Пәннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені


Оқыту мақсатындағы компьютерлік оқу құралдарын жасау кезеңдері



бет22/133
Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#91672
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   133
Байланысты:
5a98e65d-32bb-11e3-9d7d-f6d299da70eeУМКД материал Т-243у МПИ

Оқыту мақсатындағы компьютерлік оқу құралдарын жасау кезеңдері
Компьютерлік оқу құралы деп білім берудің компьютерлік технологиясын кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып – үйрену құралдарын айтады. Өз функционалдық мүмкіндіктеріне қарай компьютер қазіргі кезде оқытудың ең керекті жабдығына айналды, бірақ оны тиімді түрде пайдалану жолдарының ашылмаған тәсілдері, күнделікті сабақтарға қолдану үшін әліде айқындалатын жақтары көп екенін ғалымдар да, мұғалімдер де жиі айтып келеді. Еліміздің ұлттық ғылым академиясы да компьютер арқылы үздіксіз білім беру ісіне көңіл бөліп, көпетеген педагогикалық тақырыптарда ғылыми жұмыс жүргізу ісін қаржыландарып келеді. Осы бағыттағы мәселелермен білім саласының мамандары алғашқы дербес пайдаланылатын компьютер шыққан кездерден бастап айналысып келеді, соңғы кездегі компютердің көптеп қолданысқа енуі бұл проблеманың өте өзекті мәселеге айналғанын тағы да дәлелдеп отыр.
Оқу жүйесінде информациялық техналогияны жалпы қолданудың маңызынан гөрі оны пайдалану ісі білім беру жүйесіндегі қойылған талаптарға қаншалықты жауап бере алатыны маңыздырақ болып табылады.
Компьютермен оқыту әдісін жүзеге асыру жалпы білім беру ісін жетілдіру тәсілдерімен бірге сонымен тығыз байланысты белгілі бір пәннің өз ерекшеліктерін де есепке алуды талап етеді. Мұнда бірнеше мәселені қатар шешуге тура келеді, олар:

  • компьютерді оқыту ісінің қай жақтарын жетілдіру үшін баса пайдалануға болатынын анықтау;

  • оқу үрдісін компьютерлендірудің қажетті деңгейін анықтау;

  • компьютерге жүктелетін функциялар тізбегін анықтау;

  • әр пән мұғалімдері мен әдіскерлерінің талап тілектеріне сәйкес келетін компьютерлік оқу құралын жасау.

Компьютерлік технологияны қолдану кезінде оқу материалынның негізгі көлемі мұғалім емес, компьютер арқылы беріледі. Оқыту үрдісін жүргізіп отырған мұғалім көбінесе компьютерлік оқу құралын жасауға қатыспайды. Сондықтан мұндай компьютер арқылы оқытуға арналған ақпараттық оқу материалдарын жасауда оның авторы мен оқыту үрдісінің «алшақтығы» білім берудің негізгі принципі деп айтуға болады. Бұл принциптің негізінде берілген материалдарды оқып – үйрену үрдісі оның авторының кеңесі қажет етілмейтіндей болып ұйымдастырылуы жатады, яғни оқу құралы жаңа материал беріп қана қоймай, оны толық түсіндіре алатындай дәрежеде жасалуы тиіс. Оқу құралын жасауға берілген техникалық тапсырмада осындай әдістемелік жағыына баса көңіл аудару ісі алдын – ала анықталады.
Сонымен компьютер арқылы беруге арналған ақпараттық – оқыту және әдістемелік құралдар құрамына төмендегідей материалдар кіруі тиіс:

  • таратылып берілетін оқу материалдары;

  • бақылау және тестен өткізу материалдары;

  • жаттығулар;

  • сыныппен немесе жекелеп оқытуға және өздігінен оқып – үйренуге арналған әдістемелер;

  • әрбір материалды немесе олардың бірнешеуін қатарластыра пайдалану тәсілі, яғни оның стратегиясы мен тактикасы және оларды бір – бірімен алмастыру жолдары;

  • экраннан берілетін барлық ақпараттық – оқу материалдарын компьютердің мультимедаиалық мүмкіндігіне және сабақтарды сол арқылы беру тәсілдеріне қарай бейімдеу.

Компьютерлік оқу құралы жалпы оқу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес жасалады, ал оның ақпараттық – әдістемелік негізін жоғарыда айтылған материалдар құрайды. Ол алдын – ала жоба бойынша анықталған компьютерлік технология негізінде жасалған білім беру мәселелерін шешіп, оқыту – үйрету функциялары мен оқу үрдісін басқару істерін жүзеге асыруы тиіс.
Оқыту жүйесіне арналған программалық жабдықтама ретінде жасалатын компьютерлік оқу құралын даярлау көпжақты мәселе болып саналады, оны жүзеге асыру үшін әр түрлі салаларда істейтін мамандарды пайдалана білу қажет. Төменде осындай шығармашылық топтың мүмкін деп саналатын бір нұсқасының функционалдық құрамы көрсетілген, онда пән мұғалімінен бөлек компьютерлік оқыту әдіскері, білім сапасын тексеру жағының мамандары, суретшілер, программалаушылар болуы тиіс.
Компьютерлік оқу құралын жасайтын шығармашылық топтың функцио-налдық құрамы:

  • Пән мұғалімі

  • Компьютерлік оқыту ісінің әдіскері, жалпы «сценарий» жасауды басқарушы

  • Түрлі түстер үйлесімдігі мен дыбыс, анимация, мәтін бөліктері құрамын тағайындайтын және сондай материалдарды даярлау ісін басқаратын маман (дизайнер)

  • Оқыту нәтижелерін тест арқылы бақылау ісінің маманы (әдіскер)

  • Басқару алгоритмдерін кодтап, программа жасайтын маман (программалаушы)

Мұнда мынадай негізгі талаптардың орындалуын атап өткен жөн:

  • компьютерде қолданылатын ақпараттық – оқу материалдары мен тексеру, бақылау сұрақтары айқын, әрі түсінікті болуы шарт;

  • берілген оқыту әдістемесін толықтыру немесе жаңа оқу әдістемесін жасау, яғнм оқу үрдісіне сай компьютердің функционалдық ерекшеліктерін есекере отырып, бұрынғы дидактикалық тәсілдерді жетілдіретіндей мүмкіндіктер болуы тиіс;

  • оқу құралының жалпы сценарийін және пәннің әрбір тақырыбының, сабақтың және сабақ ішіндегі белгілі бір кезеңдердің жеке «сценарийін» жасайтындай мүмкіндіктері болуы қажет;

  • даярланған программаның «ашықтық» деңгейін анықтау, яғни оны пайдаланушылар оқу құралының белгілі бір функционалдық блогын оқу жүйесінің соңғы талаптарына сәйкес өзгерте алатындай мүмкіндігі болуы керек. Мысалы, оқу құралының тексеру блогына жаңа есептер қосу немесе оқу үрдісін басқару бөлігін жетілдіру тағы сол сияқтылар.

Компьютерлік оқу құралын жасаудың ақырғы кезеңі оны программаға айналдыру, яғни машина тілінде кодтау ісі болып табылады. Осындай қолданбалы программалық жабдықтамалар жасау көптеген жүйелік программалар арқылы жүргізіледі.
Қашықтан оқыту мақсатына арналған программалар жасауда HTML және «Java» тілдерін немесе бұл жұмысты жеңілдететін FrontPage, Dreamviewer программаларын пайдалану қажет.
Біздегі алғашқы электрондық оқулықтарға шет тілін, Қазахстан тарихын, валеология, қоғамтану, информатика пәндерін оқып үйренуге арналған CD – дискілерге жазылып даярланған оқу құралдарын айтуға болады. Олар модульдік принципке сәйкес тақарыптарға бөлініп, гиперсілтемелік мәтін құрастыру тәсілімен жасалып, мектеп бағдарламалары мен жоғары оқу орындарының көптеген тақырыптарын қамтиды.
Сонымен компьютерді қосымша оқыту жабдығы ретінде пайдалану білім беру саласында жаңа бір әдістемелік жүйе қалыптастырып келеді. Қазіргі кезде электрондық оқулықтар жасау ісі өндірістік индустрияның жаңа арнасын қалыптастыруда. Ол білім жүйесіндегі эканомиканың бір саласы ретінде жыл сайын белгілі бір қаржы бөлуді қажет етеді. Бұдан былай оқу орындары мұғалімдерге жалақы төлеу, оқулықтар, әдістемелік құралдар сатып алумен қатар электрондық оқу құралдарын сатып алуға тұрақты қаржы көзін бөліп отырулары керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет