9. Сабақты мазмұнды толтыру.
Жаңа тақырыпты берудің бірнеше тәсілдері бар:
Таныстыру (әңгіме, хабарлама) – 6 сыныпқа дейін
Сипаттау (мінездеме, суретпен беру, аналитикалық сипаттау)
Түсіндіру
Әңгімелесу (аналитикалық, эвристикалық)
10. Өлшемдерді құру
Бұл жұмыстың ең қиын, көп жағдайда қол жеткізе алмай қалатын бөлімі. Бұл талаптың өзі бірінші қойылған талаптан анықтылықты талап етеді. Егер абстрактілі мақсат қойылса, онда өлшеу мүмкін емес.
Жеке тапсырмалар.
Оқулық бойынша оқу-тәрбие жұмысының планын құру.
Информатика 7.
Информатика 8.
Информатика 9.
Информатика 10.
Информатика 11.
14 - зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Оқытудың ұйымдастырылған формаларының жүйесі.
Зертханалық жұмысқа дайындалғанда, таңдап алынған жеке тапсырма бойынша сөз сөйлеуді өңдеу.
Жеке тапсырмалар.
1-тапсырма. Неге оқытудың басында қостық жұмыс жиі қолданылады? Қостық жұмысты қолданатын ОҰФ-ке мысал келтіру. ЭЕМ-де қостық жұмыста оқушылардың ролін қалай өзгертуге болады?
2-тапсырма. Қандай себептен ЭЕМ-де жалғыз жұмыс істеп отырған оқушы, мұғалімнен көмек сұрамауы мүмкін? Жеке тапсырмаларды қолданатын ОҰФ-ке мысал келтіру.
3-тапсырма. Топтық құрамында жұмыс істеп әрбір оқушының активтілігін қалай қамтамасыз ету керек? Топтық жұмысты қолданатын ОҰФ-ке мысал келтіру.
4-тапсырма. Оқытуды басқару үшін педагогқа компьютер не береді? Қостық, топтық және жеке жұмысты қолданатын ОҰФ-ке мысал келтіру.
Достарыңызбен бөлісу: |