(2)
Ал, егер тепе-теңдік концентрациясы үлкен, яғни ВС˃>1 болса, теңдеу өзгереді:
(3)
Адсорбцияны, тәжірибе кезінде алынған мәліметтерге сүйеен отырып, яғни адсорбтив концентрациясының адсорбцияға дейінгі және одан кейінгі мәндерінің айырмасын, адсорбент санына, ерітінді мөлшеріне қатынастырып есептейді: (4)
мұндағы V-ерітінді көлемі, мл; m-адсорбент саны (салмағы), г; С1-адсорбтивтің адсорбцияға дейінгі концентрациясы, С2-адсорбтивтің адсорбциядан кейінгі таралымы. Қолданылмалық жағдайда, яғни тәжірибе кезінде шеткі адсорбция өз мәніне көбінесе жете бермейді.Сондықтан да оны талдау тәсілі арқылы табады.Ол үшін Ленгмюр теңдеуін (1) түзу сызықты теңдеуіне келтіреді:
(5)
Тәжірибе кезінде алынған мәліметтерден 1/А мен 1/С2 мәнін тауып, суреттегідей сызбаға 1/А = f(1/C2) тәуелділікте түзу тұрғызады. Мұнда С2 адсорбциядан кейінгі тепе-теңдіктік таралым екенін жоғарыда айтылған.Ординат өсін көлбеу түзудің қиған бөлігі шекті адсорбцияға (А∞,моль/г) тең, ал осы көлбеудің абцисс өсімен құратын бұрышы 1:А∞В тең және одан тұрақты В-ның шамасын табады. Адсорбенттің маңызды сипаттамаларының бірі, оның меншікті беткі қабаты және оны, егер шекті адсорбция (А∞)мәні болса , оңай есептеуге болады.
(6)
мұндағы NA – Авагадро саны, S0 –адсорбцияланған заттың бір молекуласы орналасқан аудан, Sмен= меншікті аудан м2/г.
Жұмыс реті: Берілген 0,4н сірке қышқылынан сұйылту арқылы көлемі бірдей (100мл) таралымы әртүрлі алты ерітінді әзірлейді: 0,4н; 0,2н; 0,5н; 0,02н; 0,025н.
СН3СООН
мл
|
100
|
75
|
50
|
25
|
15
|
7,5
|
Н2О мл
|
0
|
25
|
50
|
75
|
85
|
92,5
|
Жуықталған концентрациясы.
|
0,4
|
0,3
|
0,2
|
0,1
|
0,07
|
0,03
|
Бұлардың әрқайсысын 2-ге, яғни 50мл бөліп, 12 ыдыстағы 6 жұп ерітінді алады. Сосын олардың бірінші алтауына 0,5 грамнан белсенді көмір салып,бір сағатқа қояды. Осы кезде екінші алтауына жеке-жеке сілтімен титрлеп, нақтылы концентрациясын анықтайды. Бір сағаттық уақыт өткен соң көмірді сүзгіш қағазбен бөледі де алтауын сілті ерітіндісімен титрлеп, адсорбциядан кейінгі концентрациясын анықтайды. Тәжірибе нәтижесін кестеге жинақтайды.
Колбалар реті.
|
Адсорбцияға дейінгі қышқыл концентрациясы.
|
Адсорбциядан кейінгі қышқыл концентрациясы.
|
А,моль/г
|
1/С2
|
1/А
|
Тапсырма:
1.А=f(C1) сызбасын тұрғызу;
2. 1/A=f(1/C2) сызбасын тұрғызу;
3. Көмірдің меншікті ауданын (беткі қабатын) есептеу.
4.Тұрақты В шамасынесептеу.
Бақылау сұрақтары:
Адсорбция процессі деген не? Неліктен адсорбция процессі жүреді?
Адсорбция түрлері, адсорбциондық күштер типі?
Фрейндлих тендеуі, оның физикалық мағынасы қандай?
Адсорбция изотермиясы деген не? Фрейндлих – Бедекер және Ленгмюр изотермасының тендеулері?
Физикалық және химиялық адсорбцияның ерекшелігі неде?
Адсорбция және оның система параметрлерімен байланысы қандай?
Адсорбция шамасына қандай факторлар және қалай әсер етеді?
Физколлоидты химия бойынша СРО
«Химиялық термодинамика негіздері» тақырыбына реферат жазу, тест сұрақтарын құрастыру. (10 апта)
Термодинамиканың бірінші заңы.
Термохимия.
Энергияның сақталу заңдары.
Жүйе және сыртқы орта.
Энергия және оның түрлері.
Химиялық реакциялардың жылу эффектілері. Гесс заңы.
Термодинамиканың екінші заңы.
Қайтымды және қайтымсыз процестер.
Энтропия, әр түрлі процесстердегі энтропияның өзгеруі.
Химиялық реакциядағы бос энергия.
«Химиялық кинетика және электрохимия» тақырыбына презентация жасау (12 апта)
Реакцияның жылдамдығы, молекулалығы және оның түрлері.
Реакцияның реттілігі және оны анықтау әдістері
Фотохимиялық реакциялар кинетикасы
Күрделі реакциялар кинетикасы
Катализ туралы ұғым
Қос электрлік қабат туралы қазіргі кездегі көзғарас.
Электродтық потенциалдар
Электролиз
Гальваникалық элементтердің ЭҚК.
Бірінші және екінші текті электродтар.
Достарыңызбен бөлісу: |