Пәннің жұмыс бағдарламасы (силлабус)



бет4/15
Дата12.09.2020
өлшемі81,12 Kb.
#78271
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Sillabus e i obzh 2017

Курстың мазмұны:

- тірі ағзалардың, əртүрлі деңгейде ұйымдастырылған экожүйелердің, бүкіл биосфераның қызмет атқаруының негізгі заңдылықтарын жəне олардың тұрақтылығын оқып-білу;

- Қоршаған орта компоненттері (атмосфера, гидросфера, литосфера, биоценоз) туралы ақпараттарды пайдалана отырып, олардың қазіргі уақыттағы жай-күйіне мониторинг жасай алу;

- Экологиядағы әртүрлі заңдылықтардың, заңдардың тұжырымдамаларын талдау;



А. Студент курсты оқып, аяқтаған соң мына мәселелерді білуі және түсінуі тиіс:

студент курсты оқу нәтижесінде мына мәселелерді білуі керек:

- тірі ағзалардың тіршілік ортасымен қарым-қатынастарының жалпы заңдылықтарын;

- тірі ағзалардың кеңістікке таралуын жəне сан динамикасын, қауымдастықтардың құрылымы мен динамикасын;

- энергияның тірі жүйелер арқылы ағып өтуі жəне заттар айналымының заңдылықтарын, экологиялық жүйелердің жəне бүкіл биосфераның қызмет атқару заңдылықтарын;

- табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың негізгі ұстанымдарын;

- антропогендік əрекеттің əлеуметтік-экологиялық салдарларын;

- тұрақты дамудың тұжырымдамасын, стратегиясын, проблемаларын, оларды əлемдік, аймақтық жəне жергілікті деңгейде шешуге қатысты көзқарастарды;

- адамның мекендеу ортасының жағымсыз факторлары, олардың әсер ету салдары, оларды сәйкестендіру және адамдарды қорғауды қамтамасыз ету принциптері, нысандардың жұмыс істеуінің тұрақтылығын арттыруды зерттеу әдістері, ТЖ болжау және апаттардың, табиғи апаттардың салдарын жоюға әзірлігін анықтайтын модельдерді әзірлеу туралы түсінігі болуы қажет;

- ҚР негізгі заңдарын және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысындағы нормативтік заңдарды; зиянды және зақымдаушы факторлардың адам үшін анатомия-физиологиялық салдарын, қорғау тәсілдерін;

- ТЖ дағы шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру жолдары мен тәсілдерін, төтенше жағдайларды болжау және олардың салдарын жою әдістерін білу керек;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет