Пәннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет115/133
Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#91672
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   133
Байланысты:
5a98e65d-32bb-11e3-9d7d-f6d299da70eeУМКД материал Т-243у МПИ

Бақылау сұрақтары:

  1. Кестелік процессорлар тақырыбы мектептің қай сыныбында оқытылады?

  2. Осы тақырыпқа бөлінген сағат көлемі қандай?

  3. «Кестелік процессорлар» тақырыбының мақсаты?

  4. Осы сабақты қандай программалық және дидактикалық материалдармен қамтамасыз етуге болады?

  5. Сабақ қандай типте өтеді?

  6. Оқушылардың білімі мен біліктіліктеріне қойылатын талаптар

9 өздік жұмыс


Тақырыбы: «Мәліметтер қоры» тақырыбын оқыту әдістемесі
Мақсаты: Мәліметтер қоры тақырыбын оқытуды ұйымдастыру. Тақырыптық үлгі жоспармен танысу. Оқушы біліміне қойылатын талаптарды анықтау. Сабақ жоспарын жасау.


Теориялық түсініктеме
«Мәліметтер қоры» тақырыбы мектептегі информатиканың базалық курсының 8 сыныпта қарастырылады. Күнтізбелік жоспар бойынша 8 сыныпта 31-ші, 32-ші, 33-ші және 34-ші сабақ болып ІV оқу тоқсанында өтіледі.

31-сабақ

Сабақ тақырыбы

Деректер базасы. Деректер базасын басқару жүйелері. Деректер базасымен орындалатын амалдар.

Программалаық дидактикалық қамтылуы

Оқу есептеуіш техника кешені, Excel кестелік процессоры. Оқулық, Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды деректер базасы ұғымымен, деректер базасын басқару жүйелерімен таныстыру. Деректер базасын класстарға бөлуді түсіндіру. Оқушыларды реляциялық деректер базасы өрістерінің ұғымымен, құрылымымен және типтерімен таныстыру. Деректер базасындағы операциялармен, компьютерде деректер базасын өңдеу технологиясымен таныстыру.

Сабақ типі

Практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілік

Білім мен білікке қойылатын талаптар

Оқушы білуі тиіс:
Деректер базаларын класстарға бөлуді;
Реляциялық деректер базалары құрылысын;
Реляциялық деректер базасы өрістерінің типтерін;
Жоба, жазбалар өрісінің не екенін;
Жазба түйінінің не екенін;
Деректер базаларындағы операцияларды.
Оқушының меңгеруі тиіс білігі:
Деректер базасын жобалауды;
Деректер базаларын өңдеу схемасын құруды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет