ПӘннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет5/7
Дата22.10.2019
өлшемі0,76 Mb.
#50447
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
14757981-b887-11e3-b0bc-f6d299da70eeЭУМКД материал 12 жылдық мектепте инф бейінді оқыту негіздері (1)
ЖОО тізімі

Мұғалім ақпаратанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интелектуалды дамуын жобалаушы. 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу мұғалімнен жоғары құзырлықты, ұйымдастырушылықты қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағытын талап етеді.

12 жылдық білім беруге көшу мұғалімді «бұрыннан келе жатқан педагогикалық білім, білік, дағдылық жүйені,яғни шамадан тыс ақпарат беріп және нәтижеге сүйреп, соңында оқушылардың денсаулығының нашарлауына және уақытын жоғалтуына апарып соғатын жүйені өзгертіп», керісінше қалай оқу керек, қалай ойлау керек, кез –келген туындаған міндеттерді шешу үшін әр тұлға пайдалана алатын жаңа технологияларды үйрету айқындамасын қабылдауға бағдарлайды. (Қазақтан Республикасындағы12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдама жобасынан келтірілген дәйексөздер)

12 жылдық орта білім мазмұнының ең алғашқы бастамасы бастауыш буында жүзеге асатыны белгілі. Себебі бастауыш буында жоғары сыныптарда оқылатын бүкіл пәннің іргетасы қаланып қана қоймайды, сонымен қатар білім алуға талпынушылық, яғни балалардың оқу әрекеті, танымдылық белсенділік, жеке бастың адами қасиеттерінің негізі осы кезеңде қаланады. Сонымен қатар осы кезеңде баланың белсенділігі, оның рухани және дене күші де дами бастайды. Осы жасқа лайықты мазмұн мен оны оқытудың әдісін саралау, бала жанына жақын қарым-қатынас арқылы оларды дамыту мәселесін ғылыми жолға қою оңай мәселе емес.

Мұндағы мақсат - психологиялық тұрғыдан мектепке жаңа келген алты жасар баланың ойын әрекетін жалғастыра отырып, біртіндеп оқу әрекетіне көшуін қамтамасыз ететін әдістерді қарастыру. Алты жасар бала үшін жаңа рөл-оқушы, жаңа әрекет - оқу болса, осы мәселелерге олардың шаршамай, жалықпай, қызығушылықпен араласып кетуіне, маңайымен қарым-қатысының күшеюіне жағдай жасау мұғалімнің шеберлігін және осы жастағы оқушының психологиялық ерекшелігін жете білуін керек етеді.



Бастауыш мектепті бітіргенде 9 (тоғыз ) жастағы бала XX ғасырдағы өзінің замандастарымен салыстырғанда оқу, ойлау, қарым-қатынас сияқты іс-әрекетінің жоғары деңгейімен, білімді өздігінен ізденуге ұмтылушылығымен, өзін-өзі дамытуға икемдігімен, адамгершілік және отанжандылық құндылықтарының жоғарылығымен, яғни тұлғаның барынша жан-жақты даму үрдісін сезіну біліктілігімен ерекшеленуге тиіс.

Соңғы үшінші сатымыз – бағдарлы білім беру.



Бағдарлы білім беру – оқытудың дифференцияланған және жекелеген принциптері жүзеге асатын, толық жалпы орта білімнің қорытынды кезеңі. Бұл кезеңде оқушылардың өмірлік қажеттіліктері мен қызығушылықтарының арқасында білімді тұлғалық анықталу мақсатында жүргізе отырып, мамандық таңдауға мүмкіндік алады.


Кез – келген мұғалімде осы қасиеттер болса онда бұл мұғалімнің жұмыс нәтижесі мынадай болмақ:




Мына келесі сызбадан біз нені байқаймыз?Яғни бұл жерде мұғалімнің кешегі күнге дейінгі ұстанымдары мен бүгінгі күнгі ұстанымдары салыстырылып көрсетілген. Жалпы мектептердің барлығы дерлік 12 жылдық білім беру жүйесіне көшсе онда жұмыс жасайтын мұғалімдердің де өмірге деген көзқарасы өзгереді.





&&&

$$$002-008-100$Дәріс №8.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Бағдарлы білім беру




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет