Пәннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені


Тақырыбы: «Алгоритмдеу негіздері» тақырыбын оқыту әдістемесі



бет79/133
Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#91672
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   133
Байланысты:
5a98e65d-32bb-11e3-9d7d-f6d299da70eeУМКД материал Т-243у МПИ

Тақырыбы: «Алгоритмдеу негіздері» тақырыбын оқыту әдістемесі
Мақсаты: Алгоритмдеу негіздері тақырыбын оқытуды ұйымдастыру. Тақырыптық үлгі жоспармен танысу. Оқушы біліміне қойылатын талаптарды анықтау. Сабақ жоспарын жасау.
Теориялық түсініктеме
«Алгоритмдеу негіздері» тақырыбы мектептегі информатиканың базалық курсының 9-сыныбында қарастырылады. Күнтізбелік жоспар бойынша 1-ші, 2-ші, 3-ші және 4-ші сабақ болып І оқу тоқсанында өтіледі.
Сағат саны - 4 сағат.


1 – сабақ.
«Алгоритм» ұғымы. Алгоритмнің қасиеттері
Мақсаты: оқушылардың «алгоритм» ұғымын талдау және оның қасиеттеріне мысал келтіру, қарапайым алгоритмдерді құру дағдысын қалыптастыру.
Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: оқушылар алгоритмнің анықтамасын айтып, мысал келтіріп, негізгі қасиеттерін сипаттай алуы керек.
Оқушылардың білігі мен дағдысына қойылатын талаптар: қарапайым алгоритм құра білу, оның нәтижесін талдау.
Жоспары:

  1. «Алгоритм» ұғымы.

  2. Алгоритмдерге мысал келтіру.

  3. Алгоритмнің қасиеттері.

  4. Алгоитмнің қасиеттеріне сипаттама беру.

  5. Алгоритм құруға есеп шығару.

  6. Бақылау және тестілеу сұрақтары арқылы оқушылардың игерген білімін тексеру.

  7. Жаттығу мен есеп шығару арқылы оқушылардың алгоритм құру дағдысын қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны:
Анықтама. Алгоритм – берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.
Алгоритмнің қасиеттері:

  1. Айқын, дәл өрнектелуі.

  2. Үздіктілігі.

  3. Нәтижелілігі.

  4. Жалпыламалығы.

  5. Формалды орындалуы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет