2. Индустрия және табиғы ресурстар министрлігі
Міндеті: экономикамызда пайдаланатын табиғат ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану
3. Санитарлы эпидемиологиялық қадағалау органдары
Міндеті:
- табиғи ортаны санитарлық қорғау жөнінен министрліктердің, ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің жұмыстарын үйлестіреді;
- Табиғи ортадағы зиянды заттардың санитарлық нормаларын әзірлейді, бекітеді, барлық шаруашылық нысандарына тиесілі санитарлық нормалар мен ережелерді белгілейді;
- Адамның денсаулығына қауіпті зиянды заттармен атмосфера ауасының, су көздерінің, топырақтың ластанбауын қадағалайды;
- Қоғамның, өмір сүру ортасының саулығы туралы, антропогендік әсерлерден ондағы өзгерістерді болжап мәліметтер жинақтап, ақпараттық қызмет атқарады. Санитарлық эпидемиялық жағдайлары және табиғи ортаны сауықтыру шаралары туралы халыққа хабарлайды.
4. Қазгидромет ұйымы
Қызметі: табиғи ортаның мониторингісін жасау және өзгерістер туралы хабарлау, табиғи ортаның жай күйін, ондағы өзгерістерді қадағалауды ұйымдастыру, жүргізу және болжау
5. Төтенше жағдайлар министрлігі
Қызметі: экологиялық апаттардың салдарын жою туралы төтенше шаралар қолдану, табиғи және өндірістік апаттар кезінде, төтенше жағдайларда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
6. Жер комитеті
Қызметі: жер ресурстарын есептеу, мемлекеттік жер кадастрін жүргізу, жерді пайдаланушыларға беру және олардан алу, жерді қорғауды және пайдалануды бақылау, жерге орналастыру қызметін басқару
7. Орман шаруашылығы комитеті
Қызметі: орман өсіру, қорғау, пайдалану, орман шаруашылығын ұйымдастыру, ағашы кесілетін орман бөліктерін белгілеу, ағаш кесу билеттерін беру, орман өрттері мен зиянкестеріне қарсы шараларды ұйымдастыру, орманды пайдалану ережелерін бұзушылармен күресу, орман алқаптарын қалпына келтіру, молайту
8. Балық шаруашылық комитеті
Қызметі: балық қорын өсіру, қорғау және пайдалануды реттеу, балық аулау тәртіптерін, ережелерін белгілеу, балық қорын есептеу, аулау шектерін нормаларын бекіту
Достарыңызбен бөлісу: |