Пәннің аты Уақыты: Кабинет



бет2/3
Дата21.01.2022
өлшемі33,17 Kb.
#112902
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
11 сынып қмж Алкендердің хим қасиеті

Қызығушылықты ояту


Өзің қандай мәліметтер қосар едің?

Өткен сабақта саған не әсер етті?



Сергіту сәті

«Қаражорға» биі

Жаңа сабақ

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Дәптермен жұмыс

Тест құрастыру

Практикалық жұмыс.



Рефлексия

Химиялық қасиеттері

Циклоалкандардың тұрақтылығы мен химиялық қасиеттері көбінесе циклдегі көмірсутек атомдарының санына байланысты болады. Бұл көмірсутектердің ішіндегі химиялық ең тұрақтылары — құрамында бес және алты көміртек атомы бар циклоалкандар. Циклоалкандардың көміртек атомдары sp3 гибридтенген күйде болады. Молекуласының құрамында үш және төрт көміртек атомдары бар циклопропан мен циклобутандардың валенттік бұрыштары 109°28’-тан едәуір ауытқитын (кіші) болғандықтан, циклде кернеу пайда болады да, олар бес және алты мүшелі циклоалкандардай тұрақты бола алмайды.

Циклоалкандардың біраз қасиеттері алкандарға ұқсас: химиялық белсенділіктері төмен, жану және орынбасу реакцияларына түседі.

Алкандардан айырмашылығы — циклоалкандар қосылу реакцияларына түсе алады.

1. Цикл ашылу арқылы жүретін реакциялар (қосылу реакциялары). Циклдегі көміртек атомдарының арасындағы байланыстар үзілген жерге басқа элемент атомдары (галогендер, сутек, т.б.) қосылады.

Кіші циклді қосылыстар үлкен циклді қосылыстарға қарағанда қосылу реакцияларына оңайлау түседі. Мысалы, гидрлену реакциясының (сутектің қосылуы) әр түрлі циклоалкандарда жүру жағдайлары (температурада) өзгеше.

2. Орынбасу реакциялары. Бес және одан да көп мүшелі циклді қосылыстарға орынбасу реакциялары тән.

3. Дегидрлену реакциясы айырылу реакциясына жатады. Цикло- алкандар дегидрлену (сутек бөлінетін) реакцияларына түседі. Мысалы, өршіткі қатысында циклогександы дегидрлегенде бензол түзіледі.

4. Циклоалкандардың жануы. Құрамы алкандар сияқты көміртек пен сутек атомдарынан тұратындықтан, циклоалкандар да жанады. Оттек жеткілікті болса, нәтижесінде, көміртек (IV) оксиді мен су түзіледі.

Оттек жетіспесе, реакция нәтижесінде көміртек (II) оксиді немесе күйе түзіледі.

Циклоалкандардың жеке өкілдері және олардың қолданылуы. ЦиклопропанС3Н6 — газ тәрізді зат. Есірткілік қасиетіне байланысты медицинада қолданылады.

Циклогексан С6Н12 — сұйық зат, еріткіш ретінде қолданылады. Циклогексаннан циклогексанол, циклогексанон, адипин қышқылы және капролактам алады. Мұнайдыөңдеген кезде циклогексан мен метилциклогексан бензол мен толуол сияқты химиялық синтезге қажетті ароматты көмірсутектерге айналады.



Екі жақты күнделік стратегиясы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет