Логика. Логика пән ретінде. Формальды математикалық логика. Пікірлер алгебрасы.
1 сағат
6,7
Логикалық орепациялар. Ақиқаттық кестелер. Орындау кестелері, компьютердің логикалық негіздері.
2 сағат
5 сабақ
Сабақтың тақырыбы
Логика. Логика пән ретінде. Формальды математикалық логика. Пікірлер алгебрасы. Логикалық операциялар. Логикалық көбейту (конъюнкция).
Бағдарламалық-
Дидактикалық
оқытылуы
Оқулық.
Жұмыс дәптері.
Сабақтың мақсаты
Логикалық пайымдаулардың, логикалық операциялардың негізгі ұғымдарымен таныстыру. Логикалық көбейту операциясын қарастыру.
Сабақтың типі
Практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті.
Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар
Оқушы білуі тиіс: компьютер жұмысының логикалық негіздерін;
пікір, тұжырым, паймдау, ой қорыту, логикалық өрнек ұғымдарының мәнісін.
Оқушының меңгеруі тиіс білігі: пікірлер алгебрасы есептерін шешуді;
ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ байланыстарын ЕМЕС терістеуін пайдаланатын пікірлерге мысал келтіруді;
логикалық көбейту операциясы үшін ақиқаттық кестесін толтыруды.