Бақылау сұрақтары: Компьютерлік графика тақырыбы мектептің қай сыныбында оқытылады?
Осы тақырыпқа бөлінген сағат көлемі қандай?
«Компьютерлік графика» тақырыбының мақсаты?
Осы сабақты қандай программалық және дидактикалық материалдармен қамтамасыз етуге болады?
Сабақ қандай типте өтеді?
Оқушылардың білімі мен біліктіліктеріне қойылатын талаптар
№7 өздік жұмыс
Тақырыбы: «Мәтіндік редакторлар» тақырыбын оқыту әдістемесі Мақсаты: Мәтіндік редакторлар тақырыбын оқытуды ұйымдастыру. Тақырыптық үлгі жоспармен танысу. Оқушы біліміне қойылатын талаптарды анықтау. Сабақ жоспарын жасау.
Теориялық түсініктеме «Мәтіндік редакторлар» тақырыбы мектептегі информатиканың базалық курсының 7-8 сыныптарында қарастырылады. Күнтізбелік жоспар бойынша 7 сыныпта 26-шы, 27-ші сабақ болып ІII оқу тоқсанында және 8-сынып бойынша 15-22 сабақ болып өтіледі.
WordPad мәтіндік редакторы
№26-27 сабақ
Сабақтың тақырыбы:
Windows’98-дің WordPad қолданбасымен танысу
Программалық- дидактикалық қамтылуы:
Оқу есептеуіш техника кешені.
Windows’98ОЖ
Оқулық
Жұмыс дәптері.
Сабақтың мақсаты:
Windows’98-дің қолданбаларымен, қарапайым WordPad мәтіндік процессорымен танысу. Құжаттың құрылымы, стилі, баспа бетінің геометриясы туралы түсінік беру. WordPad қолданбасының терезесі, менюі, пішімдеу және құрал-саймандар тақталары, сызғыш туралы түсінік алу. Мәтінмен жұмысқа дағдылану (теру, түзету, пішімдеу) Құжаттарды құруға, ашуға, сақтауға үйрету.