарынды жазушы, ғұлама-ғалым, атақты тарихшы.
Бабырдың есімін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, оның аты тарих бетіне мәңгі бақи өшпестей етіп жазып қалдырған ең басты еңбегі – «Бабыр-наме» болды.
«бабыр-намеде» түркі тілдес халықтардың ертегі-аңыздары, мақал-мәтелдер, фразеологиялық сөз тіркестері, айшықты теңеу сөздері ұшырайды.Бабыр өз дәуірінің әдеби тілі – шағатай тілін осы шығармасында мейлінше ажарлап, құбылтып, айшықтап қолданады.
«Бабыр-наме»шын мағанасындағы энциклопедиялық шығарма. Мұнда ғылымның сан түрлі салалары жөнінде аса құнды мәлімметтер берілген. Қазақ халқының азаматтық тарихына, әсіресе, әдебиеті мен тіліне, этнографиясына қатысты материалдар Бабырдың осы еңбегінде мейлінше көп жинақталған.
«Бабыр-наменің» түркі тілдес халықтар әдебиеті мен мәдинеті тарихынан алатын орны мен атқаратын ролін дүние жүзінің ең көрнекті түрколог және шығыстанушы ғылымдары мейлінше жоғары бағалады.
Бақылау сұрақтары:
Хорезми «Мухаббат-наме».
А.Иүгінеки «Хибатул- хақайық».
Құтб «Хұсрау-Шырын».
Саиф Сараи «Гулистан бит турки».
З.Мұхаммед Бабыр «Бабыр-наме».
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы, 1991.
2. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш // Шығармалар. – Алматы, 1989.
3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. – Алматы, 1966.
4. XX ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы, 1994.
5. Исмайлов Е. XX ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Алматы, 1940.
6. Қазақ әдебиетінің тарихы II том, II кітап. – Алматы, 1965.
Дәріс 8. Жыраулар поэзиясы.
Тақырыптық көркемдік ерекшеліктері.
Орыс ханның ұрпақтары Керей және Жәнібек сұлтандар Әбілқайыр билігінен бас тартады да, соңына ерген барлық жұртымен түп көтеріле көшіп, Қозы-Басы деген қоныста дербес хандықтың туын көтереді. Бұл жаңа ұлыс Қазақ Ордасы деп аталады. Атақты тарихшы Мұхамед Хайдар Булаттың айтуынша, бұл 1456 жылы болған. Керей мен Жәнібектің қарамағындағы халық саны әуелгіде 200 мыңдай екен, біраз күш жинап, өзінің саяси жағдайын нығайтқан соң, қазақ ұлысы Көк Орда жерін түгел қайтарып алу үшін күрес бастайды. Қазақ Ордасының әуелгі әміршісі – Керей хан, одан соң оның шөбере інісі Әз-Жәнібек хан билік құрды. Одан соң Бұрындық, одан кейін аз ғана уақытқа Әз-Жәнібектің ұлы Әдік, Әдіктен кейін оның туған інісі Қасым Қазақ Ордасына хан болып сайланады. Бұрындық хан тұсында қазақтар Сырдарияның бойына жайыла қоныстанды. Сығанақ, Сауран, Түркістан, Сайрам, Үзкент, Ақ-Қорған, Арқұқ сияқты маңызды шаһарларды иеленді. Әбілқайырдың немересі Мұхаммед Шәйбани хан ең алдымен Қазақ Ордасын экономикалық қыспаққа түсірмек болады. Шәйбани Қазақ Ордасына төрт рет жорық ұйымдастырады. 1510 жылғы қысқы жорықта Орта Азияның әміршісі Мұхаммед Шәйбани талқандалады. Бас қолбасы Қасым сұлтанның даңқы шартарапқа мағлұм болады. Қасым хан - Әз Жәнібектің бел баласы. Қол бастауда да, ел басқаруда да ежелгі ата дәстүрін берік игерген Қасым сұлтан өзінің бар ғұмырын болашағын негздеуге бағыштайды. Қасым хан Қазақ Ордасын төңірегімен тегіс бітімде, бейбіт ұстайды. «Қасым ханның қасқа жолы» аталатын көне жарғы сол кездегі қазақ қауымының қоғамдық және құқықтық заңдарын қалыптастырады. Қазақ Ордасының қуатты ұлысқа айналуы – Хақ-Назар ханның есімімен байланысты. Хақ-Назар – Қасым ханның ұлы. Хақ-Назар Қазақ Ордасының батыс шекарасын Еділ мен Жайық аралығына жеткізеді. Тәуекел хан жастығына қарамай, тәжірибелі тәжірибелі әскербасы әрі білгір саясатшы, кемел тұлға болтын. Тәуекел бахадұр хан тұсында Орта Азиядағы қаһарлы билеуші Абдолла хан талқандалады. Есім хан Қазақ Ордасының ішкі сыртқы жағдайын әбден орнықтырды. «Есім ханның Ескі жолы» аталатын атақты заң желісі осы кезеңде қабылданған. Біртұтас Қазақ Ордасында тура 35 жыл билік құрған Әз-Тәуке – Салқам жәңгірдің бел баласы. Әз-Тәукенің тұсындағы әуелгі соғыс зор шығынмен аяқталады. Әз-Тәуке құдіретті көрші Ресемен арадағы қатынас мәселесіне көңіл бөледі. Әз-Тәукенің ең үлкен еңбегі – «Жеті жарғы» аталатын заң жүйесі. 1715ж. Әз-Тәуке дүние салды. Жоңғарлар тарапынан қауіп күшейді. 1723 жылғы жоңғар шапқыны және соның нәтижесіндегі қазақтардың босқыны – осыған дейін тура қырық жыл бойы жүргізілген саясат пен майданның – Қазақ Ордасы мен Дүрбін-Ойрат арасындағы аяусыз күрестің соңғы түйіні, зардабы. Алаш ұлының Ақтабан шұбырындыдан соң қайта біртұтас, қуатты мемлекет ретінде қалпына келуі – Абылай хан есімімен байланысты. Абылайдың қазақ елін қайтадан көтеру жолындағы күресі қырық жылдан астам уақытқа созылды, өте ауыр болды, абыроймен аяқталды. Бұл оқиғалар жыраулар поэзиясынан көрініс табады. Ноғайлы ақындары – Асан қайғы, Доспамбет, Шалкиіз, Қазтуғандар өз кезінің ауыр халін жырға қосса, Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей поэзиясында жоңғар соғысы қамтылған. Қазақ хандығының туу, орнығу кезеңдеріндегі түрлі оқиғалар жыраулық поэзиямен қатар, тарих, шежіре элементтері аралас жазба әдебиет үлгілеріне де молынан түсіп отырған. Оған Мұқхамед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри, Мұхамед Салық, Әбілғазы жазбалары толық айғақ.
Қызылордадан шыққан «Әдебиет тарихы» атты еңбегінде М.Әуезов жырау өз ортасында салмағы бар қоғамдық тұлға екендігін байыптай отырып, оның негізгі атқарар функциясы «өлеңшілік емес, басшылық істеп, басалқы айту болатын» дей келіп, хан қасындағы «қалың клдің ішінен қосылған қария кеңесінің» өкілдері деген тұжырым атйды. Кейін Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан, З.Ахатов, Е.Ысмайылов, Н.С.Смирнова, Ы.Дүйсенбаев, Ә.Дербісалин еңбектерінде жеке авторлар туындылары ғана емес, жалпы жыраулық шығарманың ақындық поэзиядан негізгі ерекшелігі – жырау тек үлкен эпостарды жырлайтындығымен емес, елдің іргелілігі үшін күресетін ақылгөйлік, көрегендік, даналық сөздер сөйлейтін көсемдік табиғатымен тікелей байланыста қарастырылады.
1941 жылы жарық көрген проф. Б.Кенжебаев, проф. Х.Сүйінішәлиев, М.Мағауин, Қ.Сыдиқов, М.Жармұхамедов, Ө.Күмісбаев, Б.Ақмұқанова, Қ.Мұхамедханов, Е.Тұрсынов, С.Дәуітов зерттеулерінің де маңызы аса зор. Толғау жанры жайында Ә.Дербісалин, Б.Әбілқасымовтар арнайы зерттеу жазды.
Бақылау сұрақтары:
Тақырыптық көркемдік ерекшеліктері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы, 1991.
2. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш // Шығармалар. – Алматы, 1989.
3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. – Алматы, 1966.
4. XX ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы, 1994.
5. Исмайлов Е. XX ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Алматы, 1940.
6. Қазақ әдебиетінің тарихы II том, II кітап. – Алматы, 1965.
Дәріс 9-10. ХҮ-ХҮІІ ғасырдағы қазақ әдебиеті.
Асан-Қайғы Сәбитұлы.
Қазтуған Сүйінішұлы.
Доспанбет жырау.
Шалкиіз Тіленішұлы.
Жиембет Бортағашұлы.
Марғасқа жырау.
1. Асан Қайғы (шын аты-жөні Хасан Сәбитұлы) – қазақ жыраулық поэзиясының атасы, дана ойшыл, сәуегей, батагөй қарт. Асан Қайғы ХІУ ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келген. (Кейбір деректерде 1361-1370ж.ж.туған).Ата тегі жайлы нақты деректер жоқ. «Тауарих хамсада» Шыңғыс ханның замандасы Майқы бидің алтыншы ұрпағы делінеді. Асанның өмірінің мбіраз уақыты Қазанда хандық құрған Алтын Орда әміршілерінің бірі – Ұлұғ Мұхаммед тұсында өткен. Кейін қазақ ханы Жәнібек бастаған қазақ хандығының ақылшы биі болған. Ол өзінің іргелі ойларымен, көсем сөздерімен қазақ хандығының іргесін нығайтып, қалыптастыруға қызмет етеді. Ш.Уәлиханов ақынның зираты Ыстықкөл маңында деп жазады.
Асан халық арасында әулие ретінде құрмет тұтылады. Халық аңызы Асанды халық қамқоры, сол үшін қайғы шеккен, желмаясына мініп, жерұйық іздеген дана қария. «Ежен хан мен Асан», «Жерұйық» атты аңыздар Асан Қайғыны нағыз халық қамқоры ретінде сипаттайды. Ол малы мен жаны кемтарлық көрмейтін «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» жайлы қоныс іздеген сапарында талай жерлерге сын айтады. Асан айтты деген жер сындары күні бүгінге дейін халық арасында кеңінен танымал. Мысалы: Шымкент, Сайрамды көргенде «Екі басса бір базар, малда береке болмайтұғын, екі басса бір мазар жанда береке болмайтұғын, базары жақын – байымас, мазары жақын – көбеймес» депті-міс.
Шоқан Уәлиханов оны «көшпенді қазақ, ноғай ұлысының философы» деп атаған.
Асан Қайғының төл толғаулары аз сақталған. Оның шығармалары өз заманының айнасы. Асанның Әз Жәнібек ханға арнап айтылған толғаулары арқылы жыраудың өткір тілді, бірбет, тура сөйлейтін ақын екенін көреміз.
ҚАЗТУҒАН СҮЙІНІШҰЛЫ (ХҮғ.)
Қазтуған Сүйінішұлы – қазақ әдебиетінің төлбасыларының бірі. Жырау көшпенділер аристократиясынан шыққан. Туып-өскен жері қазіргі Қызылжар қаласының маңайы, Бодан (Бозан) өзендерінің бойы. Өзі қолбасы, батыр болған. Қазтуған нәр алған әдебиет – ежелгі түркі дәуіріндегі көшпелілердің поэзиясы., мұрасы бізге жетпеген Кет-Бұға, Сыпыра жыраулардың толғаулары. Қазтуған поэзиясы – табиғат аясындағы көңілі таза сәби көшпендінің поэзиясы. Жыраудың толғаулары номадтың табиғат туралы түсінігінен, өмірге көзқарасынан елес береді. Қазтуған нәзік лирик, әрі ірі эпик, жорық жырауы болған. Ұлы жырау шығарамларының бір кішкене үзігі ғана бізге жеткен. Сол асыл мұраның там-тұмдаған бөлігінің өзі Қазтуғанның ақындық қуатын анық танытады.
«Мадақ жыры – жыраудың өзіне арналған, мадақ сипатында шығарылған. Жырдың поэтикалық тілі сұлу, ғажайып суреттеу тәсілдері шебер. Өз бейнесін сомдауда таза, қазақи ұлттық бояуды қолданады. Мсыалы: «Мұздай көбе», «Сұлтандайын жүріс», «Қойдың көсемі», «Орданың сынығы», «Буыршынның бұта шайнар азуы» т.б.
«Алаң да алаң, алаң жұрт» - жыраудың туған жері, Отанына деген ыстық махаббат, туған жерге деген қимас сезімін бейнелеген. Толғау – лирикалық сипатта шығарылған. Толғаудың лирикалық кейіпкері – елінің бақа-шаянына дейін сүйетін хас ұлы, патриоты. Толғауда дала табиғаты соншама таза, соншама мөлдір қалпында жырланады. «Жас тайлақтың жардай атан болуы», «Жатып қалған бір тоқтының жайылып бір қой болуы» динамикамен берілген. Толғауда шаттану, мақтану, нәзік мұң астасып келеді.
Қазтуғанның қиял байлығы, суреттеу шеберлігі, ьаза ұлттық тіл, ұлттық рухы керемет. Қазтуған толғаулары – орта ғасырлық әдебиеттің алтын мұрасы – жыраулықтың тамаша үлгісі.
ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ (ХҮІ Ғ.)
Доспамбет – жорықшы жырау, талай шайқастарда ерлік көрсеткен батыр. Доспамбет жыраудың (ХУІ ғ.) есімі кезінде бүкіл Ноғайлы Ордасы мен Дешті қыпшаққа мәшһүр болған. Доспамбеттің тегі ноғайлыдан. Өзін «Аймедет ер Доспамбет» деп атайды. Туған жері Дон құйылысындағы Азов шаһары. Жырау кіші Орданы мекендеген билеуші әскери шонжар отбасында дүниеге келген. Өз ортасы, заманындағы білімді, тәрбиелі адам болған, Дешті Қыпшақты аралаған, Стамбул, Бақшасарйды болған. Доспамбет – жауынгер жырау. Ол 1523 жылы Астрахань түбінде қаза тапқан.
Доспамбет – «садақ толы сагез оқты бората атқан» батырды, «алты құлаш ақ найзасымен» жауын шаншыған қаһармады, Еділдің бойын ен жайлап, бейбіт тұрмыс кешкен заманды өз толғауларына өзек еткен. «Айнала бұлақ басы Тең» - бұл ұзақ толғауды өмірімен қоштасар сәтте шығарған. Толғауда жырау өз өміріне қорытынды жасайды, өзін-өзі дәріптейді. Өмірдің өтпелілігін «Дүниенің басы - сайран, түбі – ойран» деген сөздермен береді. Толғауда өмірден кетіп бара жатқан жанның ұлы арманы, ел-жұртына деген өшпес, қуатты махаббатының мұңы нәзік лиризммен беріледі. Жыраудың жалт еетіп өте шыққан жасындай өміріне риза екенін (қол бастауы, ару сүюі,тлпар мініп, дулыға киюінен) байқаймыз. Доспамбеттің «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Арғымаққа оқ тиді», «Айналайын ақ Жайық», «Тоғай, тоғай, тоғай су» деп басталатын толғауларында жаугершілік заман келбеті айқын байқалады.
ШАЛКИІЗ ТІЛЕНШІҰЛЫ (1465-1560)
Шалкиіз Тіленшіұлы (1465-1560)- қазақтың жыраулық поэзиясының атасы. Шалкиіз алшын руы, Құяс табынан шыққан. Әкесі тіленші дала шонжарларының бірі болған. Шешесі Ноғайлының ұлы биі Мұсаның қызы. Шалкиіз үш айлығында анасынан айырылып, нағашы атасының тәрбиесінде болады. Жырау өмірінің басым бөлігшін ноғай ордасының әміршісі Темір бидің төңірегінде өткізген. Шалкиіздің шығармалары В.В.Радловтың, дағыстандық Мұхамед Османовтың кітабында ерте кезде (1883 ж.) жарық көрген. Жыраулардың ішінде Шалкиіз шығармалары алғаш рет орыс тіліне аударылған. Ақын шығармашылығы төңкерістен кейін көп жылдар бойы париялық талап пен саясаттың назарына іліккен. Шалкиіз – сахара жұдызы, дала данасы, сөз құдіреті, көмейінен күмбірлеген жыр төгілген классикалық дәрежедегі жырау. Оның шығармалары философиялық тоглғауларға толы, «далалық пәктік пен сұлулық». Шығыс даналығын бойына жиған, бай қиялға, қазақ поэзиясын суреткерлік шырқау биікке көтерген екпінді қуатты поэзия. Шалкиіз жырлары - өзі сияқты өр де тәккаппар, батыр да, батыл, шыншыл да сыншыл, ықшамды да ойнақы., нақты, әрі терең шын өнер, шын сөз даналығының көзі. Шалкиіз - новатор, қазақ әдебиетінің тарихындағы өзгеше құбылыс, «феномен». Шалкиіз поэзиясының рухы – ерлік. Жырау толғауларындағы соғыс майданы, найза өңнерген жауынгерлер, қаптаған қалың қол көріністері орта ғасырлық жыраудың өз көзімен көрген, куә болған жайттары.
«Би Темірге бірінші толғау» - Темір бидің іс-әрекетіне риза болмай шығарған толғауы. Темірді аспандата, асқақтата тіті табына мадақтайды. «Алдаспаным», «қағбам», «арабы торым», «алтынсың, жібексің, сұңқарсың» деген сөздермен береді. Өз бейнесін керісінше кішірейтіп береді. Ол үшін салыстыруды, балауды шебер пайдаланады. Толғауға ақыл-нақыл, афористік сарын тән. Жыраудың бұдан басқа философиялық ой-тұжырымға негізделген әр тақырыптағы өлеңдері – «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Шағырмақ бұлт жай тастар», «Асқар, асқар, асқар тау», «Айырдан туған жампоз бар» тәрізді өлеңдері бар Бұл толғаулары көлемінің шағындығы, ықшамдығымен, айтылмыш ойдың нақтылығы, анықтығымен ерекшеленеді. Жыраудың артында ақыл-нақылға, мақал-мәтелге айналып кеткен сөздер мол. Мысалы: «Жаманнан туған жақсы бар , Адам айтса нанғысыз», «Жауынды күні көп жүрме, Жар жағасы тайғақ-ты, Жаманға жақыным деп сөз айтпа, Сол жаман күндердің күні болғанда өз басыңа айғақ-ты» т.с.с
ХҮІІ ғасыр әдебиеті. ЖИЕМБЕТ БОРТОҒАШҰЛЫ (ХҮІІ)
Достарыңызбен бөлісу: |