Кестелік процессордың ортасы. Базалық курста қарастырылатын MS Excel электрондық процессорының стандартты терезесінің интерфейсі мына компоненттерден тұрады1:
Тақырып жолы – «Свернуть», «Развернуть», «Закрыть» батырмалары бар терезенің ең жоғарғы жағындағы жол.
Мәзір жолы. Excel-ң жұмысын ұйымдастыратын негізгі бұйрықтар тізімінен тұрады. Олардың әрқайсысы иерархиялық бұйрықтар жүйесін құрайды.
Пайдаланушы экранға өзіне қажет саймандар тақтасын қою мүмкіндігі бар. Ол үшін – Вид Панели инстументов қажет саймандар тақтасының атауының қасына шертіледі. Әдетте, экранда мына саймандар тақталары тұрады:
Стандартты саймандар тақтасы – жиі кезігетін амалдарды орындауға арналған батырмалар орналасқан. Форматтау (пішімдеу) саймандар тақтасы – ұяшықтардағы мәтінді және сандарды пішімдеуге арналған батырмалар орналасқан.
Формулалар жолы – үш бөлімнен тұрады: сол жағында ағымды ұяшықтың адресі нұсқалады, ортасында – дайындалған әрекетті қайтару (немесе Esc), жасыл – енегізу (немесе Enter), fx – Вставка функции қосымшасын шақыру батырмасы орналасады. Бұл батырмамен көптеген әртүрлі функцияларды – қаржылық (финансовый), статистикалық, математикалық және басқаларды шақыруға болады. Егер формула жолы тақтада жоқ болса, онда: Вид Строка формул бұйрықтар тізімін орындап қоюға болады.
Электрондық кестенің жұмыс өрісі жолдардан және бағаналалардан тұратын матрица түрінде ұсынылады.
Жолдар – жоғарыдан төмен қарай 1-ден бастап нөмірленеді. Бағаналар – солдан оңға қарай, алфавит ретімен, латын әріптерімен аталады: A, B, … , Z, AA, AB, …, AZ, BA, BB, …, IU, IV.
Жолдар мен бағаналардың саны электрондық кестенің нұсқасына байланысты, мысалы, MS Excel 2003-ң әр парағы – 65536 жолдан, 256 бағаннан тұрады.
Жағдай жолы – терезенің төменгі жағында орналасқан. Амалды орындау барысы немесе таңдалған бұйрық туралы ақпаратты бейнелейді.
Парақтардың жарлықтары – Лист1, Лист2, …
Айналдыру жолақтары (скроллингтер) – терезенің төменгі және оң жағында орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |