Пәннің күнтізбелік тақырыптық жоспары


Кестені құру диалогты терезесі



бет3/4
Дата14.04.2020
өлшемі2,85 Mb.
#62444
1   2   3   4
Байланысты:
тутынушы

3. Кестені құру диалогты терезесі. Деректер қоры диалогты терезесінде Кесте бетбелгісін белсендіру жəне құрылымдаушы тəртібінде Создать пəрменін таңдау;

кесте құрылымдаушының ашылған диалогті терезесінде (6.4. сурет) өрістердің белгіленген құрамы мен сипаттамаларына сай кестенің құрылымын жасау.

Кесте құрылымдаушысында негізгі төрт ақпараттық блок бар:

өріс Атауы; Деректердің түрі; Сипаты; Өрістің қасиеттері.

Свойства поля (өрістің қасиеттері) блогында екі терезе (бетбелгі) бар – Жалпы жəне Подстановка. Өрістің жалпы қасиеттері міндетті түрде толтырылады. Подстановка терезесінде деректерді негізгенде кестеге тікелей енгізілетін мағыналарды ң тізімін енгізуге болады. Бұл жағдайда пайдаланушы қажетті мағынаға тышқанмен сырт еткізуі тиіс. Бұл тізімі бар өрістер деп аталады.

Кестенің өрісіне атау қою кезінде келесідей ережелерді басшылыққа алған жөн:



  • Өрістің атауы бос орыннан басталмауы тиіс;

  • Өрістің атауы 64 таңбаға дейін (Access 2000) болуы мүмкіндігіне қарамастан, оның жады көлемін жəне іздеу уақытын азайту мақсатында оны минималды белгілер санымен атаған жөн;

  • Өрістің атауы ұяшыққа енгізілетін объектінің сипаты атауының қысқармасы (аббревиатурасын) түрінде болуы дұрыс;

  • өрістің атауында тыныс белгілері, жақшалар, леп белгілері болмауы тиіс;

  • кестеде атаулардың қайталануына жол берілмейді.

Кесте құрылымдаушының ақпараттық блоктарының жолдарына деректерді енгізу технологиялары Word мəтіндік редакторындағы кестемен жұмыс технологиясына іспеттес. Ақпараттық блоктарды толтыру əр өріске дəйекті түрде келесі ретпен енгізген жөн:

өрістің атауы; деректер түрін таңдау;



Описание (Сипаттау) блогінің жолына аталған жолдың ұяшығына енгізілетін мағынылардың мəнін ашатын түсіндірме енгізу (алдағы уақытта кестені толтыру кезінде бұл түсіндірме экранның төменгі жағында көрінеді);

өрістің қасиетін беру;

аталған əрекеттерді кестенің барлық өрісі үшін қайталап орындау.

Microsoft Access бағдарламасында кесте құрастырушысында деректер түрлерін тізім арқылы таңдауға болады. Осы тізімге енетін деректер түрлерін атайық.



Мəтіндік. Осы түрдегі деректер өрісінде кез-келген 255 символ, оның ішінде сандар да болуы мүмкін. Осындай деректер өрісі жаппай сандардан құралуы мүмкін, егер есептеу жүргізілмесе.

Мемо. Мəтіндік ескертпелер өрісі деп аталатын деректер өрісінің бұл түрі 255 символдан асатын ұзын мəтіндерді сақтауға арналған; ал Access 2000 бағдарламасында — 65 535 символға дейін. Бұл деректер түрінің мəтіндіктен айырмашылығы – ол деректерді емес осы деректерге арналған сілтемелерді сақтайды, ал бұл кестені өңдеу үрдісін жылдамдатады. Сонымен қатар, Мемо типтегі деректер өрісі негізгінемесе индексті бола алмайды.

Сандық. Математикалық есептеулерде қолданыла алатын деректер қорының объектілерін сипаттауға арналған түрі.

Дата/время. Деректердің бұл түрі күн мен уақытты көрсетуге арналған, кестенің нақты жазбасын сипаттайды, мысалға, тауардың қоймаға түсу күні немесе пайдаланушының Internet желісін қолдану бастамасы мен соңы. Осындай деректер өрісіне 100 ден 9999 жылдар аралығындағы күндерді енгізуге болады.

Ақшалай деректердің бұл түрі сандық түріне іспеттес, тек бір айырмашылығы – енгізілетін сандардың сипатында. Енгізілетін сандардың нақтылығы нүктеден кейін төрт саннан аспайды, ал бүтін бөлігі 15 ондық санға дейін жетуі мүмкін. Санның соңында валюта белгісі қойылуы ықтимал.
















Бақылау сұрақтары


  1. Кестелерді құрастырушы қандай блоктерден құралған жəне оларды қандай реттілікпен толтырған дұрыс?

  2. Өріс атауы қанша символдан құралуы мүмкін?

  3. Өріс атауы бос орыннан басталуы мүмкін бе?

  4. Өрістер атауын белгілеуде қандай таңбаларды қолдануға болмайды?

  5. Мемо түрінің мəтіндік түрден айырмашылығы қандай?

  6. Ақшалай жəне сандық деректер түрлерінің айырмашылығы неде?

  7. OLE түрін қандай жағдайда қолданған дұрыс?

  8. Гиперсілтеме түріндегі деректерді қай кезде қолданған жөн?

  9. Қандай жағдайда өріс негізгі болып аталады?

  10. ДҚ кестесінде негізгі өріс қайталанатын мағыналарға ие болуы мүмкін бе?

  11. Міндеттінің қасиеттерін қай кезде иеленеді?

  12. Қандай кестелер басты жəне бағынышты деп аталады?

  13. Деректердің тұтастығын қамтамасыз ету дегеніміз не?



    1. Дәріс Мəліметтермен жұмыс істеуге арналған сұраныс түрлері

Сұрақтар:

  1. Деректер қоры

  2. Сұраныс түрлері

1. Деректер қоры. Кез-келген ақпараттық жүйесінің негізгі қызметі - пайдаланушыға қажетті жəне дұрыс ақпарат беру, жəне деректер қоры бұл қызметке сай келеді.

ДҚ кестелерінде сақталған ақпаратты өңдеу сұраныстар арқылы жүзеге асырылады, ал сұраныстар дегеніміз – пайдаланушымен берілген шарттар бойынша (өрістер мағынасы) кестелерде ақпаратты іздеу жəне өңдеуге арналған пəрмендер жиынтығы. Access жүйесінде орындалатын əрекеттерге байланысты келесідей сұраныстар түрін жасауға болады: сұрыптау; жаңарту; қосу; жою; кесте құру.

Сұраныстар түрі орындалу технологиясы жəне ақпаратты ұсыну формалары бойынша ажыратылуы мүмкін. Орындалу технологиясы бойынша сұраныстар тұрақты жəне параметриялық болып бөлінеді. Тұрақты сұраныстарда ақпаратты таңдау жағдайлары ұзақ уақыт бойы өзгермейді. Параметриялық сұраныстарда ақпаратты таңдау параметрлері өзгереді.

Сұраныстарды орындау нəтижелері бойынша динамикалық кестелері алынады, олар өзінің пішіндері бойынша екі түрге бөлінуі мүмкін: ДҚ бастапқы кестесіне (кестелеріне) сай құрылымымен, ДҚ бастапқы кестесінен (кестелеріне) өзгеше құрылымымен – кросс- кестесі деп аталады.

ДҚ бастапқы кестесімен салыстырғанда кросс-кестедегі бағаналардың тақырып аты болып атаулар емес, таңдалған өрістердің мағыналары табылады. Кросс-кестелер ерекше сұраныстар түрлері арқылы құралады – қиылыс, яғни бөлек өрістердің мағыналарын топтастыру арқылы ақпаратты таңдау үшін қолданылады.

2. Сұраныс түрлері. Санауыш. Өрісте ДҚ жазбасының қайталанбас нөмірі сақталады. Бұл өрістің деректері жаңартылмайды. Access 2000 кестесі 2 млрд жазбаға дейін сақтай алады.

Логикалық. Логикалық мəндерді Ақиқат/Жалған, Ия/Жоқ Қосу/Өшіру түрінде енгізу үшін арналған. Логикалық түрдегі деректер өрісі негізгі бола алмайды, тек индексті.

OLE (OLE-объект). Деректердің өріс-ұяшықтардың бұл түріне Windows жүйесінде жасалынған үстемелерге сілтемелер енгізіледі . Бұл мəтіндік, графикалық, музыкалық, мультимедиялық файлдар болуы мүмкін. Өрістің ұяшығындағы сақталатын деректердің көлемі компьютердің тасының кеңістігімен ғана шектелген.



Гиперсілтеме (Hyperlink). ДҚ орналасқан компьютерде, немесе локалды не Internet желісіндегі кез-келген компьютердегі кез-келген құжатқа сілтеме жасауға болатын мекен-жай енгізуге мүмкіндік береді.

Гиперсілтеме үш бөліктен құралады: файлға сілтеме жасайтын мекен-жай, файл ішіндегі үзіндіге немесе мəтін парағына сілтейтін қосымша мекен-жай жəне көрінетін мəтін. Гиперсілтеменің əр бөлігі 2048 символға дейін болады.



Мастер подстановок. Өріс ұяшығына енгізілетін деректерді қабылдай алатын белгіленген мағыналар тізімін жасауға мүмкіндік береді.

Деректердің атауы мен түрін енгізгеннен соң, тінтуір меңзерін Сипаттау блогының тиісті өрісіне апарып кестені толтыру барысында ақпаратты дұрыс енгізуге мүмкіндік беретін түсіндірме жасайды.

Түсіндірмені енгізу, əсіресе өрістің атауының мағынасы деректерді дұрыс енгізу үшін жеткіліксіз болған жағдайда міндетті. Мысалға, технологиялық жабдықтардың сипаттарын енгізуде Dmax(4.3 сурет) өрісінде қолданушы аталған модельдің станогында өңделуі мүмкін дайындаманың максималды диаметрінің өлшемі миллиметрмен көрсетілгенін білуі тиіс, яғни Описание блогында келесідей түсіндірме енгізуге болады:дайындаманың максималды диаметрі мм-мен көрсетілген.

Түсіндірмені енгізгеннен соң, Общие бөліміндегі Свойства блогына көшіп, өріске қажетті қасиеттерді енгізіледі.




    1. Дәріс Microsoft Access ДБЖ есептерді құрастыру технологиясы

Сұрақтар:

  1. Кесте өрістері

  2. Дерекқор схемасы


Кесте өрістері. Кестенің барлық өрістерінің сипаттарын енгізгеннен соң, құрастырушы жабылады, жəне де кестенің атауын беруді жəне егер бұрын қойылмаса, негізгі өрістерді енгізу ұсынылатын диалогты терезелер ашылады.

Кестенің атауын қою кезінде келесідей жайттарды ескерген жөн:



  • Атауы кестеде сақталған деректердің мəнін ашуы тиіс (объектілердің класы);

  • Атауында тыныс белгілері мен жақшалар болмауы тиіс;

  • Атауы бос орыннан басталмауы тиіс;

  • ДҚ бір файлында атаулары ұқсас екі кесте болмауы тиіс.

Негізгі өрістер ДҚ бір кестесінің деректері басқа кестелердің деректерімен байланысты болуы керек кезде белгіленеді. Сонымен қатар, негізгі өріс кестедегі əр жазбаны анықтауы тиіс жəне оның мағынылары қайталанбауы шарт.

Деректерінің мағынасы барлық жазбаны анықтайтын кестенің кез-келген өрісі негізгі бола алады. Егер бір өрістің деректері арқылы жазбаны анықтауға мүмкіндік болмаса, бірнеше негізгі өрісті белгілейді. Негізгі ретінде Счетчик(есепші) деректер өрісін таңдауға болады,ол кестенің əр жазбасын біркелкі анықтайды.

Негізгі өріс кестелер құрастырушысында өріс қасиеттерін сипаттауда пайда болады, сондықтан құралдар панелінде қажетті өрісті таңдап тінтуірмен тиісті батырмаға басу қажет.

Объектілердің сипаттары бірдей мазмұнды бірнеше кестелер құрастыру кезінде деректерді көшіру технологиясын қолданған жөн. Бұл үшін келесідей қадамдарды жасау керек:



Конструктор режимінде бұрын жасалған кестені ашу; басқа кестеде қайталанатын өрісті белгілеу;

белгіленген өрісті (барлық қасиеттерімен қоса) айырбастау буферіне көшіру;

айырбастау буферінен кестені құрастырушының тиісті жолына өрістің қасиеттерін енгізу.

Дерекқор схемасы. ДҚ кестелері құрастырылғаннан соң, деректердің тұтастығын қамтамасыз ету үшін байланысты кестелердің арасында байланыс орнату қажет.* Деректердің тұтастығы байланысты кестелердегі кездейсоқ өзгерістерден қорғанысына кепілдік береді. Байланысты кестелерде бір кесте басты, ал екіншісі – бағынышты болып табылады. Басты кесте негізгі өрісті, ал бағынышты – негізгі емес ұқсас өрісті сақтауы тиіс.

Кестелер арасында байланыс орнату үшін келесі қадамдарды орындау шарт:

деректер қорының терезесінің құралдар панелінде Схема данных пəрменін белсендіру;

дерекқор схемасының құрастырушысының ашылған терезесіне басты жəне бағынышты кестелерді негізу; кестелерді бірдей өрістер бойынша байланыстыру.

Дерекқор схемасының құрастырушысының терезесі көрсетілген – мұнда САПР ТП «ЛАЗЕР 2000» кестелері арасындағы бірі-көбіне байланысы орнатылған. Байланысты орнату үрдісі барысында Деректердің тұтастығын қамтамасыз ету параметрі қосылған, бұл кезде басты кестедегі жазбаларды еркін өзгертуге не жоюға мүмкіндік берілмейді.

Егер кестелер арасында байланысты өрістерді қатарлап жаңалау жəне Байланысты жазбаларды қатарлап жаңару байланыс параметрлерін қосса, онда басты кестедегі кез-келген өзгерістер бағынышты кестеде де деректердің автоматты өзгеруі орын алады.



Сонымен, деректер қорының кестелер құрамы қондырылған əр кестенің құрылымы құрастырылған, кестелер арасында байланыстар анықталып, орнатылған. Енді кестелерге деректер енгізуге кірісуге болады.

  • Ақпараттық жүйеде ДҚ басқа кестелерімен байланыспаған кестелер болуы мүмкін.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет