ПӘннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені


Тақырыбы: 12 жылдық оқу мерзіміне ауысу қажеттіліктерін айқындайтын факторлар. Профильді курстар мектептегі жоғары сатыдағы информатиканы оқытудың дифференциациясы ретінде



бет2/7
Дата10.06.2017
өлшемі1,21 Mb.
#18774
1   2   3   4   5   6   7

Тақырыбы: 12 жылдық оқу мерзіміне ауысу қажеттіліктерін айқындайтын факторлар. Профильді курстар мектептегі жоғары сатыдағы информатиканы оқытудың дифференциациясы ретінде



1-фактор. Білім беру парадигмасының өзгеруі.

Қазіргі білім беру тұлғалық-бағдарланған стратегиясын іске асыруға бағытталған. Оның негізгі идеясы-оқушыларға механикалық түрде білім беру емес, олардың табиғи қабілеттері мен әлеуметтік мүдделеріне баса назар аудара отырып өмірлік жоспарларын жүзеге асыруларына кең мүмкіндіктер жасайтын білім кеңіcтігін құру.



2-фактор. Оқушылардың денсаулығын сақтау.

Бірінші сыныпта оқушылар аптасына белгіленген 20 сағаттың орнына 22 сағат, жоғары сынып оқушылары 38 сағаттың орнына 40-42 сағат оқу жүктемесін орындайды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, республикада 2 миллионнан астам бала 66% әр түрлі аурулармен диспансерлік есепте тұрады. Мектепте оқыту кезеңінде балалар арасында тыныс алу мүшелерінің, көз, асқорыту, жүйке-психикалық, тірек-қозғалыс аппараттарының зақымдануы сияқты т.б. аурулар ондаған есеге артып отыр.

12 жылдық оқу мерзіміне көшу жағдайында белгіленген күнделікті оқу жүктемесін азайту, оқушылардың әртүрлі үйірмелерге қатысуларына, бос уақыттарын өз мүдделеріне сай өткізулеріне мүмкіндік жасайды.

3-фактор. Оқушыларды әлеуметтендіру, әлеуметтік шиеленісті төмендету.

Дәстүрлі 11 жылдық жалпы орта білім беру нарығының қажеттіліктеріне орай оқытудың тәжірибелік бағытына сәйкес кәсіптік бағдарды қамтамасыз ете алмайды. 12 жылдық мектептің негізгі буынында оқушылар арасында кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізіледі.



4-фактор. Оқу сапасын арттыру.

12 жылдық білім беруге көшу күнделікті оқу жүктемесін төмендету есебінен жалпы орта білім берудің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Білім сапасын арттыру оқу материалдарын мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының талаптары деңгейіне сай меңгеруге, сырттай және іштей саралаудың тиімді тепе-теңдігін құруға кепілдік беретін педагогикалық жаңартпашыл оқыту технологияларын жетілдіру нәтижесінде жүзеге асырылады.

5-фактор. Отандық аттестаттардың шетелдерде танылуы жөніндегі әлемдік іс-тәжірибелер.

12 жылдық білім берудің басым бағыты-педагогикалық іс-әрекеттің жеке тұлғаға бағытталуы. Тұлғаға бағытталған көзқарас-педагогикалық іс-әрекеттің методологиялық жаңа бағыты.

Болашақ мамандардың 12 жылдық білім берудің әдіснамасын, оның теориялық және практикалық негіздерін қазірден бастап жан-жақты үйренуі аса маңызды әрі өзекті мәселе. Осы орайда, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлаудың жалпы жүйесінде педагогика курсы ерекше орын алады.

Профильді курстар мектептегі жоғары сатыдағы информатиканы оқытудың дифференциациясы ретінде


Дифференциациялы оқыту —қазіргі мектептің өзекті мәселесі.Ол алуан түрлібілімді траекторияны жүзеге асырады,жеке оқытуға мүмкіндік береді, оқушылардыңтанымдықбелсенділігініңдамуына, кәсібижолдыңталғамына, вузда оқуды таңдауға көмектеседі.

Информатика, дифференциациялы оқыту анық түрде жүзеге асатын пәндердің қатарына жатады. Оған информатиканың ғылым және ақпараттық технологияның көпшілігінің құрамында болуы, мектепте білім беруде сыртқы шарттардың араласуы көмектесті.

Алайда информатика пәнінің дифференциациялы курсы негіздік курстағыдай бір ақпараттың мазмұнын әртүрлі әдістемеде баяндаумен байланысты емес, дифференциациялы курстың мазмұнында анық айырмашылықтарымен ерекшеленеді.Ол тек мектептің жоғарғы сатысында ғана мүмкін, информатиканың негіздік курсын оқығаннан кейін.

Нормативтік жоспарда информатиканыоқытуда дифференциацияның жүзеге асуының мүмкіндігі Орта білім беру мектептерінде информатика пәнінкөзделген үш кезеңді: кіріспе, негізгі және дифференциялдаған орындай отырып үздіксіз оқытуға көшу.Дифференциялданған кезең үшін – жоғары мектеп, яғни X — XI сыныптар (ал 12 жылдық мектепке көшкен жағдайда— XI—XII сыныптар.). Көрсетілген шешім негізделеді, дербес жағдайда, информатикадан мемлекеттік білім беру стандарты жобасында, 1995 жылы Білім беру Министрлігінің байқауында жеңімпаз атанған.

Информатиканың профильді - дифференциялды курстың ортақ мақсаты мен міндеттері мынадай:

• әр оқушының мүддесімен есептесе отыру;

• кәсіби дайындықтың бағытын ескеру;

• ғылыми дүниетанымның негіздерін белгілі бір нысанға келтіру;

• оқушының ойлау қабілетін дамыту;

• оқушыларды практикалық еңбекке дайындау;

• компьютермен жұмысты дағдылау және кәсіптеу.

Информатиканың дифференциалданған курсыныңтипологиясы жайлы сұрақ маңызды, неғұрлым мынадай курстың жоспары білім берудің мақсаттарын жүзеге асырмайды және мектепте информатиканың орнын нақ бекітпейді.Типологияның негізі ретінде, А. А.Кузнецов, Л. Е. Самовольная және Н. М. Угринович ұсынған 12 жылдық мектепте информатиканы оқытудың мазмұнының тұжырымдамасын сараптаймыз.

Профильді курстың мазмұнын анықтауда мынадай екі курсты атауға болады— іргелі және қолданбалы. Іргелі курстың бастапқы функциясы ретіндеғылыми дүниетанымның қалыптасуы болса, ал қолданбалы ға- практикалық қызметке дайындық жатады.

Информатика пәнінің алғашқы типінің профильді курсының дифференциацияның мазмұны пәндік облыстарда , мектепте(сыныпта) нақты бағыттарды жетекшілікке ала отырып оны оқытуға бағытталған.

Егер мектептің негізгі бағыттарын мынадай пәндік облыстарға бөлсек:

• филология,

• қоғамтану,

• математика,

•жаратылыстану,

• технология,

онда оның әрбіреуіне информатиканың профилді курсының өзінің терімі ықтимал. Мынадай курстардан информатика пәнінің тарауы лайықты ғылымның пәнімен бірге жүргізіліп оқытылады.

Осындай курстардың басты мақсаты – ғылыми дүниетанымды дамыту, оны қалыптастыру(информатика жағынан –«әлемнің жүйелі-ақпараттық суреті»), информатиканың дамыған(модельдеу, формальдау және т.с.с.)басқа іргелі ғылымдарды ғылыми әдістермен зерттеу.

Информатиканың профильді курсының екініші түрі – қолданбалы - пәндік облыстарда дифференциялданбайды, ал ақпараттық қызметтің көрінісінің критериясына негізделеді. Осындай курстың басты мақсаты – қалыптасқан дағды-әдістерді дамыту және ғылыми-ақпараттық технологиялардың құралдарын (ҒАТ) әртүрлі салаларда қолдана білу.

Адамның ақпараттық қызметінің түрі(жиын, өңдеу, ақпараттың сақтау) нақты пәндік облыстарға инвариантты, сол себептен дифференциация мазмұнын оқытудың басты өлшемі ақпараттық қызметтің компоненті және құрылымы болып табылады.

Үстіде айтылғанның бәрі 13.1 кестесінде көрсетілген.Онда топтастырудың негізіне пәндік(білім беру) облыстар тиесілі, Білім Министрлігінің 30 маусымның 1996 жылғы №56 бұйрығымен «Об утверждении обязательного минимума содержания среднего (полного) общего образования» анықталған.

Кесте 1


Информатиканың профильді курсының дифференциациясы

дифференциация принципі

Түсініктеме

А. Басты педагогикалық қызмет бойынша

Мыналарды атауға болады:

• «Іргелі» профильді курс (мақсаты - ғылыми дүниетанымның құралымы);

• «Қолданбалы»профильді курс (мақсаты - практикалық қызметке, еңбекке дайындық)


Б. Пәндік облыстар бойынша:

Берілген пәндік облыстардың біреуімен курсты байланыстыру:

• Филология;

• Қоғамтану;

• Математика;

• Жаратылыстану;

• Технология;

• Дене тәрбиесі


В. Ақпараттық қызметтің түрлері бойынша:

Берілген ақпараттық қызметтердің біреуімен курсты байланыстыру:

• Ақпаратты өңдеу;

• Ақпаратты сақтау, жіберу,қолдану;

• ақпаратты жіберу;



Нақты курстарға келетін болсақ, олар өте көп болуы мүмкін 2 және 3 кестеде ақпаратты қызметтің түрлері мен профильді курстардың пәндік облыстардың атаулары берілген. Келесі тарауларда осындай курстар анық жазылған.
Кесте 2

Информатиканың профильді курстары, пәндік облыстармен байланысы

Пәндік облыстар және оның құрамы

Профильді курстардың мысалы

ФИЛОЛОГИЯ (тіл, әдебиет)

Белгі қалыптары

Қоғамтану (тарих, қоғамтану, география, экономика)

Қоғамдық процесстерде компьютерді модельдеу.

МАТЕМАТИКА (математика, информатика)

Есептеуші математика және программалау

Математикалық модельдеу

Есептеуші техника

Программалау

Компьютерлітелекоммуникация


Жаратылыстану (биология, физика, химия, экология)

Табиғатта компьютерлі модельдеу процессі

Дене тәрбиесі (дене тәрбиесі, өмір тіршілік қауіпсіздігі)



Кесте 3


Информатиканың профильді курсы, ақпараттық қызметтермен байланысы

Ақпараттық қызметтердің түрлері

Профильдік курстардың мүмкіндік мсысалдары

Ақпаратты өңдеу

Мәтіндік ақпаратты өңдеу

Графикалық ақпаратты өңдеу

Сандық ақпаратты өңдеу


Ақпаратты алу, сақтау және қолдану

Деректер қорын қолдану

Ақпаратты жіберу

Компьютерлітелекоммуникациялар

Әлбетте, курс мазмұнында, 2 және 3 кестесінде көрсетілгендей, маңызды қиылусылар бар. Ол толығымен қалыпты жағдай, себебі пәндік облыстарға бағдарланған курстар,негізгі ақпараттық технологияларды және ақпараттық қызметтердің түрлерін игереді.

Керісінше, кестеде көрсетілген кейбір курстар, әртүрлі нұсқаларда бар. Мысалы, «Программалау» курсы шартты атаулармен мынадай нұсқада берілген «Паскаль тілінде программалау», «Нысанды бағдарланған программалау», «Логикалық программалау» және т.б.

Информатиканың профильді курстары интегралданған курстармен тұтасады. Профильді және интеграланданған курстардың арасындағы айырмашылықтаратауларында ғана түйіседі, ал кейде терең мінезді қамтиды. Нақ пәндік облысқа бағдарланған әрбір профильді курсты, интегралды деп есептеуге болады, егер оны оқыту барысында оқушылар жаңа білім мен дағдыларды тек информатика және ақпараттық технологиялардан ғана емес,сонымен қатар пәндік облыс бойынша игерсе.Интеграция деңгейі әртүрлі болуы мүмкін: егер курста информатика айқын көрінсе, онда ол курсты профильді деп атағанымыз жөн, ал егер жаңа материал информатика мен пәндік облыспен тең болса – интегралды деп атаймыз. Әдебиетте көбінесе «информатика + X» формуласымен берілгенді интегралды деп атайды, мұндағы «X» - дегеніміз математика. Бұл ғылымдардың тарихи жақындығымен түсіндіреді, сонымен қатар информатика мұғалімдерінің ерекшеліктерімен солардың көбі математика мұғалімдері болып табылады.

Информатиканың профильді курсын жобалауда курстың нормативтік еңбек сыйымдылығы маңызды сұрақ болады. Аптасына 1 сағат 2 жылдық дайындықтың өзінде, профилді курстың ең ықтимал көлемі 136 сағ.(соның өзі көбінесе практикада). Сол уақытта да кіші көлемде профилді курсты жасау мүмкіндіктерін жібермеу керек. Информатиканы терең оқытатын мектептерде курстың көлемі едәуір үлкен, 272 сағатқа дейін(яғни аптасына 2 сағ).

Айта кетсек, профильді дифференциация көбінесе деңгейлік дифференциациямен қиылысады. 2 және 3 кестесінде көрсетілгендей белгіленген курстарда екідеңгейлі дифференциация болуы мүмкін. Бұл ретте профильді курстың(оқылатын материалдың көлеміне және оның игеруіне қойылатын талаптарға байланысты) деңгейі мемлекеттік білім берустандартына жазылған немесе оны уақытша ауыстыратын құжатпен салыстырылып анықталады. Мынадай екі жағдайға назар аударсақ:

• стандарт талаптың ең төмен деңгейін анықтайды, онда профильді курс оның шектерінен шығады;

• профильді курстың деңгейін оқушылардың білімділігінің деңгейімен және курстың(осы параметрлерге сай талапты аса көтермелеуі біраз таратылған) жүзеге асуына жіберген уақытпен ара қатынасын белгілеу керек.

&&&

$$$002-006-100$Дәріс №5-6.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Білім беру парадигмасы


Дәріс № 7.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет