№
|
Тақырыптар
|
Атқарылатын жұмыс
|
Отбасы – шағын мемлекет
|
1
|
Отбасындағы қарым-қатынас
Қазақ отбасындағы әкенің рөлі
|
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру, сөйлемді толықтыру; ақпаратты (кесте/сызба арқылы) сипаттау. Мәтіндегі негізгі ойды анықтау; мәтін ақпаратына сыни талдау жасау.
«Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» - эссе жазу.
Грамматика: зат есім тудырушы -лық, -шы, -гер жұрнақтары, болып келеді, деп саналады құрылымдары
|
2
|
Ұлттық танымдағы қара шаңырақ туралы түсінік
Қандай отбасын құрғыңыз келеді?
|
Мәтінді оқу, түйінді ой қорыту, баға беру.
Мәтін бойынша өз көзқарасын білдіру, пікірлерді салыстыру, дәлелдеу және қорытындылау.
Суреттеу эссесін жазу.
|
3
|
Студенттік отбасы
Жас отбасының келіспеушілігі: себептері мен алдын алу
|
Мәтін бойынша пікір білдіру, мазмұндау. Ақпараттың шынайылығын нақтылау.
Мәтінді оқып, түйінді ой қорыту, басқалардың пікіріне баға беру; өз пікірін білдіру, дәлелдеу, пікір алмасу.
Дискуссивті(мәселені шешу жолдары) эссе жазу.
Грамматика: себеп-салдар мәнді құрылым, сондықтан, сол себепті, өйткені жалғаулықтары
|
Табысқа барар жол
|
4
|
Еңбек нарығы дегеніміз не?
Сұранысқа ие мамандықтар
|
Тыңдаған материалдан қажетті ақпаратты іріктеп алу, мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтау.
Тақырып бойынша ақпаратты анықтау, болжам жасау, өз ойын айтып, сараптама жасау.
Мәтінді оқып шығып,сыни тұрғыда баға беру; мәтін бойынша проблемалық эссе жазу.
Грамматика:болжалды сан есім(-даған, -дап) жуық,
-уға тура кел құрылымы
|
5
|
Жұмыс беруші талаптары
Бәсекеге қабілеттілік
|
Мәтін бойынша жоспар құру, мәтіннің бір бөлімін тыңдап, болжау жасау, ақпаратты анықтау; кесте, диаграмма, шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпараттарды өзара салыстырып бағалау.
Мәтінге ауызша шолу жасау; ақпараттың/объектінің кемшілік тұстарын салыстыра отырып, өз ойын дәлелдеп жазу.
Грамматика:үстеу тудырушы -лай, -лей, -ша, -ше жұрнақтары, мақсат үстеулері
|
6
|
Жұмыссыздық және жастар
|
Тыңдалым материалындағы негізгі ойды түсіну, ақпаратты анықтау және оған өз көзқарасын білдіру, сыни тұрғыдан бағалай білу.
Мәтінді оқып, дұрыс, бұрыс жауаптардың тұсына белгісін қою, астарлы ойды анықтау; ақпаратты өңдеп, пікірге қатысты үндеу хат жазу.
Грамматика:етістік+атын болу, етістік+пай қоймау құрылымы, туынды етістік жасаушы жұрнақтар
|
Жастар мәселесі
|
7
|
Жаңа әлемдегі жастар келбеті
Ұлтқа қызмет ету
|
Тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, кесте толтыру; өзекті мәселелер бойынша өз пікірін білдіру, дәлелдеу және қорытындылау.
Мәтінді оқып, негізгі ойды анықтау, автордың келтірген дәлелдерін жүйелеу.
Мәтін ақпаратына сыни талдау жасау; пікір-эссе жазу.
Грамматика: деп біледі, деп атап өтті құрылымдары, себеп үстеулері, табыс септігіндегі есімше
|
8
|
Жастар арасындағы девианттық мінез-құлық
Жастарға идеал керек пе?
Жастардың байлық туралы көзақарасы
|
Тыңдалған сюжет бойынша өз пікірін білдіру. Ақпараттың шынайылығын нақтылау.
Мәтін мазмұны бойынша түйінді ой қорыту, басқалардың пікірі мен көзқарасына салыстырмалы баға беру; ақпаратты (кесте/ сызба арқылы) сипаттау.
Бейнекөрініс материалдарын қолдана отырып, автор көзқарасына сыни пікір жазу.
Грамматика:қарсылықты мәнді құрылым, бірақ, дегенмен, әйтсе де, сөйтсе де, алайда жалғаулықтары
|
Білім – болашақ баспалдағы
|
9
|
Білімді жастар – болашақтың тірегі
Білім және бәсеке
|
Тыңдалған мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру және пікір білдіру; сұхбат барысында пікірлерді салыстыра отырып, ойын жүйелі жеткізу.
Мәтінді оқып, негізгі айғақтар мен детальдарды анықтау.
Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (кесте, сызба түрінде) құрастыру.
Грамматика: ашық рай+дейді моделі, барыс септігіндегі есімше
|
10
|
Шетелдерде оқып жүр талай қазақ баласы
«Болашақ» бағдарламасының түлегімен сұхбат
Білім адам өмірін жақсартуы керек
|
Тыңдалған мәтіндегі әлеуметтік өзекті мәселелерді талдау, шешімін табу, болжау; нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.
Сұхбаттың мазмұнын түсіну, сұхбат барысында өз пікірін басқа пікірлермен салыстыра отырып, ойын жүйелі жеткізу. Аргументативті эссе жазу
Грамматика: ашық рай +дейсің құрылымы, шығыс септігіндегі есімше, етістік+қысы бар/келген ойы/ниеті/тілегі бар - фразеологиялық құрылымы
|
Дүниетаным
|
11
|
Әлемге түркілік көзқарас
Ұлттық ділге тән тұрақтылық пен өзгермелілік
|
Тыңдалған мәтіннің белгілі бір бөлігін өз сөзімен айтып беру, негізгі ойды анықтау; көтерілген мәселені талқылау, сыни пікір айту, өз көзқарасын дәлелдеу.
Нақты ақпараттарды табу. Дәлелді мәтіндер жазу.
Грамматика:жатыс септігіндегі есімше, зат есім жасаушы күрделі жұрнақтар; етістік+а ал мүмкіндік құрылымы
|
12
|
1Театрға барасыз ба?
2Қазіргі қазақ киноиндустриясы деңгейі
3Нағыз өнер туындылары уақыт талғамайды
|
Мәтінді өз қиялымен өзгертіп аяқтау; ойын тұжырымдап, нақты жеткізу; астарлы ойды анықтау, шығарма кейіпкерлерін салыстыра білу.
Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.
Грамматика: ауыспалы өткен шақ, сұраулық шылау, есімшенің болымсыз түрі
|
Цифрлық Қазақстан: ақпарат және технология
|
13
|
Ақпараттар кеңістігі
Ақпараттық мәдениет
|
Мәтіндегі оқиғаларды, іс-әрекеттерді салыстыра талдай алу; шешім шығару, қорытынды пікір жасау.
Ақпаратты өз қажетіне қарай нақтылау; өз ойын сыни тұрғыда дәлелдеу.
Грамматика: етістік+ып біт, таста құрылымы, қимыл-сын үстеуі
|
14
|
Цифрлық технология – заман талабы
Цифрлық технология -халықтың өмір сүру сапасын арттыру
|
Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың шынайылығы мен нақтылығын анықтау.
Белгілі бір тақырыпқа қатысты ойын білдіру, дәлелмен сөйлей білу.
Мәтіндегі мағлұматтар арқылы мәтіннің жалпы мағынасын түсіну; қорытынды шешім шығару, тақырыпты аша білу, өз көзқарасын дәлелдеу.
Грамматика: етістік+а/е/ келеді, бер, жүр құрылымы, туынды сын есім жасаушы жұрнақтар
|
15
|
Smart оқыту - білім берудің жаңа парадигмасы
|
Тыңдаған мәтін бойынша сұрақтар қою;салыстырмалы талдау жасау, мазмұндау.
Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты ажырата білу, зерттеп оқу; кестеге берілген мәтін үзінділерінің ретін жазу.
Грамматика: салыстырмалы мәнді құрылым қандай/сондай, қалай/ солай, секілді, сияқты, формаларының қызметтері
|