Бақылау сұрақтары
Информатика ғылымының жалпы бiлім берудегi қызметі
Мектептегі оқу жоспарындағы информатика курсының алатын орны.
Орта мектептегi информатика курсының мазмұны.
Mектептегі информатика курсының болашақтағы дамуы
Негізгі әдебиеттер: [2, 3, 4, 5, 6, 14, 16]
Қосымша әдебиеттер: [20, 28, 32]
15-ДӘРІС.
Тақырыбы: Информатиканы оқыту әдістеріне шолу. Орта мектепте
информатиканың дәстүрлі оқыту әдістері. Оқытуды нақтылы
ұйымдастырудың формалары
Мақсаты: Орта мектепте информатиканың дәстүрлі оқыту әдістері мен оқытудың нақтылы ұйымдастыру формаларына шолу
Дидактикада оқушының іс-әрекеті, мұғалімнің іс-әрекеті және олардың бірлескен іс-әрекеті деп бөледі. Мысалы, оқушыларға арналған инструкцияны жасау – педогогтың іс-әрекеті; инструкциямен ЭЕМ-дегі программамен жұмыс істеу – оқушының іс-әрекеті; ЭЕМ-де орнындалған оқушының жұмысының нәтижесін қорғау (тапсыру) – олардың бірлескен іс-әрекеті.
Информатика курсында оқушылар мен мұғалімнің бірлескен іс-әрекетінің көлемін қысқартуда іс-әрекеттің тәуелсіз түрі салыстырмалы түрде елеулі орнын алады. Курстың мақсаттарының бірі ЭЕМ-мен жұмыс кезіндегі оқушының педагогтан тәуелсіздігі, одан кейін программистен тәуелсіздігі, өз бетімен білім алуға дағдының қалыптасуы. Сондай-ақ, компьютер мұғалім мен оқушы арасындағы тәуелсіз іс-әрекеттін көлемін едәуір кеңейтеді. Әрине, бұл педогогты іс-әрекетінен толық босатады деген сөз емес. Педогогтың оқыту алгоритіміндегі жүзеге асырылатын білімімен тәжірибелері оқушының өз бетінділігінің жоғарлауына әкеледі.
Сондай-ақ, информатика курсында танымды басқару мен өздік басқару функциясы айқын көрінеді. Компьютермен жұмыс істеген оқушының өз бетінділігі басым, оның алдына қойған мақсаты бар. Мұғалімнің міндеті оқу іс-әрекетін ұйымдастырып, оқушының іс-әрекетін басқару.
Сөйтіп, оқыту әдісі жалпы мағынада, оқушының жеке тұлғалық қасиетін өзгертуге бағытталған танымдық іс-әрекетін басқару әдісі ретінде қарастырылады.
Оқыту әдісін топтауға арналған негіздер жиынтығы айтарлықтай. Оқыту әдісін оқыту мазмұны бойынша топтау өнімді (продуктивті) болып есептеледі;
әлем жайында білім;
іс-әрекет тәсілдерін жүзеге асыру тәжірибелері;
шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі;
эммоционалдық құндылық қатынас тәжірибесі.
Бұған оқушыларды тәрбиелеудегі педогогтың әсері де қосылады.
Оқушылардың белсенділігі мен өз бетінділігінің негізгі дидактикалық функциясы оқыту мазмұнымен тығыз байланысты. Дайын мәліметті меңгерудегі репродуктивті іс-әрекетте оқушының белсенділігі төмен болатыны, ал проблемалық іздеу тәсілінде, шығармашылық іс-әрекетті белсенділіктің жоғары болатыны белгілі.
Сондай-ақ, әдістерді топтаудың томендегідей негіздері бар:
білім алу тәсілі (теория және практика);
кері байланысты жүзеге асыру тәсілі (бақылау және өздік бақылау);
оқушылардың ойлау әрекеттері (логикалық аспект).
Информатиканың мазмұнына қатысты оқытудың нақты әдісін аталған белгі параметрлердің комбинациясы ретінде түсінуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |