Деректердің құрылымы. Электрондық кестеде ұсынылған, деректердің минималды құрылымдық элементі – ұяшық. Негізгі жұмыс ұяшықтармен жүргізіледі: олар толтырылады, редакцияланады, тазаланады.
Ұяшықтардан тұратын – тұтас деректердің құрылымы – бағана және жолдар болып бірігеді. Сондықтан кестелік процессорда жолдармен немесе бағандармен тұтастай – жою/кірістіру амалдардын жасауға болады. Мысалы, жаңа бағанды кірістіру тәртібі: кестеде баған қойылатын тұстағы бағанды ерекшелеу Вставка Столбцы.
Электрондық кестелерде базалық құрылымдық ұғым – ұяшықтар диапазоны (блок) ұғымы.
Ұяшықтар диапазоны – қос нүктемен бөлініп жазылады, мысалы, А2:А5 жазылымы – А2, А3, А4, А5 ұяшықтар жиынын көрсетеді. Мысалы: A2:C3 жазылымы – жоғарғы сол жақ А2 ұяшығынан бастап төменгі оң жақ С3 ұяшығына дейінгі ұяшықтар диапазонын көрсетеді, яғни: A2, B2, C2, A3, B3, C3 ұяшықтарына сәйкес.
Достарыңызбен бөлісу: |