В1 деңгейіy оқу аясында коммуникативтік түрде, ауызша немесе жазбаша жұмыс түрлерін игереді, өзіндік іс- әрекетін дамытады;
тыныс белгілерді дұрыс пайдаланады.
Жаттығулар мен тапсырмалар арқылы
Студент тыңдайды
тыңдаған материалдан қажетті ақпаратты іріктеп алып, мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтай алады;
бейтаныс мәтін мазмұнын жақсы түсіне алады;
мамандық бойынша монолог мазмұнын еркін меңгереді;
ресми-іскер кездесулерде диалог, полилог жүргізу, өз ойын еркін жеткізу дағдылары қалыптасады.
Аудио арқылы мәтіндерді, өлеңдер мен әндерді т.б. тыңдау арқылы
Студент оқиды
мәтіннің негізгі мазмұнын, оның жеке мағыналық бөліктері арасындағы логикалық байланысты түсінеді;
мәтінді оқу, түйінді ой қорыту, баға беру дағдылары қалыптасады;.
оқылған ақпарат, дереккөздер бойынша түйіндеме жасап, автордың ойына баға бере алады;
қойылған сұрақтарға жауап бере білу дағдылары қалыптасады.
Мәтіндерде, шығармаларды, ережелерде оқу арқылы
Студент жазады
жұмысты орындауда білім алушылар таңдаған тақырып мазмұнын терең түсініп, оны өз сөзімен жазбаша жеткізе білуі және сонымен қатар өзінің осы тақырып бойынша жеке көзқарасын, тұжырымын шығарма, шағын эссе түрінде жеткізе алады;
тыңдап алынған тақырыпқа жоспар құру арқылы осы тақырып бойынша естіген, оқыған мәтін мазмұнында берілген ойды қайта жаңғыртады, толықтырады, өз бетінше өңдейді;
ғылыми баяндама, мәлімдеме, хабарлама жазу үшін ойды логикалық жүйемен жазбаша құра алады;
нақты мамандығы бойынша оқыған кітаптары, мақалалары немесе тыңдаған хабарлары жайында шағын мәлімдеме, түйіндеме жаза алады;
әдеби шығарма не мақалаларға сыни баға беріп, күрделі жоспар, эссе, түйіндеме, пікір жаза алу дағдылары қалыптасады.
Жаңа сөздерді жазу, тапсырмалар мен жаттығуларды жазбаша орындау, аудио-видеоны тыңдай отырып жазу арқылы
Студент сөйлейді (айтады)
білім алушылар өздеріне ұсынылған тақырыптардың біріне таңдау бойынша сұхбат (сөйлесім) құрайды;
айтушының ой-пікіріне өзінің тұжырымдарымен жауап беріп, әртүрлі сұрақтар қою негізінде өзіне қажетті ақпаратты алады;
мамандығы бойынша жаңалықтармен бөлісіп, ол жайында өз көзқарасын серіктеріне жеткізе алады;