Пәннің бағдарламасының(syllabus) титулдық парағы



бет7/112
Дата10.06.2017
өлшемі11,62 Mb.
#18837
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   112
анықтауыш деп аталады. Бұл кесте тік және жатық жолдардан тұрады. Кестенің элементінің бірінші индексі -жатық, ал екінші индексі тік жолының номері, - осы жолдардың қиылысуындағы элемент.

Егер анықтауыштың екі жатық (тік) жолының сәйкес элементтері өзара тең болса бұл жолдар тең деп аталады.



Егер анықтауыштың екі жатық (тік) жолдары өзара пропорционал элементтерден тұрса, демек

теңдігі орындалса, бұл жолдар пропорционал деп аталады.



Жатық (тік) жолдың санына көбейтіндісі деп барлық элементтері санына көбейтілген осы жолды айтамыз.

Анықтауыштың жатық жолдарын, орналасу ретін сақтап, тік жолдарымен алмастыру анықтауышты транспонирлеу деп аталады. Транспонирленген анықтауыш элементінің бірінші индексі тік, екіншінің индексі жатық жолының нөмерін көрсетеді.

3. Анықтауыштың қасиеттері:

1) Анықтауышты транспонирлеу оның мәнін өзгертпейді;



2) Өзара тең екі жатық (тік) жолы бар анықтауыш нөлге тең болады;

3) Егер анықтауыштың қандай да болмасын бір жатық (тік) жолын бір санына көбейтсе, онда осы санға анықтауышта көбейтіледі;

4) Егер анықтауыштың жатық (тік) жолындағы барлық элементтердің ортақ көбейткіші болса, онда бұл көбейткішті анықтауыштың сыртына шығаруға болады;



5) Егер анықтауыштың екі жатық(тік) жолы пропорционал болса, онда бұл анықтауыш нөлге тең болады;

6) Егер анықтауыштың нөмірлі жатық (тік) жолының әрбір элементі екі санның қосындысынан тұрса, онда бұл анықтауыш, басқа элементтері өзгерусіз сақталған, нөмерлі жатық (тік) жолы бірінші анықтауышта қосылғышының бірінші, екінші анықтауышта екінші қосылғышымен алмастырылған, екі анықтауыштың қосындысына тең;

7) Егер анықтауыштың кез келген жатық (тік) жолын бір санға көбейтіп басқа бір жатық (тік) жолына қоссақ, онда бұл түрлендіру анықтауыштың мәнін өзгертпейді;



8) Егер анықтауыштың екі жатық (тік) жолдары орындарын алмастырса, онда анықтауыш абсолют шамасын сақтап, таңбасын қарама-қарсы өзгертеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет