ПӘннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені


Дәріс №8 Тақырыбы: 12 жылдық мектеп мұғалімінің кәсіби тұлғасы



бет4/7
Дата22.10.2019
өлшемі0,76 Mb.
#50447
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
14757981-b887-11e3-b0bc-f6d299da70eeЭУМКД материал 12 жылдық мектепте инф бейінді оқыту негіздері (1)


Дәріс №8

Тақырыбы: 12 жылдық мектеп мұғалімінің кәсіби тұлғасы

Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты.



Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арналған Жолдауында "XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық" дей келе 12 жылдық жалпы орта білімге көшудің керектігін айқын көрсетті.

Осыдан-ақ, мемлекетіміздің өркениетті елдер қатарына ұмтылуына байланысты әлемдік білім кеңістігіне кіру қажеттігі туындап отырғанын көруге болады. Мұның өзі егемен еліміздің білім мазмұны мен құрылымының әлемдік елдер деңгейіне сай болуын меңзейді.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының мақсатында көрсетілгендей, әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу болып табылады.

Қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі - бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп кұру болып отыр. Бұл мақсатты орындау орта білімнің 12 жылдық мерзімге өтуімен астасып жатыр.

Еліміз 12 жылдық орта білім беруге көшу мәселесін шешуде алыс-жақын шетелдердің іс-тәжірибелеріне және соңғы кездегі педагогика мен психология ғылымдарының алдыңғы қатарлы зерттеу нәтижелеріне сүйенуде. 12 жылдық орта білімге көшу аз уақыт ішінде, жеңіл түрде іске аса қоятын мәселе емес. Бұл білім беру орындарының үйлесімді дайындығын, әрбір мұғалімнің өз ісін қайта қарауды, білімінің теориялык және әдістемелік тұстарынан жетілдіруді талап ететін мәселе. Сонымен қатар, 12 жылдық орта білімге көшу осыған байланысты жарық көретін әрбір мемлекеттік құжаттар талаптарының өз кезінде орындалуын және мұғалімдер мен оқушылар қауымына ұсынылатын оқулықтардың, оқу құралдарының педагогикалық, әдістемелік, психологиялык, тұрғыдан негізделуін керек етеді.

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан үшін ең негізгі басымдықтың бірі – білім. Білім ғылымның іргетасы және мемлекет дамуының алтын арқауы. Елбасы биылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның дамуының басты шарты қоғам мүшелерінің білім деңгейінің артуына тікелей байланысты екендігін атап көрсетті. Демек, отандық білім жүйесі өз қызметін «білім беруге салынған бүгінгі инвестиция – мемлекеттің ертеңіне жасалған қамқорлық» деген қағидатқа сүйеніп жұмыс жасау керек деген сөз.Жалпы білім бастауын мектептен алады, оның қайнар көзі десек те болады. Сондықтан, мектеп неғұрлым таза, серпінді, шығармашыл болса, ол келіп құятын білім айдыны да сондай дәрежеде болады. Нәтижесінде отбасы, қоғам, өмір жақсарып, сапалық көрсеткіштер жоғарылайды. Бір жылға жоспар құрсаң – егін ек, жүз жылға жоспар құрсаң – ағаш ек, ал мәңгілік мұратты көздесең – ұрпақ тәрбиеле деген ғибрат бар. Бұл жауапкершілігі зор, салмағы ауыр міндет. Өйткені бүгінгі жас буын – ел болашағының ертеңгі кілті. ХХІ ғасыр тың идеялар мен жасампаз жаңалықтардың дәуірі. Оған лайық болу- қазіргі жаһандану процесіндегі кез – келген мемлекеттің негізгі ұстанымы. Ендеше біздің тәуелсіз елімізде өркениетке жетелер жолдың бастауы – білім ордалары десек, оның жүрегі де, тірегі де мұғалімдер қауымы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет